7-тарау. Жұқарту, құбыр жұқарту және метиздеу өндiрiсi объектiлерiн ұстау тәртiбi
470. Басқару және орталықтан майлау жүйелерiнiң май құбырлары жанбайтын материалдардан жасалады.
471. Гидрожетектiң жүйелерi май құбыры үзiлген кезде қысым ысырмаларын автоматты жауып тастауға арналған қондырғымен жабдықталады.
472. Майлау және гидравлика жүйелерiн пайдалану кезiнде майдың ағып кетуiне жол берiлмейдi. Майланған орындарды ай сайын үгiндi, шүберектердiң көмегiмен тазартылады.
473. Жүйенi майлау үшiн өсiмдiк майларын және жануарлар майларын пайдалану кезiнде осы өнiмдермен суланған тоқыма немесе талшықты материалдардың өздiгiнен жануын болдырмау шаралары қабылданады.
474. Май шаруашылығын пайдалану кезiнде ашық оттың кез келген көзiн пайдалануға, май жертөлелерiнде және жақын маңда май толтырылған жабдықты ұшқындауға жол берiлмейдi.
475. Май жертөлелерi мен кабельдi туннельдер оларға жұмыс алаңдарынан қабыршақтар, ұшқындар және тұтанудың басқа көздерiнiң түсуiн болдырмау үшiн жауып ұсталады.
476. Туннельдер мен май жертөлелерiнiң желдететiн қондырғыларының өрт болған жағдайда автоматты сөнуi қамтамасыз етiледi.
477. Iшпек тораптарын қайта iске қосуға арналған ванналар, сондай-ақ мазутты жұмсауға арналған бактар өрт болған жағдайда жанғыш сұйықтықтарды құюға арналған, цех ғимаратынан тысқары орналасатын авариялық ыдыстармен қамтамасыз етiледi.
478. Қорғалайтын жарылыс қаупi бар газдарды қолданатын учаскелерде жарылыс қаупi бар құрылымдардың құрылуын ескертетiн технологиялық автоматика ақаусыз күйде ұсталады.
479. Автоматика қолмен iске қосу ысырмасын белгiлеу арқылы инерттi газды жiберу қондырғысын қайталайды.
480. Қоршаған ортаның қысымы түскен кезде қорғалайтын газдағы термиялық өңдеу қондырғыларының жұмыс iстеуiне жол берiлмейдi.
481. Өрнектеу бөлiмшелерiндегi сутегi бөлетiн учаскелерде электр жабдығы мен желдету жүйелерi жарылыстан қорғалған болып жасалады.
482. Металды термиялық өңдеу (лентаны үздiксiз күйдiру) кезiнде қорғайтын газы жоқ ерiтiлген натрийi бар ваннаны пайдалануға жол берiлмейдi. Судың немесе дымқыл материалдардың натрийi бар ваннаға тиiп кетуiне жол берiлмейдi.
483. Кесу аймағында салқындататын эмульсияны қолданғанда титан және оның қорытпаларынан жасалған станоктардағы құбырларды өңдеуге (кесуге) болады.
484. Титан қорытпаларынан жасалған құбырларды термиялық өңдеу кезiнде темiр қабыршақтармен байланысқа түсу мүмкiндiгiн болдырмауы қажет. Осындай құбырларды жасау кезiнде селитра ванналарын қолдануға жол берiлмейдi.
485. Жұмыс орындарында титан және оның қоспаларының үгiндiлерiн, жаңқаларын және басқа қалдықтарын сақтауға жол берiлмейдi. «Титан қалдықтары» деген жазуы бар контейнерлер желдеткiшi үздiксiз қолданыстағы арнайы оқшауланған құрғақ үй-жайда сақталады. Осы үй-жайда жанғыш сұйықтықтарды, химикаттарды және басқа материалдарды сақтауға жол берiлмейдi.
486. Жабыны бар метиз бұйымдарды коррозияға қарсы жабынның өздiгiнен тұтанатын температурадан асатындай температураға дейiн қыздыруға жол берiлмейдi.
8-тарау. Отқа төзiмдi өндiрiс объектiлерiн ұстау тәртiбi
487. Су моншасында қоспаны қыздыруға және керосинде парафиндi, стеариндi ерiтуге болады. Осы мақсаттар үшiн ашық отты, ашық электр спиральдерiн немесе басқа температурасы 1000С жоғары үстiңгi қабаттарды қолдануға жол берiлмейдi.
488. Керосин-стеориндi қоспаларды дайындау және қолдану учаскелерiнде өртсөндiргiштер болмағанда жұмыс iстеуге жол берiлмейдi.
489. Керосин-стеориндi қоспалардың төгiлуiне жол бермеу және бұйымдарды қосымша жаншу кезiнде жұмыс орындарында керосин-стеориндi қоспалар қалдықтарының жиналып қалуына жол берiлмейдi.
490. Жанғыш (жарылыс қауiптi) газдарды отын және қалпына келтiру ортасы ретiнде қолдануға жол берiлмейдi.
9-тарау. Бояуға, шаюға, майсыздандыруға және жууға арналған цехтердi, учаскелердi, қондырғыларды ұстау тәртiбi
491. Бөлшектердi жуу, сондай-ақ нитро негiздегi жабындарды, бензиндi және басқа тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдана отырып бояу, лактау бөлек үй-жайларда жүргiзiледi және өрт сөндiрудiң тиiстi құралдарымен және эвакуациялау жолдары көрсеткiштерiмен жабдықталған оңаша өндiрiстiк учаскелерде жүргiзiледi.
492. Бояу цехтерiнiң (учаскелерiнiң) бояу дайындайтын бөлiмшелерi бөлек сыртқа шығу жолымен қамтамасыз етiледi.
493. Лак-бояу дайындау, бояу және бензинмен жуу жұмыстары жүргiзiлетiн үй-жайлардың едендерi соққан кезiнде ұшқын шығармайтын, жанбайтын материалдардан жасалады.
494. Кемiнде екi метр биiктiктегi үй-жайлар қабырғаларының iшкi қабаты ластанудан оңай тазаланатын, жанбайтын материалмен өңделедi.
495. Цехтердiң, учаскелердiң, қондырғылардың барлық есiктерi сыртқа немесе ғимараттан жақын шығатын жаққа ашылады.
496. Бояу жұмыстары, бөлшектердi шаю бояйтын шкафтар, ванналар, камералар мен кабиналардан жергiлiктi сорып алатыны бар қолданыстағы ағынды және сорғыш желдеткiштерi болған кезде ғана жүргiзiлуi қажет. Қондырғылардың жұмысы, сондай-ақ нитро негiздегi жабындарды, бензиндi және басқа тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдана отырып бояу, шаю, лактау, жуу және майсыздандыру операциясына беру жүйесi желдету жүйесiмен бұғатталады.
497. Бояу шкафтарын, камераларын және кабиналарының сорғыш желдеткiшiн сумен суландырғыштарсыз (гидро сүзгiлер) немесе жанғыш бояулар мен лактардың бөлшектерiн ұстап алуға арналған басқа тиiмдi қондырғыларсыз пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
498. Ағынды және сорғыш желдету каналдарының еден астындағы қондырғысы каналға кiретiн жерде орналасқан.
Шiлтер астындағы ойық тұрақты деңгейдi автоматты түрде ұстай отырып, биiктiгi кемiнде 0,5 метр су қабатымен толтырылады.
499. Бояудың және бояу дайындайтын бөлiмшелердiң (бояу және кептiру камералары) жабдықтары жанбайтын материалдардан жасалады. Тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдана отырып, бұйымдарды бояу, лактау, эмальдау, жуу, майсыздандыруға арналған учаскелердегi электр жабдығы жарылыстан қорғалған болып жасалады.
500. Лактау-бояу материалдары жұмыс iстейтiн ыдысқа ернеулерi бар түстi металдардан жасалған металл тұғырларға құйылуы тиiс.
501. Бояу жабдықтарын жанғыш шөгiндiлерден күн сайын желдеткiш iстеп тұрған кезде ауысым аяқталғаннан кейiн тазартылады.
502. Камераларды бояулар мен лактардың шөгiндiлерiнен тазалауды жеңiлдету үшiн олардың қабырғаларына техникалық вазелиннiң, солидолдың немесе арнайы құрамның жұқа қабаты жағылады. Беткi қабаттарын нитро бояулардың шөгiндiлерiнен тазалау кезiнде металл құрылымдар туралы соққыларға жол беруге, сондай-ақ түстi металдан дайындалмаған қыстырғыштарды қолдануға болмайды.
503. Отты кабиналар мен ауа арналарындағы бояулардың шөгiндiлерiн күйдiру үшiн қолдануға жол берiлмейдi.
504. Өрт қауiптiлiгiнiң көрсеткiштерi анықталмаған лактау-бояу материалдарын, ерiткiштердi, жуатын және майсыздандыратын сұйықтықтарды қолдануға жол берiлмейдi. Осы материалдар тиiстi талдаудан, олардың өрт қауiптiлiк қасиеттерi анықталғаннан және қауiпсiз пайдалануға арналған шаралар әзiрленгеннен кейiн пайдаланылады.
505. Бұйымдар мен бөлшектер жуу және майсыздандыру үшiн жанбайтын құрамдар, пасталар, ерiткiштер және басқа өрт тұрғысынан қауiпсiз техникалық жуу құралдары қолданылады.
506. Бiлiктердi көтермелерден алғаннан кейiн оларды лайдан тазарту механикаландырылған жабық камерада жүзеге асырылады.
507. Жарылысты болдырмау үшiн сiлтiлi ваннаның бетiне көмiрдiң, күйенiң, майлау материалдарының түсуiне жол берiлмейдi.
508. Ойып түсетiн соданы, селитраны, саптамаларды сақтау арнайы жабдықталған үй-жайда қарастырылады.
509. Қышқылдарды сақтау орындарында абайсызда төгiлiп кеткен қышқылдарды бейтараптандыру үшiн бордың, әктiң немесе соданың дайын ерiтiндiлер қарастырылады.
510. Бояу цехтерiнде, бояу дайындайтын бөлiмдерде, лактау-бояу материалдарының қоймаларында, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдана отырып, бөлшектердi жуу және майсыздандыру орындарында ашық отты қолданумен және ұшқын шығарумен (электрлiк дәнекерлеу, ұшын шығару) байланысты жұмыстарды жүргiзуге, сондай-ақ ұшқын шығаратын материалдардан жасалған құралды пайдалануға жол берiлмейдi.
511. Лак және бояу шығару материалдары жұмыс орындарына дайын күйiнде жетуi тиiс. Лактар мен бояулардың барлық түрлерiн құрастыру және сұйылту барлық өртке қарсы талаптарды қанағаттандыратын арнайы бөлiнген оңаша үй-жайда немесе ашық алаңда жүргiзiледi.
512. Бұйымдарды нитро целлюлозды, полиэфирлi және перхлорвинилдi эмальдармен электрлiк бояу кезiнде электрлiк бояу камерасын ұшқын шығармайтын қондырғылармен жабдықталады.
513. Электр статистикалық өрiстi бояу камераларында сорғыш желдеткiштер сөндiрiлген кезде электр статистикалық өрiстi тудыратын қондырғыдан кернеу автоматты түрде алынады.
514. Еденге төгiлген лак және бояу шығару материалдары мен ерiткiштер дереу тазаланады. Едендердi, қабырғалар мен жабдықтарды жанғыш ерiткiштермен жууға жол берiлмейдi.
515. Технологиялық жағдайлары бойынша және үлкен габариттi болғандықтан боялған бұйымдарды кептiрудi сорғыш камераларда немесе шкафтарда орындауға болмайды, ол желдеткiшпен және автоматты өрт сөндiру құралдарымен жабдықталған учаскеде ұйымдастырылады.
516. Лак және бояу шығару материалдарының ыдысы тығыз жабылады және ғимараттар мен құрылыстардан кемiнде 20 метр қашықтықта орналасқан арнайы алаңдарда сақталады.
517. Май жағылғаннан кейiн құбырлар мен басқа бұйымдарды жинауға арналған сөрелер соңынан оны айдап ала отырып, ағызып және бұрып жiберуге арналған қондырғылармен жабдықталады.
518. Май жағуға арналған камераларға құбырларды беру сорғыш желдету қондырғыларын iске қосумен бұғатталады. Желдеткiш қондырғысын қосу алдын ала, ал сөндiру – камераны тоқтатқаннан кейiн жүзеге асырылады.
4-бөлiм. Мұнай өнiмдерiн қамтамасыз ету кәсiпорындарын ұстау тәртiбi
1-тарау. Жалпы ережелер
519. Мұнай базаларының, құю және айдау станцияларының аумақтары биiктiгi кемiнде 2,0 метр жанбайтын қоршаулармен қоршалады.
520. Кәсiпорынның бос алаңшаларына ағаштар мен жапырақ түрлi бұтақтарды отырғызуға, сондай-ақ гүлзар орналастыруға жол берiледi. Резервуарлардың үйме жалдау жерлерiнде ағаштар мен бұталарды отырғызуға жол берiлмейдi.
521. Объекттiң аумағында от жағуға, қоқыс, қалдықтарды өртеуге, факел, керосин фонарларын және басқа да ашық от көздерiн пайдалануға жол берiлмейдi.
522. Объекттiң аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүруi бекiтiлген қозғалыс кестесiне сәйкес жүзеге асырылады.
523. Темекi шегуге арналған орындарда «Темекi шегуге арналған орын» деген жазу iлiнедi, суы бар сыйымдылықпен немесе құмы бар жәшiкпен, сондай-ақ 5 литрлiк өрт сөндiргiшпен жабдықталады.
524. Мұнай базалары мен мұнай, мұнай өнiмдерiн айдау станцияларында өртенбейтiн шарбақпен қоршалады. Шарбақтардан ғимараттар мен құрылыстарға дейiнгi қашықтықтар осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетiлген көлемде (өрт сөндiру автомобильдерiнде қолда бар жабдықтан басқа) өрт сөндiру жабдықтары қоры жасалады. Өрт сөндiру құралдарының техникалық жағдайына үнемi бақылау орнатылады. Өрт сөндiру жабдығы мен құралдарын мақсатынан тыс қолдануға жол берiлмейдi.
525. Құбыр жолдарында қатып қалған мұнай өнiмiн, мұзды, кристалл гидратты және басқа да тығындарды жылытуды ыстық сумен, бумен және басқа да қауiпсiз әдiстермен жүргiзiледi.
526. Жарылыс өрт қауiптiлiгi бар аймақтарда жұмысты ұшқын шығармайтын құрал-сайманмен орындалады. Жездi кiлттер мен құрал-саймандарды қолданған кезде жезбен қапталған бетiнiң тұтастығы байқалып, уақытылы қалпына келтiрiледi.
527. Статикалық электрлiк зарядтардың пайда болуын болдырмау үшiн соққан кезде ұшқын шығармайтын материалдардан жасалған және жерге қосу өткiзгiшiмен жабдықталған үлгi iрiктегiштер қолданылады. Жерге қосу өткiзгiштерi резервуардың төбесiндегi жерге қосу қысқыштарына жалғанады.
528. Резервуарлардың понтондарын пайдаланған кезде понтонды статикалық электрден қорғауға арналған иiлмелi шағын бөгеттердiң (ток қайтарғыштардың) дұрыс жағдайда болуы қамтамасыз етiледi.
2-тарау. Резервуарларды өз бетiмен жанатын пирофорлы шөгiндiлерден тазарту тәртiбi
529. Резервуарлардың iшкi қабаттарын пирофорлы шөгiндiлер мен коррозия өнiмдерiнен тазарту объектiнiң бас инженерi немесе басшысымен бекiтiлген кестеге сәйкес жүргiзiледi.
530. Резервуарды пирофорлы шөгiндiлерден тазарту (мұнай өнiмдерiнен босатқаннан кейiн) және жөндеу алдында ауа кеңiстiгi су буымен толтырылуы тиiс. Бумен үрлеудi төменгi люк жабық және жарық, өлшегiш люктерi ашық болғанда жүргiзу керек. Резервуарды булау үдерiсiнде мөлшерлеу құрылғысы болғанда пирофорлы шөгiндiлер ақырын қышқылдану үшiн iшiне кiшкене ауа жiберген жөн (булы ауалы қоспасында оттегiнiң 6% дейiнгi есебiнен). Мөлшерлегiш құрылғылары құрылғысы болған жағдайда булауды аяқтағанда резервуарды жоғарғы деңгейiне дейiн сумен толтыру керек, содан кейiн пирофорлы шөгiндiлер ақырын қышқылдану үшiн су деңгейiн сағатына 0,5-1 метрден аспайтын жылдамдықпен төмендету қажет.
531. Резервуарды тазартқанда iшiнен шыққан лас және шөгiндiлердi мұнай өнiмдерiн сақтау зонасынан шығарғанша оларды дымқыл күйiнде ұстау керек.
532. Резервуарлардағы пирофорлы шөгiндiлердiң сынамаларын тек объект басшысының рұқсаты бойынша арнайы дайындалған тұлғаларға ғана алуға жол берiледi.
533. Кәсiпорындардың найзағайдан қорғағышы құрылыс нормалар талаптарына сәйкес орындалады.
534. Статикалық электр мен найзағайдың екiншi көрiнулерiнiң разрядтарынан қорғау үшiн барлық технологиялық аппараттар, жабдық және құбыр жолдары жерге қосылады.
535. Статикалық электрден қорғауға арналған жерге қосу құрылғыларын электр жабдыққа арналған жерге қосу құрылғыларына қосылады. Бұндай құрылғылар Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес жобаланады.
536. Сұйытылған сутектi газдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ағызып құюдағы автоцистерналар жерге қосу құрылғыларына қосылады.
537. Жерге қосу өткiзгiш ретiнде иiлмелi, қимасы 6 миллиметрден кем емес, оқшаулануы жоқ, көп желiлi жез өткiзгiштi қолдану керек.
538. Резина шлангтарының металл бастиектерi мен тех көтергiш құрылғылары тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ағызып құйғанда шлангтың iшiне немесе сыртына оралған, иiлмелi, көп желiлi жез өткiзгiш арқылы жерге қосылады. Жез өткiзгiштi басқа шетiмен өнiм құбыры мен эстакаданың металл бөлiктерiне қосылады.
539. Шлангтардың бас тиектерi ұшқын қауiпсiз материалдардан қарастырылады.
540. Кәсiпорындардың найзағайдан қорғауын бөлек тұрған немесе стерженьдi найзағай тартқыш құрылыстарында орындалады. Найзағай тартқыштың әр қайсысынан екi тоқ тартқыштан қарастырылады.
541. Бөлек тұрған найзағай тартқыштардың тiреуiштерi болаттан, темiр бетонынан, ағаштан жасауға болады. Олар коррозиядан және шiруден сақталады.
542. Найзағай қабылдағыштар қимасы 100 шаршы миллиметрден кем емес және ұзындығы 200 миллиметрден кем емес кез келген маркалы және пiшiндi болаттан жасалады. Олар коррозиядан, мырыштаумен, қалайылаумен берiк қорғалады. Найзағай қабылдағыштар тоқ тартқыштармен қосуын электр дәнекерiмен орындалады.
543. Жерге қосқыштарды топырақтың үлестiк электр кедергiсiне және импульстiк кедергiге байланысты таңдалады. Жолақты, бұрышты және дөңгелек болатты қолдануға жол берiледi. Жерге қосқыштардың ұзына бойы өзекшелерiнiң жоғарғы ұшы жерге кемiнде 0,6-0,7 метр кiргiзiледi.
544. Найзағайдан қорғау құрылғылары тексерудi найзағайлы жауын алдындағы кезеңде жылына бiр реттен кем емес жүргiзiледi. Бұл ретте жерге қосу құрылғысының кедергiсi өлшенедi, ал тексерiстер және өлшеу нәтижелерi найзағайдан қорғау құрылғыларын пайдалану журналына енгiзiледi.
545. Найзағайдан қорғау құрылғыларына ревизия жүргiзетiн тұлғалар тексерiс және сынақ нәтижелерi бойынша акт жасалады, ал ақаулық анықталған жағдайда хаттама жасап, бiр данасын кәсiпорынның басшысына берiледi.
3-тарау. Электр техникалық құрылғыларын, автоматтандыру және байланыс құралдарын ұстау тәртiбi
546. Кәсiпорындардың аумағы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз етiледi, оны қосуды қызмет көрсету персоналы үнемi болатын жерлерде қарастырылады.
547. Мыналарға:
1) дайындаушы зауыт қоятын жарылыстан қорғау белгiсi жоқ электр жабдығын жарылыс қауiптi аймақтарда пайдалануға;
2) қорғау жүйесi бұзылған жарылыстан қорғалған электр жабдығын пайдалануға;
3) жарылыстан қорғалған электр жабдығы құрылысында қандай да бiр өзгерiстер жасауға;
4) жарылыс өрт қауiптi зоналар аумағында және осы зоналардан электр берiлiс желiлерi тiреуiштердiң биiктiгi 1,5 кем қашықтықта электр берiлiс желiлерiн төсеуге;
5) сырты бұзылған (тесiктер, жiктерi кесiлген) шланг кабельдерiн қолдануға;
6) жанғыш газдары, сұйықтықтары бар технологиялық құбыр жолдарының, сондай-ақ коррозиядан қорғау үшiн оқшауланған құбыр жолдарын жерге қосқыштар және жерге қосу өткiзгiшi ретiнде қолдануға жол берiлмейдi.
548. Электр жабдығын, найзағайдан қорғау, статикалық электрден қорғау жерге қосу үшiн жерге қосудың жалпы нұсқасы қарастырылады.
549. Электр энергиясын беру үзiлiсi болған жағдайда кәсiпорын сыртқы электр желiлерiнен ажыратылады. Қайтадан қосуды тек жарылыстан қорғалмаған электр жабдығы орнатылған үй-жайлар мен сыртқы қондырғыларда газ сараптағыш арқылы бу және газдардың қауiптi концентрациясы жоқ (жарылыс қауiптi булар мен газдардың төменгi концентрациялық шегiнен 20% болған орта қауiптi деп есептеледi) екенi анықталғаннан кейiн ғана жүргiзiледi.
550. Жарылыс және өрт қауiптi цехтерде дәнекерлеудi және от немесе жоғары температураны қолданумен байланысты басқа жұмыстарды қолданбай тек суық әдiспен құралдарды жөндеуге рұқсат етiледi. Жұмыс iстеп тұрған технологиялық аппараттармен және құбыр жолдарымен байланысты, автоматты бақылау және реттеу құралдарының шағын, ағымдағы жөндеуiн тек құралдарды технологиялық қондырғылардан ажыратқанда және қысымды түсiргенде ғана рұқсат етiледi. Сонымен қатар ашық отты қолдануға жол берiлмейдi.
551. Жөндеуден өткен әр аппарат дайындаушы зауыттың техникалық жағдайларға қойылатын талаптарына сәйкес жөнделiп, бақылау сынақтары көлемiнде сынақтан өткiзiлдi.
552. Жарылыс қауiптi үй-жайларда орнатылған автоматика құралдарын жөндегенде, сынақтан өткiзгенде және тексергенде кәдiмгi (жарылыстан қорғалмаған) орындауы бар жабдықты қысқа мерзiмде қолдануға тек от жұмыстарын жүргiзуге қойылатын барлық талаптарын орындаған жағдайда ғана рұқсат етiледi.
553. Бақылау-өлшегiш құралдары үй-жайына бақылау-өлшегiш құралдары үй-жайларын орнатылатын құралдар мен аппаратурасы бар, артық қысымдағы технологиялық аппараттар мен құбыр жолдарын байланыстыратын және жанғыш буларды, газдарды және сұйықтықтардың жағдайын ауыстыратын импульстi желiлер енгiзуге рұқсат етiлмейдi. Жеке жағдайларда (қажет болғанда) – бақылау-өлшеу құралдары үй-жайларынан тыс, сондай-ақ импульстi құбырлардың жарылған жағдайында бақылау-өлшегiш құралдары үй-жайларының iшiне жанғыш газдар мен булардың кiруiн болдырмайтын кесу құрылғыларын орнатқан жағдайда импульстi құбырларды енгiзуге рұқсат берiледi.
554. Импульстi желiлердi бөлу ыдыстарынан құралдар мен аппараттарға дейiн тек бақылаудағы өнiммен араласпайтын, және оның iшiнде ерiмейтiн, инерттi қатып қалмайтын сұйықтықпен толтыруға рұқсат берiледi.
4-тарау. Магистральды мұнай өнiмдерi құбырларының желi бөлiмдерiн ұстау тәртiбi
555. Мұнай өнiмдерi құбырлары жолдарының кез келген орнына көлiктiң, жөндеу және авариялық бригадалардың еркiн өтуi қамтамасыз етiледi.
556. Магистральды құбыр жолы жолдарында жер бетiне мұнай өнiмiнiң шығуы анықталғанда желiдегi тексерушiлер ол туралы айдау станциялардағы диспетчерлерге дереу хабарлап, және солардың нұсқаулары бойынша әрекет жасалады. Радиусы 20 метр сұйықтықтың шығу орнын қоршап қою керек және оның жанына белгiленген үлгiдегi сақтандыратын қауiпсiздiк белгiлерi қойылады. Түнгi уақытта авария орны қызыл жарық сигналдармен (жарылыстан қорғалып орындалған шамдармен) жарықтандырылады.
557. Елдi мекендерге, темiр жолға, тас төселген жолға және басқа құрылыстарға жақын жерлерде жер бетiне сұйықтықтың шығуы байқалғанда линиядағы тексерушiлер жөндеу-қалпына келтiру бригадасы келгенше сұйықтықтың таралуын айналдыруды ұйымдастырып, жергiлiктi әкiмшiлiкке, өрт сөндiру күзетi органдарына, милицияға хабарлауы тиiс және олардың көмегiмен халыққа ашық отты пайдалануға тыйым салынуы туралы хабарлап, сондай-ақ мұнай өнiмi төгiлiп қалған жерге бөгде адамдарға жол берiлмейдi.
558. Авария орнын өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етедi, қажет болған жағдайда өрт сөндiру машиналарының кезекшiлiгiн ұйымдастырады және мұнай өнiмдерiнiң басқа коммуникациялар мен желiлерге өтуiне жол бермейтiн шаралар қабылдайды.
559. Аварияны жою орны 5 метр радиуста шөптен тазартылып, ал топыраққа мұнай өнiмдерi сiңiп кеткен жерлер тазартылады және топырақпен жабылады.
560. Тракторлардың, автомобильдер мен басқа да iштен жану қозғалтқышы бар агрегаттардың тұрақтарына мұнай өнiмдерi төгiлген жерден кемiнде 30 метр қашықтықта ғана жол берiледi.
561. Құбыр жолының төбесiнен 0,3 және одан да кем тереңдiкте, сондай-ақ газдалған траншеяларда немесе құдықтарды оны ашу жөнiндегi жұмыстар тек соққанда ұшқын шығуды болдырмайтын құралдармен ғана атқарылады.
562. Елдi мекендегi мұнай өнiм құбыры тас жолы «Мұнай өнiм» құбыры» деген жазуы бар жеңiл табылатын темiр бетонды белгiсiмен белгiленiп, мұнай өнiмi сыртқа шыққан жағдайда хабарлайтын телефон нөмiрi көрсетiледi.
563. Мұнай өнiм құбырының жағдайына үнемi көзбен көрiп, сондай-ақ құбыр жолдарын пайдаланғанда шыққан құбыр жолдарының ақаулықтарын анықтауға мүмкiндiк беретiн арнайы құралдармен және құрылғылармен бақылау жүзеге асырылады.
5-тарау. Мұнай өнiмдерiн айдауға арналған сорғыш станцияларды ұстау тәртiбi
564. Сорғыш станциялары үй-жайларында сорғыштар мен құбыр жолдарының герметикалығына үнемi қадағалау жүргiзiледi. Сорғыштардың тығыздамаларындағы және құбыр жолдарындағы қосылыстарындағы мұнай өнiмдерiнiң кемiп қалуы дереу жойылады.
565. Iшкi жану қозғалтқыштарын орналастыруға арналған үй-жайларын сорғыштарға арналған үй-жайлардан өртенбейтiн қабырғалармен бөлген жөн. Қозғалтқыштарды сорғыштармен қосатын бiлiктердiң қабырғалар арқылы өтетiн жерлерде тығыздама қымтағыштары болады. Тез тұтанатын сұйықтықтарға арналған сорғыштар орнатылған үй-жайларында тегiс қайыс белдiк берiлiмдерiн қолдануға жол берiлмейдi.
566. Сорғыш бөлмелерiнiң едендерi мен науалары үнемi сумен шайып тұрады. Төгiлiп қалған мұнай өнiмдерiн жою үшiн сорғыш үй-жайлары резина шлангiлерi бар су бағандарымен жабдықталады. Сорғыш бөлмелерiнiң құйылыс каналдарының қосылу орындарындағы гидравликалық бекiтпелерiн үнемi тексерiп тұру керек.
567. Қажалатын бөлшектердiң майлануына, мойынтiректерi мен тығыздамаларының температурасына және сорғыштарға байқау орнатылады. Сорғыштардың әдеттегi жұмыс тәртiбiн бұзатын қандай да бiр ақаулықтар анықталғанда соңғысы тоқтатылып, ал ақаулығы жойылады.
568. Тез тұтанатын мұнай өнiмдерiн айдау жөнiндегi сорғыш бөлмелерiндегi тұрақты автоматты газ сараптағыштар авариялық желдеткiшпен, сондай-ақ үй-жайда мұнай өнiмдерiнiң қауiптi бу концентрациясының бар болуы туралы дыбыс және жарық сигнализациясы қондырғыларымен бұғатталады.
569. Тұрақты газ талдағыштары болмаған жағдайда тиiстi кестелерге сәйкес үнемi мұнай өнiмдерiнiң қауiптi бу концентрацияларының болуын анықтау мақсатында жылжымалы газ сараптағыштармен әуе ортасына талдау жүргiзiледi.
570. Мұнай өнiмдерiн уақытша жылжымалы айдау станцияларымен айдаған жағдайда:
1) станция магистралды құбыр жолы трассасынан 25 метр жақын емес орналастырылуы және ашық, тегiстелген алаңда орнатылуы тиiс, ал айдау агрегаттары дiрiл және жұмыс барысында олардың қозғалуын болдырмайтын металл рамаларына бекiтiлуi тиiс;
2) мұнай өнiмдерiнiң iшкi жану қозғалтқыштарына түсуiн болдырмау үшiн сорғыштарда кему байқалғанда қозғалтқыштар сорғыштардан металл қаптамаларымен бөлiнуi тиiс;
3) қозғалтқыштардың газ шығаратын құбырларын өртенбейтiн, жылу өткiзбейтiн материалмен жауып, ал олардың шеттерiн жерге көмiлген бункерлерге түсiру қажет;
4) мұнай өнiмдерiнiң кемуi ықтимал орындарын (құбыр жолдарының қосулары және сорғыштардың тығыздама қосулары) төгiлiп қалған мұнай өнiмiн қауiпсiз жерге шығаруға арналған су сiңгiш құрылғысымен жабдықтау қажет;
5) станция орманды мекенде орналасқанда айдау агрегаттарының айналасындағы аумақты 20 метр радиуста жапырақ тектес ағаштардан, ал қылқан жапырақтылардан – 50 метр радиуста тазарту және енi кемiнде 4 метр минералдандырылған жолақпен қоршалады, оның аумағы ағаштардан, кесу қалдықтарынан, шыбық отынынан, кеуiп қалған шөптен тазартылады;
6) резервтi жанар-жағармайды сақтау орнын айдау станциясынан кемiнде 30 метр қашықтықта орналастырылады, өсiмдiктен тазартылады және енi кемiнде 4 метр минералдандырылған жолақпен қоршалады.
571. Уақытша жылжымалы станцияны пайдаланғанда:
1) мұнай өнiмдерiнiң кемуiн болдырмау үшiн құбыр жолдарын үнемi тексерiп, алдын ала жөндеу жүргiзуге;
2) айдау станциясындағы құбыр жолдары мен сорғыш бөлмелерiнде мұнай өнiмдерiнiң кемуiн дереу жою; егер оны жасау мүмкiндiгi болмағанда айдау жұмыстарын тоқтатуға жол берiледi.
572. Уақытша айдау станциясы жұмыс iстеп тұрған кезде:
1) сөндiргiштерi ақаулы қозғалтқыштарды пайдалануға;
2) жарық беру үшiн ашық түрдегi шамдарды қолдануға (бұл мақсатқа жарылысқа қауiпсiз күйде орындалған электр аккумуляторлы шамдарды қолдануға);
3) ашық отты қолдануға, темекi шегуге, дәнекерлеу және басқа да өрт қауiптi жұмыстар жүргiзуге;
4) соғылған кезде пайда болған көбiктi шығаратын құралды пайдалануға жол берiлмейдi.
573. Магистральды құбыр жолдарының тас жолдарындағы әрбiр уақытша айдау станциясында өрт сөндiру жағдайына су қоры, өрт сөндiру мотопомпасы қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |