6-тарау. Темiр жол ағызу-құю эстакадаларын ұстау тәртiбi
574. Магистральды өнiм жолдары мұнай базалары мен құю бекеттерiнде (станцияларында) ағызу-құю құрылыстары орналастырылған алаңшалар авария жағдайында жинағышы немесе өндiрiстiк канализациясы бар гидравликалық бекiтпелерi арқылы қосылған шығару науалары мен орларға сұйықтықтың кедергiсiз құйылуы қарастырылады.
575. Ағызу-құю құрылғыларының немесе темiр жолдарында жеке тұрған тiреуiштердiң екi жағынан (екi осьтi екi немесе төрт осьтi бiр вагондар қашықтығында) сигналды белгi – бақылау бағаналары орнатылуы қажет, олардың артына тепловоздарға жүруге жол берiлмейдi.
576. Бос темiр жолдар эстакадаларына ағызып құюға маршруттарды жiберудi мұнай базасының (құю бекетiнiң, станциясының) персоналы бақылайды. Тежеуiш башмактарын темiр жол көлiгiнiң жұмыскерлерi орнатады. Ағызу құю құрылғылары орналасқан темiр жолдар бойынша тепловоздардың қозғалуына жол берiлмейдi және тек айналу темiр жолдары бойымен ғана жол берiледi.
577. Ағызу-құю құрылғылары, құбыр жолдары және құбыр жол арматурасы үнемi тексерiске тартылады және жоспарлы сақтандыру жөндеуiне тартылады. Анықталған ақаулықтар мен кемулердi дереу жойылады. Ағызу құрылғысының (немесе құбыр жолы учаскесiнiң) бұзылған бөлiгi өшiрiледi.
578. Темiр жол цистерналарын iрiктеудi және тiркеуден ағытуын ағызу құю эстакадасы шегiнен тыс жүзеге асыру керек. 610C кем булардың қысу температурасы бар мұнай өнiмдерiн ағызу құю операциялары кезiнде эстакадада маневрлiк жұмыстарды жүргiзуге және бос жолға келесi маршрутты жiберуге жол берiлмейдi. Герметикаланған құю құрылғысы арқылы жүргiзiлетiн құю операциялары кезiнде мұнай өнiмдерi бар темiр жол цистерналарын бос эстакадаларға жiберуге жол берiледi.
579. Ағызуға және құюға темiр жол цистерналарын ақырын, соқпай, жұлқымай жiберiледi. Ағызу құю құрылғылары аумағында темiр жол цистерналарын металл башмактарымен тоқтатуға және бекiтуге рұқсат берiлмейдi. Бұл мақсаттарға ұшқын шығаруды болдырмайтын, ағаш төсемдер мен металлдан жасалған башмактар қолданылады.
580. Тез тұтанатын сұйықтықтарды ағызғанда және құйғанда, цистерналардың люктерiнiң қақпаларын жапқанда, темiр жол цистерналарына шлангтарды және басқа да құралдарды қосқанда соққыларға жол берiлмейдi. Ағызу құю операциялары кезеңiнде қолданылатын құрал соққанда ұшқын шығармайтын материалдан жасалады. Құйғанда шлангiнiң бастиегi цистернаның түбiне түсiрiледi; құюды шашырауды болдырмау үшiн сұйықтық деңгейiмен жүзеге асырылады. Цистерналардың люктерi қақпалары резинадан жасалған төсемдермен жабдықталады.
581. Атмосфералық электр разрядтарында мұнай өнiмдерiн ағызуға және құюға жол берiлмейдi; темiр жол цистерналарының люктерi жабылады.
582. Ағызу, құю операциялары кезеңiнде жергiлiктi жарық беру үшiн жарылыс қаупi жоқ түрде орындалған аккумуляторлы шамдар қолданылады.
583. Темiржол ағызу құю эстакадасында тез тұтанатын мұнай өнiмдерi үшiн өтпелi өткелдерi жасырын болттары бар ағаштан жасалған жастықтармен жабдықталады.
584. Орнынан қозғалту және темiржол цистерналарын ағызу және құю орындарына жылжыту үшiн иiнтiректер ретiнде құрыштан жасалған сүймендердi немесе басқа да құрыштан жасалған заттарды қолдануға жол берiлмейдi. Темiржол цистерналарын тек жүк шығырлар арқылы ғана жылжытуға болады.
585. Темiржол цистерналарын құюға техникалық тексерiс белгiсiз, сондай-ақ анық кему белгiсi немесе басқа да мұнай өнiмдерiн құюға кедергi жасайтын ақаулықтары болғанда қабылдау жол берiлмейдi.
586. Мұнай өнiмдерiн ағызу немесе құю алдында барлық айырып-қосқыш вентильдердiң, ысырмалардың дұрыс ашылғаның, ағызу-құю құрылғыларының дұрыстығын, шлангтары мен телескоптық трубалардың қосылу тығыздығы тексерiледi.
587. Темiржол цистернасының люгiн ашқанда және шлангтарды толтырғанда осы операцияларды орындайтын тұлғалар люктiң жел жағына орналастырылады.
588. Құю үдерiсiнде темiр цистернасында кему байқалғанда ол цистернаға құю ақаулық жойылғанша дереу тоқтатылады. Егер ақаулықты жою мүмкiндiгi болмағанда цистернаны iшiне құйылған мұнай өнiмiнен босатып, тапсыру станциясына қайтару керек.
589. Темiржол цистерналарының бұзылған төменгi құю құралдарын ұшқын шығару мүмкiн, олардың конструкциясымен қарастырылмаған құралдар арқылы ашуға жол берiлмейдi. Цистернаның төменгi құю құралын ағызу құю коллекторына тек цистернаның доңғалақтарының астына башмактарды (тiреуiштердi) орнатқаннан кейiн және осы жолдан локомотивтi шығарғаннан кейiн ғана қосуға болады.
590. Темiржол цистерналарына мұнай өнiмдерiн құюды аяқтағаннан кейiн құю эстакадаларының жоғарғы жағында орналасқан шлангтар, тiреуiштер, және коллекторлар мұнай өнiмдерiнен босатылуы, ал темiр жол цистерналарының люктерiнiң қақпақтары герметикалық түрде жабылады.
591. Темiржол цистерналарының ағызу құю құрылғыларында қатып қалған мұнай өнiмдерiн тек бумен, сондай-ақ осы мақсаттарда пайдалануға жол берiлген арнайы жылытқыштармен ғана жылытуға рұқсат берiледi. Ашық отты қолдануға қатаң жол берiлмейдi.
592. Темiржол цистерналарында жабысқақ мұнай өнiмдерiн булы шиыршық түтiктерi арқылы жылытқанда соңғыларды тек мұнай өнiмдерiне 0,5 метр кем емес тереңдiкке толық батырғаннан кейiн ғана iске қосуға болады. Жылыту кезiңде оның температурасы көтерiлiп, мұнай өнiмi кеңейгенде цистернадан атып шығуын болдырмауы байқалады. Цистерналардағы сұйықтықты жылыту температурасы осы сұйықтықтың буларының шығу температурасынан 150C төмен болмауы тиiс.
Электр жылытқыштармен жылыту кезiнде вагон-цистерналардан мұнай өнiмдерiн ағызуға рұқсат етiлмейдi.
593. Тез тұтанатын мұнай өнiмдерiн тек герметикаланған ағызу құралдары арқылы ғана төменгi жағынан ағызуға жол берiледi.
594. Электрленген темiр жолдарда орналасқан ағызу-құю эстакадаларының темiр жолдарында екi оқшаулау жiгiн орнату қажет: бiрiншiсi – ағызу фронтының шегiнен тыс, екiншiсi – тұйықталу орнының көрсеткiшiнiң жанында.
595. Температуралары төмен жағдайларда жүзеге асырылатын темiр жол жүйелерiне құюды осы цистерналарды ауа температурасы аса жоғары аудандарға тасымалдағанда мұнай өнiмi көлемiнiң кеңеюiн ескере отырып жүзеге асырылады.
596. Темiр жолдар, эстакадалар, құбыр жолдары, телескоптық құбырлар және шлангтардың ұштықтары жерге қосылады. Жерге қосу құрылғыларының қарсылығы кәсiпорынның бас инженерiмен бекiтiлген кесте бойынша жылына бiр реттен кем емес тексерiледi.
597. Темiр жол эстакадаларындағы жұмыс және эвакуациялау сатылары жарамды жағдайда ұсталады.
598. Эстакадалардың темiр жол тұйықталу орындарының соңында орнатылған шығырлар жарамды жағдайда ұсталады. Мұнай өнiмдерiн ағызу-құю операцияларын жүргiзгенде шығырдың арқаны тарқатылған жағдайда болады.
7-тарау. Ағызу-құю айлақтары мен жағалық құрылыстарын ұстау тәртiбi
599. Ағызу-құю айлақтары мен пирстер жанбайтын материалдардан жасалады. Өрт сөндiру автомобильдерiне арналған өту жолдары мен өтпелi көпiрлердi жарамды жағдайда және әр түрлi заттармен ыбырсытпай ұсталады.
600. Мұнай өнiмдерiн ағызып құюға арналған жағалық құбыр жолдары айлақтан 30 метр қашықтықта орнатылатын авариялық жапқыштармен жабдықталады. Құбыр жолдары арқылы өту орындарында жанбайтын материалдардан жасалған шағын көпiрлер қарастырылады.
601. Жылжымалы ағызу-құю құбыр жолдарының фланецтерi мен жылжымалы жеңдердiң жалғаулық муфталары палубаға соғылғанда ұшқын пайда болуын болдырмайтын металлдан жасалады.
602. Жеңiл жанғыш мұнай өнiмдерi бар кемелердi шынжырлап байлап қоюды және оларды айлаққа бекiтiп қоюды металлды емес арқандармен жүргiзiледi. Ерекше жағдайларда металл арқанды пайдалануға болады, бұндайда палубаның жұмыс орындары мен арқандап байлап бекiту кнехтерiнiң битенгтерi ұшқын пайда болуды болдырмайтын төсенiшпен немесе оқшаулау материалдарымен жабылады.
603. Капитанда кеменiң өрт қауiпсiздiгi талаптарына сәйкестiгi туралы актiсi болмаған жағдайда мұнай өнiмдерiн мұнай құю кемесiне құюға рұқсат берiлмейдi.
604. Мұнай құю кемелерi құбыр жолдарының мұнай өнiмдерiн айдап қотаруға арналған жеңдерiне жалғанған орынға дейiн жерге қосылады. Жерге қосу қондырғылары тек ағызу-құю операцияларын аяқтағаннан кейiн және құбыр жолдарының кеме жанындағы айлақтың жеңдерiнен ажыратылғаннан кейiн ғана алынады.
605. Кеме құбыр жолдарын жағалық ағызу-құю қондырғыларына жалғайтын жеңдерi кеме айлақта еркiн қозғала алатындай ұзындыққа сәйкес болады. Жеңдердi жұмсақ арқан жiптерi немесе ағаш тiреулер арқылы ұсталады. Кеме жеңдерiнiң асқышы мен бекiтпесi олардың құлауына, үзiлуiне және қажалуына жол бермейтiндей бекiтiледi.
606. Мұнай базасының айлақтарында орнатылған жүк көтергiш құралдарын пайдалануда айлақтың шкиперi жүк көтергiштердi жүйелi түрде майлатып тұруға, ал шынжыр мен палубаның түйiсу орындарын матпен немесе ағаш қалқандарымен жабуға мiндеттi.
607. Кеменi жағалық қондырғыларымен қосатын қосқыш құбыр жолдары мен жеңдердi жинағанда және бұзғанда соғудан ұшқын пайда болуға жол бермейтiн құрал пайдаланылады.
608. Ағызу-құю жұмыстарын жүргiзгенде айлақта ең кемiнде екi адам болады.
609. Айлақ пен кемедегi қызмет көрсету персоналы ағызу-құю жұмыстарын және жабдықтардың жағдайына тұрақты жүргiзуге мiндеттi. Пайда болған мұнай өнiмдерiнiң кемiп қалуы дереу жойылады; ал ол мүмкiн емес жағдайда, мұнай өнiмдерiн ағызу-құю жөнiндегi операциялар жабдық толық жөнделгенше тоқтатылады.
610. Найзағай жарқылдағанда мұнай өнiмдерiн ағызуға және құюға жол берiлмейдi.
611. Ағызу-құю операцияларын жүргiзген кезде су айлақтарында, кемелерде, айдап қотару станцияларында және олардан 20 метрге жақын жерлерде:
1) от жұмыстарын орындауға, темекi шегуге және ашық отты пайдалануға;
2) бұзылған электр жарық беру құралдарын пайдалануға;
3) жарық беру үшiн жылжымалы және басқа (жарылу қауiпi жоқ аккумуляторлы шамдардан басқа) шамдарды қолдануға;
4) мұнай өнiмдерiн ағызу-құю жөнiндегi операцияларға қатысы жоқ адамдардың болуына;
5) + 450C температурасынан жоғары қыздырған мұнай өнiмдерiн кемеге қабылдауға және құюға жол берiлмейдi.
8-тарау. Авто құю эстакадаларын, құйылатын және өлшеп бөлiнетiн мұнай өнiмдерiн ұстау тәртiбi
612. Құю қондырғылары орналасқан жедел алаңшалардың үстi қатты жабынмен және гидравликалық клапан арқылы өндiрiстiк-нөсерлiк канализацияға немесе арнайы жинағышқа түрлi сұйықтықтардың кедергiсiз ағынымен қамтамасыз етiледi. Төгiлiп қалған сұйықтықтарды сумен жуылады.
613. Жедел алаңшадағы автомашиналардың рұқсат берiлген санын кәсiпорынның әкiмшiлiгi белгiлейдi.
614. Бұзылған автомобильдерге аумаққа және жедел алаңшаларға кiруге, сондай-ақ кәсiпорынның аумағында оларды жөндеуге жол берiлмейдi.
615. Мұнай өнiмдерiн тасымалдауға арналған автоцистерналар мемлекеттiк стандартқа сәйкес дайындалады және құю эстакадасының жерге орнату контурына қосуға арналған жерге орнату қондырғыларымен жабдықталады; автоцистерналардың сөндiргiштерi ұшқын сөндiрушiлермен жабдықталады және қозғалтқыш немесе радиатор астына алға қарай шығарылады. Автоцистерналардың жерге ұзына бойы 100-200 мм тиетiн отырғызу шынжыры болуы керек, екi өрт сөндiргiшпен, киiзбен, құрғақ құммен және күрекпен жабдықталады.
616. Автоцистерналар мемлекеттiк стандартқа сәйкес қауiптiлiк белгiлерiмен белгiленедi.
617. Кәсiпорынның өткiзу орны мен мұнай өнiмдерiн құю алаңшасында кәсiпорынның қызметкерлерi сыртқы бақылаумен автоцистернаның дұрыстығын және оның өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiлуi тексерiледi.
618. Кәсiпорынның қызмет көрсету персоналы (операторы немесе басқа да адам) автоцистерналарға құю үдерiсiн бақылау жүзеге асырылады.
619. Мұнай өнiмдерiн автоцистернаға қозғалтқыш жұмыс iстемей тұрған жағдайда құйылады. Бұның өзiнде жүргiзушi құю үдерiсi бақыланады. Автоматты түрде құю жүйесiнде жүргiзушi осы жүйеге арналған нұсқаулықта қарастырылған әрекеттер орындалады. Жұмыс iстеп тұрған қозғалтқышта құю қозғалтқышты iске қосу қиынға түскенде, тек температура төмен болған жағдайларда ғана рұқсат етiледi.
620. Авто құю эстакадасында өрт шыққан жағдайда автоцистерналарды сүйреп апаруға арналған арқанмен немесе штангамен қамтамасыз етiледi.
621. Құю аяқталғаннан кейiн құюға арналған шлангтарды (ұштықтарды) автоцистернаның қылтасынан, олардан мұнай өнiмдерiн толық ағызып алғаннан соң шығару керек. Автоцистернаның қылтасы баяу ғана, соғылуына жол бермей қақпақпен жабылады.
622. Автоцистернаның жүргiзушiлерi мұнай өнiмдерiн тасымалдағанда өрт қауiпсiздiгiн сақтау шаралары туралы (авто кәсiпорындарға куәлiктер беру арқылы) нұсқаулықтан өтедi.
623. Мұнай өнiмiнiң төгiлiп қалуына (асырып құйылуына) жол берiлген жағдайларда толтырылып жатқан автоцистернаның қозғалтқышын iске қосуға рұқсат берiлмейдi.
624. Құйғыш бөлмесiнде бос және мұнай өнiмдерiмен толтырылмаған ыдысты, сондай-ақ бөгде заттар мен жабдықтарды ұстауға жол берiлмейдi. Құйғыш бөлмесiнде енi 2 метрден кем емес басты өтетiн орын қарастырылады. Өтетiн орынды ыбырсытып қоюға болмайды.
625. Мұнай өнiмдерiн бөшке ыдыстарына тек кәсiпорынның қызмет көрсету персоналы ғана түсiредi. Мұнай өнiмдерiн түсiрер алдында қызмет көрсету персоналы құюға арналған ыдысты мiндеттi түрде тексерiп қарап шығады. Мұнай өнiмдерiн бұзылған ыдысқа құюға рұқсат берiлмейдi.
9-тарау. Пайдаланылған мұнай өнiмдерiн жинау, iске асыру және тазарту бекеттерiн ұстау тәртiбi
626. Пайдаланылған мұнай өнiмдерiн жинау және тиеу бекеттерi, сондай-ақ регенерациялық қондырғылар мұнай өнiмдерiн бөлшек түрде өткiзу аймағында орналастырылады. Мұнай өнiмдерiн қабылдауды және тапсыруды (тиеп жiберудi) кәсiпорынның қызметкерлерi немесе олардың қатысуымен жүзеге асырылады.
627. Мұнай өнiмдерiнiң пайдаланылған қоспаларын сақтағанда резервуарларда, тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтауға арналған резервуарлардағы сияқты дем алатын және сақтандыратын, ал пайдаланылған индустриалды және мотор майларын сақтағанда майларды сақтауға арналған резервуарлардағы сияқты арматура қолданылады.
628. Пайдаланылған мұнай өнiмдерiн жылыту температурасы олардың құрамына енетiн, булардың ең төмен тұтану температурасы бар компонент буларының тұтану температурасынан 150C төмен болады.
629. Тұтану температурасы 1200C және одан да төмен пайдаланылған мұнай өнiмдерiне арналған ағызу-құю қондырғылары жабық болады.
630. Регенерациялық қондырғылардың айыру бөлiмшесiнiң шығыс бактарында тәулiктiк қажеттiлiгiнен аспайтын отынның болуына рұқсат берiледi. Бұл бактар үй-жай шегiнен тыс жерлерде орнатылады.
631. Құбырлы пеш пен текше қондырғысының түтiн шығатын мойындары қара күйе жиналып қалмас үшiн тәулiгiне кемiнде бiр рет су буымен үрленедi.
632. Сүзгi-регенерациялық қондырғылардың қыспақтары металл рамаларында және өртенбейтiн iргетасқа орнатылады. Сүзгiнiң астына қыспақтармен төгiлiп қалған майларды жинау үшiн арнайы металлдан жасалған жайпақ қаңылтыр таба орнатылады.
633. Регенерациялық қондырғы жұмыс iстеп тұрған кезде керосин жинағыштарды асырып толтыруға болмайды; толуына қарай және ауысымның аяғында оларды мұнай өнiмдерiнен босату керек.
634. Пайдалануға жiберер алдында жылжымалы регенерациялық қондырғылардың айыратын текшелерi мен бу қазандарын гидравликалық қысымға тексерiледi. Бу қазандары мен айыратын текшелерде сақтандырушы қақпашалар мен манометрлер орнатылады. Жылжымалы регенерациялық қондырғылар жұмыс iстеп тұрғанда қызмет етушi персонал үнемi бақылау-өлшеуiш құралдарының көрсеткiштерiн бақыланады.
10-тарау. Алаң iшiндегi технологиялық құбыр жолдары мен құбыр жолы арматурасын ұстау тәртiбi
635. Мұнай базаларының, құю және айдап қотару станцияларының құбыр жолдарына технологиялық сызбалар жасалуы тиiс, олардың құбыр жолдарының әр қайсысында айқын белгiсi, ал тиек арматурасында нөмiрлеуi болады. Қызмет көрсетушi персонал авариялар мен өрттер болған жағдайларда ысырмаларды ауыстырып қосуды бiлу үшiн құбыр жолдарының технологиялық сызбасымен танысады.
636. Технологиялық құбыр жолдары оларға орнатылған барлық арматураларымен бiрге пайдалануға тапсыру алдында бiрiктiру мықтылығы мен тығыздығына гидравликалық сынақтан өтедi.
637. Жер үстiндегi құбыр жолдарының бекiтпелерi мен тiреуiштерiнiң жағдайына, олардың қауiптi салбырап бұзылуына тұрақты бақылау белгiленуi тиiс. Құбыр жолдарының, асқыштар мен тiреуiштердiң ақаулықтары дереу жойылады.
638. Құбыр жолдарының iшiнде пайда болған шөгiндiлердi құрыштан жасалған шыбықтар немесе басқа құралдар арқылы тазартуға болмайды, бұл құбыр жолына қажалып немесе соғылудан ұшқынның пайда болуы мүмкiн.
639. Құбыр жолдары мен жапқыштардың тораптарын ашық отпен жылытуға болмайды. Ол үшiн тек бу, ыстық су немесе қызған құмды, сондай-ақ зауытта шығарылған электр құралдарын ғана пайдалануға болады.
640. Құбыр жолдары мен тиек қондырғылары кәсiпорынның бас инженерiмен бекiтiлген кестеге сәйкес профилактикалық қызмет көрсетуге тартылады.
641. Құбыр жолдарында тұйыққа тiрелген жолдар болмауы тиiс. Ал бұндай жерлердiң болуы қажет болған жағдайларда оларды тұрақты бақылау жүзеге асырылады.
642. Мұнай өнiмдерiмен толып тұрған құбыр жолдарында жөндеу жұмыстарын жүргiзуге жол берiлмейдi.
5-бөлiм. Мұнай, газ өндiрушi өнеркәсiп объектiлерiн ұстау тәртiбi
1-тарау. Жалпы ережелер
643. Бұрғылауға, сынақ жүргiзуге, ұңғымалардың күрделi жөндеуiне арналған жер үстiндегi жабдық, лақтырындыларға қарсы қондырғылардың бұрулар, бақылау станциялары, өндiрiстiк және тұрғын үй-жайлары, қойма орындары, кiреберiс жолдары, ұшақ алаңдары нақты әр ауданға арналған желдiң басым бағытын ескере отырып орналастырылады.
644. Орнатуға бөлiнген аумақ жер үстiндегi және жер астындағы құбыр жолдарынан, кабелдерден босатылады, ағаштан, бұтадан, шөптерден тазартылады және жоспарланады.
Жер үстiндегi құрылыстардың айналасында көлiктiң және өрт техникасының қозғалуы үшiн енi 10-12 метр алаңша тегiстеледi.
Аумақтардың жоспарлауы сұйықтықтарды сағасынан және жер үстiндегi құрылыстардан арнайы қоймаларға (торға) бұрып ағызуды қарастырылады.
645. Құрылыстардың жабындылары өртенбейтiн материалдардан орындалады. Басқа жағдайларда құрылыс оттан қорғайтын құраммен өңделедi.
646. Отын құятын ыдыстар мен қондырғыларды жер үстi үй-жайлардан, жабдықтардан, құбыр жолдарынан 20 метр жақын емес орнатылады. Отын қондырғылары сорғыштармен, ыдыстар сақтандыру және тыйым салу жазулары (белгiлерi) бар деңгей өлшеуiштермен жабдықталады. Орнатылу орындарында кiреберiс жолы орнатылады және жанар-жағар май материалдарының сақталу мөлшерi есебiнен топырақ үйiп бекiтiледi.
647. Арматураларды орнату немесе аппараттарды қосу орындарынан басқа, жарылыс, өрт қауiпi технологиялық жүйелердiң құбыр жолдарында фланецтi және алмалы-салмалы қосуға жол берiлмейдi. Жарылыс қауiптi технологиялық жүйелерде иiлмелi шлангiлердi қолдануға жол берiлмейдi.
648. Жанғыш өнiмдердi айдап қотаратын сораптар мен компрессорлардың сорғыш және айдағыш жолдарында тиек, кесу және сақтандыратын қондырғыларды орнату қарастырылады.
649. Жанар-жағармай материалдарының, мұнай өнiмдерiнiң шығуы, герметикалық еместiгi, ағып кетуi байқалғанда ақаулық дереу жойылып, төгiлген жер мұқият тазартылады.
650. Жанар-жағармай және тез тұтанатын материалдарын өрт, жарылыс қауiптi құрылыстардың iшiнде сақтауға жол берiлмейдi.
651. Өрт сөндiру құралдары (күштi және сорап блогы, отын қондырғылары, электр станциясы, ұңғыманың аузы) өрт қауiптi жерлерге жақын орналасады.
652. Iштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған сызықтары ұңғыманың аузынан кемiнде 15 метр, таса (негiз) қабырғасынан 5 метр және шатырдың (қалқаның) жоғарғы жағынан 1,5 метр қашықтыққа шығарылады. Қозғалтқыштардың, негiздердiң, еденнiң төсенiшiнiң астына пайдаланылған құбырларды төсеуге жол берiлмейдi.
Қабырғалар, шатырлар (қалқалар) арқылы пайдаланылған желiлер өтетiн жерлерде құбырдың үш диаметрiнен кем емес тесiк қалдырылады. Бұл жерде жылылықты сақтау төсемi мен өртенбейтiн өңдеу орнатылады.
Пайдалану желiлерi ұшқыш өшiргiштермен жабдықталады.
653. Температуралар төмен болған жағдайда қатып қалуға тартылатын жабдықтар мен құбыр жолдары жылытылып, ашық отты пайдалануды жоққа шығаратын жылытумен қамтамасыз етiледi.
654. Өрт қауiптi және жарылыс қауiптi үй-жайларда, негiздердiң астында, газ қауiптi жерлерде, жанар-жағармай материалдарын, мұнай өнiмдерiн, жанғыш заттар мен реагенттердi сақтауға арналған ыдыстардың жанында ашық отты пайдалануға және темекi шегуге болмайды.
Темекi шегу үшiн өртке қауiпсiз аймақта арнайы жабдықталған орындар жабдықталады және жазулармен белгiленедi.
655. Газ қауiптi, отты және дәнекерлеу жұмыстары қолданыстағы салалық нұсқаулықтарға сәйкес жүргiзiледi. Газдылық, жанар-жағармай материалдарымен, мұнай өнiмдерiмен ластану болған жағдайларда бұл жұмыстарды жүргiзуге жол берiлмейдi.
656. Күштiк, бұрғылау және мұнай кәсiбi жабдықтары, жабындылар, объекттiң басы мен аумағы тұрақты өрт қауiпсiз жағдайда ұсталады, үнемi күйеден, жанар-жағар май материалдарының, мұнай өнiмдерiнiң төгiлуiнен тазартылады.
2-тарау. Ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарын жүргiзу тәртiбi
657. Ұңғымаларды бұрғылау, бекiтпе, сынау техникасы мен технологиясы өнiмдi көкжиектерден бағынбайтын қабат флюидтiң барынша жоғары дәрежеде түсуiн болдырмауы тиiс.
Мұнай, газ дақтары пайда болған және авариялық жұмыстар жүргiзген жағдайда жер үстiндегi жабдық және орап байлау толық герметикалықты, газ, мұнай дақтарының көрiнуiн, флюидтi ұңғымалардан қауiпсiз қашықтыққа бұру және мұнай, газ, су дақтарын, аварияларды жою бойынша технологиялық операцияларды орындағанда жарылыс, өрт қауiпсiздiгi қамтамасыз етiледi.
658. Бұрғыны пайдалануға қосқанда кәсiпорынның комиссиясы жабдықтың жарылыс, өрт қауiпсiздiгiн, өртке қарсы жабдық пен мүлiктiң жинақтағы сәйкестiгiн, авариялық жарық беру құралының, ол туралы бұрғыны қабылдау туралы актiсiнде жазу жүргiзiлетiн әскери өрт сөндiру есебi тiзiмiнiң болуы тексерiледi.
659. Көмiрсутектi негiздегi бұрғы қоспаларын пайдаланғанда жарылыс, өрт қауiпсiздiгi бойынша, арнайы нұсқаулық пен жұмыс жоспарларында көрсетiлетiн әуе ортасының газдылығы бойынша қосымша шаралар қолданылады. Көмiрсутектi негiздегi қоспаның өздiгiнен тұтану температурасы сағасындағы және қоспаны дайындау мен өңдеу үдерiсiнде барынша жоғары күтiлетiн температурадан асады.
660. Жұмыс зона әуесiнде зиянды заттардың шектi жол берiлетiн концентрациялары мен шектi жол берiлетiн жарылыс қауiпсiз концентрациялары табылған жағдайларда:
1) технологиялық үдерiстi тоқтату;
2) объектiнiң, ауысымның басшысына дереу хабарлау;
3) газдылық себебi мен зонасын анықтау;
4) жеке құтқарушы құралдарын пайдалану;
5) өрт сөндiру құрал-жабдығының дайындығын тексеру;
6) аварияларды жою жоспарына және нақты жағдайға сәйкес шаралар (әрекеттер) қолдану қажет.
661. Бұрғылау, сынау, газ, мұнай дақтарын, ашық фонтандар мен аварияларды жою жөнiндегi жұмыстар аяқталғаннан кейiн мұнараларды, бұрғылау жабдығын, аумақты қара майдан, артық жабдықтар мен материалдардан тазартылады. Бұрғылаудың жағалаулары мен кiреберiстерi бос болады.
662. Цементтеу, мұнай және қышқыл ванналарын орнату, зерттеу және авариялық жұмыстар кезiнде қолданылатын арнайы техника пайдаланылған құбырларда ұшқын өшiргiштер болған кезде ғана қолданылады.
3-тарау. Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану тәртiбi
1-параграф. Ұңғымаларды игеру тәртiбi
663. Мұнай және газ ұңғымаларын игеру, сынау жұмыстары, арнайы бөлiмдерiнде технологиясы әзiрленуi тиiс, сынау жұмыстарын орындауға арналған техникалық құралдары мен өрт, жарылыс қауiпсiздiгi шаралары белгiленген ұңғыманы салу жобасына сәйкес жүргiзiледi.
664. Жұмыстарды бастамас бұрын дайындық, негiзгi және қорытынды жұмыстардың жоспар-кестесi, сондай-ақ болуы ықтимал аварияларды жою жоспары қоса берiледi.
665. Жоспар-кестеге бұрғылауды игеру үшiн қолданылатын жабдықты орналастыру және орап байлау кестесi қоса берiледi.
666. Ұңғымаларды игеру жөнiндегi жұмыстар басталу алдында жауапты тұлға бригада мүшелерiне өрт қауiпсiздiгi жөнiнде нұсқау бередi және «Жұмыс орнындағы қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi нұсқау берудi тiркеу» журналына тиiстi жазу жазады.
667. Ұңғымаларды игеру жөнiндегi жұмысқа қатысып жатқан бригаданың барлық мүшелерi арнайы киiм мен арнайы аяқ киiмде жұмыс iстейдi.
668. Игеру объектiлерi өртке қарсы қондырғылармен жабдықталады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өртке қарсы құрал-жабдықпен қамтамасыз етiледi.
669. Ұңғымалардағы ату-жару жұмыстары осы жұмыстардың жауапты жетекшiсiнiң рұқсатымен және мұнай-газ өндiру немесе бұрғылау кәсiпорны геологының көзiнше жүргiзiледi.
670. Ату-жару жұмыстарының алдында лақтырындыларға қарсы құрал-жабдық жұмыс жоспарында көрсетiлген қысымға ұқыпты түрде тексерiлiп, қысып нығыздалады.
671. Көтерiп түсiру операциялары кезiнде колонналық фланецке ұшқын қауiпсiз материалдан жасалған шұқыр орнатылады.
672. Ұңғыманы игергенде жылжымалы компрессорды ұңғыманың жел жағынан 25 метрден кем емес қашықтыққа орналастырылады.
673. Ұңғыманы мұнаймен жуып шайғанда агрегатты сағасынан кемiнде 10 метр қашықтыққа орнатылады.
674. Газ және газ конденсатты ұңғымаларын сұңғылау арқылы игеру, ал фонтанды ұңғымаларды науалармен қалғалауға жол берiлмейдi.
675. Ұңғыманы сұңғылау мұнай лақтырындысын болдырмайтын, герметикалау қондырғысында фонтан арматурасының буферлi тиекке орнатылғанда жүргiзiледi.
676. Фонтанды ұңғыманы сұңғылаумен игергенде:
1) жұмыс iстеп тұрған агрегатты басқару пультын қорғау үшiн қалқаның жанатын құрылғыларын оттан қорғау құраммен өнделедi;
2) бағыттау шұқырын ұшқын ату қаупi жоқ материалдан орнатылады;
3) көтергiш тракторды ұңғылау сағасынан 25 метр жақын емес қашықтықта орнатылады.
677. Ұңғымаларды жылжымалы агрегаттармен игергенде игеру үшiн де, ұңғыманы өшiру жағдайында да қажеттi агрегаттар санын жұмыс манифольдына қосу ықтималы қарастырылады.
678. Фонтан атқылау белгiлерi пайда болғанда аварияларды жою және аузын герметизациялау жоспарына сәйкес iс-қимыл жасалады.
679. Фонтан ұңғылауын игеру үдерiсiндегi үзiлiстер мен тоқтатқан кездерде фонтан арматурасының және айқастырылған табан ағашының орталық тиегi жабылады.
680. Сығылған ауа немесе ауамен сұйықтықты ауа жiберу арқылы айдамалаумен ағын шақырғанда үдерiсте үзiлiстерге жол берiлмейдi.
Достарыңызбен бөлісу: |