Өрт қaуiпciздiгi қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1682 Қаулысы «Өрт қayiпciздiгi туралы»


-тарау. Спорт құрылыстарының емдеу-сақтандыру, оңалту-қалпына келтiру орталықтарын ұстау тәртiбi



бет3/23
Дата12.06.2016
өлшемі1.97 Mb.
#129782
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

9-тарау. Спорт құрылыстарының емдеу-сақтандыру, оңалту-қалпына келтiру орталықтарын ұстау тәртiбi

      167. Спорт объектiсiнде денешынықтыру диспансерлерi, спортшылардың және денешынықтырумен айналысатындардың физикалық жағдайын тексеруге арналған үй-жайлар, сондай-ақ медициналық тексеруге арналған үй-жайлар болған кезде оларда осы Қағидалардың ауруханалар, клиникалар, емханалар, дәрiханалар, дәрiханалық қоймалар және басқа денсаулық сақтау мекемелерiне арналған талаптары сақталады.


      168. Спорттық объектiлерде орналасқан медициналық қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда тез тұтанатын емдiк дәрi-дәрмектердi сақтау үшiн бiрге сақтауға болатын заттардың тiзбесi бар жанбайтын материалдардан жасалған шкаф қарастырылады. Шкаф жылу беру және қыздыру аспаптарынан кемiнде бiр метр қашықтықта орнатылады.
      Шкафта әртүрлi өрт қауiптi қасиеттерi бар дәрi-дәрмектердi бiр сөреде сақтауға жол берiлмейдi.
      169. Медициналық қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда пайдаланылған сүрту және таңу материалдарын уақытша сақтау үшiн жабылатын қақпағы бар металл жәшiк орнатылады. Объектiнiң жұмысы аяқталғаннан кейiн жәшiктер қоқысты ортақ сақтауға арналған орындарға шығарылады.
      170. Спорттық объектiлерде орналасқан медициналық қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда медициналық аспаптарды бактериясыздандыру үшiн сұйық және газ тәрiздi (керогаз, керосин лампалары, примус) отынмен жұмыс iстейтiн қыздыру аспаптарын, сондай-ақ спиралi ашық электр плиталарын пайдалануға жол берiлмейдi.

9-тарау. Бассейндердегi суды зарарсыздандыру кезiнде пайдаланылатын үй-жайларды ұстау тәртiбi

      171. Хлор қоймалары (құятын орындар арасындағы газ шығынымен екi баллоннан аспайтын) спорттық құрылыста орналастырылады; бұл ретте қоймалық үй-жай басқа үй-жайлардан отқа төзiмдiлiк шегi кемiнде ЕI 45 жанбайтын материалдардан жасалған құрылымдармен оңашаланады және құрылыстың сыртқы қабырғасында орналастырылады.


      172. Хлор ыдыстарын және хлор қоймаларын еденi ғимаратқа жапсарлас жер деңгейiнен төмен жертөле немесе басқа үй-жайларға жайғастыруға жол берiлмейдi.
      173. Хлор ыдыстары және хлор қоймалары үй-жайларында жанғыш материалдарды сақтауға жол берiлмейдi.
      174. Хлор ыдыстарының және хлор қоймаларының есiктерiнде «Өндiрiстiк объектiлердегi сигналдық түстерге, белгiлеулерге және қауiпсiздiк белгiлерiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiне сәйкес қауiпсiздiк белгiлерi орнатылады.
      175. Адамдар келетiн үй-жай (шешiнетiн орындар, гимнастика залдары) арқылы хлор құбырларын төсеуге жол берiлмейдi.
      176. Суды зарарсыздандыруға арналған натрий немесе кальций гипохлоридiн, хлор әгiн және басқа арнаулы өнiмдердi пайдалану кезiнде оларды сақтау үшiн күн көзiнен және атмосфералық ылғалдан қорғалған, сондай-ақ осы Қағидалардың ережелерiне жауап беретiн оңашаланған, жақсы желдетiлетiн үй-жай қарастырылады.
      177. Натрий немесе кальций гипохлоридiн, хлор әгiн және басқа арнаулы өнiмдердi сақтау кезiнде ерiтiндiлердiң кеуiп қалу, олардың 40ғС жоғары температураға дейiн қызу, сондай-ақ қышқылдар және органикалық заттармен байланысу мүмкiндiгiн болдырмайтын шаралар көзделедi.

10-тарау. Монша-хауыздарды ұстау тәртiбi

      178. Монша-хауыздарды орналастыру кезiнде:


      1) бу бөлмесiнiң сыйымдылығы 10 орыннан аспайтын етiп орындалады;
      2) тас пештiң тұғыры жанбайтын материалдан орнатылады. Пештен құрғақ ыстық камерасы құрылымының үстiңгi қабатының ағаш қаптауына дейiнгi қашықтық кемiнде бiр метр етiп қабылданады.
      3) төбе астындағы тас пештiң үстiне жанбайтын жылу оқшаулағыш қалқан орнатылады. Қалқан мен төбе қаптауының арасындағы қашықтық кемiнде 5 сантиметр етiп орнатылады;
      4) отқа төзiмдiлiгi I, II, III дәрежелi ғимараттардағы бу бөлмесi мен хауыздар үй-жайы кешенi 1-түрдегi өртке қарсы қалқалармен және 3-түрдегi далдалармен; отқа төзiмдiлiгi IIIа, IIIб, IV, IVа дәрежелi ғимараттарда отқа төзiмдiлiк шегi кемiнде ЕI-45 өртке қарсы қалқалармен және далдалармен бөлiнедi;
      5) хауыз кешенi үй-жайынан жекелеген эвакуациялау есiгi орнатылады; адамдарды ғимараттан эвакуациялауға арналған вестибюльдерге, холлдарға, сатылы торларға тiкелей шығатын есiктердi орнатуға жол берiлмейдi;
      6) бу бөлмесi зауытта дайындалған автоматты қорғалатын және үздiксiз 8 сағат жұмыс iстегеннен кейiн толық суығанға дейiн өшетiн пешпен жабдықталады;
      7) тас пештiң басқару пультi бу бөлмесiнiң алдындағы құрғақ үй-жайда орнатылады;
      8) бу бөлмесiнде iшкi су құбырына қосылған перфорирленген құрғақ құбырларды орнатып, бу бөлмесiне кiреберiске вентиль орнатылады;
      9) бу бөлмесiн қаптау үшiн ағаштың жапырақты түрi қолданады.
      179. Құрғақ ыстық камерасының жоғарғы аймағына, сондай-ақ тас пешке жақын жердегi құрғақ ыстық камерасы құрылымының үстiңгi қабатының ағаш қаптауының жиектерiне температура 1100С дейiн артқан жағдайда қондырғымен (термореттегiшпен) бұғатталған, электр энергиясын тас пештiң электр қыздырғышынан ажырататын температура тетiктерi орнатылады.
      180. Тас пештi, электр қыздырғышты, электр желiсiне қосу үшiн пайдаланылатын электр сымдары, сондай-ақ шамшырақтар мен электр арматурасы жоғары температура кеңiстiгiнде пайдалану жағдайына көзделедi. Жылу электр қыздырғыштарды электр желiсiне қосу құрғақ ыстық камерасынан тысқары жүргiзiледi.
      181. Құрғақ ыстық камерасының тас пештiң астынан таза ауаның келу арнасы шаңнан және басқа да бөгде заттардан жүйелi түрде тазаланады.
      182. Құрғақ ыстық камерасының жабдығында ақаулық байқалған немесе жану белгiлерi (түтiн, күйiк иiсi, құрғақ ыстық камерасы ағаш қаптауының көмiрге айналуы) пайда болғанда оны пайдалану дереу тоқтатылады және бұл жөнiнде объектiнiң әкiмшiлiгiне хабарланады.
      183. Хауыздарды жертөле қабаттарына жайғастыруға жол берiлмейдi.
      184. Құрғақ ыстық камерасынан соратын ауа өткiзгiш оңашаланады және тiкелей сыртқа шығарылады.
      185. Ауыз үйлер мен шешiнетiн орындарды жанғыш материалдармен өңдеуге жол берiлмейдi.
      186. Хауыздардың үй-жайларында:
      1) желiге қосылып тұрған тас пештiң электр қыздырғышын қараусыз қалдыруға;
      2) талдан жасалған жылу электр қыздырғыштарын орнатуға;
      3) ажыратылған немесе ақаулы термо реттегiшi бар тас пештi пайдалануға;
      4) хауыздардың үй-жайларында арнайы жабдықталған орындардан басқа жерлерде тұрмыстық электр қыздырғыш аспаптарын қолдануға жол берiлмейдi.

11-тарау. Сауда объектiлерiн ұстау тәртiбi

1-параграф. Жалпы ережелер

      187. Сауда залдары мен эвакуациялау жолдарында жанғыш материалдарды, қалдықтарды, орамалар мен контейнерлердi сақтауға жол берiлмейдi. Олар күн сайын жиналуына байланысты алынып тасталып отырады. Жанғыш ыдыстарды ғимараттың терезелерiне жақын жинауға болмайды.


      188. Терезелiк ойықтары жоқ немесе түтiн жоюға арналған шахтасы жоқ ғимараттарда жанғыш немесе жанбайтын заттарды жанғыш орамаларда сақтауды ұйымдастыруға жол берiлмейдi.
      189. Сiрiңкелердi, одеколонды, иiс суларды, аэрозольдi орамаларды және өртке қатысты басқа да қауiптi заттарды басқа заттардан бөлек арнайы лайықталған орындарда сақтау жүзеге асырылады.
      190. Сауда кәсiпорындарында:
      1) сауда залдарында сатып алушылар болған кезде отпен байланысты жұмыстарды жүргiзуге;
      2) тез тұтанатын сұйықтықтарды, жанғыш сұйықтықтарды және жанғыш газдарды (газ баллондарын, сырларды, лактарды, ерiтiндiлердi, тұрмыстық химия тауарларын), аэрозольдi орамаларды, қару-жарақтар мен пиротехникалық бұйымдарды басқа мақсаттағы ғимараттарға орналастыру кезiнде оларды сатуға;
      3) эвакуациялау жолдарында және сатылы торларда сағат жөндеу, ою және басқа да шеберханаларды, сондай-ақ дәрi-дәрмек, газет, кiтап дүңгiршектерiн орналастыруға;
      4) сауда залдарында әуе шарларын толтыруға және басқа да мақсаттарға арналған жанғыш газдары бар баллондарды орнатуға;
      5) сатылы торларда, тамбурда және басқа да эвакуациялау жолдарында ойын, сауда аппараттарын орналастыруға және сауда жасауға;
      6) 15000 мыңнан артық аэрозольдi орамаларды сақтауға жол берiлмейдi.
      191. Адамдар жаппай жиналған сату, жарнамалық акциялар мен басқа да iс-шараларды өткiзу кезiнде басшылар олардың қауiпсiздiгiн (келушiлердiң кiруiн шектеу, қосымша кезекшiлердi тұрғызу) қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылданады.
      192. Базарларды ашық алаңдарда немесе ғимараттарда (құрылыстарда) орналастыру кезiнде мынадай өрт қауiпсiздiгi талаптары орындалады:
      1) базардың ауданы 0,5 гектардан асқан жағдайда аумақ қоршалады және 2 кiретiн жолы болады. Кiретiн жолдың енi 3,5 метр және биiктiгi 4,25 метр етiп қарастырылады;
      2) базардың аумағындағы өтетiн жолдар, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы жолдармен қосатын кiреберiстiң жолдарының енiн кемiнде 3,5 метр етiп қарастырылады және қатты төсеммен қамтамасыз етiледi. Барлық ғимараттар, павильондар мен дүңгiршектердiң топтары, автокөлiк тұрақтары өрт сөндiру автомобильдерiне арналған өту жолдарымен қамтамасыз етiледi;
      3) тұйық жолдардың ұзындығы 150 метрден аспайтындай және 12х12 метр айналатын алаңдармен аяқталатындай етiп қарастырады;
      4) базарға жапсарлас аумақтарда сататын сауда орнының есептiк сыйымдылығы үшiн кемiнде 15 % жеңiл автомобильдердi уақытша қою үшiн алаңдар қарастырылады;
      5) жанғыш қалдықтарды жинауға, ашық от көздерiн пайдалана отырып, тамақ әзiрлеуге арналған алаңдар сататын сауда орнының ғимараттары мен құрылыстарынан кемiнде 15 метр қашықтықта орналастырылады;
      6) сауда жабдықтары эвакуация жолдарының жанынан енi кемiнде 2 метр еркiн өткел өтетiндей есеппен орналастырылады;
      7) сауда қатарларының арасында әр 30 метр сайын енi кемiнде 1,4 метр көлденең өткелдер орнатылады;
      8) жабық сататын сауда орындарында сатылы торларда, холлда және дәлiздерде сауда жүргiзуге жол берiлмейдi;
      9) ашық сататын сауда орындары сауда қатарларының төбесi жанбайтын материалдардан жасалады;
      10) төбенi жабатын торлар оттан қорғау құрамдарымен өңделген ағаштан жасалады;
      11) сауда қатарлары арасындағы ашық өту жолдарын матамен, қағазбен, үлдiрмен жабуға жол берiлмейдi.
      193. Базарларды басқа мақсаттағы ғимараттың бөлiгiне немесе оларға жапсарлас құрылыстарға орналастыруға жол берiлмейдi.
      194. Ғимараттар мен құрылыстарда орналастырылатын дүңгiршектер мен дүкеншелер (егер нормативтiк құжаттарға қайшы келмесе) жанбайтын материалдардан салынады. Жанғыш сұйықтықтарды, дезодоранттарды, сығылған газдарды сатуға арналған павильондар мен дүңгiршектердi жеке тұрған немесе ұқсас тауарларды сататын дүңгiршектер тобын отқа төзiмдiлiгi I, II, III дәрежелi етiп салынады.
      195. Жұмыс уақытында тауарларды тиеу мен ыдыстарды түсiрудi сатып алушылардың эвакуациялық шығу жолдарымен байланысты емес жолдар арқылы жүзеге асырылады.
      196. Шыны ыдыстарға бөлiнiп құйылған әрқайсысы 1 литр сыйымдылықтан астам тұрмыстық химиялық тауарлармен, сырлармен, лактармен және тез тұтанатын сұйықтықтармен, жанғыш сұйықтықтармен сауда жасауға, сондай-ақ «От қаупi бар», «Отқа жақын шашыратпа» деген ескерту жазулары жоқ заттаңбасысыз өрт қауiптi тауарларды сатуға жол берiлмейдi.
      Өрт қаупi бар тауарларды бөлшектеп орау осы мақсатқа арналған арнайы лайықталған орындарда жүзеге асырылады.
      197. Оқ-дәрiлер (оқтарды, капсюлдердi, оқталған патрондарды) мен пиротехникалық бұйымдар мамандандырылған дүкендерде сатылады. Бұл ретте оқ-дәрiлер мен пиротехникалық бұйымдарды сату секциялары дүкендердiң жоғары қабаттарында орналастырылады. Мұндай ғимараттарды пешпен жылытуға рұқсат берiлмейдi. Дүкендерге жылу беру орталықтандырылады.
      198. Оқ-дәрiлер мен пиротехникалық бұйымдар өртке қарсы қалқалармен бөлiнген үй-жайларда орналастырылған металл шкафтарда сақталады. Көрсетiлген шкафтарды жертөле үй-жайларында орналастыруға жол берiлмейдi.
      199. Әрбiр сауда орнында кемiнде екi шкафпен жабдықталады: бiреуi – оқ-дәрiлердi сақтауға арналған; екiншiсi – капсюлдер мен оқталған патрондарды сақтауға арналған. Оқ-дәрiлер мен капсюлдердi немесе оқталған патрондарды бiр шкафта сақтауға жол берiлмейдi.
      200. Оқ-дәрiлердi тек зауыт орамасында сатуға рұқсат етiледi. Қойма бөлмелерiнде оқ-дәрiлерi бар жәшiктердiң зауыт орамасын алуға жол берiлмейдi.
      201. Дүкен ғимараттарында түтiндi оқ-дәрiлердi бiр жәшiктен (50 килограмм), түтiнсiз оқ-дәрiлердi бiр жәшiктен (50 килограмм) және 15 мың жабдықталған патрондарды сақтауға рұқсат берiледi. Дайындаушы кеңселерге 200 килограммға дейiн сақтауға рұқсат берiледi.

2-параграф. Сауда павильондары мен дүңгiршектерiн ұстау тәртiбi

      202. Бөлiнген аумақта дүңгiршектердi, сондай-ақ ауданы 20 шаршы метрге дейiн қоса алғанда бiр қабатты павильондарды орналастыру топтарымен жүзеге асырылады. Бiр топта отқа төзiмдiлiк дәрежелерiне қарамастан 10-нан аспайтын құрылыс орналастырылуы мүмкiн.


      Топта олардың арасындағы қашықтық нормаланбайды.
      203. Алдыңғы тармақта көрсетiлген топтар арасындағы, ауданы 20 шаршы метрден астам павильондар мен дүңгiршектер арасындағы, сондай-ақ жанғыш сұйықтықтар мен газдарды (ауданына қарамастан) сатуға арналған павильондар мен дүңгiршектер арасындағы қашықтық осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қабылданады.
      Топта отқа төзiмдiлiк дәрежесi әр түрлi дүңгiршектер мен павильондар болған жағдайда топтан бастап көршiлес ғимараттарға дейiнгi қашықтық отқа төзiмдiлiк дәрежесi едәуiр төмен құрылыс бойынша қабылданады.
      204. Жанатын қалдықтарды жинау орындары дүңгiршектер мен павильондардан кемiнде 15 метр қашықтықта орналасады.
      205. Орама материалдары мен құрал-саймандарды сақтауға арналған үй-жайлардың ауданы 5 м2 аспайтын етiп қарастырылады.
      206. Ауданы 20 шаршы метрге дейiнгi сауда дүңгiршектерi мен бiр қабатты павильондар ғимараттарының отқа төзiмдiлiк дәрежесi регламенттелмейдi.
      207. Жанғыш сұйықтықтар мен газдарды сақтауға арналған павильондар мен дүңгiршектердiң отқа төзiмдiлiгi әдетте, бөлек тұратын немесе ұқсас тауарларды сататын дүңгiршектермен топта I, II, III а етiп орындалады.
      208. Елдi мекендерде орнатылатын дүңгiршектерге электр (майлы радиаторларды, сәйкестiк сертификаты бар қыздыратын панелдердi қолдана отырып), бу немесе су арқылы жылу беруге болады.
      209. Елдi мекендерден тыс орналастырылатын дүңгiршектерде осы Қағидалардың ережесiне сәйкес пешпен жылу берудi қолдануға болады.
      210. Дүңгiршектердiң электр жабдығы Электр қондырғыларын орнату қағидаларының талаптарына сәйкес орындалады.
      211. Қыздыру лампалары бар электр шамдары қорғағыш қақпақтарымен, ал люминесцент лампалары стартерсiз жасалады.
      212. Павильонның немесе дүңгiршектiң және құрылыстар тобының электр желiсiн токтан ажырату үшiн ажырату құрылғысы жанбайтын негiзде орнатылады.
      213. Дүңгiршектер мен павильондар дыбыстық және жарық сигналы құрылыстың қасбетiне немесе тiкелей қорғалатын үй-жайға шығатын автоматты өрт дабылымен (автономды өрт хабарлағыштары) жабдықталады.
      214. Әр дүңгiршекте «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiнiң 17-қосымшасына сәйкес алғашқы өрт сөндiру құралдары орналастырылады.

12-тарау. Емдеу мекемелерiн ұстау тәртiбi

1-параграф. Жалпы ережелер

      215. Емдеу мекемесiнiң басшысы науқастарды шығару аяқталғаннан кейiн күн сайын өрт сөндiру бөлiмiне әр мекеме ғимаратындағы науқастардың саны туралы деректердi хабарлайды.


      216. Ересек науқастар мен балалардың саны 25-тен асқан жағдайда оларды пешпен жылытылатын каркасты қамыс және ағаш ғимараттарда орналастыруға болмайды.
      217. Ауылдық жерлерде орналасқан емдеу мекемелерi әр ғимаратқа бiр саты есебiнен қосалқы сатылармен жабдықталады.
      218. Ауыр халдегi науқастар мен балалар көп қабатты ғимараттың бiрiншi қабатына орналастырылады.
      219. Ауруханалар мен өздiгiнен жүруге қабiлетсiз адамдар үздiксiз келетiн басқа да мекемелер бес науқасқа (мүгедекке) бiр зембiл есебiнен зембiлдермен қамтамасыз етiледi.
      220. Аурухана палаталарындағы кереуеттер арасындағы қашықтық кемiнде 0,8 метр, ал орталық негiзгi жолының енi кемiнде 1,2 метр етiп қарастырылады. Эвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен, тумбалармен және басқа да жиһазбен үймелеуге жол берiлмейдi.
      221. Палаталарға оттегi жiберу, әдеттегiдей, жеке тұрған баллон қондырғысынан орталықтандырылып (10 баллоннан көп емес) немесе орталық оттегi бекетiнен (10 баллоннан көп болса) жүргiзiледi және олар науқастар үнемi келетiн ғимараттардан кемiнде 20 метр қашықтықта тұрған жеке ғимаратта орналастырылады.
      Орталықтандырылған оттегiмен жабдықтау болмаған жағдайда оттегi жастығын пайдалану тәртiбi мекеменiң бұйрығы бойынша анықталады. Мекеме ғимаратының сыртқы жанбайтын қабырғасында жанбайтын шкафта бiр оттегi баллоны бар рампалар орнатуға болады.
      222. Мыналарға:
      1) науқастарға арналған палаталары бар корпустарда емдеу үдерiсiне қатысы жоқ үй-жайларды орналастыруға немесе оларды жалға беруге;
      2) кереуеттердi дәлiздерде, холлдарда және басқа да эвакуациялау жолдарында орнатуға;
      3) емдеу мекемелерiнiң ғимараттарында оттектi баллондарды сақтауға және орнатуға;
      4) аурухана палаталарына баллондардан оттегi жiберу үшiн пластмассалық және резиналық шлангты қолдануға;
      5) ақаулы емдiк электр жабдықтарын пайдалануға;
      6) емдеу мекемелерiнiң жертөлелерi мен астыңғы қабаттарында шеберханалар, қоймалар орналастыруға;
      7) аурухана палаталары мен науқастар орналастырылған басқа үй-жайларда үтiк, электр плиталарын және басқа да электр жылытқыш құралдарын пайдалануға жол берiлмейдi.
      223. Су қайнатқыштарды, су жылытқыштарды және титандарды орнатуға, медициналық аспаптарды бактериясыздандыруға, сондай-ақ мен парафин озокериттi қыздыру тек осы мақсатта арнайы жабдықталған орындарда жүргiзiледi. Аспаптар мен төсемдердi қайнату үшiн жабық шиыршықтары бар бактериясыздандырғыш қолданылады. Осы мақсатта керогазды, керосин ыдыстарын және примустердi қолдануға жол берiлмейдi.
      224. Зертханаларда, бөлiмшелерде, дәрiгерлер кабинетiнде дәрi-дәрмектер мен реактивтердi (тез тұтанатын сұйықтықтарға және жанғыш сұйықтықтарға жататын – спирт, эфир) олардың сыйымдылығын ескере отырып, жалпы саны 3 килограммнан аспайтын арнайы жабылатын металл шкафтарда сақтауға рұқсат берiледi.
      225. Сыйымдылығы 300 килограммнан асатын жанғыш рентген пленкасының мұрағат қойма бөлек тұрған ғимараттарда орналасады, ал сыйымдылығы 300 килограмм жетпейтiн болса, 1-тұрпатты өртке қарсы қабырғаларымен және жабындарымен оқшауланған ғимаратта сақтауға рұқсат берiледi. Рентген қоймасынан бастап көршiлес ғимаратқа дейiнгi қашықтық кемiнде 15 метр болады.
      226. Жанғыш рентген пленкалары мұрағат қоймасының бiр бөлмесiнде шамамен 500 килограмм пленка сақтауға болады. Әр секция дербес сорғыш желдеткiшпен жабдықталады. Секцияның есiктерi ЕI-60 отқа төзiмдiлiк шегiмен және сыртқа қарай ашылатындай етiп орындалады. Мұрағаттарда терезе ауданының еден ауданына арақатысы кемiнде 1:8 етiп қарастырылады.
      227. Мұрағат қоймасының есiгiнде «Рентген мұрағаты», ал шығар есiкте «Отқа қауiптi! Темекi шегуге болмайды!» деген жазу iлiнедi.
      228. Жанғыш рентген пленкалары мұрағат қоймасына орталықтан жылу берiледi. Оларда бу арқылы жылу беру, металл пештер, сондай-ақ металл құбырлы уақытша үй-жайдың болуына рұқсат берiлмейдi.
      Мұрағат қоймасының ғимараттарында электр қалқандарын, сөндiрiлген қондырғыларды, электр қоңырауларын штепсельдiк байланысты орнатуға рұқсат етiлмейдi. Жұмыстан тыс уақытта қоймада электр сымдары қосылмайды.
      229. Үй-жайларда шкафты мұрағаттан тыс жылыту құралдарынан 1 метр қашықтықта орналастырып, рентгенограмма мен пленкаларды металл шкафтарда (жәшiктерде) 4 килограмға дейiн сақтауға болады. Ғимаратта осындай шкафтар орналасқан жерлерде темекi шегуге және кез келген түрдегi қыздыру аспаптарын қоюға болмайды.
      230. Жанғыш пленкалар және рентгенограммалар мұрағат қоймаларының тереңдiгi мен ұзындығы 0,5 метрден аспайтын секцияларға бөлiнген металл (асбест арқылы темiрмен қапталған ағаш) фильмостаттармен немесе шкафтармен жабдықталады. Шкафтан қабырғаға, терезеге, төбеге және еденге дейiнгi арақашықтық 0,5 метрден кем емес етiп қарастырылады. Әрбiр секция металл немесе асбест арқылы темiрмен қапталған ағаш есiкпен мықтап жабылады.
      231. Қазына мен дәрi қоймалары бөлмелерiндегi материалдық құндылықтар қатаң түрде ассортимент бойынша сақталады, бұл ретте тез тұтанатын сұйықтықтардан басқа материалдармен бiрге сақтауға жол берiлмейдi.
      232. Оттегi мен жанғыш газ баллондарды материалдық және дәрiлiк қоймаларда, сондай-ақ бiрге сақтауға болмайды. Оттегi мен жанғыш газ баллондарды арнайы орындарда немесе шатыр астында, жылу көздерiнен (жылу беру құралдары, күн сәулесi) және оларға майдың, басқа да майлы заттардың тиiп кетуiнен қорғалады.

2-параграф. Физиотерапия кабинеттерiн, анестезиология және жан сақтау, жан сақтау және қарқынды терапия, операция жасау бөлiмшелерiн тәртiбi

      233. Электрмен, сәулемен емдеу кабинеттерiнiң сыйымдылығы бiр процедуралық кереуетке кемiнде 6 шаршы метр есебiнен анықталады. Кабинеттерге қосымша кереуеттердi орнатуға жол берiлмейдi.


      234. Барлық емдеу электр аппараттары ақаусыз күйде ұсталады, сенiмдi жерге қосумен, зауыттық электр сызбасымен және техникалық төлқұжатпен қамтамасыз етiледi. Оқшаулағышы зақымданған, қысатын және аппаратқа қосылатын жерлерi бұзылған электр сымдарын пайдалануға жол берiлмейдi.
      235. Электрмен және сәулемен емдеу кабинеттерiнде қолданылатын, оның iшiнде ауа қабатты стерилизаторлар тек зауытта дайындалғандары ғана қарастырылады және жанбайтын материалдардан жасалған үстiңгi қабаттарға орнатылады.
      236. Парафин мен озокериттi арнайы бөлiнген үй-жайда зауытта дайындалған жылытқыштардағы сору шкафында немесе су моншасында қыздырылады. Қыздырғыштар орнатылатын үстел жылуға төзiмдi материалмен қапталады. Парафин мен озокериттi ашық жалынмен қыздыруға жол берiлмейдi.
      237. Үй-жайлардың жергiлiктi желдету жүйелерiнiң аппараттары мен қондырғылардан шығару шатырдың жоғарғы нүктесiнен кемiнде 2 метр биiктiкте жүзеге асырылады.
      238. Аппаратураны алдын ала байқау анықталған ақауларды жою шараларын қабылдай отырып, техникалық төлқұжатта (нұсқаулықта) белгiленген мерзiмдерде жүргiзiледi.
      239. Әрбiр электрлiк сәулемен емдеу бөлiмiнде (кабинетiнде) қызмет етушi тұлғалармен жүргiзiлген өртке қарсы нұсқауларды және электр аппаратурасының жұмысында байқалған ақауларды тiркеу журналы жүргiзiледi.
      240. Кабинеттердегi электр розеткалары кернеуi (200, 36, 12 Вольт) көрсетiлiп таңбаланады.
      241. Операциялық кабинеттерде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өрт қауiпсiздiгi шаралары орындалады.
      242. Операциялық, операция алдындағы, наркоздық және операциялық блоктың үй-жайларындағы кабинеттердiң есiк орындары мен өтетiн жолдары арқылы сүйретпелерде науқастарды еркiн тасымалдау қамтамасыз етiледi.
      243. Операциялық бөлмелердегi наркотикалық заттар мен препараттардың өздiгiнен тұтануын болдырмас үшiн жұмыс аяқталғаннан кейiн олар буландырғыштан жабылатын герметикалық ыдысқа құйылады. Осы сұйықтықтарды канализацияға құюға, сондай-ақ наркоз уақытында ақаулы немесе ұшқын шығаратын электр жабдығын қолдануға жол берiлмейдi.
      244. Операция үстелi, наркоз аппараты және барлық электрлiк медициналық аппаратура қорғайтын танғыш қалақпен жерге қосылатын сымдарға қосылады.

3-параграф. Емдеу мекемелерiнiң зертханаларын ұстау тәртiбi

      245. Зертханалар оңашаланған, 1-тұрпатты өртке қарсы қалқандары бар тұрақты ғимараттан бөлектелген үй-жайларда орналастырылады.


      246. Зертхана үй-жайына кiретiн жерге олардың өрт жарылыс қаупi және өрт қаупi бойынша санаттарының көрсеткiштерi iлiнедi.
      247. Өндiрiстiк қажеттiлiктерге арналған тез тұтанатын сұйықтықтарды беру құбыр арқылы жүргiзiледi немесе тасымалдауға арналған арнайы жабық сынбайтын ыдыс пайдаланылады. Құбыр ғимараттың сыртынан тiкелей берiлетiн заттарды пайдалану орнына төселедi.
      248. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ауысымдық қажеттiлiктен аспайтын мөлшерде жұмыс iстейтiн үй-жайларда iшiне асбест төселген, қақпағы бар металл жәшiкке салынған, қабырғасы қалың шынылы немесе тығыз тығындысы бар сынбайтын ыдыста сақтауға рұқсат етiледi. Мұндай сұйықтықтарды полиэтилендi сыйымдылықтарда сақтауға жол берiлмейдi.
      249. Зертханаларда заттар мен материалдарды сақтау қатаң түрде ассортимент бойынша жүргiзiледi. Химиялық өзара әрекеттесуi өрт немесе жарылыс тудыруы мүмкiн заттарды бiрге сақтауға жол берiлмейдi.
      250. Зертханалық жиһаз және жабдық адамдарды эвакуациялауға кедергi келтiрмейтiндей етiп орналастырылады.
      251. Өрт, жарылыс қаупi бар сұйықтықтар және заттармен жұмыс iстеуге арналған үстелдердiң, сөрелердiң, сору шкафтарының жұмыс iстейтiн үстiңгi қабаттары жанбайтын материалдардан жасалған жабын мен ернеулерден қарастырылады. Қышқылдармен, сiлтiлермен және басқа химиялық белсендi заттармен жұмыс iстеу үшiн үстелдер мен шкафтар тотығуға төзiмдi материалдардан жасалады.
      252. Зертханадағы уытты немесе өрт және жарылыс қаупi бар булар және газдарды бөлу мүмкiндiгiмен байланысты барлық жұмыстар тек ақаусыз жай-күйде ұсталуы тиiс жанбайтын материалдардан жасалған сору шкафтарында жүргiзiледi. Әйнектерi сынық немесе желдеткiшi ақаулы сору шкафтарын қолдануға жол берiлмейдi.
      Тартпалы шкафтардың жармалары, есiктерi мен қалқалағыштары жұмыс уақытында барынша жабық (тарту үшiн төменгi жағынан үлкен ойықтарымен төмен түсiрiлген) ұсталады.
      Егер онда орындалатын операцияға жатпайтын материалдар мен жабдықтар сақталатын болса, тартпалы шкафта жұмыс iстеуге жол берiлмейдi.
      Тартпалы шкафтар өздiгiнен желдететiн каналдары бар желдету жүйесiмен жабдықталады.
      253. Қышқылдары, сiлтiлерi және басқа химиялық белсендi заттары бар әйнек ыдысты iшiне асбест төселген арнайы металл немесе ағаш жәшiктерде тасымалдауға рұқсат етiледi. Күкiрт немесе азот қышқылдарын сақтау үшiн ағаш жәшiктердi, себеттер мен жоңқаларды пайдалануға жол берiлмейдi.
      254. Сұйық оттектi тез тұтанатын заттармен, майлармен және сұйық майлармен бiр бөлмеде сақтауға жол берiлмейдi.
      255. Сығылған, сұйылтылған және ерiтiлген жанғыш газдары бар баллондар зертхана ғимаратынан тысқары металл шкафтарда орнатылады. Шкафтарда желдету үшiн ойықтар немесе жалюзи торлары қарастырылады.
      Зертханалық үй-жайларға осы газдарды, сондай-ақ жанғыш материалдарды беру орталықтан жүргiзiледi.
      256. Зертхананың барлық үй-жайларындағы ағынды-сорғыш желдеткiшiн жұмыс басталғанға дейiн кемiнде 5 минут бұрын қосу және жұмыс аяқталғаннан кейiн сөндiрiледi.
      257. Зертханаларда:
      1) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сондай-ақ жанғыш материалдарды қыздыратын аспаптардан, шiлтерлерден және басқа да от көздерiнен 1 метр жақын орналастыруға;
      2) жұмыс iстелген тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды канализацияға құюға;
      3) едендер мен жабдықтарды керосинмен, бензинмен, басқа да жанғыш сұйықтықтар және заттармен жууға;
      4) шiлтерлер жанып тұрған және электр қыздырғыш аспаптары қосылып тұрған кезде байқаусызда төгiлген сұйықтықтарды тазалауға;
      5) жұмыс орнында майланған шүберек пен қағазды қалдыруға;
      жұмыс орнында және жұмыс iстейтiн үй-жайларда белгiсiз өрт қауiптi белгiлерi бар қандайда бiр заттармен дәрi-дәрмектердi сақтауға;
      6) жұмыс орнын, жанып тұрған шiлтерлердi және басқа қыздыру аспаптарын қараусыз қалдыруға;
      7) iшiнде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар ыдыстарды ашық отта, сондай-ақ тұрмыстық электр қыздырғыш аспаптарында қыздыруға жол берiлмейдi.
      258. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар арнайы киiмге тиiп кеткен жағдайда оны дереу ауыстыру шаралары қабылданады.
      259. Жарылыс және өрт, жарылыс қаупi бар заттармен жұмыс iстеу кезiнде, сондай-ақ зертханада (бөлмеде, бокста) түнгi сағаттарда жұмыс iстеу кезiнде кемiнде екi адам болуы қажет, бұл ретте олардың бiреуi аға зерттеушi болып тағайындалады.
      260. Газ плиталары жоба бойынша орнатылады. Газдың иiсi байқалған немесе басқа ақаулықтар анықталған жағдайда плиталар сөндiрiледi және оларды ақаулықтары жойылғанға дейiн пайдаланылмайды.
      261. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды беруге арналған құбырлар жерге қосылады.
      262. Жұмыс күнi аяқталғаннан кейiн зертхана үй-жайына жауапты қызметкер аспаптар мен аппараттарды, газ және су шүмектерiн тексередi, ортақ электр ажыратқышты және желдеткiштi сөндiредi, сондай-ақ зертхананың үй-жайынан артық жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтар, заттар, реактивтер, жұмыс iстелген сұйықтықтар, қалдықтар, қоқыс пен шүберек шығарылады.
      263. Пайдаланылған сұйықтықтарды еритiн заттардың қасиеттерiн ескере отырып, герметикалық жабылатын сынбайтын ыдысқа құю және жұмыс күнiнiң соңында қалпына келтiру немесе жою үшiн зертхананың жұмыс iстейтiн үй-жайынан шығарылады. Осы сұйықтықтарды сақтауды осы Қағидалардың ережелерiн ескере отырып жүргiзiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет