4-параграф. Бiр және көп орынды емдеу барокамераларын ұстау тәртiбi
264. Барокамералар табиғи жарық түсетiн, басқа үй-жайлардан өртке қарсы I тұрпатты қалқалармен бөлектенген оңаша үй-жайларда орналастырылады. Барокамераларды жертөле және цоколдық қабаттарға орнатуға жол берiлмейдi.
265. Барокамералар орналастырылған үй-жайлар екi эвакуациялық шығу жолымен жабдықталады. Осы үй-жайлардағы есiктердi әйнексiз, тығыздалған ысырмалары бар өздiгiнен жабылатын, құлыпсыз, сондай-ақ басқа iлмек қондырғыларсыз қарастырылады. Барозалдардың есiктерiнiң енi аурухана сүйретпелерiнде немесе креслосындағы пациенттердi өткiзуге мүмкiндiк беретiндей, бiрақ 1 м кем емес боетiп қарастырылады.
266. Барокамера үй-жайларының қабырғаларын, аспалы төбелердi жанбайтын материалдармен қаптау қажет. Қабырғалар мен төбелердi бояу үшiн тек су эмульсиясы бояуларын пайдалануға болады.
267. Барокамера үй-жайларына жылу беру орталықтан, жылу тасымалдағышының температурасы 950С аспайтындай етiп қарастырылады. Жылу беру аспаптарынан және жылудың басқа көздерiнен барокамераға дейiнгi арақашықтық кемiнде 1 метр етiп қарастырылады.
268. Екi немесе одан көп бiр орынды немесе бiр көп орынды барокамералар орнатылатын үй-жайлар авариялық жарықпен жабдықталады.
269. Барокамералардың үй-жайы байланыспен, автоматты өрт дабылымен және үш есе ауа алмастыратын сору желдеткiшiмен қамтамасыз етiледi.
270. Емдеу барокамераларының iшкi көлемiне жарық түсiру жарық сәуле өтетiн иллюминаторлар арқылы сырттан орнатылған шамшырақтармен жүргiзiледi.
271. Барокамераның үй-жайында олардың төлқұжаттық немесе түгендеу нөмiрлерi көрсетiле отырып, оттегiсi артырылған ортада жұмыс iстеуге рұқсат етiлген аспаптардың тiзбесi iлiнедi. Ақаулы аспаптарды тек оларды оттегiсi арттырылған ортада пайдалануға болатындығы туралы тиiстi белгiлерi бар ұқсас аспаптарға ауыстыруға болады, бұл ретте тiзбеге тиiстi өзгерiстер енгiзiледi.
272. Тiкелей барокамераларға орнатылған шамшырақтарда тек қыздыратын лампалар қолданылады.
273. Барокамералар ақаусыз сөйлесу қондырғыларымен қамтамасыз етiледi, бұл ретте жәшiктерiнiң көлемi 0,5х0,5 миллиметр жез торлармен жабылған камера iшiндегi металл жәшiктерде тек динамик және микрофон болуы қажет.
274. Бароаппараттар олардың бiрде бiреуi басқа аппаратты, барозалдың кез келген жабдығын, сондай-ақ науқастар мен қызмет етушi адамдарды эвакуациялауға кедергi келтiрмейтiндей орналастырылады.
275. Сеансты немесе операцияларды бастар алдында барокамераның барлық аппаратурасы, өлшеу және бақылау аспаптары, байланыс құралдары, өрт сөндiру дабылдары, ал көп орынды барокамераларда және тасымалданатын аспаптар мұқият тексерiлуi тиiс. Ақаулықтары немесе олқылықтары анықталған жағдайда, сондай-ақ тiзiмдемеге енгiзiлмеген жабдық болған жағдайда анықталған кемшiлiктер жойылғанға дейiн сеанстар мен операцияларды одан әрi жүргiзуге жол берiлмейдi.
276. Бароаппараттары бар үй-жайларда оттегiнiң ұсталуын бақылау үшiн автоматты газ сараптағыштар орнатылады.
277. Оттегi өткiзгiштегi бекiту арматурасы баро-залдан тыс орнатылады.
278. Бароаппараттар мен барозалдарды пайдалану кезiнде:
1) пациенттi бароаппаратқа синтетикалық киiмде жайғастыруға;
2) пациенттi сеанс уақытында және оны дәрiгердiң бақылауынсыз 30 минут iшiнде қалдыруға, бұл ретте оған темекi шегуге және ашық отқа жақындауға;
3) бароагрегаттарды (барокамераларды, барокондиционерлердi) жерге қоспастан бароппараттарды пайдалануға жол беруге;
4) жұмыс ортасының қысымын рұқсат етiлгеннен арттыруға;
5) барокамерадағы оттегiнiң салыстырмалы ылғалдығын 65% төмен төмендеуiне жол беруге;
6) барокамераға тез тұтанатын сұйықтықтарды, майларды, оттың немесе ұшқынның пайда болуына қабiлеттi заттар мен бұйымдарды кiргiзуге;
7) барозалда (үй-жайда, көлiктiң салонында) ақаулы аспаптарды және электр өткiзгiштердi (зақымдалған оқшаулағышты, сенiмсiз ұшқындайтын түйiсулердi) пайдалануға, электр қыздырғыш аспаптарын (су қайнатқыштарды, электр плиталарын) пайдалануға, жанғыш материалдардан жасалған жиһазды, ұшқын тудыруға қабiлеттi материалдар мен бұйымдарды пайдалануға, ашық отты қолдануға, темекi шегуге, жұмыс орындарының төменгi жағына жарық түсiру үшiн ашық орындалған шамшырақтарды қолдануға;
8) майсыздандырылған оттегi жабдығын пайдалануға;
9) барозалда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, майларды, сондай-ақ жанғыш, оның iшiнде таңып байлау материалдарын сақтауға;
10) барозалдағы оттегi концентрациясының 23% артық артуына жол беруге;
11) бороаппаратта боробөлiмдi және бороаппаратты тексерудiң бекiтiлген актiсi болмаған кезде емдеу сеанстарын жүргiзуге;
12) бароаппаратты рұқсат етiлген кернеуден артық желiге қосуға;
13) пайдалануды өрт сөндiрудiң алғашқы құралдарынсыз жүзеге асыруға жол берiлмейдi.
13-тарау. Дәрiханалар мен дәрiхана қоймаларын ұстау тәртiбi
279. Жалпы емдеу корпусындағы дәрiханалар жеке сыртқа шығатын есiгiмен бiрiншi қабатта орналастырылады және басқа мақсаттағы үй-жайлардан жанбайтын қабырғалармен, қалқалармен бөлiнедi.
280. Басқа мақсаттағы ғимарат iшiндегi дәрiханалардағы тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар саны 100 килограммнан аспайтындай етiп қабылданады.
281. Дәрiханаларда сақталатын оттегi толтырылған баллонның саны екеуден аспайды және олар арнайы орынға тiгiнен тұрғызылған күйде тұрады, сонымен бiрге, қамытпен немесе басқа да құралмен тығыз бекiтiледi.
282. Дәрiхана қоймаларында:
1) транзиттi электр кабельдерi өтетiн үй-жайларда, сондай-ақ газ коммуникациялары мен май сiңген аппаратуралар бар үй-жайларда сақтауға;
2) өнiмдi үйiп-төгiп сақтауға және оны жылу берудiң тығыз радиаторлары мен құбырларына жинауға;
3) материалдарды тiкелей қоймаларда ашуға және буып-түюге;
4) сумен реакцияға түсетiн сiлтiлi металдар және басқа заттар сақталатын қоймалық үй-жайларға дымқыл немесе ылғалды киiммен және аяқ-киiммен кiруге жол берiлмейдi.
283. Қалқа артында тек ылғалды ауадан немесе судан шiрiмейтiн, қызбайтын және тұтанбайтын химиялық заттарды сақтауға болады.
284. Қоймалық және дәрiхана қоймасы үй-жайларындағы материалдық құндылықтар қатаң түрде ассортиментке сәйкес сақталуы қажет, бұл ретте тез тұтанатын сұйықтықтарды басқа материалдармен бiрге сақтауға жол берiлмейдi.
285. Дәрiханаларды жалпы ауруханалық корпустарға және өзге мақсаттағы ғимараттарға орналастыру кезiнде олар басқа үй-жайлардан 1-тұрпатты өртке қарсы қабырғалармен бөлiнедi, еркiн сыртқа шығу жолдарымен жабдықталады және бiрiншi қабатта орналастырылады.
286. Пластмасса бұйымдарды желдетiлетiн, қараңғы, құрғақ үй-жайда бөлме температурасында, жылу беру жүйелерiнен кемiнде 1 метр қашықтықта сақталады. Үй-жай ашық оттан, ұшпалы заттардың буларынан шектеледi.
287. Дәрiхана қоймаларында және басқа жерлерде өрт немесе жану туындаған кезде тиiстi бөлiмшелердiң басшылары өртке қарсы қызмет жұмысшылары келген кезде улы және жарылыс қаупi бар заттардың бар-жоғы және сақтау орындары туралы хабарланады.
288. Өрт қаупi және тез тұтанатын сұйықтықтары бар баллондарды тасымалдау арнайы лайықталған көтермелерде немесе ұстайтын саптары ақаусыз себеттерде екеулеп жүргiзiлуi тиiс. Үлкен бөтелкелерi бар себеттердi, жәшiктердi немесе көтермелердi (салмағы 20 килограммнан асатын), сондай-ақ қатты ыдысқа салынған заттарды тек дөңгелектерi жұмсақ жүретiн арнайы арбаларға салынады.
289. От қауiптi және жарылыс қауiптi дәрi-дәрмек құралдары бiртектiлiк қағидасы бойынша және олардың физикалық-химиялық және өрт қауiптi қасиеттерiне және орау сипатына сәйкес сақталуы тиiс. Осы мақсатта қойма алаңдары бiр-бiрiнен отқа төзiмдiлiк шегi кемiнде ЕI-45 өртке қарсы далдалармен оқшауланған бөлек үй-жайларға (бөлiктерге) бөлiнедi.
290. Тез тұтанатын заттарға арналған бөлек қоймалар болмаған жағдайда оларды бiр-бiрiнен отқа төзiмдiлiк шегi кемiнде ЕI-45 өртке қарсы далдалармен оқшауланған, жоғары қабаттарда орналасқан жалпы үй-жайларда сақтауға болады. Осы үй-жайлар ағынды-сорғыш желдеткiшпен және тез жиналатын құрылымдармен қамтамасыз етiледi.
291. От қауiптi және жарылыс қауiптi дәрi-дәрмек құралдарын сақтауға арналған үй-жайлар жанбайтын және төзiмдi стеллаждармен және тұғырлармен қамтамасыз етiледi.
292. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды енi кемiнде 0,7 метр және биiктiгi кемiнде 1,2 метр есiктерi бар жапсарлас жанбайтын шкафтарда сақтауға болады.
293. От қауiптi және жарылыс қауiптi заттар қоймаларының үй-жайларының есiктерi ғимараттан шығу бағыты бойынша ашылады.
294. 100 килограммнан астам мөлшердегi тез тұтанатын сұйықтықтар бөлек тұрған ғимаратта шыны немесе металл ыдыста өзге топтардағы от қауiптi заттарды сақтау үй-жайларынан оқшау сақталады.
295. Денсаулық сақтау ұйымдарының өндiрiстiк үй-жайларында тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды жалпы мөлшерi 3 килограммнан аспайтындай етiп жылыту аспаптары мен шығу жолдарынан қашықта арнайы металл жәшiкте сақталады.
296. От қауiптi және жарылыс қауiптi заттар сақталатын үй-жайларда сыртынан, сондай-ақ осы үй-жайлардың iшiнен есiктерiнде айқын көрiнетiн «От қауiптi», «Жарылыс қауiптi», «Темекi шегуге жол берiлмейдi», «Өрт шыққан жағдайда 101 телефонына қоңырау соғу қажет» деген жазулар iлiнедi.
297. От қауiптi және жарылыс қауiптi заттар сақталатын әр үй-жайға кiру жолының жанында «Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жауапты (жауапты адамның аты-жөнi)» деген жазуы бар тақта iлiнедi. Жауапты адам қалған от қауiптi және жарылыс қауiптi заттарды жинау және жұмыс күнi соңында өзге де шаралар жүргiзу мақсатымен күн сайын үй-жайға тексерiс жүргiзiледi.
298. Тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтауға арналған контейнерлер сұйықтықтардың булануынан алдын алу үшiн тығыз жабылатын қақпағы бар шыныдан немесе металдан дайындалады. Тез тұтанатын және жанғыш заттарды ашық контейнерлерде және өзге де материалдардан дайындалған контейнерлерде сақтауға жол берiлмейдi.
299. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар бөтелкелер, баллондар мен өзге де үлкен сыйымдылықтар соққыдан сақтайтын ыдыста немесе баллон аударғыштарда бiр қатарда сақталады. Жұмыс орындарында бұл заттарды ауысым қажеттiлiгiнен аспайтын мөлшерде тығыз жабылған контейнерлерде сақталады.
300. Тез тұтанатын және жанғыш сұйық дәрi-дәрмек құралдарын:
1) толықтай толтырылған контейнерде сақтауға жол берiлмейдi. Толтыру деңгейi көлемнiң 90 пайызынан аспайтындай етiп қарастырылуы тиiс. Көп мөлшердегi спирттер көлемнiң 95 пайызынан аспай толтырылатын металл сыйымдылықтарда сақталады;
2) минералды қышқылдармен (күкiрт, азот және өзге де қышқылдармен), сығылған және сұйылтылған газдармен, тез жанғыш заттармен, сондай-ақ органикалық заттармен жарылыс қауiптi қоспалар беретiн (хлорат калийi, перманганат калийi) бейорганикалық тұздармен сақтауға жол берiлмейдi.
301. Жанғыш және жарылыс қауiптi дәрi-дәрмек құралдары қабырғасы қалың, тығыз жабылатын контейнерлерде (бөтелкелерде, банкаларда, барабандарда) сақталады, қажет болған жағдайда тығындау құралдарына парафин құйылады.
14-тарау. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар мен биiк қабатты құрылыстарды ұстау тәртiбi
302. Түтiнге қарсы қорғау, өрт автоматикасы жүйелерi, авариялық жарықтандыру, iшкi өртке қарсы су құбыры, авариялық лифтiлер жүйелi түрде тексерiледi және тұрақты жарамды күйде ұсталады.
303. Объектiлердiң орталық диспетчерлiк бекеттерiне шығарылған өрттен қорғау жүйелерiн басқару қондырғылары мен бақылау аспаптары жарамды күйде ұсталады және қызметке түскен кезде кезекшi персонал тексерiледi.
304. Өрт кезiнде қосылатын өртен қорғау жүйелерiнiң iске қосу құрылғыларында олардың мақсаты мен iске қосу тәртiбi туралы тақтайша iлiнедi.
305. Табиғи жарықтандыруы жоқ эвакуциялау жолдары электр жарығымен тұрақты жарықтандырылады, сондай-ақ жарықтың қозғалысқа светодиодтан қосылу мүмкiндiгi қарастырылады.
306. Автоматты өрт сөндiру қондырғыларына, өрт дабылына, түтiнге қарсы қорғау жүйелерiне, iшкi өртке қарсы су құбырының сорғыш станцияларына техникалық қызмет көрсетудi бiлiктi мамандар жүзеге асырады.
307. Түтiнге қарсы қорғау жүйесiне кiретiн есiктер жарамды өздiгiнен жабылатын құрылғылармен және тығыздағыш төсемшелермен жабдықталады.
308. Түтiнге қарсы қорғау жүйесiмен, автоматты өрт сөндiру қондырғысымен және iшкi өртке қарсы су құбырымен жабдықталған ғимараттарда мерзiм сайын осы жүйелердiң автоматты түрде ауыстырып қосудың, электр энергиясымен қоректендiрудiң резервтiк ендiрмесiне авариялық және эвакуациялық жарықтандырудың жарамдылығы және жұмыс iстеуi тексерiледi.
309. Түтiнге қарсы қорғау жүйелерiн мен iшкi өртке қарсы су құбырын пайдалануды ғимаратты пайдаланатын ұйым жүзеге асырады, ал штат санында осы жүйелерге қызмет көрсету саласындағы мамандар болмаға жағдайда жүйелерге қызмет көрсетуге шарт бойынша мамандандырылған ұйымдар тартылады.
310. Автоматты түтiнге қарсы қорғау жүйелерiне техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ұйым бақылау-сынау сынақтарын (жүйелердi жұмысқа қосу) орындай отырып, жүйелерге техникалық қызмет көрсетуге және орындалған жұмыстарды арнайы журналда белгiлеу арқылы ағымдағы және күрделi жөндеулер жүргiзiледi.
311. Мамандандырылған ұйымдардың техникалық қызмет көрсетуге беретiн түтiнге қарсы қорғау жүйелерi олардың сақталуы үшiн жауапты болатын және жүйелердi дұрыс пайдалануды бақылауды жүзеге асыратын тұрғын үй пайдалану ұйымының теңгерiмiнде қалады.
312. Лифт шахталарына ауа жеткiзудi көздейтiн түтiннен қорғау жүйесiмен жабдықталған ғимараттарда өрт болған жағдайда жолаушы лифттерi дереу түсiрiлiп, төменгi қабатта болуы тиiс. Лифтiлердiң үй-жайында авариялық жарықтандыру қарастырылады.
313. Өрттен қорғау жүйелерi мерзiм сайын жұмыс қабiлеттiлiгiне тексерiледi. Күн сайынғы тексерiстер жүргiзу кезiнде өрттен қорғау жүйелерiн қолмен iске қосу түймелерiнiң көмегiмен қысқа мерзiмге (3-5 мин) жұмысқа қосылады, бұл ретте сорғыш және арынды желдеткiштердiң жұмыс iстеуi, түтiн клапандарының ашылуы, өрт дабылы құрылғыларының iске қосылуы бақыланады.
314. Ай сайынғы ағымдық жөндеу кезiнде электрмен қоректендiру желiлерiнiң қалқандары мен тiзбектерi, ажыратқыш аппараттардың жарамдылығы, қабатты түтiн клапандарының электр жетектерi мен желдеткiш жапқыштарының, iшкi өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерiнiң, өрт сорғыштарының iске қосу аппараттарының, қабаттардағы ойық шкафтардағы өрт сөндiретiн құрал-жабдықтардың (крандардың, өрт жеңдерiнiң, оқпандардың) жұмысқа жарамдылығы тексерiлуi, сондай-ақ өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесiн сынап iске қосу және ажырату жүргiзiледi. Күн сайынғы және ай сайынғы тексерiстер мен жөндеулер кезiнде орындалатын барлық жұмыстар жұмыс журналында тiркеледi.
315. Түтiннен қорғау жүйесiне қызмет көрсету үшiн ұйым басшысы желдеткiш торлардың, клапандардың, атқарушы тетiктер мен өзге де құрылғылардың тазалығын бақылайтын адамдар тағайындалады.
316. Биiк қабатты ғимараттарда:
1) өрт шыққан жағдайда автосатыларды орнатуға арналған алаңдарға әр түрлi жабдық, автокөлiк қоюға, үймелеуге;
2) түтiнге қарсы қорғау жүйесiн қабылдағаннан кейiн жүйемен басқару қалқанын токтан ажыратуға;
3) өрттен қорғау жүйесiн iске қосқанға дейiн жаңадан салынған ғимаратқа адамдарды орналастыруға;
4) тұйық қалқаларда және түтiнденбейтiн саты торларын үй-жайлардан, өту жолдарынан, өрт қауiптi үй-жайлары бар жертөлелерден бөлетiн қабырғаларда есiк ойықтарын орнатуға;
5) балкондар мен лоджияларда эвакуациялау есiктерiн, люктердi, сондай-ақ аралас секцияларға адамдардың өтуiне арналған өткелдердi және эвакуациялау сатыларына шығу жолдарын жиһазбен, жабдықпен тас қылып бекiтуге, үймелеуге;
6) автоматты өрт хабарлағыштарын бояуға, тұсқағаздармен желiмдеуге;
7) ортақ дәлiздерде түтiн жоюға кедергi келтiретiн қалқаларды орнатуға;
8) балкондар мен лоджиялардың қоршауларын жанғыш материалдармен қаптауға;
9) түтiнденбейтiн саты торларын шынылауға немесе жалюзиi мен әуе аймақтарын бекiтуге;
10) өздiгiнен жабылатын есiктердi кәдiмгi шынымен (бекемделген немесе шыңдалған) шынылауға жол берiлмейдi.
15-тарау. Әлеуметтiк қызмет көрсету ұйымдарын ұстау тәртiбi
317. Заттар мен материалдарды сақтау (қоймаға салу) оларды сақтаудың сыйысушылығын, сондай-ақ мемлекетаралық стандарттың талаптарына сәйкес өрт сөндiру құралдарының бiркелкiлiгiн ескере отырып, жүзеге асырылады.
318. Ғимараттардағы барлық үй-жайлар тазалықта ұсталады. Қағаздарға және басқа да жанғыш қалдықтарға арналған себеттер мен жәшiктер үнемi тазартылып, қоқыстары ғимараттан тыс арнайы бөлiнген орынға шығарылады.
319. Барлық жанғыш декорациялар, сахналық рәсiмдеу, сондай-ақ көрермендер залының, фойенiң және басқа да үй-жайлардың терезелерi мен есiктерiнде қолданылатын перделеу өрттен қорғайтын құраммен өңделедi.
320. Әлеуметтiк қызмет көрсету ұйымдарында жанғанда уыттылығы жоғары өнiмдер шығаруы мүмкiн полимерлi материалдар қолданылып жасалған жиһаз бен жабдықтарды пайдалануға жол берiлмейдi.
321. Темекi шегуге бөлiнген орындар тиiстi белгiлермен белгiленiп, жанбайтын материалдан жасалған, үштен бiр бөлiгiнен кем емес көлемде сумен толтырылған урналармен (күл салғыштармен) жабдықталады және алғашқы өрт сөндiру құралдарымен (өрт сөндiргiш немесе құмы бар жәшiк) қамтамасыз етiледi. Үй-жайларында темекi шегуге арналған орындарды орналастырған кезде олардың iшiндегi қоршау конструкцияларын (едендер, қабырғалар мен жабындарды) өндеу жанбайтын материалдардан жасалады. Темекi шегуге арналған орындарда жұмсақ жиһаз қоюға жол берiлмейдi.
322. Ғимараттардың iшiнде су құбырларын, канализация құбырлары мен жылыту жүйелерiн жылыту үшiн ашық от пен қыздырылған заттарды қолдануға жол берiлмейдi.
323. Әлеуметтiк қызмет көрсету ұйымдарының қызметтiк үй-жайларында тұрмыстық электр аспаптарын (тоңазытқыштарды, қысқа толқынды пештердi, электр жылытқыштарын, электр шәйнектерiн) орнатуға және пайдалануға жол берiлмейдi.
324. Тамақты тек осы мақсаттарға арнайы бөлiнген және жабдықталған жерлерде ғана дайындауға (ысытуға) болады. Бұл ретте тұрмыстық қажеттiлiкке арналған электр жылытқыш аспаптарын автоматты өшiру құралдарынсыз қолдануға жол берiлмейдi.
325. Әлеуметтiк қызмет көрсету ұйымдарында үй-жайларды жарықтандыру үшiн керосиндi шамдар мен шырақтарды қолдануға жол берiлмейдi.
326. Электрмен жылыту құралдарын, үстел шамдарын, радиоқабылдағыштарды, теледидарларды, тоңазытқыштарды, шаң сорғыштарды тек зауыттан шыққан дұрыс штепсельдi розеткалар арқылы ғана желiге қосылады.
327. Жатын бөлмелерде, ойнайтын бөлмелерде және қызмет көрсетiлетiн тұлғалар болатын басқа да үй-жайларда үтiктердi, электр плиталарын және басқа да электрмен жылытқыш құралдарды пайдалануға жол берiлмейдi.
328. Киiмдердi үтiктеу тек осы мақсатқа бөлiнген арнайы жабдықталған үй-жайларда ғана жүргiзiледi. Үтiктеудi ақаусыз термо реттегiштер мен жарықтанатын iске қосу индикаторлары бар үтiктермен орындауға рұқсат етiледi. Үтiктер жанбайтын материалдардан жасалған тұғырықтарда орнатылады.
329. Жұмыс аяқталғаннан кейiн кезекшi жарықтандырудан, автоматты өрт сөндiру қондырғыларының электрмен қоректендiру көздерiнен, дабыл және түтiн жою жүйелерiнен, сондай-ақ технологиялық үдерiстiң шарттары бойынша тәулiк бойы жұмыс iстеуi тиiс электр қондырғыларын қоспағанда, барлық электр қондырғылары ажыратылады.
330. Әлеуметтiк қызмет көрсету мекемелерiнде қызмет көрсету персоналының тәулiк бойлы кезекшiлiгi ұйымдастырылады. Кезекшiнiң қолында үнемi эвакуациялық шығу орындарының есiктерiндегi барлық құлыптардың кiлттерi жиынтығы болуы тиiс. Кiлттердiң басқа жиынтығы кезекшiнiң бөлмесiнде сақталады. Екi жиынтықта да әрбiр кiлттiң тиiстi құлыпқа жататыны туралы жазуы болады.
331. Қоғамдық ғимараттардың түнгi кезекшiлерi телефон орнатылған үй-жайларда болады және қол электр фонарларымен қамтамасыз етiледi. Дәлiздерде, холлдарда және басқа да эвакуациялау жолдарына кереуеттер орналастыруға жол берiлмейдi.
16-тарау. Дiни құрылыстарды ұстау тәртiбi
332. Шам қойғыштар, шырақтар және ашық от қолданылатын жарықтандыру жабдығы жанбайтын табандарға орнатылады.
333. Ырымдар мен салттарды жүргiзу үшiн:
1) мемлекеттiк стандарт бойынша жану тобы Г1-Г4 материалдардан жасалған көлденең қоршау құрылымдарынан 0,7 метр;
2) мемлекеттiк стандарт бойынша жану тобы Г1-Г4 материалдардан жасалған тiк қоршау құрылымдарынан 0,5 метр;
3) басқа жанғыш материалдардан 0,5 метр қашықтықта ашық от көздерiн пайдалануға жол берiлмейдi.
334. Зауыттан шығарылмаған және өндiрушiнiң паспорты жоқ шамдарды пайдалануға жол берiлмейдi.
335. Шыны құтылары бұзылған, ашық отты қолданатын шамдарды қолдануға, сондай-ақ оларды толтыру үшiн тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдалануға жол берiлмейдi.
336. Лампадаларды, шамдарды және ұқсас құралдарды толтыруға арналған жанғыш сұйықтықтар сыйымдылығы 2 литрден аспайтын, жабық, сынбайтын ыдыста металл шкафтарда сақталады.
337. Лампадалар мен шамдарға жанғыш сұйықтықтар құрылымында ернеулерi қарастырылған, тұғырында жанбайтын материалдан жасалған сынбайтын ыдыстан құйылады. Лампадалар мен шамдарды толтырғаннан кейiн сыйымдылықтың тұғыры мен сыртқы бетi жанбайтын техникалық жуу құралдарымен төгiлiп қалған жанғыш сұйықтықтардың қалдықтарынан тазартылады.
338. Лампадалар мен шамдарға жанғыш сұйықтықтарды толтырып құю тек тұтату көздерi болмаған жағдайда, ал электрмен жылыту құралдары қосылып тұрғанда, олардан кемiнде 1 метр қашықтықта жүзеге асырылады.
339. Пештердi тұтату салттар мен ырымдарды жүргiзу басталғанға дейiн екi сағат бұрын аяқталады.
340. Дiни құрылыстарда от жұмыстарын жүргiзуге (пеш жағу, дәнекерлеу және от жұмыстарының басқа да түрлерi), салттар мен ырымдарды жүргiзу кезiнде жанғыш сұйықтықтарды толтырып құюға жол берiлмейдi.
341. Жылыту жүйелерiнiң сыртқы беттерi жүйелi түрде жылыту кезеңi басталар алдында жанғыш тозаң мен басқа да шөгiндiлерден тазартылады. Тазарту мерзiмдерi өрт қауiпсiздiгi шаралары туралы нұсқаулықта көрсетiледi.
342. Эвакуациялау жолдары бос болып ұсталады және үймеленбейдi.
343. Салттар мен ырымдарды жүргiзу кезiнде эвакуациялау жолдарын құлыптармен және басқа да бекiту құрылғыларымен жауып қоюға жол берiлмейдi.
344. Құлшылық жасайтын залдардың сыйымдылығы бiр адамға арналған үй-жайдың ауданы және эвакуациялау жолдарының өткiзу қабiлеттiлiгi негiзiнде шектеледi.
345. Келушiлердiң қозғалысын қиылыс және қарсы ағын болмайтындай етiп ұйымдастырылады.
346. Дiни құрылыстардан және адамдар жаппай жиналатын басқа да үй-жайлардың эвакуациялық шығу орындарының белгiлерi дұрыс жағдайда және салт ырымдарды жүргiзу кезiнде қосылып тұрады.
347. Адамдар жаппай жиналатын дiни құрылыстар қызмет етушiлер санына тең көлемде дұрыс тыныс алу органдарын қорғау жеке құралдарымен қамтамасыз етiледi.
348. Дiни құрылыста электр энергиясы ажыратылған жағдайға электр фонарлары және оларды сақтау орны қарастырылады.
349. Телефон аппараттарының жанында көрiнетiн жерлерде ең жақын орналасқан өрт сөндiру бөлiмiн шақыру нөмiрi, сондай-ақ «101» телефон нөмiрi көрсетiлген тақтайшалар iлiнедi.
350. Дiни құрылыстарда әрбiр қабаттың көзге түсетiн жерлерiнде саты торларына шығатын және салттар мен ырымдар жүргiзуге арналған үй-жайларға кiретiн жерлердiң жанында өрт болған жағдайда адамдар мен материалдық құндылықтарды эвакуациялаудың әр қабаттық жоспарлары iлiнедi, адамдар мен материалдық құндылықтарды эвакуациялау және өрт болған жағдайда жасайтын басқа да iс-қимылдарды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету персоналы мен күзеттiң мiндеттерi белгiленедi. Өрттiң шыққаны және адамдарды эвакуациялау туралы хабарлағышты iске қосу тәртiбiн дiни құрылыстың өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жауапты адам анықтайды.
3-бөлiм. Өнеркәсiп кәсiпорындарын ұстау тәртiбi
Достарыңызбен бөлісу: |