Өрт қaуiпciздiгi қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1682 Қаулысы «Өрт қayiпciздiгi туралы»


-параграф. Фонтанды ұңғымаларды пайдалану тәртiбi



бет8/23
Дата12.06.2016
өлшемі1.97 Mb.
#129782
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23

2-параграф. Фонтанды ұңғымаларды пайдалану тәртiбi

      681. Пайдалануға берiлген барлық ұңғымалар тиiстi стандартты аппаратурамен жабдықталған герметизациялаған сағалармен қамтамасыз етiледi.


      682. Фонтанды арматураның жұмыс қысымы ұңғыманы пайдалану кезiнде сағада күтiлген ең жоғарғы қысымнан аспайды.
      683. Фонтанды арматураны құрастыру төсемдерi бар толық түйреуiш кешенiмен жүргiзiледi.
      684. Фонтанды ұңғыма мен коммуникациялардың орамы эксплуатациялық колонналарының перфорациясына дейiн ұңғыма өнiмiн қабылдауға дайындалады.
      685. Тұтануды (өртенудi) болдырмау үшiн ашық арықтар арқылы жалпы қоймалар мен торларға мұнайды ағызу жабдығы жiберiлмейдi.
      686. Ұңғымадан компрессорға мұнай мен газдың түсуiнен алдын ала сақтандыру үшiн ұңғымалардың жанында, газ бен ауаны тарату будкаларынан желiлерде керi клапандар орнатылады.
      687. Газ және ауаны тарату будкаларының газ немесе әуе коллекторларында ұзындығы жобаға сәйкес келуi тиiс желiлер қарастырылады.
      688. Газ таратушы будкалардың сыртқы жағында «Газ! От қауiптi!» деген жазу iлiнедi.
      689. Жылжымалы компрессорлардың iштен жану қозғалтқышының (IЖҚ) пайдаланылған құбырлары ұшқын сөндiргiшi бар өшiргiштермен жабдықталады.
      690. Құбыр сыртындағы газдың қысымын тек штуцердiң көмегiмен, айқастырмадан бiрiншi (негiзгiсi) ысырма ашық болғанда екiншiсi арқылы төмендетiледi.
      691. Ұңғыманың орамын, бұрып ағызу жолын, сондай-ақ қысымдағы газ құбырларын тек бумен немесе ыстық сумен ғана жылытуға болады.

3-параграф. Компрессорлық станцияларды ұстау тәртiбi

      692. Компрессор жұмыс iстеп тұрғанда тоңазытқыштардағы газ бен судың температурасына бақылау жүргiзiледi.


      693. Соңғы сатының шығарып тастау желiсiнде компрессордың қысылғаны (компрессор ғимаратынан тыс) жұмыс қысымын 10% асатын, қысымның әсерiнен iске қосылатын сақтандырғыш құрылғысы құрастырылады.
      694. Компрессордың қалыпты жұмыстан параметрлердiң ауытқу сигнализациясы, сондай-ақ жағылып жатқан газдың (ауаның) қысымы мен температурасы көтерiлгенде, салқын судың келуi тоқтағанда және қабылдау мен майлау жүйесiндегi қысым түскен кезде автоматты ажыратқышы болуы қажет.
      695. Компрессордың қажалатын бөлшектерiн үнемi майлап тұру, сондай-ақ пайдаланылған майдың температурасы қадағаланады.
      696. Қысудың әр сатысынан кейiн сығылған газды немесе ауаны майдан тазартпай, компрессорды жұмысқа қосуға жол берiлмейдi.
      697. Әуе қоспасы компоненттерi құрамының жұмыстың әр режимiне арналған регламентте және техникалық паспортта көрсетiлгеннен асуына жол берiлмейдi.
      698. Газды қысып отырған компрессорлардың ауаны сорып алуын болдырмау мақсатында сорып алу желiлерi шамалы артық газ қысымымен ұсталады.
      699. Компрессор жұмысының жағдайы бойынша сорып алушы желi сиректетуде болуы тиiс болса, газды қысылғаннан кейiн құрамында оттегi болуына жүйелi түрде талдау жасалады.
      700. Газ компрессорлары мен газ құбырларының барлық қосуларын жүйелi герметикалықтығына тексерiледi. Газ шығып тұрғаны табылған жағдайда компрессор тоқтатылып, ақаулықтары жойылады.
      701. Жарық беру құралдарын жөндеу кезiнде немесе авариялық жағдайда электр энергиясы ажыратылғанда, газ компрессорлық станцияларында тек жарылыс қаупi жоқ жағдайда орындалғанда ғана аккумуляторлы шамдарды қолдануға рұқсат берiледi.
      702. Газ компрессорлық үй-жайларында компрессорлық қондырғылардың жұмысына қатысы жоқ аппаратура мен жабдықты орналастыруға жол берiлмейдi.
      703. Резервтегi компрессорлар газ қабылдау желiлерiнен және айдағыштардан герметикалық түрде ажыратылады.
      704. Әуе компрессорлары үшiн ауа ғимараттың сыртында жиналады.
      Жанғыш бу немесе газдар бөлiнетiн жерлерде, сондай-ақ тұтану көздерi пайда болуы мүмкiн жерлерде ауа жинауға жол берiлмейдi.
      Компрессорларға жанғыш булар мен газдардың түскенi байқалғанда ол дереу тоқтатылады.
      705. Компрессорларды, әуе компрессорлық станцияларының коммуникацияларының май шөгiндiлерi кестеге және техникалық құжаттамаға сәйкес сульфонал су ерiтiндiсiмен шайып тазартылады.

4-параграф. Тереңнен сорып пайдалану тәртiбi

      706. Тербелме станогы оның қажалатын және қозғалмалы бөлiктерi мұнараның немесе дiңгектiң бөлшектерiмен және электр желiлерiнiң iргетасымен, топырағымен түйiсулерiн болдырмайтындай болып орнатылады.


      707. Тербелме станогының шкивiн қолмен айналдыруға және оның астына металл немесе басқа да заттарды салу арқылы тоқтатуға жол берiлмейдi.
      708. Ұңғымада жөндеу жұмыстары басталмас бұрын жетек ажыратылуы тиiс, ал жүргiзгiш қондырғыда «Ажыратуға болмайды! Адамдар жұмыс iстеп жатыр!» деген жазуы бар плакат iлiнедi.
      709. Терең сорғыш ұңғыма ұңғыманың құйылыс аузын герметизациялайтын және құбырдың сыртындағы кеңiстiктен газды айдауға мүмкiндiк беретiн құйылыс арматурасымен жабдықталады.
      710. Тербелме станогы жұмыс iстеп тұрғанда жетек белбеулерiнiң батып қалуын алдын алу үшiн олардың тартылуы байқалады.
      711. Жерге қосу өткiзгiштерi мен оларды дәнекерлеу орындарын қарау үшiн қол жеткiзу қамтамасыз етiледi. Жерге қосу арқаны үшiн болаттан жасалған арқанды пайдалануға жол берiлмейдi.
      712. Кез келген кернеудегi электр өткiзгiш желiлерiнiң астынан басқару станцияларын, автотрансформаторларды, трансформаторларды орнатуға жол берiлмейдi.
      713. Батыру орталықтан сыртқа тебушi электр сорғыштардың электр жабдығын орнату үшiн үй-жай немесе будка өртенбейтiн материалдан жасалады.
      714. Батыру электр сорғышын көтеру-түсiру алдында ұңғыманың құйылыс фланецiне кабельдi элеватормен бұзылудан сақтандыратын құрал орнатылады.
      715. Ұңғыманың сағасында орналасқан кабелдi барабанның электр жетегiн кнопка арқылы басқару жарылыстан қорғалатын түрде орындалады.
      716. Ұңғыманың сағасы кабель өтетiн жерлерiнде тығыздамасы бар аспалы тығырықпен жабдықталады.
      717. Ұңғымаларды үрлегенде және өлшеулер жүргiзгенде ұңғыманың жанындағы автокөлiк пен тракторлар сөндiрiлуi, ал қазандардағы отындар өшiрiледi.
      718. Сынақ жүргiзу кезiнде барлық жолдарда бекеттер орнатылып, өтуге, темекi шегуге және от жағуға тыйым салынатын ескерту белгiлерi орнатылады.

5-параграф. Мұнай және газ өндiрудi қарқындату тәртiбi

      719. Өндiрудi қарқындату әдiстерiн жүзеге асыру мұнай газ өндiретiн кәсiпорынның басшысы (орынбасары) бекiткен жоспар бойынша жүргiзiледi.


      720. «Аварияларды жою жоспарын құру жөнiндегi нұсқаулыққа» сәйкес шығаруды қарқындандыру әдiстерiн жүргiзудi ескере отырып, ықтимал авариялар мен өрттердi жою жоспары белгiленген тәртiппен кәсiпорынның әкiмшiлiгi әзiрлеп, келiсiледi және бекiтедi.
      721. Өндiрудi қарқындату әдiстерi жүзеге асырылатын объектiлер кәсiпорынның орталық диспетчерлiк бекетi бар сенiмдi телефон немесе радио байланысымен қамтамасыз етiледi.
      722. Байланыс құралдарында атауы мен сигнал беру тәртiбi, өрт сөндiру бөлiмiнiң, жедел жәрдем, газдан қорғау қызметiнiң басшылары мен жауапты адамдарын шақыру көрсетiлген тақталар iлiп қойылады.
      723. Жұмыс iстеу кезiнде жылжымалы сорғыш агрегаттардың, автокөлiктiң пайдаланылған құбырлары ұшқын өшiрушiлерi бар сөндiргiштермен жабдықталады.
      724. Агрегаттар мен автоцистерна ыдыстарының iшiндегi мұнай мен химиялық реагенттердiң қалдықтарын өнеркәсiптiк канализацияға құюға жол берiлмейдi.
      725. Барлық өндiрiстiк және қосалқы үй-жайлар, құрылыстар мен қоймалар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес тиiстi алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi.
      726. Өртке қарсы құрал-жабдықтарды, авариялық және газдан қорғау құралдарын тiкелей мақсатына арналмаған жұмыстарда қолдануға жол берiлмейдi.
      727. Жер үстi белсендi заттары, мұнай өнiмдерi қолданылатын объектiлерде от жағуға, темекi шегуге үзiлдi-кесiлдi жол берiлмейдi.
      728. Химиялық заттар қоспаларын дайындағанда, қолданғанда және оларды сақтағанда темекi шегуге және от шығаруға жол берiлмейдi. Темекiнi арнайы бөлiнген жерлерде шегуге болады.
      729. Көбiк реагентi және басқа да жанғыш химиялық заттар бар ыдыстарда «От қауiптi» деген жазу болады.
      730. Найзағай жарқылдаған кезде көбiк реагентi мен басқа да жанғыш заттарды құйып төгуге болмайды.
      731. Реагенттi қабатқа айдауға арналған жылжымалы технологиялық жабдық, қажет болған жағдайда қауiптi зонадан шығуды және персоналды эвакуациялауды қамтамасыз ету үшiн жердiң бедерi мен желдiң бағыты ескерiлiп орналастырылады.
      732. Жылжымалы жабдықты, сорғыш қондырғыларды электр өткiзгiштердiң әуе желiлерiнiң қорғау аймағы шегiнде немесе мұнай, газ желiлерiнiң үстiне орналастыруға жол берiлмейдi.
      733. Жұмыс аяқталғанға дейiн және бу генераторының қысымы атмосфералыққа қысымға дейiн төмендегенше бу генераторлық қондырғыны қараусыз қалдыруға болмайды.
      734. Жылжымалы электр жарығын беру ретiнде бу генераторлық қондырғыда кернеуi 12 Вольттан аспайтын, жарылыс қаупi жоқ шамдар қолданылады.
      735. Ұңғыманың қазбабөлiм аймағына күннiң жарығында бу, жылу өңдеу жүргiзуге рұқсат берiледi.
      736. Отын сыйымдылығы бар арбада (шанада) орнатылған мөлшерлеу сорғышының электр жабдығы Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес өрттен, жарылыстан қорғалған етiп қарастырылады.
      737. Пеш белгiленген шектерде мұнайды ысыту температурасын реттейтiн, сондай-ақ шығарушымен көзделген газ қысымы көтерiлiп немесе төмендегенде оттыққа газ жеткiзудi өшiретiн автоматты қондырғылармен жабдықталады.
      738. Отын құбыры жолында ретке келтiрiлген, қысқартатын қондырғы және оттықта сақтандырғыш қақпағы, сондай-ақ бақылау-өлшегiш құралдарына конденсаттың түсуiн алдын алуға арналған қондырғы жабдықталады.
      739. Пештiң оттығын қосар алдында шиыршық түтiкке мұнайдың толғанына көз жеткiзiледi.
      740. Мұнайға арналған ыдысы бар арбада (шанада) орнатылған электр жабдығы, сондай-ақ мұнайды қыздыруға арналған тұрақты қондырғылар жарылыстан қорғалып орындалады.
      741. Техникалық қозғалыс құралдары (автомобильдерi, тракторлары) ұшқын өшiргiштермен жабдықталады.
      742. Ыстық мұнай ыдысы сағасының ық жағынан 10 метр қашықтықта орнатылады.
      743. Мұнайды айдар алдында алмалы-салмалы шығарып тастау жолы сорғыштан ұңғымаға дейiн барынша жоғары жұмыс қысымынан бiр жарым еселi қысымға сығымдалуы тиiс.
      744. Компрессорлар мен электр жабдығы 10 метр, ал iштен жану қозғалтқышы бар компрессор ұңғыманың сағасынан 25 метр қашықтықта орналасуы тиiс. Iштен жану қозғалтқышының пайдаланылған өнiм құбыры ұшқын өшiргiшпен жабдықталады.
      745. Ұңғымаларды өңдеу үшiн тек газсыздандырылған конденсат ғана қолданылуы тиiс.
      746. Газ конденсаты бар автоцистерналарда немесе басқа ыдыстарда «От қауiптi» деген жазу болады.
      747. Газ конденсатын тек герметикалық түрде жабылған люктерде және ағызатын штуцерлерде ғана автоцистерналар арқылы тасымалдауға рұқсат берiледi.
      748. Конденсатты автоцистернаға құю, ағызу алдында оны жерге қосу керек.
      749. Автоцистерналардан газ конденсатын құйып ағызғанда темекi шегуге және ашық отты пайдалануға жол берiлмейдi.
      750. Құю-ағызу, ұңғыманы өңдеу тек күндiзгi уақытта жүргiзiледi.
      751. Газ конденсатына толып тұрған автоцистернаны елдi мекендер шегiнде, ашық от бар жерлерде тоқтатуға жол берiлмейдi.
      752. Агрегаттар мен автоцистерналар ұңғыманың құйылысынан 25 метр қашықтықта және жел жағынан бiр бiрiнен 6 метр аспайтын қашықтықта орнатылады.
      753. Суы бар автоцистерна газ конденсаты бар агрегаттар мен автоцистерналардан 25 метр қашықтықта орналастырылады.
      754. Ұңғыманы өңдегенде газ конденсатын автоцистернадан бункерге және агрегат қабылдауға айдауға жол берiлмейдi.
      755. Ұңғыманы газ конденсатымен өңдеу алдында және өңдеу үдерiсiнде жұмыс iстеу аумағындағы газдылық тексерiлуi қажет. ШРҚ (шектi рұқсат етiлген қосылым) артық газ қосылымы болған жағдайда газ конденсатын айдау жұмыстары дереу тоқтатылып, аварияны жою жоспары бойынша шаралар қолданылады.
      756. Ұңғыма газ конденсатымен өңделгеннен кейiн агрегаттың манифольдты желiсi мен ұңғыманың арматурасы сумен шайылады.
      757. Манифольдты тек ұңғыманың арматурасында тиек жабылғаннан кейiн және қысым атмосфералық қысымға дейiн төмендегеннен соң ғана ажыратуға рұқсат берiледi.
      758. Ұңғыманы газ конденсатымен өңдеу үдерiсiнде қызмет көрсету персоналы жұмыс жоспарында көрсетiлген қауiпсiз қашықтықта болады.
      759. Қабаттарды гидравликалық ажырату жөнiндегi жұмыстарда қолданылатын агрегаттардың және басқа машиналардың пайдаланылған газ шығаратын құбырлары сөндiргiштермен және ұшқын өшiргiштермен жабдықталады.
      760. Агрегаттарда тiкелей жұмыстарды орындаумен байланысты емес адамдарды қауiпсiз аймақ шегiне жiбергеннен кейiн ғана агрегаттарды iске қосуға рұқсат берiледi.
      761. Ажырату сұйықтықтарының және мұнайдың қалдықтары агрегаттар мен автоцистерна ыдыстарынан мұнай торына немесе арнайы ыдысқа құйылуы тиiс.
      762. Қысқы уақытта жұмыстар ұзаққа тоқтатылғанда манифольдты және айдаушы құбыр жолдарын ашық отпен жылытуға жол берiлмейдi.
      763. Күш беретiн қондырғылардың отын бактары өртке қауiпсiз жерге орнатылып, бұзылулардан қорғалады.
      764. Қабат iшiндегi жылжымалы жану мөлшерi әдiсiмен қабатты өңдеу жүзеге асырылатын жер аумағы ескерту плакаттарымен жабдықталуы және қызыл жалаушасы бар, металлдан жасалған бекеттермен қоршалады.
      765. Ұңғымаларда зиянды газдарды шығару қауiптiлiгi дәрежесi және мұнай мен газдың температурасы бойынша олардың санаттары көрсетiлуi тиiс.
      766. Кесте бойынша үнемi ұңғымалардағы газ концентрациясының тексерiсi жүргiзiлiп тұруы қажет. Жабық үй-жайларда және учаскенiң басқа да объектiлерiнде газдылықты бақылау салалық нұсқаулыққа және аварияларды жою жоспарына сәйкес жүргiзiледi.

6-параграф. Ағымдық және күрделi жөндеу жүргiзу тәртiбi

      767. Жанар-жағармайлармен, мұнаймен ластанған аумақта көтергiш трактор мен жылжымалы агрегатты орнатуға болмайды.


      768. Көтергiш трактор, жылжымалы агрегаттжел жағынан ұңғыманың сағасынан кемiнде 25 метр қашықтықта орнатылады.
      769. Жуу агрегаты манифольдқа жақын, ыдыстары, агрегат жүргiзушiсiнiң кабинасы ұңғыманың сағасына қаратылатындай болып орнатылады.
      770. Көтергiшке жанғыш материал қозғалтқыш сөндiрiлiп, суығанда құйылады.
      771. Сағаның арматурасын бұзу ұңғыма өшiрiлгеннен кейiн және қысымды нөлге дейiн уландырғаннан жүргiзiледi.
      772. Газды кестеге сәйкес ұңғымадан қауiпсiз жаққа қарай шығару қажет. Газ шығару жолы тiректерге берiк бекiтiледi.
      773. Құбырларды көтерiп түсiргенде элеваторды отырғызу ұшқын пайда болуды болдырмау үшiн бiр қалыпты, соқпай жүргiзiледi.
      774. Құбырларды көтерiп түсiру жұмысындағы үзiлiстерде ұңғыманың сағасы герметикаланған болады.
      775. Құбырларды көтергенде флюидтiң, ерiтiндiнiң шашырап төгiлуiне қарсы құрал орнатылады.
      776. Сағада ұшқын түзiлумен байланысты жұмыстарды, сондай-ақ жазбаша рұқсатсыз от жұмыстарын жүргiзуге жол берiлмейдi.
      777. Құм тығынын сумен жуып шайғанда жуу сұйықтығын өнеркәсiптiк канализация немесе ыдысқа шығару керек. Тығынды мұнаймен шаю тұйық цикл бойынша жүргiзiледi.
      778. Құм тығындарын ұңғымаларда шайғанда лақтырындыларға қарсы жабдық, домалақ кран, қайырмалы клапан орнатылады.
      779. Ұңғымада вентилi және шлангi бар су желiсi жүргiзiледi.
      780. Мұнай-газ дақтары көрiнгенде құбырдың және құбырдың сыртында қысым болғанда жұмыстарды бастауға жол берiлмейдi.
      781. Көтергiш тракторлар мен жылжымалы агрегаттар жарық және дыбыс сигнализацияларымен жабдықталады.
      782. Объект осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өртке қарсы құрал-жабдықпен қамтамасыз етiледi.
      783. Жұмыс үдерiстерiнде ұңғыманың жағдайы үнемi бақылауда болады, газ, мұнай, су дақтары пайда болғаны табылғанда бригада сағаны герметикалайды және аварияларды жою жоспарына сәйкес әрекеттер жасайды.

4-тарау. Мұнай мен газды жинау, дайындау, сақтау және тасымалдау тәртiбi

      784. Аппараттарда, ыдыстарда және құбыр жолдарында орнатылған сақтандырғыш, реттегiш және тiреу арматурасының жарамдылығы пайдалануға қосар алдында, сондай-ақ инженерлiк-техникалық қызметкердiң басшылығымен, бекiтiлген кестеге сәйкес тұрақты тексерiледi. Тексерiстер мен қадағалау нәтижелерi вахта журналына жазылады.


      785. От қауiптi сұйықтықтардың деңгейiн өлшеу үшiн өртке қауiпсiз өлшеуiштер қолданылуы тиiс. Өлшеуiш шынылар шыныларды механикалық зақымданудан қорғаған, клапандар, автоматты жабатын қосқыш құбырлары және шыныда сұйықтық пен 0,6 МПа (бұдан әрi – МПа) (6 кгс/см2) аспайтын қысымның шектi рұқсат етiлген деңгейiн көрсететiн қызыл жолағы болған жағдайда 0,6 МПа (6 кгс/см2) аспайтын артық қысыммен жұмыс iстейтiн аппараттар мен сыйымдылықтарда жiберiледi.
      786. Жабдықтың жылу оқшаулағышы үшiн өртенбейтiн материалдар қолданылады.
      787. Қыздыру аппараттарына бу немесе газ жiберер алдында жеткiзу желiлерi қауiптi қысымдар немесе деформацияларын болдырмау үшiн үрленедi.
      789. Қыздырылған агенттi аппараттарға қосуды аппараттардағы температураны бiрте-бiрте көтере отырып, баяу жүргiзiледi.
      790. Түсiру кезiнде резервуар (ыдыс) аппараттарынан су мен жауын-шашынның тұнбаларының ағысы қадағаланады, жұмыс алаңшалары мен аумаққа мұнайдың төгiлуiне жол берiлмейдi.
      791. Сақтандырғыш клапаны диаметрi шығу тесiгiнен кем емес бұру жолымен жабдықталады.
      792. Басқыштары, сепараторлары және басқа аппараттары қызмет көрсетуге арналған сатылармен және алаңшалармен жабдықталады.
      793. Мұнай және газ аулағыштар өртенбейтiн материалдардан салынуы тиiс. Ашық мұнай аулағыштың айналасында биiктiгi кемiнде 1 метр қоршау орнатылады.
      793. Тұндырғыштар мен резервуарлардың науалары адамдар өтетiн жерлерде металл жабындыларымен жабылады.
      794. Шамшырақ тiреушесi кемiнде 100 метр қашықтықта, ал жер қоймасы топталған қондырғының қоршауынан 50 метрден жақын емес орналасады. Қойманың айналасы кемiнде 1 метр топырақпен үйiп бекiтiледi, ал шамшырақ қондырғысы қоршалады.
      795. 0,7 кгс/см2 жоғары артық қысымда жұмыс iстейтiн басқыштар, сепараторлар және басқа аппараттар «Қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстарды орнату және оларды қауiпсiз пайдалану ережесiне» сәйкес пайдаланылады.
      796. Басқыштар мен сепараторларды үрлегенде үрлеу желiсiндегi тиек қондырғысын ақырын және бiртiндеп ашып жабылады.
      797. Бiрдей қысымы бар сепараторлар тобына сақтандырғыш қондырғыларынан шамшыраққа жалпы желiге (коллектор) бұруға болады.
      798. Эрлифт ұңғымаларын сепараторларға қосқанда сепаратордан шығатын газ-ауа қоспасын ауаның бар-жоғына тексерiледi.
      799. Басқыштардағы деңгей өлшегiш шыныларының жабық ыдысқа немесе канализацияға үрлеуге арналған бұрғыштармен қамтамасыз етiледi.
      800. Отпен жылытқышы бар жылу ауыстырғыштарға арналған алаңшаның гидравликалық жабу арқылы өнеркәсiптiк канализацияға жүретiн науалармен жабдықталады.
      801. Температуралық кернеулерден зақымдануды болдырмау үшiн жылу ауыстырғыштарды (түскенде) қыздыруды және (көтерiлгенде) суыту бiртiндеп жүргiзiледi.
      802. Жылу ауыстырғыштарды жанғыш сұйықтықтардан босатуға тек жылу ауыстырғыштар суығаннан кейiн ғана жүзеге асырылады.
      803. Форсункалар тұратын алаңшаның қатты жабынымен және гидравликалық тиек арқылы өнеркәсiптiк канализациясымен қосылған науаға қарай еңiспен қамтамасыз етiледi.
      804. Пештердi тұтатып қосуды тек оны пайдалануға жауапты адамдар ғана жүзеге асырады.
      805. Форсункаларды шамшырақтармен тұтатқанда оған тез өртенгiш сұйықтықты сiңдiруге жол берiлмейдi.
      806. Пештердi жағуда қолданылатын шамшырақ құрғақ топырағы бар өртенбейтiн жәшiкте сөндiрiледi.
      807. Отын құбыр жолында отынды барлық форсункаларға жiберуiн бiр мезгiлде тоқтата алатын (форсункалардан кемiнде 10 метр қашықтықта) тиек, оттықтардың жануына қажет қысымға реттелген редукциялайтын құрылғы, сондай-ақ автоматика жүйесiне конденсаттың түсуiн алдын алу үшiн конденсат жинағы, бақылау-өлшеуiш құралдары мен оттықтар қарастырылады. Автоматты құрылғылардың авариялық сигнализациясы оператор бөлмесiне шығарылады.
      808. Қондырғы жұмыс iстемеген жағдайда отынды газ құбыры пештен герметикалық түрде өшiрiлiп, бiтеуiшке қойылады.
      809. Газ құбырын пештен ажыратқанда барлық оттықтардың ысырмалары берiк жабылғанша үрлеп жанатын шамдарды ашуға болмайды, сондай-ақ үрлеп жанатын шамның ысырмалары толықтай ашылады.
      810. Пештердiң тұрақты өрт сөндiру жүйесi үнемi iске жарамды жағдайда ұсталады. Өрт сөндiру жүйесi жарамсыз жағдайдағы пештi iске қосуға жол берiлмейдi. Жүйенiң орамы өтуге қолайлы жерде орналасады және қызыл түске сырланады. Жүйенi қосу автоматты және дистанциялық түрде болады.
      811. Пештiң өшiп қалған оттықтарын қызған панельдерден немесе пеш отынының сағасынан тұтатуға болмайды.
      812. Пеш отынын алдын ала бумен үрлеп алмай оттықты жандыруға жол берiлмейдi. Пеш орамының үрлеу шамдары жоба мен техникалық құжаттамасына сәйкес қауiпсiз жерге шығарылады.
      813. Форсункалардың (оттықтардың) газ құбырлары газ шамшырағын желiге шығарып, үрлеу желiсiмен жабдықталады.
      814. Авария немесе өрт шыққан жағдайларда мұнай құюға арналған құрылғылар iске жарамды болуы тиiс. Авариялық құю ысырмаларының айыратын белгiлерi болуы, ал жағалаулары бос болуы тиiс. Авариялық құюды тек цех, қондырғы бастығының немесе аварияны (өрттi) жою жөнiндегi жұмыстардың жауапты жетекшiсiнiң нұсқауы бойынша ғана жүргiзуге болады. Авариялық құюды жүзеге асырғанда операциялардың реттiлiгi нұсқаулықта қарастырылады.
      815. Авариялық ыдыстан iшiне ыстық сұйықтықты түсiрер алдында ұқыпты түрде суланған өнiмдердi шығарып, құрғақ бу жiберiледi.
      816. Пеш форсункаларының фронттарында, ұқсас камераларда өрт шыққанда, көмейi мен түтiндiгiнде қара күйе жанғанда өрт сөндiру желiлерi арқылы бу жiберiп, өртке қарсы қызметi шақырылады.
      817. Құбырлы пештi пайдалану кезiнде құбырларының жағдайына жүйелi түрде бақылау қамтамасыз етiледi.
      Құбырларда булықтары мен тесiктерi болғанда, сондай-ақ құбырлардың тозу шегi асып кеткен пештердiң жұмыс iстеуiне жол берiлмейдi.
      818. Пештерге жалындарды өшiру сигнализаторларын, форсункалар (оттықтар) өшкенде оларға отынның жетуiн тоқтатын автоматты құрылғыларын, пештiң белiне шектi рұқсат етiлген температура сигнализациясы орнатылады.
      819. Мұнай айдауға арналған үй-жай ұшқын қаупi жоқ түрде орындалған ерiксiз құйып тартып алу желдеткiшiмен жабдықталады.
      Желдеткiш бұзылған немесе өшiрiлген жағдайда сорғыштарды жұмысқа қосуға жол берiлмейдi.
      820. Iштен жану қозғалтқышын орналастыруға арналған үй-жайларын сорғыштарға арналған үй-жайлардан газ өтпейтiн қабырғалармен бөлу. Тез тұтанатын сорғыштар орнатылған үй-жайларда тегiс белдiктi берiлiстi қолдануға жол берiлмейдi.
      821. Аралық бiлiктер өтетiн орындарының қабырғалары арасында тығыздамасы болады.
      822. Сорғыштармен жұмыс iстегенде қозғалыстағы бөлшектерiн, сондай-ақ мойынтiректiң температурасы мен сорғыштардың тығыздамаларын үнемi қадағалауды жүзеге асырады.
      823. Сорғыштардың астында жағар майлардың жиналуына, ағуына және шашырауына жол берiлмейдi. Сорғыш үй-жайларының едендерiн таза ұстап, үнемi сумен шайылады.
      824. Сорғыш үй-жайларында сорғыштар мен құбырларды герметикалығына қадағалау орнатылады. Сорғыштардың тығыздамалары мен құбырлардың қосылыстарындағы саңылаулар дереу жойылады.
      825. Ысырма блогы орналасқан жерлерде гидравликалық бекiтпе арқылы өнеркәсiптiк канализацияға сұйықтықтардың төгiлуiне арналған арнашық орнатылады. Сұйықтықтардың өнеркәсiптiк канализацияға құйылу мүмкiндiгi болмаған жағдайда сұйықтықты сорғышпен тартып алатын жиналмалы жабық құдық орнатылады.
      826. Сорғыш бөлмелерiнде жанар-жағармай материалдарын бiр тәулiктiк қажеттiлiктен аспайтын мөлшерде ғана сақтауға жол берiледi. Жанар-жағармай материалдары қақпақтары бар арнайы металл бөшкелер мен жәшiктерде сақталады.
      Сорғыш бөлмелерiнде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сақтауға жол берiлмейдi.
      827. Сорғышты iске қосу және тоқтату алдында тиiстi ысырмалардың дұрыс ашылып жабылуы тексерiледi.
      828. Төгiлiп қалған мұнай өнiмдерiн жою үшiн сорғыш бөлмелерi резина шлангтан су ағысымен жабдықталады.
      829. Жұмыстан аяқталған соң сорғыштарды қабылдау және көтерулерде және резервуарлардың ысырмалары жабық, үй-жай тексерiлiп, төгiлiп қалған мұнай жойылып, барлық қондырғылар мен жарық беру шамдары өшiрiледi.
      830. Сорғыш станцияларына сондай-ақ осы «Жылу беру және желдеткiш» деген бөлiмiнiң ережелерi қолданылады.
      831. Резервуарларды пайдалану «Металл резервуарлардың техникалық пайдалану ережесiне» және оларды жөндеу жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес жүргiзiледi.
      832. Құбыр жолдарының (мұнай, газ құбырлары) тасымалданатын заттарға байланысты мемлекеттiк стандартқа сәйкес айырым түсi мен цифрлық белгiсi болады.
      833. Ыдыстарды аппаратурамен, аялдамамен және басқа да құрылыстармен байланыстыратын құбыр жолдарына әр құбыр жолының ерекше белгiсi, ал тиек арматурасының нөмiрлеуi бар технологиялық кестелер жасалады.
      834. Қызмет көрсету персоналы ысырмалардың орналасу кестесiн және олардың мәнiн бiлуi, сондай-ақ технологиялық әрекеттер қатесiз орындалады.
      835. Жаңа кесте кәсiпорынның басшысымен бекiтiлiп, рұқсат берiлмейiнше, қолданыстағы құбыр жолдарының орналасу кестесiн өзгертуге жол берiлмейдi.
      836. Құбыр жолдарын үрлеу және оларды герметикалығына және мықтылығына сынау нұсқаулыққа сәйкес жүргiзiледi. Герметикалығына және мықтылығына құбыр жолдарын үрлеу және сынау жөнiндегi нұсқаулық пен жұмыс жоспарын құрылыс ұйымы жасап, құбыр жолын пайдаланып отырған кәсiпорынның техникалық басшылығымен келiсiледi.
      837. Құбыр жолдарын үрлегенде және сынағанда аймақ шегiнде автомобильдердiң, тракторлардың жұмыс iстеп тұрған қозғалтқыштармен тiркелуiне, сондай-ақ ашық отты пайдалануға және темекi шегуге жол берiлмейдi.
      838. Темiр немесе тас жолдарындағы құбыр жолда авария болған жағдайда авария алаңы дереу қоршалып, ескертетiн белгiлер қойылып, көлiк қозғалысы тоқтатылып, аварияны жою жоспарына сәйкес шаралар қолданылады.
      839. Ескертетiн белгiлер авария болған жерден жолдың екi жағына  00 метр кем емес қашықтықта орнатылады. Темiр жол қызметi дереу ескертiледi.
      840. Құбыр жолдарындағы тиек құрылғылары дұрыс жағдайда құбыр жолдарының жеке учаскелерiне мұнай мен газдың келуiн сенiмдi түрде тоқтату мүмкiндiгiн қамтамасыз ету үшiн оңай қол жеткiзуге болатындай етiп орналасады.
      Ақаулықтар дереу жойылады.
      841. Тиек құрылғыларын тексеру үшiн кәсiпорында басшылар бекiтетiн кестелер жасалады. Құбыр жолдарындағы тиек құрылғылары тоқсанына кемiнде 1 рет, ал ерекше жауапты тораптарда айына кемiнде 1 рет қарап тексерiледi. Тексерiс нәтижелерi журналға немесе құбыр жолдағы паспортқа енгiзiледi.
      842.  Құбыр жолын тек дәнекерлеп қосуға ғана жол берiледi. Ажыратқыш құрылғылары, өткiзбейтiн тығызданулары бар, басқа арматурадан жасалған бақылау-өлшеуiш құралдары орнатылған жерлерде ойма және фланецтi қосуларға жол берiледi.
      Фланецтi қосу төсемдерi жоғары температураларда бұзылмайтын және пiшiнi өзгермейтiн материалдардан жасалады.
      843. Құбыр жолдарында пайда болған тығындарды құрыш шыбықтары және басқа да ұшқын тудыруы мүмкiн құралдар арқылы тазартуға жол берiлмейдi.
      844. Құдықтарда орналасқан тиек құрылғыларын тексерген немесе пайдаланғаннан кейiн соңғыларының қақпақтары дереу жабылады. Құбырларды тексергеннен кейiн ашық арнашықтар дереу жабылады.
      845. Тиек құрылғыларын ақырын ашып жабу керек, тиек құрылғыларын ашу үшiн ұшқын тудыруы мүмкiн металлды заттарды қолдануға жол берiлмейдi.
      846. Вакуумдық газ жинайтын желiнiң iшiнде жарылыс қауiпi бар қоспаның пайда болуын болдырмау үшiн:
      1) вакуумдық торда ауамен бақылау жүргiзiледi;
      2) ұңғымалардан вакуумдық коллекторларды ажырату немесе тармақтарын бұзуда тиек құрылғыларын жабу және газ құбырларына бiтеуiштер орнатылады.
      847. Шамның алау құрылымы газ жағудың үздiксiздiгi қамтамасыз етiледi.
      848. Құбыр жолымен параллель кабель желiлерiн төсегенде олардың арасында көлденеңiнен қашықтығын кемiнде 1 метр етiп жасауға жол берiледi. Құбыр жолынан шамалы қашықтықта орналасқан кабельдер құбыр жолдарының бар аралық бойына төселедi. Құбыр жолдарының асты мен үстiне кабельдердi тiк тегiсте параллель төсем жасауға жол берiлмейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет