Өрт сөндіру құрылғылары және қондырғылары өрт сөндіргіш заттардың құрамы мен түрлеріне байланысты олар аэрозольді (галоидті-көмірсутекті), сулы (спринклерлі, дренчерлі), газды (азотты, көмір-қышқылды), сұйықтықты, булы және ұнтақты болып бөлінеді.
Тұрғылықты өрт сөндіру қондырғыларының жіктелуі
Өрттен қорғану үшін әртүрлі тұрақты қондырғыларды қолданады. Олар пайдалану мақсаты, жұмыс принципі, режимі, қолданылатын от сөндіру заты бойынша, өрт сөндіру затымен қамтамасыз ету немесе оны беру әдістері бойынша жіктеуге болады. Төмендегі суретте тұрғылықты өрт сөндіру қондырғысының негізгі құрылым схемасы берілген.
Сурет - 8. Тұрғылықты өрт сөндіру қондырғысының жалпы құрылым схемасы
1 – от сөндіргіш заттарды сақтауға арналған имарат; 2 – от сөндіргіш затты беру жабдығы; 3 – өртті хабарлау құрылғысы; 4 – от сөндіргіш затты шашырататын құрылғы; 5 – іске қосу құрылғысы.
Мақсатына байланысты қондырғылар – сақтандыру мақсатында өртті сөндіруші, өртті тежеуге арналған, өртке алдын-ала тосқауылшы қондырғылар болып жіктеледі.
Өрттен сақтандырушы қондырғылар – қауіпті аймаққа от сөндіруші (флегматизирлеуші) заттарды енгізуге немесе технологиялық агрегаттың (құрылғының) жұмыс режимін өзгерту арқылы өрт-жарылыс қаупін жоюға арналады.
Өрт сөндіруге арналған қондырғылардың міндеті туындаған жануды жою немесе жануға әкелген жағдайларды жою арқылы өртті толық тоқтату.
Өртті тежеуге арналған қондырғылардың мақсаттары – мекеменің жылжымалы өрттен қорғау, авариялық құтқару қызметтері келіп жеткенше жануды тежеу, яғни жану ошағының таралып кетпеуін болдырмау. Өртті сөндіруге мүмкіндік болмаған жағдайларда бұл шаралар авариялық құтқару жұмыстарын тиімді атқаруға мүмкіндік береді.
Өртке тосқауылшы қондырғыларды қолдану мақсаты – нысандарды өрттің қауіпті факторларынан, жоғары температурадан қорғау, мысалы жылдам тұтанғыш сұйық немесе газды ыдысы бар технологиялық қондырғыны, темір құрылыс имаратын қорғау. Бұл қондырғылар технологиялық имаратты салқындатуға немесе оның жоғарғы температурадан қызып кетпеуі үшін судан перде жасауға қажет.
Өрт сөндіруші қондырғылар ондағы пайдаланылатын өрт сөндіруші заттарына қарай төмендегідей жіктеледі:
-
Сумен сөндіруші – өртке суды тұтас ағынмен, тамшымен, шашыратып немесе бүркіп беретін;
-
Су химиялық – химиялық заттардың судағы ерітіндісін беретін;
-
Көбікті – химиялық немесе ауа көбігін беретін;
-
Газды – көміртегі диоксидін, галогенді көмірсутектерді, буды және инертті газдарды беретін;
-
Ұнтақты– ұнтақты қоспаларды беретін;
-
Комбинирленген (аралас) – бір уақытта бірнеше түрлі от сөндіргіш заттарды, мысалы көбікті және ұнтақты, су мен газды беретін қондырғылар;
Өртті сөндіру принципіне байланысты қондырғылардың жіктелуі:
-
Өртті аудан әдісімен сөндіру қондырғысы– бөлменің қай жерінде өрт басталғанына қармастан, қондырғы бүкіл бөлме ауданындағы өртті сөндіреді. Өрттен қорғау аумағы шектелмейді. Өртті сөндіруге су, көбік, ұнтақ қолданылады.
-
Өртті көлемді сөндіру қондырғысы – өрттен бүкіл бөлме көлемін қорғау үшін қолданылады. Өрт сөндіруші зат ретінде көміртегі диоксиді, көмірсутекті галоген қоспасы, инертті газдар, бу және көбік пайдаланылады.
-
Жергілікті өрт сөндіру қондырғылары – жергілікті бөлмедегі немесе ашық алаңдағы технологиялық жабдықты, аппаратты, нысанды өрттен қорғау үшін қолданылады. Мұндай қондырғыларды өрттен қорғайтын нысанда өрт қауіпті материалдар біркелкі орналасқанда, өрт қауіпті жерлер ғимараттың әр бөлігінде орналасқанда қолданады. Бұл қондырғыларды мүмкін болар өрт ошағындағы жануды сөндіруге қолданады. Өрт сөндіруші зат ретінде барлық өрь сөндіру заттар түрін пайдалануға болады.
-
Өртке тосқауылшы қондырғыларды болған өртті басқа жабдыққа таралмауын, яғни көрші жабдықтарды өрттен қорғау үшін қолданады.
Өртің алғашқы көзін жоюға арналған немесе өрт тосқауылшы қондырғылардың жұмыс істеу мерзімі туындаған аварияны тоқтатуға және өрт күзеті бөлімшелерінің жұмысын дайындауға қажетті уақытпен есептеледі.
Іске қосылу уақытына байланысты өрт сөндіру қондырғылары:
-
Жоғарғы жылдамдықта іске қосылушы (инерциясыз іске қосылу уақыты 0,1сек дейін);
-
Жылдам іске қосылушы (іске қосылу уақыты 0,1-3сек);
-
Орта инерционды (іске қосылу уақыты 3-30 сек );
-
Инерционды (іске қосылу уақыты 0,5 мин жоғары );
Өрт сөндіру уақыты бойынша қондырғылар:
-
Қысқа әрекет етуші – 15 мин дейін;
-
Орташа әрекетті – 30 мин дейін;
-
Ұзақ әрекетті (30 мин артық) деп бөлінеді.
Дәріс №6 Өзін-өзі тексеру сұрақтары
{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер}
1. Өрт сөндірудің қандай әдістерін білесің?
2. Тұрғылықты өрт сөндіру қондырғысының құрылысы қандай?
3. Тұрғылықты өрт сөндіру қондырғылары қалай жіктеледі?
Дәріс №7 Өртті сумен, көбікпен сөндіру.
{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}
1. Өрт сөндіргіш заттардың сипаттамалары,жіктелуі.
2. Өртті сумен сөндіру ерекшеліктері.
3 Өртті көбікпен сөндіру ерекшеліктері
1. Өрт сөндіргіш заттардың сипаттамалары
Өртті өте тез сөндіру дегеніміз – жану үрдісін басу, ал ол жану ошағын салқындату, ауадағы тотықтырғышты оқшаулау, жану процесін химиялық немесе механикалық әсер ету жолдарымен оттың жалынын тежеу арқылы атқарылады.
Жануды тоқтата алатын заттар мен материалдарға – су, химиялық және ауа – механикалық көбік, тұздардың судағы ерітіндісі, инертті және жанбайтын газдар, су буы, галоидокөмірсутекті қоспалар және ұнтақ түріндегі құрғақ қатты заттар және механикалық құралдар жатады.
Жануды болдырмау немесе сөндіру үшін оған басты жағдай жасайтын үш шарттың бірін тоқтату қажет: жанғыш зат, тотықтандырғыш немесе жану көзі. Бұл үшін келесі әдістер қолданылады:
- Тотықтандырғыштың жану аймағына немесе жанғыш затқа түсуін тоқтату немесе оның түсу көлемін жану мүмкіндігі жоғалатын деңгейге дейін барынша азайтады;
- Жанғыш заттың температурасын тұтану температурасынан төмен түсіреді немесе жану аймағын салқындату;
- Жану реакциясын тежейді.
Өрт сөндіргіш заттарды келесі белгілері бойынша жіктейді:
Отты тоқтату әдісі бойынша – салқындатқыш (су, сұйытылған көмірқышқыл газы т.б.), жану аймағындағы тотықтандырғыштың концентрациясын барынша азайтатын (көмірқышқыл газы, инертті газдар, су буы және т.б.), жану аймағын тотықтандырғыштан (ұнтақтар, көбіктер және т.б.) тежегіш (құрамына тетрафтордибромэтан (хладон 114В2), трифторбромэтан (хладон 13В1), бромды метилен кіретін галоидокөмірсутекті қоспалар, сондай-ақ бромды этил негізінде құрылған қоспалар (3,5; 4НД; СЖБ; БФ); қоспалардың белгілеріндегі сандар олардың көміртегі қостотығынан қаншалықты тиімді екенін көрсетеді);
Электрөткізгіштігі бойынша – электрөткізгіш (су, химиялық және ауа-механикалық көбіктер) және электр өткізбейтін (инертті газдар, ұнтақты қоспалар);
Улылығы бойынша – улы емес (су, көбіктер, ұнтақтар), аз улы (СО2, N2) және улы (С2Н2Вr және т.б.).
2. Өртті сумен сөндіру ерекшеліктері.
Су басқа өрт сөндіруші заттармен салыстырғанда барынша үлкен жылу сыйым-дылығына ие, сондықтан көп көлемдегі жанғыш заттарды сөндіру үшін қолданылады. 1 л суды 0-ден 100 0С градусқа дейін қыздырғанда 419 кДж жылу сіңіріледі, ал буланған кезде – 2258 кДж жылу сіңіріледі, Жанғыш заттың бетіне түскенде су жылудың қажетті мөлшерін сіңіріп қызады, содан соң булану арқылы температураны төмендетеді. Бөлінген бу судың көлемінен 1700 есе үлкен көлемге ие болады, сондықтан ол жану аймағындағы оттегінің концентрациясын бірден төмендетіп, жан-ғыш затқа тотықтандырғыштың түсуін қиындатады.
Суды қатты қысым астында беру арқылы алауды механикалық бөліп алу эффектісіне қол жетеді, ал буланып үлгермеген сұйықтық жақында орналасқа, әлі тұтанып үлгермеген материалдарға ағады да, олардың жануына бөгет жасайды. Сулануы қиын заттар жанғанда (шым, тюктерге салынған жүн, мақта т.б.), оған беткі тартылысты азайту үшін беткі белсенді заттарды енгізеді, бұл заттар ретінде ДБ, НБ суландырғыштары, ПО-1, ПО-1Д көбік жасағыштары, сульфанол, сабын т.б. қолданылады.
Жоғары тиімділік, қолжетімділік және бағасының арзандығы сияқты жақсы жақтары болғанымен, суды қолдануды құптамайтын біраз кемшіліктері де бар. Мәселен, сумен қысым астындағы құрылғылардағы,электр құрылғыларының, тығыздығы төмен сұйық жанғыш заттардың, және судың әсерімен бұзылатын немесе құрамын өзгертетін заттардың (мысалы, кітаптар немесе сумен қосылғанда жарылғыш және жанғыш қаупі бар газ – ацетилен бөліп шығаратын кальций карбиді) өртін сөндіруге болмайды. Судың температурасы 0 градус немесе одан да төмендеген кезде мұзға айналатын қасиеті де оның кемшілігі болып саналады.
Қату температурасын төмендету үшін арнайы қоспалар мен антифриздер: минеральді тұздар (KCO, Mg Cl, CaCl) және кейбір спирттер қолданады. Су, алған су көзіне байланысты электрөткізгіштігін және оның коррозиялық қасиетін шарттайтын түрлі табиғи тұздардан тұрады. Қатуға қарсы қолданатын көбіктендіргіштер, тұздар және басқа да қоспалар мұндай қасиеттерді күшейтеді. Металл бұйымдардың (өтр сөндіргіштің корпусы, құбырлар және т.б) сумен әрекеттесудегі корозиясын тоқтату үшін оларға арнайы жамылғыларды жабуға немесе суға коррозиялық ингибитрлерін қосуға болады. Соңғыларына неорганикалық қоспаларды (қорғаушы беттік қабаттарда қышқылдық фосфаттар, карбонаттар, сiлтiлiк металлдардың силикаттары, натрий хроматының тотықтырғыштары, калий және натрий нитраттарын түзетін), органикалық қоспалар (алифатикалық аминдер және оттегіні абсобциялай алатын басқа заттар) қолданады. Олардың ішіндегі ең тиімдісі – натрий хроматы, бірақ ол улы.
Суға қосылатын қоспалар (әсіресе диссоциациялық тұздар) 2-3 ретке оның электр өткізгіштігін күшейтеді. Мысалы, таза суды қолданғанда, су құбыры мен электр қондырғыдан 1,5 м қашықтықтағы электрлік тоқ, тәжірибелер көрсеткендей, нөлге тең, ал суға мөлшері 0,5 % тұзды қосқанда тоқ 50 мА өседі.
Қарқынды еріткiш және жаңғыш газдары бар заттарды сөндіруде суды қолдануға болмайды. Мұндай заттарға металдар (жарылысқа әсер ететін әсіресе қауіпті сілтілік металдар), көптеген металды органикалық қосылыстар (концентрленген алюминийорганикалық және литийорганикалық қосылыстар), металл корбидтері, көптеген металл корбидтері және т,б жатады.
Мұнай өнімдері және басқа да органикалық сұйықтар сумен сөндіру кезінде олардың бетіне қалқып шығады және өрттің ауданы үлкейеді. Мұндай жағдайда шашыранды су қолданылады.
Төменде өрт сөндіруде су және су көбігін қолдануға болмайтын заттардың қысқаша тізімі келтірілген:
Сумен сөндіруге болмайтын заттар тізімі
Кесте-13
Зат
|
Сумен әрекеттесу сипаттамасы
|
Алюминий органикалық қосылыс
|
Жарылыспен әсер етеді
|
Литий органикалық қосылсы, қорғасынның азиды, сілтілік металдардың корбидтері, металдар қатарларының гидридтері, магний, цинк, кальций, алюминий, барий карбиды.
|
жанғыш газдарды бөлумен жiктеу
|
Натрий гидросульфиді
|
Өздігінен жанады
|
күкiрттi қышқыл, термид, титан хлориды
|
Күшті изотермиялық эффект
|
Таушайыр, натрий пергидрады, майлар
|
Шығарудың, шашыратудың, қайнатудың нәтижесiнде жанудың күшейтуi
|
3. Өртті көбікпен сөндіру ерекшеліктері
Көбіктер тығыздығы 1000 кг/м3-ден аз болатын тез тұтанғыш заттар мен жанғыш заттардың өртін сөндіру үшін пайдаланылады. Көбік дисперсті кезеңі газ болып саналатын жүйе ретінде анықталады. Газдың көпіршіктері сұйықтықтың ішінде химиялық процестер нәтижесінде (химиялық көбік) немесе ауа мен сұйықтықтың механикалық араласуы (ауа-механикалық көбік) нәтижесінде пайда болады. Газ көпіршіктерінің көлемі мен су пленкасының беткі тартылысы неғұрлым кішкентай болған сайын, көбіктің механикалық тұрақтылығы (бұзылу ықтималдығының төмендігі) да соғұрлым көп болады. Химиялық көбіктің тығыздығы 150...250 г/м3 аралығында болады, ал ауа-механикалық көбіктің тығыздығы – 70-тен 150 кг/м3-аралығында болады. Сол себепті екі түрдің де көбігі жанғыш заттардың бетінде еркін қалқып жүреді, ерімейді, жанғыш заттардың бетін салқындатып, оны алаудан бөліп тастайды. Көбіктің тік және төбе қабаттарында жақсы тұрақтанатын қасиеті оны бірқатар өрттерді сөндіруде аса қажетті болып саналады. Бірақ, көбік те су сияқты жоғарғы электрөткізгіштік қасиетіне ие, сондықтан оның қолданылуы да шектеледі.
Ауа-механикалық көбік – көбік жасағыш қосылған су, көбік генераторларын-дағы, ауа-көбік ұңғыларындағы және өрт сөндіргіштердегі ауаның араласуынан туын-дайды. Көбікжасағыш деп коолоидті жағдайдағы, ерітіндінің жоғарғы қабатында сұйықтық-газ шегінде адсорбциялануға қабілетті заттарды атайды. ПО-1, ПО-1Д, ПО-1С, ПО-6К және - 40 0 градус аязға дейін төзімді ПО «Морозко» көбікжасағыштары қолданылады. Ауа-механикалық көбік адамдар үшін мүлдем қауіпсіз, металлдың коррозиясына әкелмейді, жоғары үнемділігімен ерекшеленеді.
Химиялық көбік – сілтілік және қышқыл ерітінділерінің көбік жасағыштарының араласып, бірлесе әрекет етуі арқасында жасалады. Ол минералды тұздардың судағы ерітіндісіндегі концентрацияланған көміртегі қостотығының эмульсиясы болып табылады. Бағасының қымбаттығы мен жасау күрделілігіне байланысты химиялық көбіктің орнына көбінесе ауа-механикалық көбіктер пайдаланылады.
Дәріс №7. Өзін-өзі тексеру сұрақтары
{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тесттер}
1. Судың өртті сөндіру механизмі не ?
2. Көбіктер қандай өрттерді сөндіруге қолданылады?
3. Көбіктердің өрттерді сөндіру ерекшеліктері қандай ?
Дәріс № 8. Өртті ұнтақпен сөндіру. Инертті еріткіштермен (газдармен)сөндіру
{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}
-
Өртті ұнтақпен сөндіру ерекшеліктері
-
Инертті еріткіштермен(газдармен) сөндіру.
1. Өртті ұнтақпен сөндіру ерекшеліктері
Ұнтақты құрамаларды сілтілік металдарды, фосфорлы жанатын сұйықтарды және т.б. сумен реакцияға түсетін заттарды сөндіруге және бағалы құжаттарды, картина мен басқа сумен сөндіруге болмайтын заттарды сөндіру үшін қолданылады. Ұнтақтардың басқа құрылғылармен салыстырғанда артықшылықтары бар. Олар ең жоғарғы өртсөндіргіштік қасиетімен сипатта-лады.
Сонымен қоса, тіпті су және басқа да құрылғылармен сөндіруге болмайтын материалдарды да сөндіретін универсалды әрекетімен ерекшеленеді. Өрт-сөндіруші ұнтақтардың эксплуатациялық қасиеттеріне ағындылығы, қатып қалу және ылғалдануға қарсы тұру қабілеті жатады.
Ұнтақтардың артықшылықтары көп, әсіресе, өртсөндіргіш қасиеті жоға-ры болғандықтан, индустриалды дамыған елдерде өртсөндіргіш ұнтақтардың түрлі ассортименті қолданылады.
Кесте-5
Өртсөндіргіш ұнтақтардың негізгі техникалық көрсеткіштері
-
Марка
|
Өрт класы
|
Негізгі компоненті
|
Өртсөндіргіш қасиеті,
кг*м-2
|
ПСБ-3
ПФ
П-1А
СИ-2
ПГС
ВСЕ-100 (ФРГ)
Р-11-24 (Франция)
«Монекс» (Англия)
«Каратэ» (ФРГ)
«Фаворит М» (ФРГ)
|
В, С, Е
А, В, С, Е
А, В, С, Е
В, С, Е
Пирофирлі металлорганикалық байланыстар да осындай
А, В, С, Д, Е
В, С, Е
А, В, С, Е
В, С, Е
В, С, Е
D
|
Натрий бикорбанаты
Фосфат диаммониі
Аммофос
Силикагель және хладон114В2
Бұл да
Қалдық металдардың хлоридтері
Натрий бикорбанаты Фосфор-аммонилі тұздар
Натрии карбонаты және моче-вина қоспасы
Калий сульфаты
Натрий хлориді
|
1,5-2
1,5-2
2,5-3,5
0,3
20
1,2-1,5
25-30
(металдар)
1,5-2
1,5-2
0,7-1,2
1,4-2
5
|
Ұнтақтар жалпы және арнайы деп бөлінеді. Жалпы жағдайға арналған ұнтақтар қарапайым жанғыш материалдарды, (тезтұтанатын және жанғыш сұйықтықтар, мысалы, түрлі мұнай өнімдері, еріткіштер, көміртексітекті сығылған газдар, қатты материалдар – ағаш, резіңке, пластиктер) сөндіруге арналған. Осы материалдарды сөндіру үшін жану ошағын қармап алатын ұнтақ бұлтын жасау жолымен жүзеге асырылады.
Арнайы материалдар жанғыш заттар мен материалдары сөндіру (мысалы, кейбір металдарды) жанып жатқан бетті қоршаған ортадан қорғау арқылы жүзеге асырылады. Жалпы жағдайға арналған ұнтақтардың өртсөндіргіштік қабілеті дисперсиялығы өскен кезде артады, ал арнайы ұнтақтар оған байланысты емес.
Біртипті отандық және шет елдік ұнтақтарды салыстыра отырып олардың өртсөндіргіштік және эксплуатациялық қасиеттері бірдей болып келетіндігін көруге болады.
Өртсөндіргіш ұнтақтар күрделі гетерогенді жүйе болғандықтан спецификалық қасиеттер мен ерекшеліктерге ие. Ұнтақтың химиялық құрамы олардың өртсөндіргіштік және эксплуатациялық қасиеттерін анықтайды. Қалдық металдардың иодидтары мен бромидтары, аммоний фосфаты сияқты тұздардың өрт сөндіргіштік қасиеті жоғары, бірақ гигроскопиялық отырып қалуға душар болып келеді. Басқа тұздар, мысалы, металл фторидтері, аммоний сульфаты сияқты тұздардың эксплуатациялық қасиеттері жоғары, бірақ жалынды эффективті сөндірмейді. Өртсөндіргіш ұнтақтарды жасаған кезде тұздарды арнайы өңдеуден өткізеді. Ұнтақтарды тиімді пайдалану олардың өрт ошағына беріліс әдістері мен шарттарына да байланысты болып келеді. Қазіргі таңда ұнтақты ыдыстан сығылған газбен шығару арқылы жүзеге асырылатын берілістің пневматикалық әдісі зерттелініп жатыр.
Өртті ұнтақты қоспалармен сөндіру әрекетін келесідей факторлармен түсіндіруге болады: ұнтақтардың газтәріздес өнімдермен немесе ұнтақты бұлтпен жанғыш ортаны жабу; жылуды ұнтақ бөлшектерін қыздыруға шығындау арқылы жану аймағын суыту және олардың біртіндеп ыдырауы немесе жалында таралуы; жалын тар каналдардан өткен кезде ұнтақты бұлтпен жасалатын өртке кедергі келтіру эффектісімен; химиялық реакциялардың ингибирленуімен.
Жаңа ұнтақтарды жасау үшін хлоридтерді пайдаланған дұрыс, себебі олар аз уытты және қолжетімді. Осы тұздар негізінде жасалған ұнтақтар ауадан қорғау әдісімен металдарды сөндіру үшін қолданады, ал оларды жану ингибиторы ретінде қолдануға болатындығы туралы мәлімет келтірілмеген. Қазіргі уақытта тек қана жанған металдарды (д класты) ғана емес, сонымен қоса, сұйықтар мен газдар өртін (В және С класты) сөндіретін жаңа универсалды өртсөндіргіш құралдар ұсынылған.
Ағындылық пен тұрақтылықты жақсарту үшін ұнтақтарға әр түрлі қоспаларды қосады. Ең жақсы нәтижені көрсететіндер кремнийорганикалық байланыстар қосылған қоспалар, мысалы, аэросил (диметилдихлорсиланмен модифицирленген кремний диоксиді). Өртсөндіргіш ұнтақтардың жоғарғы сапасына қол жеткізу үшін жетілген ұнтақтау-классификациялы құралдарды (планетарлы араластырғыштарды, дірілді диірмендерді және т.б) пайдалану керек.
ПС ұнтағы сілтілік металдар өртін сөндіруге арналған. ПС ұнтағының бір бірінен химиялық құрамымен, дисперсиялығымен және басқа да қасиеттерімен ерекшеленетін бірнеше үлгісі жасалды. ПС ұнтағының соңғы үлгісі натрий карбонатына металл стеараты мен графиттің қосылуынан тұрады.
ПСБ ұнтағы натрий бикорбанатынан дайындалады, эксплуатациялық қасиеті жоғары, арзан, негізгі компоненті дефицит емес. Ол В, С және Е класты өртті сөндіруге арналған. ПСБ ұнтағын, сонымен қоса, сығылған газдардың, мұнай өнімдерінің көп мөлшерінің (мысалы, ұшақтар авариялық жағдайға ұшыраған кезде), спирттердің жануынан қорғау үшін пайдаланады.
Қазіргі таңда өндірісте жоғарғы дисперсиялығымен, өртсөндіргіштік қасиетімен ерекшеленетін ПСБ-3 (ТУ 6-18-139-83) маркалы ұнтақ дайындалып жатыр. Оның құрамына натрий бикорбанаты, аэросил және нефелинді концентрат кіреді.
ПФ ұнтағы диаммонийфосфатынан дайындалады және А, В, С, Е класты өртті сөндіруге арналған. ПФ ұнтағының ерекшелігіне құрамында фосфорлы-аммоний тұзы болғандықтан А класты өртті, көбінесе, талшықты бықсып жанатын материалдарды (ағаш, қағаз және т.б) сөндіруге қолданылады. Сөндіру эффектісі жоғары температураның әсерімен материалды ауадан қорғайтын полифосфаттың тұтқырлы пленкасының пайда болуымен байланысты. ТУ 6-18-155-79 бойынша дайындалатын ПФ ұнтағы диаммоний фосфатымен қоса аэросил және ағуды жақсартатын нефелинді концентраттан тұрады.
П-1А құрамының тағы бір үлгісі П-2АП ұнтағы. П-1А ұнтағынан жоғары дисперсиялығымен, жоғары өртсөндіргіштік қасиетімен ерекше-ленеді.
Аэрозоль тұздарының өртсөндіргіштік механизмі қалдық металлдардың хлоридтері негізінде ПГС-М типті жаңа эффективті ұнтақтарды жасауға мүмкіндік береді. Әсіресе, тек қана қарапайым материалдарды сөндіруге ғана емес, Д класты өртті сөндіруге арналған универсалды құралдарды жасау мүмкіндігі назар аудартады. Егерде берілген ұнтақтар Д класты өртті сөндірудің бегілі бір шектелген облысында (ПС-қалдықты металдар, П-1А магний және алюминий үшін) ғана қолданылса, онда калий хлориді Д класты өрттің барлығын сөндіруге арналған.
МГС ұнтағы натридың жануын сөндіруге арналған, жанған натриды сөндіретін қарапайым құралдарың эффективтілігінен 2 есе асып түсетін өртсөндіргіштік қабілетімен ерекшеленеді. Бұл эффект келесі жағдайларға негізделген. Натрий оның жануының уытты өнімдерінде пайда болатын капиллярлар арқылы өтіп кете алады. Жаңа құрам пайда болмас бұрын қолданылып жүрген ұнтақтар бұл эффектке төтеп бере алмады. МГС құрамы бұл эффектке төтеп бере алады және еріген металда батып кетпейді. өртсөндіргіштік қасиеті 8 кг*м-2. МГС ұнтағының кемшілігі қолданысының шектеулігі-натриды сөндіру үшін ғана қолданылады.
2. Инертті еріткіштермен (газдармен)сөндіру
Көлемдік сөндіру – қорғалған объектіде жануды қолдамайтын ортаны құруға негізделген және бөлмедегі өртті сөндірудің ең тиімді әдісі болып саналады. Тез сөндіру мүмкіндігімен қоса бұл әдіс бөлмеде жанғыш булар мен газдар жиналып қалған кезде пайда болатын жарылыстың алдын алуға мүмкіндік береді.
Бұл әдісте өртсөндіргіштердің орнына инертті еріткіштер – көміртек диоксиді, азот, аргон, су буы, түтінді газдар, ұшқыш ингибиторлар және кейбір галогенқұрамды заттар қолданылады.
Кейбір заттардың жануы қоршаған ортадағы оттегінің мөлшері 12-15% дейін төмендесе тоқтап қалады, ал тұтану аймағының үлкендігімен сипатталатын заттар (сутегі, ацетилен), металлдар (натрий, калий және т.б), кейбір металл гидридтері және металлорганикалық байланыстар үшін 5%.
Ортаны инертті еріткіштермен сұйылту арқылы сөндіру осы еріткіштерді қыздыруға жұмсалатын жылу шығынына, процесс жылдамдығының төмендеуіне және реакцияның жылулық эффектісіне тәуелді болады. Көміртек диоксидінің азотқа қарағанда біршама эффективті болуы, оның жоғарғы жылу-сыйымдылығымен түсіндіріледі. Көміртек диоксидін қалдықты, жерқалдықты металлдар және құрамына оттегі атомы кіретін кейбір металл гидридтері мен байланыстарын сөндіру үшін қолдануға болмайды.
Көміртек диоксиді стационарлы қондырғыларда, қолмен басқарылатын (ОУ-2, ОУ-5, ОУ-8) және тасымалданатын (УП-2М) өртсөндіргіштерде пайдаланылады. Көміртек диоксидінің ерекшелігі болып дросселдену кезінде «қар» мақтасын түзетіндігі болып саналады. «Қарлы» көміртек диоксидімен беттік сөндіру кезінде оның еріткіштік сөндіргіштік қасиеті, суытқыштық қабілетімен толыға түседі.
Көміртек диоксидін қолдануға тыйым салған кезде, азот немесе аргонды қолданады, әсіресе, аргонды жарылыстық қасиетке ие (магний нитриды, алюминий, литий, цирконий және т.б) металл нитридтары пайда болу қаупі болған кезде қолданылады.
Көптеген заттар үшін көміртек диоксидінің өрт сөндіргіштік концентрациясы 20-30% тең. Біздің елімізде көлемдік сөндіру кезінде қалыпты өрт сөндіргіштік концентрация 1м3 ауданға 0,7 кг тең деп есептелген. Осы қалыпты концентрацияны түзу үшін СО2 шығыны, сөндіру интенсивтілігіне, бөлменің құрылымдық ерекшеліктеріне, оның көлеміне тәуелді болып келеді.
[38] нормаға сәйкес негізгі көміртек диоксиді запасының массасы келесі формуламен анықталады.
M=1,1k2[k3(A1+30A2)+0,7V], (4.4)
мұндағы k2 – қыздырғыштың түрін есепке алатын коэффициент; k3 – 0,2кг*м-2 тең деп есептелген коэффициент; A1 – қоршаушы құрылымдардың суммарлы ауданы, м2; A2 – ашық ойыстардың суммарлы ауданы, м2; 0,7 – қалыпты өртсөндіргіш концентрация, кг*м-3; V – бөлменің көлемі, м3.
Біздің елімізде қалыптасқан норма бойынша жергілікті көлемді өрт сөндіру кезіндегі СО2 есептелген шығыны мына шартқа сай жүргізіледі, яғни барлық қорғалатын бөліктің габариттері 1,0 м ұлғаю керек. Осы кезде СО2 шығын нормасы 6,5 кг*м-3 тең болады.
Көлемді өрт сөндіру жүйесін жобалаған кезде шығын нормасы мен интенсив-тіліктен басқа газ берілісінің рационалды шешімін дұрыс таңдау маңызды рөл атқара-ды.
Инертті газбен өрт сөндіретін қондырғының екі проблемасы бар – қолданы-латын әдіс қорғалатын бөлменің мөлшерімен шектеліп қалады және адамдардың улану қаупін есепке алу қажеттілігі. Бірінші мәселе өте үлкен көлемді бөлмені өрттен қорғау кезінде берілген уақытта қажетті газ мөлшерімен қамтамасыз ету. Сонымен қоса, өте көп мөлшерде баллондар керек болады, ал олардың құны, сақтауға кететін шығыны, қызмет көрсетуі және басқа да шығындар қорғалатын объектінің құнынан асып кетуі мүмкін.
Көлемді сөндірудің мүмкіншіліктері сығылған газды қолданған кезде арта түседі. Сығылған газдың көлемді кәдімгі газға қарағанда 500 есе аз болып келеді. Сығылған газды арнайы криогенді сыйымдылықтарда сақтайды. Бұндай газды көбінесе сұйықметалдық жылутасымалдағыштары бар атомэлектрстан-цияларын қорғау кезінде қолданған дұрыс.
Ауаны азотпен сұйылту оттегі құрамының 14-16% дейін төмендеуіне алып келеді. Ал көміртек диоксидін қолданған кезде оның концентрациясы шамамен 10% құрайды. Сонымен қоса жоғарыда көрсетілгендей азот пен көміртек диоксидінің концентрациялары сәйкесінше 40% және 30%.
Көлемді өрт сөндіргіш жүйені жобалаған кезде жүйенің қосылғаны туралы хабар беретін сигнал беруші қондырғыны есепке алу қажет. Сигнал мен қосу қондырғысының уақыт аралығы адамдарды бөлмеден эвакуациялауға жеткілікті болу керек.
Жабық герметикалық бөлмеге инертті еріткіштерді жіберген кезде, орта өрт ошағын сөндіруге дейін, адамдармен қолданыла береді. Бұл адамның тыныс процесінің әр түрлі механизміне байланысты болып келеді. Бірінші жағдайда оттегінің критикалық құрамы оның абсалюттік құрамымен, ал екінші жағдайда көлемдік құрамымен анықталады. Еріткішті герметикалық бөлмеге жібергенде оттегінің абсалюттік құрамы өзгермейді, ал көлемдік концентрациясы азаяды. Осындай бөлмеде өрт өздігінен сөну жолымен тоқтатылуы мүмкін, бірақ та оттегінің жұтылу процесі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |