| - Жаңа мазмұн тудыру мақсатымен элементтердi шығармашылықпен бiрiктiру. Болжау, шарттылық, мүмкiндiк ұғымдарын қолданып, өз тәжiрибесi негiзiнде жаңа модель (құрылым) құрастыру.
- Жұмыс және нәтиже түрлерi:
- 1. Шығармашылық жанрлар: эссе, шығарма, өлең, шешендiк (ораторлық) сөз, сценарий, компьютерлiк бағдарлама жазу.
- 2. Жоспар құрастыру немесе тәжiрибе қою, өткiзу: мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру (тәжірибенi жоспарлап, нәтижесiн бақылау).
- 3. Абстрактылы ұғымдармен негiзделетiн нәтижелер: ғылыми гипотеза (болжау) құрастырып, ұсыну.
| - - Жаңа мазмұн құрастыру үшін мынаны қалайша өзгертуге (бейімдеуге, құрастыруға) болады?
- - Жақсарту (ұлғайту, көркейту, дамыту, тереңдету, т.б.) үшін не істеуге болады?
- - Қалайша біріктіруге болады?
- - Қандай критерийлер бойынша біріктіруге болады?
- - Мына мәселені (тақырып, ақпарат, теорема, анықтама, т.б.) дәлелдеу үшін нені біріктіруге болады?
| - Құрастыру, жоспарлау, ұсыну, жасау, сөзбен құрастыру, жазу, ретімен қою, жинақтау, өзгерту, шығармашылықпен орындау, ұйымдастыру, дайындау, жасап беру
| |