Өрт қaуiпciздiгi қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1682 Қаулысы «Өрт қayiпciздiгi туралы»


-тарау. Ұшпалы ерiткiштердiң өрт, жарылыс қауiптi буларының адсорбциялау және рекуперациялау цехтерiн ұстау тәртiбi



бет10/23
Дата12.06.2016
өлшемі1.97 Mb.
#129782
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

3-тарау. Ұшпалы ерiткiштердiң өрт, жарылыс қауiптi буларының адсорбциялау және рекуперациялау цехтерiн ұстау тәртiбi

      970. Цехтердегi ұшпалы ерiткiштердi пайдаланумен байланысты орындар буды аулағыштарға бере отырып, оны жергiлiктi сору жүйелерiмен жабдықталады.


      971. Рекуперациялау қондырғысы барлық жұмыс орындарынан ұшпалы ерiткiштердiң булары үздiксiз және толықтай соруды қамтамасыз етедi.
      972. Жаңа жұмыс орындарын, учаскелер мен цехтердi еген рекуперациялау станциясының қуаты мүмкiн болмаса, бу, ауа қоспасы желiлерiне қосуға жол берiлмейдi.
      973. Адсорберлерге түсетiн бу, ауа қоспасының қосылымы жүйелi түрде бақыланады. Бу, ауа қоспасының шектi параметрлерiн технологиялық нұсқаулықтарда көрсетiледi. Қоспаның едеуiр өрт, жарылыс қауiптi заттарының тұтануының төменгi қосылым шегiнен 50%-ға жоғары ұсталатын будың қосылымдарымен бу, ауа желiлерiнiң жұмыс iстеуiне жол берiлмейдi.
      974. Цехтерден рекуперациялау станциясына бу, ауа қоспасы тасымалданатын желiлер жарамды күйде ұсталады. Құбырлардың iшкi қабатын қатты жанғыш қыртыстармен немесе сұйық конденсатпен ластауға жол берiлмейдi. Бу, ауа қоспасынан қатты қоспаларды аулауға арналған сүзгiштер немесе циклондар жарамды күйде пайдаланылады және бекiтiлген кестеге сәйкес тазартылады. Конденсаттың түзiлуi байқалатын желiлердiң учаскелерiнде жанбайтын материалдан жасалған жарамды жылытқышы және конденсаттың ағып кетуiне арналған ылди болуы қажет.
      975. Бу, ауа қоспаларының желiлерiн қолданыстағы сенiмдi от бөгегiштермен қорғау қажет. От бөгегiштердiң саны, олардың түрi мен от өшiретiн саптамалардың өлшемдерi жобалау деректерiне сәйкес қабылданады. Қондырғыны от бөгегiштерсiз немесе жобаға сәйкес келмейтiн от бөгегiштермен пайдалануға жол берiлмейдi.
      976. Желдеткiштер жұмысының авариялық режимiнiң дыбыс дабылы мен резервтiк агрегаттарды автоматты iске қосу жүйесi жарамды күйде ұсталады және мерзiмдi түрде тексерiледi.
      977. Жарылыс, өрт қауiптi бу, ауа қоспасын атмосфераға лақтыруға арналған авариялық құбыр жарамды күйде ұсталады. Оның жұмысқа дайындығы жүйелi түрде тексерiледi. Авариялық құбыр найзағайдан қорғағышпен жабдықталады.
      978. Желдеткiштердiң электр қозғалтқыштарының қаптамаларын жарылыстан қорғау деңгейi мен қорғау дәрежесi Электр қондырғыларын орнату қағидасына сәйкес үй-жайдың жарылыс қауiптi аймағының класына сәйкес болуы қажет.
      979. Десорбциялау кезiнде ерiткiштер булары қосылымының режимiн қадағалау, сепараторлардың және ерiткiш сыйымдылықтарының асыра толуына жол берiлмейдi.
      980. Адсорберлердiң өрт сөндiру жүйелерi жарамды күйде ұсталады және аптасына 1 реттен жиi емес бақыланады.

4-тарау. Жанғыш ортада тұтану көздерiнiң түзiлуiн болдырмау жөнiндегi шаралар

      981. Талшықты материалдарды, қатты жанғыш заттарды уатылған (майдаланған) түрiнде бастапқы қайта өңдеудi жүзеге асыратын технологиялық желiлер, машиналар мен аппараттар бөгде заттарды аулау (бөлу) үшiн жарамды құралдармен (тас аулағыштар, магниттiк қорғағыш) қамтамасыз етiледi.


      982. Сыртқы қабатының температурасы 450С жоғары құбырлардың қабаттары, жабдық, сыйымдылықтар, өнiм өткiзгiштерде материалдардың тұтану немесе газдардың, сұйықтықтар буының немесе жарылу қаупi болуы мүмкiн үй-жайлар жанбайтын материалдан жасалған қаптамасы бар жарамды қиын жанатын жылу оқшаулағышпен жабдықталады.
      983. Жұмыс iстегенде статикалық электр зарядтары жиналуы мүмкiн технологиялық жабдықты пайдалану жарамды антистатикалық құрылғылармен, ал қажет болған жағдайда бейтараптағыштармен (радио изотопты, жоғары вольтты, индукциялы) жүргiзiледi.
      984. Өнiмдердi ұсақтау, сiлку, қопсыту, түту, тозаңдату, шашырату жүргiзiлетiн аппараттарда, сыйымдылықтарда, агрегаттарда, бөлек тұрған машиналарда, аппараттарда, басқа жабдықпен материал өткiзгiштермен немесе металл құрылымдарымен қосылмаған агрегаттар жарамды жерге қосқышпен қамтамсыз етiледi.
      985. Құбырлардағы, аппараттардағы, корпустармен қақпақтарды қосқыштардағы және болттармен қосқыштардағы фланецтi қосқыштарда электрлiк емес өткiзгiш сырларымен сырланған немесе диэлектриктерден жасалған шайбаларды қолдануға жол берiлмейдi.
      986. Өндiрiстiк және қойма үй-жайлары iшiнде iштен жану қозғалтқыштары бар машиналар мен жабдықты қолдануға жол берiлмейдi.

1-параграф. Технологиялық жабдықты ұстау тәртiбi

      987. Бiлiктер мен мойынтiректердiң қызуынан және ауытқуынан алдын алу үшiн оларды мерзiм сайын, ауысымына бiр реттен кем емес тексерiледi. Мойынтiректердiң қызуын бақылауды жеңiлдету үшiн мойынтiрек рұқсат етiлген температурадан жоғары қызған кезде түсiн өзгертетiн термо бояу, сондай-ақ термо сезгiш қосқыштармен айқындалған термо қарындаштарды қолдану ұсынылады.


      988. Жабдық шегiндегi электр желiлерiн оларды агрессивтi ортадан қорғау қамтамасыз етiлетiндей етiп төсеген жөн. Металл жеңдi жабдықтың жылжымайтын бөлшектерiне бiр-бiрiнен 400 миллиметрден аспайтын орналасқан арнайы қысқыштармен бекiтiледi.
      989. Мыс сымдары бар, бiрнеше рет иiлуге және үйкелуге төзiмдi арнайы иiлгiш кабельдер немесе электр қозғалтқыштарын, электр аппараттарын және жабдықтың қозғалатын бөлшектерiнде орнатылған аспаптарды қоректендiруге арналған жылжымалы ток ажыратқыштар жарамды күйде ұсталады.
      990. Станоктар, агрегаттар мен машиналар жұмыс iстеген кезде:
      1) барлық қозғалмалы бөлшектердiң еркiн айналуы;
      2) шикiзатты аэродинамикалық тазалау кезiнде аспирациялық арналарда ауа режимiн реттеуi және үй-жайға тозаң бөлудi болдырмауы;
      3) дайындаушы зауыттың паспорттық деректерiне сәйкес айналатын бөлшектер массаларының бiркелкiлiгi қамтамасыз етiледi.

2-параграф. Желдеткiш және пневмокөлiк жабдығын ұстау тәртiбi

      991. Желдеткiш және пневмокөлiк жабдығын пайдалану кезiнде техникалық шарттар, техникалық пайдалану қағидалары, осы Қағидалардың ережелерi мене техникалық регламенттердiң талаптары басшылыққа алынады.


      992. Желдеткiш пен пневмокөлiктiң объектiлiк және цех қондырғыларының (жүйелерiнiң) жұмыс режимi жұмыс нұсқаулықтарымен анықталады, онда өрт қауiпсiздiгi шаралары (өндiрiс жағдайларына қатысты), ауа өткiзгiштердi, сүзгiштердi, от бөгегiш клапандар мен өзге де жабдықты тазалау мерзiмдерi, сондай-ақ өрт немесе авария шыққан жағдайда қызмет көрсетушi персоналдың iс-әрекет жасау тәртiбi қарастырылады.
      993. Желдеткiш және пневмокөлiк қондырғыларын жоспарлы алдын ала жөндеу күн сайын бақылауды, мойынтiректерiн дер кезiнде майлауды, тегершiктерiң жай-күйiн және жетек белбеулерiнiң керiлуiн тексерудi, желдеткiш бiлiгi люфтiнiң қалпына келтiрiлуiн, өткiзгiштердiң электр қозғалтқыштарына қосылатын жерлерiнде байланыстардың сенiмдiлiгiн, электрден қорғаудың жай-күйiн күн сайын тексеруге жатады. Барлық қондырғыларды әр жөндеуден кейiн кәсiпорын басшылығы бөлген жауапты адам көрсеткiштердi олардың сәйкестiгiне өлшей және паспорттарда белгiлей отырып жүргiзiледi.
      994. Пневматикалық көлiк мен сорғыш ауа өткiзгiштердiң құбырларында мерзiм сайын қарау (тексеру), жүйелердi тазарту және өрт шыққан жағдайда оны ойдағыдай сөндiру үшiн терезелер, люктер, ажыратылатын қосқыштар қарастырылуы қажет. Байқау терезелерi бiр-бiрiнен 10 метр алыс емес қашықтықта, сондай-ақ үш көздi тетiктердiң жанында, бұрылыстарда, қабырғалар мен жабындар арқылы құбырлар өтетiн жерде орналастырылады.
      995. Желдеткiштiң дөңгелегi теңгерiлген және дөңгелектiң қаптың қабырғасына соғылу мүмкiндiгiн болдырмайтындай етiп реттеледi.
      996. Машинадан ұлпаны және тозаңды шығару бойынша желдеткiш қондырғының қалыпсыз жұмысы байқалған жағдайда (ауа тартудың тоқтауы, желдеткiштiң тарсылдауы, ұшқынның пайда болуы, түтiннiң немесе иiстiң болуы) желдеткiштi тоқтату және оны жөндеу үшiн шаралар қабылданады.
      997. Пневмокөлiктiң аспирациялық құрылғылары мен жүйелерiнiң iшкi қабаттары тегiс, шығыңқы және тiстi бөлiксiз етiп орындалады.
      998. Желдеткiш, аспирациялық және пневмокөлiк қондырғыларына (жүйелерiне) қызмет көрсету және оларды пайдалану кезiнде:
      1) пневматикалық және аспирациялық жүйелердiң ауа өткiзгiштерiнде, тозаңды жертөлелерде, камералар мен сүзгiштерде бекiтiлген кесте бойынша оларды жүйелi түрде тазалай отырып, тозаң мен ұлпаның жинауына жол берiлмейдi. Қарау және тазалау нәтижелерi арнайы журналда жазылады;
      2) шатырлар мен сорғыш құбырлардың iшкi қабатындағы жанғыш қыртыстар жылына кемiнде 2 рет тазартылады;
      3) тозаң сору және тозаң аулау қондырғылары ақаулы болған жағдайда технологиялық жабдықтың жұмыс iстеуiне жол берiлмейдi;
      4) тозаң камераларында (тозаңды жертөлелерде) бөгде адамдардың болуына жол берiлмейдi;
      5) жану немесе өрт шыққан жағдайда осы желдеткiш жүйелерiнiң қызмет көрсету аймағындағы барлық желдеткiш құрылғылары мен технологиялық жабдықты дереу тоқтатып, ауа өткiзгiштердегi барлық клапандар жабылады;
      6) жалпы тозаң камерасына немесе жанғыш тозаңды немесе қалдықтарды тасымалдайтын жеке құрылғылардан жертөлеге кiретiн барлық пайдаланылған құбырлар автоматты клапандармен жабдықталуы, сондай-ақ олардың үздiксiз жұмыс iстеуi қадағаланады.
      999. Желдеткiш қондырғылар жанғыш және жарылыс қауiптi заттарды тасымалдайтын өндiрiстiк үй-жайларда барлық металл ауа өткiзгiштер, құбыр өткiзгiштер, сүзгiштер және сорғыш қондырғысының өзге де жабдығы кемiнде екi жерден жерге қосылады.
      1000. Ауа құрамында тез тұтанатын немесе жарылыс қауiптi заттар (газдар, бу, тозаң) болуы мүмкiн үй-жайлар үшiн желдеткiш жүйелерiнiң өзге де құрылғыларын реттейтiн желдеткiштердiң құрылымы мен материалы ұшқын түзiлу мүмкiндiгiн болдырмайды.
      1001. Өртке қарсы далдалардың қиылысатын жерiнде орнатылған ауа өткiзгiштердiң автоматты от бөгегiш құрылғылары (қалқалағыштар, шиберлер, клапандар) жарамды күйде ұсталады, олардың жұмысқа қабiлетi айына 1 реттен жиi емес тексерiледi.
      1002. Желдеткiш жүйесiнде от бөгегiш құрылғыларды пайдалану кезiнде:
      1) аптасына бiр реттен жиi емес олардың жалпы техникалық жай-күйiн тексеру:
      2) ысырмалардың сезiмтал элементтерiн (тез балқитын құлыптар, тез жанатын ендiрмелер, термо сезiмтал элементтер) жанғыш тозаңмен ластанудан дер кезiнде тазалау;
      3) магистралдық жиынтық ауа өткiзгiшке қосылатын жерiнде дайындау бөлiмшесiнiң бiр машинасына немесе машиналар тобына қызмет көрсететiн ауа өткiзгiштер тарамдарында орналасқан өртке қарсы қол ысырмаларының жарамдылығын тұрақты тексеру;
      4) аптасына бiр реттен кем емес өрт, жарылыс қауiптi үй-жайларға қызмет көрсететiн желдеткiш қондырғыларды қашықтықтан қосу немесе ажырату қондырғыларының жарамдылығын тексеру жүргiзiледi.
      1003. Тозаңды гравитациялық тұндыру үшiн желдеткiштер мен ауа өткiзу машиналарынан кейiн орналасқан сыйымдылықтарды (аспирациялық шахталарды, тозаң тұндыру камералары) пайдалануға жол берiлмейдi.
      1004. Пневмокөлiк қондырғыларына орнатылатын органикалық шыныдан жасалған қоспалары 100 милиметр аспайтын орам қадамы бар сыммен сыртынан оралған болуы тиiс. Көрсетiлген сымның екi шетi де арасында қоспа орналасқан қондырғының металл бөлiктерiне мықты бекiтiлулерi тиiс.
      1005. Магниттiк қорғауға қойылатын талаптар:
      1) желдеткiштерге, конденсаторларға және өзге де технологиялық жабдыққа талшықты материалдар массасымен қатты заттардың (тастар, шлак) түсуiн болдырмау үшiн олардың алдына тас аулағыштар, ал металл заттарды шығару үшiн магниттiк аулағыштар орнатылады. Аулағыштар тiгiнен (еңкiш) көлденең күйге құбырларды бұру орындарында орнатылады;
      2) магниттiк қоспаларды аулауға арналған жабдық (магниттiк бөгеттер) технологиялық үдерiстердi жүргiзу ережесiне және жобалау құжаттамасына сәйкес орнатылады;
      3) магниттiк бөгеттер дайындау бөлiмшесiнiң түту, тарау машиналарының, араластырғыштарының және өзге де жабдығының алдына орнатылады;
      4) электр магниттiк сепараторлар жұмыс iстеген кезде бөлшектердiң (магнит өткiзгiштiң, мойынтiректердiң, шикiзатпен жанасатын бөлшектердiң) қызуы бақыланады;
      5) электр магниттiк сепараторлардың қырғыш тетiктерi бiркелкi жұмыс iстеуi және қолмен тазалағышсыз магнит қоспаларын толықтай шығару қамтамасыз етiледi;
      6) электр магниттiк сепараторлардың жарықтандыру дабылы үздiксiз жұмыс iстеуi қажет, ол ақаулы болған жағдайда сепараторды пайдалануға жол берiлмейдi;
      7) магниттiк колонкаларда магниттiк қоспалардан тазалауға арналған таға блогын оңай алу қамтамасыз етiледi. Бұл ретте магниттiк қоспалардың шикiзатқа түсуiне жол берiлмейдi;
      8) магниттiк колонкаларды металл қоспаларынан тазарту үшiн арнайы щеткалар немесе ағаш қырғыштар қолданылады;
      9) магниттiк қоспаларды аулау үшiн жабдыққа қызмет көрсету және тексеру үшiн еркiн өту жолы қамтамасыз етiледi;
      10) магниттердiң жай-күйiн бақылау айына кемiнде бiр жүргiзiледi;
      11) электр энергиясын беру тоқтаған кезде сепараторлардың электр магниттерiне өнiм беруге жол берiлмейдi;
      12) қызмет көрсетушi персонал магниттi өрiстiң тұтас ұзындығы бойымен шикiзаттың электр магниттiк сепараторларына және магниттiк колонкаларына үздiксiз және бiркелкi түсуiн жүйелi түрде тексерiледi.

3-параграф. Өрт сөндiрудi ұйымдастыру тәртiбi

      1006. Кәсiпорынның барлық ғимараттары мен құрылыстарында еркiн қол жеткiзу қамтамасыз етiледi. Ғимараттар, құрылыстар, шикiзат пен материалдар қатарларының арасындағы өртке қарсы аралықтарды үймелеуге жол берiлмейдi.


      1007. Шикiзаттың, өндiрiс қалдықтарының, өндiрiстiк тозаңның, дайын өнiмнiң жануы (өздiгiнен тұтануы) анықталғанда дереу кәсiпорынның өрт күзетiне және өрт сөндiретiн авариялық-құтқару бөлiмшесiне хабарланады, қызмет көрсетушi персонал эвакуациялау шараларын қабылдайды және барлық жабдықты токтан ажыратып, болған оқиға туралы кәсiпорын басшысына хабарлайды.
      1008. Қауiптi авария алдындағы факторлар (жанған шикiзаттың, күйiктiң, түтiннiң иiсi, машиналардың айналатын бөлшектерiнiң авариялық үйкелiсi, жабдыққа бөгде заттар түскен, машинаға өнiмнiң үйiлуi кезiндегi жоғары температура, шу, дiрiл) пайда болғанда барлық көлiк жабдығы тоқтатылып, мұқият тексерiледi. Оны iске қосу ақаулықтардың себептерiн анықтағаннан және оны жойғаннан кейiн ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
      1009. Технологиялық (көлiк) желiсi автоматты (авариялық) тоқтаған кезде бұғаттау iс-әрекетiн жүргiзуге сигнал берген құрылғыны (жылдамдықты бақылау релесi, шикiзат беру тетiгi, электр қозғалтқышы жетегiнiң шамадан тыс ток жүктемесiнен қорғау ) айқындау, оны iске қосу себебiн анықтап жою қажет. Технологиялық (көлiк) желiнi кезектi iске қосу алдында оны материалдардан босатып, ақаулығы жойылады.
      1010. Технологиялық, көлiк немесе аспирациялық жабдықта жанып жатқан (бықсыған) өнiм анықталған кезде оны дереу тоқтату қажет, ол туралы дереу цех бастығына, кәсiпорын басшысына және мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметке хабарланады. Бiр мезгiлде осы учаскеде (қажет болған жағдайда) барлық өндiрiстiк жабдықты және желдеткiш қондырғыларын тоқтатып, желдеткiштiң ауа жолдарын жауып, электр желiсi өшiрiледi.
      1011. Жану ошақтарын жойғаннан кейiн барлық ауа өткiзгiштердi, сүзгiш камераларын, тозаң камераларын (тозаңды жертөлелердi) және өзге де желдеткiш пневмо жабдығын, сондай-ақ технологиялық машиналарды әбден тазалағанға дейiн желдеткiш және пневмокөлiк қондырғыларын iске қосуға жол берiлмейдi.
      1012. Өрттердi өндiрiстiң тозаңды қалдықтар суының бағытталған жиынтық ағыстарымен сөндiруге жол берiлмейдi.

8-бөлiм. Ауыл шаруашылығы өндiрiсi объектiлерiн ұстау тәртiбi

1-тарау. Негiзгi өндiрiс объектiлерiн ұстау тәртiбi

      1013. Мал шаруашылығы және құс өсiретiн ферма ғимараттарын, отпен жылытып азық дайындау үшiн вакуумдық - сорғыш және жылу генераторларын орналастыруға арналған үй-жайларын, сондай-ақ мал шаруашылығы және құс шаруашылығы ғимараттарына қоса салынған немесе олардың iшiнде салынған, iрi жемшөптер қорын сақтауға арналған үй-жайларын мал мен құсты ұстауға арналған үй-жайларынан өртке қарсы қабырғалар мен жабындылармен бөлiнедi. Көрсетiлген үй-жайлар тiкелей сыртқа шығу жолдарымен жабдықталады.


      1014. Жануарлар мен құстарға арналған үй-жайларда шеберханалар, қоймалар, автокөлiк, трактор, ауыл шаруашылық техникасы тұрақтарын орналастыруға, сондай-ақ фермаларға қызмет көрсетуге байланысты емес кез келген жұмыстарды жүргiзуге жол берiлмейдi.
      Бұл үй-жайларына газ шығаратын трубалары ұшқын өшiргiштерiмен жабдықталмаған тракторларға, автомобильдер мен ауыл шаруашылық машиналарына кiруге жол берiлмейдi.
      1015. 20 және одан астам мал басы болған жағдайда сүт тауары фермаларында (кешендерде) топтық байлау әдiсiн қолдану қажет.
      1016. Фермалардың шатырдағы бөлмелерiнде iрi жемшөптi сақтағанда:
      1) төбе жабыны өртенбейтiн материалдардан;
      2) шатырдағы ағаш жабындарын және жанғыш жылытқышты шатыр үй-жайлары жағынан тұтанудан жанғыш жылытқыш бойын қалыңдығы 3 сантиметр балшық сылағымен (немесе тең оттан қорғаумен) қорғауды немесе өртенбейтiн жылытқыш;
      3) шатырдағы электр желiсiн механикалық ақаулықтардан қорғау;
      4) түтiндiктердi периметр бойынша 1 метр қашықтықта қоршау қарастырылады.
      1017. Электр брудерлерiн орнатқанда және пайдаланғанда:
      1) жылу қыздырғыш элементтерiнен төсемдер мен жанғыш заттарға дейiнгi қашықтық ұзынынан 80 сантиметр кем емес, ал көлденең 25 сантиметр кем емес болады;
      2) тек зауытта шығарылған қыздыру элементтерi қолданылады және қызған бөлшектерi түсiп қалу ықтималы болмайтындай етiп орнатылады. Ашық жылыту элементтерiн қолдануға жол берiлмейдi;
      3) оларды электр энергиясымен қамтамасыз ету бөлiп таратқыш қалқанынан дербес желiлерi бойынша iске асырылады. Брудердiң әр қайсысы дербес ажыратқыштармен жабдықталады;
      4) бөлiп таратқыш қалқанының барлық электр желiсiн тоқтан ажыратқыш шаппа қосқышы, сондай-ақ қысқа түйiсу мен асқын жүктемеден қорғау құрылғысы болады;
      5) брудердiң температуралық тәртiбi автоматты түрде болады.
      1018. Жылжымалы ультракүлгiн қондырғылар және олардың электр жабдықтары жанғыш материалдардан 1 метрден кем емес қашықтықта орналасады.
      1019. Электр брудерлер мен ультракүлгiн қондырғылардың iшкi электр желiсi кабельмен немесе оқшауланған өткiзгiшпен орындалады. Оқшауланған өткiзгiш құбырларда немесе әкiрлерде еденнiң деңгейiнен 2,5 метрден кем емес биiктiкте және жанғыш құрылғылардан 0,1 метр қашықтықта оқшаулағыштармен төселедi.
      1020. Қырқатын агрегаттың бензин қозғалтқышын ғимараттардан 15 метр қашықтықта, шөп пен қоқыстан тазартылған алаңшада орнату қажет. Жанар-жағармай материалдары қорын сақтау қырқу бекетi мен құрылыстардан 20 метр қашықтықта, жабық металл ыдыста жүзеге асырылады.
      1021. Қырқу бекетiнде ауысым өнiмiнен аса жүннiң жиналуына, және өту шығу орындарын жүн түктерiмен ыбырсытып қоюға жол беруге болмайды.
      1022. Түнгi уақытта мал шаруашылығы және құс шаруашылығы үй-жайлары, iшiнде мал мен құс болғанда күзетшiлердiң, малшылардың немесе басқа да осы мақсатта тағайындалған тұлғалардың байқауында болады.
      1023. Аммиак селитрасын отқа төзiмдiгi I және II дәрежелi дербес шатырсыз бiр қабатты өртенбейтiн едендерi бар ғимараттарда сақталады. Ерекше жағдайларда селитраны отқа төзiмдiлiгi I немесе II дәрежелi ауыл шаруашылық кәсiпорнының минералды тыңайтқыштар жалпы қоймасының жеке бөлiгiнде сақтауға жол берiледi. Әсерлi тотықтырғыштар (магний және кальций хлораттары, сутегi тотығы) отқа төзiмдiлiгi I, II және III дәрежелi ғимараттардың жеке бөлiктерiнде сақталады.
      1024. Фермалар мен басқа ауыл шаруашылығы объектiлерiн қылқан жапырақ түрлi ормандарға жақын, құрылыстар мен орман алқаптары арасында орналастырғанда көктемгi-жазғы өрт қауiптi кезеңге бульдозерлер, соқалар және басқа да топырақ өңдейтiн құрал-жабдықтар арқылы (шаруашылық мақсатқа сәйкестiлiгiнде қорғайтын алқаптарда картоп, люпин, донник сияқты өртке төзiмдi өсiмдiктер) орнатылатын қорғайтын өртке қарсы алқаптары құрылады.
      1025. Ауыл шаруашылығы кәсiпорындары аумағында (ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң осы учаскесiнiң технологиясымен байланысты емес болғанда), сондай-ақ мақта, зығыр және басқа да жанғыш материалдарын сақтау және өңдеу орындарында ашық отты (алау, шырақ) қолдануға жол берiлмейдi.

2-тарау. Ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеу тәртiбi

      1026 Қаптарды ұннан тазарту және оларды сақтау үшiн қапты қағатын машинасы орнатылған оқшауланған үй-жайлары қарастырылады.


      1027. Нан пiсiру кәсiпорындарында сұйық май мен өсiмдiк майын ыдыссыз сақтау жеке үй-жайда қарастырылады.
      1028. Қатты отынмен жұмыс iстейтiн нан пiсiру пештерiнiң үздiксiз бесiкше подиктi тұйық жерлерiндегi отындары үшiн өртке қарсы қалқамен (өртке қарсы есiкпен) және жабындымен бөлiнетiн үй-жай қарастырылады.
      1029. Отын бөлмесiнде бiр ауысымға арналған қатты отыннан аспайтын қордың болуына жол берiледi.
      1030. Нан пiсiру пештерi сұйық отында жұмыс iстегенде сұйық отынның шығыс бактарын орнатуға арналған өртенбейтiн құрылыстан жасалған ғимараттан тыс және оқшауланған үй-жай қарастырылады.
      1031. Элеваторлардағы, ұн тартатын, құрама жем және арпа зауыттарында бiр мезгiлде 15 адам болатын өндiрiстiк үй-жайларының есiктерiн үй-жайларының iшiне қарай (эвакуациялау орнына қарсы) ашылатындай етiп жасауға жол берiледi. Сонымен қатар тамбур-шлюздердiң есiктерi әр жаққа ашылады (өндiрiстiк үй-жайларынан тамбур-шлюздерiне қарай эвакуациялау жолына қарсы, тамбур-шлюзден саты алаңына қарай есiктер – эвакуациялау жолы бойымен).
      1032. Лента конвейерлерiн өткiзу арналған өртке қарсы ойықтар автоматты өрт сөндiру қалқандарымен немесе өрт шыққан жағдайда оларды жабуға арналған құрылғылармен жабдықталады.
      1033. Тұрмыстық, қосалқы және әкiмшiлiк-шаруашылық үй-жайлары, басқару пульт үй-жайлары, электр таратқыш құрылғылары, желдеткiш камералары мен саты алаңдары арқылы ауа жолын, материал өткiзгiштерiн, бағытсыз құбырларды өткiзуге жол берiлмейдi.
      1034. Циклондармен тең немесе олардан жоғары терезе ойықтары болғанда ғимараттың сыртқы қабырғасында немесе шатырында орнатылатын циклондар, отқа төзiмдiлiгi I және II дәрежелi ғимараттар үшiн көлденеңiнен 2 метрден кем емес қашықтықта және отқа төзiмдiлiгi III-IV дәрежелi ғимараттары үшiн 10 метр қашықтықта бекемделген шынымен немесе шыны блоктарымен толтырылған шынылауы бар металл қапсырмаларында екi рамасы бар аса жоғары орналасқан терезелерден жоғары шығарылған құбырлармен жабдықталады.
      1035. Циклондарды сыртта, жем кептiргiштерге және қазандықтардың түтiн құбырларына қараған жаққа орнатуға жол берiлмейдi.
      1036. Кабельдердi төсеуге арналған шахталарда норийлер, бағытсыз және аспирациялау құбырларын, сондай-ақ басқа тасымалдау және технологиялық жабдықтарды орнатуға жол берiлмейдi.
      1037. Асты сақтау қоймаларының, астықты қайта өндiретiн кәсiпорындардың барлық қабаттары қабат аралық және цех аралық байланыспен (телефонмен, сөйлесу құбырларымен, қоңыраулармен) қамтамасыз етiледi.
      1038. Автокөлiкке өнiм мен қалдықтарды ыдыссыз тиеудiң аумақты шаң басудан сақтандыратын құрылғылары болуы тиiс немесе тиеу жабық үй-жайда жүргiзiледi.
      1039. Қалдықтарды кәсiпорынның аумағынан арнайы жабдықталған азық тасығыш тәрiздi автомобильдермен шығарылады.
      1040. Аралас жем зауыттарында темiр жол және автомобиль көлiгiнен ұн шикiзатын және кебектердi түсiру орындары, шаң басуының алдын алу мақсатында аспирациямен жабдықталады.
      1041. Силостарға және бункерлерге арналған люктер, сондай-ақ бағытсыз құбырлардағы, ауа өткiзгiштердегi және аспирациялық қаптамалардағы шағын люктердiң үй-жайларын шаң басудан сақтандыратын тығыз қосылулары болады.
      1042. Барлық қоймалар бiр-бiрiнен 100 метрден аспайтын қашықтықта орналасқан сыртқы сүйеп қоятын сатылармен жабдықталады.
      1043. Жұмыс бастар алдында дән тазартқыш және астық бастыру машиналарын дәннiң сапалы аэродинамикалық тазартуын қамтамасыз ететiн және үй-жайға шанның кiруiн болдырмайтын аспирациялық каналдарда ауа режимiне реттеп қойылады. Машиналардың үстiндегi жарылысты бәсеңдеткiштер үнемi дұрыс, жұмысқа жарамды күйде ұсталады.
      1044. Өнiмдiлiгi сағатына 50 тонна астам норийлердi тоқтауларда керi жүруден лентаны қорғайтын автоматты тежеуiш құрылғыларымен қамтамасыз ету қажет. Норийлердi және жеке бөлшектердi ағаштан немесе басқа жанғыш материалдардан жасауға жол берiлмейдi.
      1045. Тазартылмаған дән үшiн дән шнектерiн iрi қоспаларын терiп алуға арналған шарбақпен және өнiмнiң қысымынан ашылатын сақтандырғыш қақпаларымен жабдықталады.
      1046. Шарбақтарды тазарту мезгiлi кәсiпорынның басшысымен белгiленедi.
      1047. Барлық сына тәрiздi қайыс бауларын тарту бiрдей болуы тиiс. Сына тәрiздi қайыс баулары жинағы толық болмағанда немесе шкив бунақтарының пiшiнiне сәйкес келмейтiн пiшiнi бар қайыс бауларын қолдануға жол берiлмейдi.
      1048. Сына қайыс бауларын ауыстыру осы берiлiс үшiн толық жинақпен жүргiзiледi.
      1049. Қондырғылардың паспорттары монтаж немесе мамандандырылған жөндеу ұйымдарымен жасалады.
      1050. Барлық аспирациялық қондырғылардың паспорттары әр жөндеу жұмыстарынан кейiн аспирация жөнiндегi инженермен немесе кәсiпорынның басшылығымен бөлiнген басқа жауапты тұлғамен тексерiледi.
      1051. В санатындағы үй-жайлар мен ғимараттардағы аспирациялық және пневмокөлiктiк қондырғылардың ауа үрлегiш машиналары мен желдеткiштерi тозаң ұстағыштардан кейiн (ауаның қозғалу бағытымен) орнатылады.
      Ұн тарту зауыттарындағы комплекттi өндiрiлiмi жоғары жабдықтарда пневмокөлiк жүйелерiнде сүзгiштерге дейiн тозаң ұшқын қауiпсiз желдеткiштерiн орнатуға жол берiледi.
      1052. Тозаңды жинауға және сақтауға арналған ыдыстар мен жедел (өндiрiстiк) ыдыстардың аспирациясының технологиялық және көлiктiк жабдығы бар бiр аспирациялық қондырғыға қосылуына жол берiлмейдi.
      Тозаңды жинауға және сақтауға арналған ыдыстар жеке қондырғымен аспирациялануы тиiс. Жедел ыдыстардың аспирациясын iшiнде айналып тұратын бөлшектерi жоқ, мысалы үйiлме арнашықтары, бұрылу құбырлары жоқ жабдығы бар бiр аспирациялық қондырғыға қосуға жол берiледi.
      1053. Технологиялық және көлiктiк жабдық белгiленген талаптарға сәйкес аспирациялық қондырғыларымен бұғатталады.
      1054. Элеваторлардың жұмыс ғимараттарында желдеткiштер мен дән кептiргiштерiнiң тозаң ұстағыштарын орналастыруға жол берiлмейдi.
      1055. Элеваторларда аспирациялық қалдықтарды және бункерлер мен силостарда өндiрiстiк тозаңды жинауға және сақтауға жол берiлмейдi.
      1056. Шикiзат және дайын өнiм қойма үй-жайлары арқылы транзиттi ауа арналарын, сондай-ақ жарылыс өрт қауiпi және өрт қауiпi бойынша А, Б, және В1-4 санатындағы үй-жайлары арқылы төсеуге жол берiлмейдi.
      1057. Желдеткiштер мен ауа үрлегiш машиналардан кейiн орналасқан (аспирациялық шахталардың, тозаң отыратын камералардың) тозаңның гравитациялық отырғызуына арналған ыдыстарды пайдалануға жол берiлмейдi.
      1058. Ауа өткiзгiштер мен материал өткiзгiштер екеуден кем емес жерде жерге қосылады.
      1059. Тозаң ұстағыштар мен ауа үрлегiш машиналарды қосымша жеке жерге қосу керек. Қондырғы бөлшектерi арасындағы қосуларда электр өткiзбейтiн бояулармен сырланған, диэлектрлiк материалдар мен шайбалардан жасалған болттарына шайбаларды қолдануға жол берiлмейдi.
      1060. Пневмокөлiктiк қондырғыларға орнатылатын органикалық шыныдан жасалған қоспалары 100 миллиметрден аспайтын орам қадамы бар сыммен сыртынан оралған болуы тиiс. Көрсетiлген сымның екi шетi де арасында қоспа орналасқан қондырғының металл бөлiктерiне мықтап бекiтiледi.
      1061. Аспирациялық қондырғылардың ауа арналарының жылыту жүйесiнiң құбыр жолдарымен түйiсуiне жол берiлмейдi.
      1062. Технологиялық және тасымалданатын жабдықты пайдалануда өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн келесi талаптар орындалады:
      1) шығарушы-кәсiпорынның ұсыныстары ескерiлiп, жабдықты герметикалау және басқа қажеттi жағдайларда өндiрiстiк үй-жайларына тозаң шықпау үшiн аспирациялау керек;
      2) сыртқы бетiнiң температурасы 450C жоғары болғанда жабдықтар, ыдыстар, өнiм өткiзгiштер жылылықты өткiзбеуi тиiс;
      3) домалау және сырғанау мойынтiректерi пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтарға сәйкес майлаумен қамтамасыз етiледi;
      4) конвейерлердiң жетек бауларының, норийлер мен басқа да тасымалдау машиналарының, сондай-ақ оларды буксирлеу мен иiлудi, сондай-ақ қоршауды бос бұтақпен соғуды және қоршау қаптамаға үйкелуiн болдырмайтын трансмиссиялардың болдыртпайтын кәдiмгiдей тартулары болуы тиiс.
      1063. Машина мынадай жағдайларда:
      1) тұтанудың немесе күюдiң сәл ғана белгiлерi болғанда;
      2) жабдыққа тән емес шу мен дiрiл пайда болғанда;
      3) машинаны өнiммен үйiп тастаған, тiреп қойған және асыра жүктегенде;
      4) машинаның тiреуiш конструкциясы, шкивi, тiстi доңғалағы және басқа да жұмыс органы бұзылғанда;
      5) жұмыс органдарына бөгде заттар түсiп кеткенде тоқтатылады.
      1064. Аспирация жүйелерi дұрыс iстемейтiн, жобалық және техникалық құжаттамада қарастырылған норийлер мен ұнтақтағыштардағы жарылыс ыдыратқыштары жоқ жабдықты пайдалануға жол берiлмейдi.
      1065. Өнiмдердi (шикiзатты) жаншып үгетiн станоктар, ұнтақтағыштар, қамшылау машиналары және соқпа машиналар арқылы өткiзу алдында магниттi сепараторлар орнатылады.
      1066. Магниттердi тазарту кезiнде өнiмге металл қоспаларының түсу ықтималын болдырмауы тиiс.
      1067. Тiреуiштерге жабдықты бекiту тораптары, қаптама және жабдықтың басқа да бөлшектерi алмалы-салмалы, өндiрiстiк үй-жайда от жұмыстарын жүргiзбей жабдықты орнату, жөндеу және бөлшектеу мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiндей бөлек-бөлек орындалады.
      1068. Жабдықтың жұмыс iстеуiн жедел бақылау үшiн арналған есiктер, қақпалар және шағын люктер тығыздап жабылуы және үй-жайға тозаң өткiзбейтiндей болуы тиiс.
      1069. Дән тазартқыш және ұсақтағыш машиналары жұмыс iстегенде:
      1) соңғы бөлшектерi қозғалмайтын бөлшектердiң бетiмен түйiсуге жол бермей, барлық қозғалмалы бөлшектерiнiң еркiн айналысын;
      2) дәндi аэродинамикалық тазартуда және үй-жайға тозаң шығуды жоюда машина дұрыс iстеу үшiн аспирациялық каналдардағы ауа режимiн реттеудi;
      3) шығарушы-зауыттардың паспорттық мәлiметтерiне сәйкес айналып тұратын бөлшектер массасының салмақтылығын қамтамасыз етедi.
      1070. Тазартқыш машиналардың түйгiштерiнде жарықтар мен сынықтары болмауы тиiс; ұшқынның пайда болуын болдырмау үшiн түйгiш барабанының iшкi бетiне түйгiштердiң тиюiне жол берiлмейдi.
      1071. Норийлердi пайдалануда:
      1) тiреуiш бөлшектерiн (болттардың, гайкалардың шайбалардың) орнатылу берiктiгiн;
      2) барабандардың тұрып қалуын және ленталар мен шөмiштердiң норий құбырлары мен бастиек және башмактың қаптамасына тиюiн болдырмайтын норий лентасының тартылуын;
      3) норий башмактарындағы тiреуiштердiң жылдамдығы мен бергiштерiн бақылау релесi мiндеттi түрде болуы;
      4) норийлер кенет тоқтаған жағдайларда лентаны керi жүруден сақтайтын, өндiрiлiмi сағатына 50 тонна және одан да жоғары норийлерге арналған автоматты әрекет ететiн тежеуiш құрылғыларының мiндеттi түрде болуларын тексеру қажет.
      1072. Лента конвейерлерi жұмыс iстегенде:
      1) жылдамдықты бақылау релесi мiндеттi түрде болуын;
      2) барабандар мен роликтерде басқа жаққа қарай шығармай және тiреуiш құрылыстарына тимей конвейер лентасының дұрыс жұмыс iстеуiн;
      3) лента тоқтамай роликтердiң айналуын;
      4) барабандарда лента тоқтап қалуға жол бермеудi қамтамасыз ету керек.
      1073. (Тиеу қырнауыштары бар) шынжырлы конвейерлерде қораптар асып кеткенде тiреуiш бергiштерiн немесе конвейерлердi автоматты түрде тоқтататын қондырғылар қарастырылады.
      1074. Иiрлiктердiң тұтануын болдырмау үшiн өнiмнiң жүрiсi бойынша олардың шеттерiне өнiмнiң қысымына байланысты ашылатын сақтандырғыш клапандары орнатылады.
      1075. Көлiк ленталарын және жетек қайыс белбеулерiн металлдан жасалған қапсырма шеге, болттар арқылы (олар жанғыш вулканизацияны пайдаланып, қайысшы белдiкшелермен тiгiлу арқылы қосылуы тиiс) қиыстыруға жол берiлмейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет