1-тарау. Жалпы ережелер
351. Әрбiр кәсiпорында мемлекеттiк стандарт бойынша технологиялық үдерiстерде қолданылатын заттар мен материалдардың өрт қауiптiлiк көрсеткiштерi туралы мәлiмет болу қажет, ал ғимараттар мен үй-жайлар үшiн «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiне сәйкес жарылыс және өрт қауiптiлiгi бойынша санаттар белгiленедi.
Өрт қауiптi және жарылысы қауiптi материалдармен жұмыс iстеген кезде маркiлеу және бумаларда немесе iлеспе құжаттарда көрсетiлген ескертпе жазуларға қойылатын талаптары сақталады.
352. Бiр-бiрiмен өзара әрекеттескенде тұтану, жарылу немесе жанғыш және уытты газдар (қоспалар) пайда болатын заттар мен материалдарды бiрге пайдалануға, сақтауға және тасымалдауға (егер технологиялық регламентпен көзделмесе) жол берiлмейдi.
353. Жабдықтың жоспарлы-алдын ала жөндеуi мен профилактикалық тексерiсi белгiленген және жобамен, технологиялық регламентпен немесе объект (цех) нұсқаулықтарымен көзделген мерзiмдерде жүргiзiледi.
354. Сорғыш құрылғылардың (шкафтар, сырлау, кептiру камералар), аппараттар мен құбыр өткiзгiштерiнiң құрылымы өрт қауiптi шөгiндiлердiң жиналуын болдырмайды және оларды өрт қауiпсiз әдiстермен тазарту мүмкiндiгiн қамтамасыз етiледi. Тазарту жұмыстары технологиялық регламенттерге сәйкес жүргiзiледi және журналда белгiленедi.
355. Технологиялық жабдықта, құбыр жолдарында және басқа да жерлерде статикалық электрден қорғау жүйелерiнiң ұшқын басқыштар, ұшқын ұстағыштар, от тоқтататын, отқа бөгет жасайтын, шаң мен металл ұстағыш және жарылысқа қарсы құрылғылары жұмыс жағдайында ұсталады.
356. Жабдықты, бұйымдар мен бөлшектердi жууға және майдан тазартуға жанбайтын техникалық жуу құралдары, сондай-ақ өрт жағынан қауiпсiз қондырғылар мен әдiстер қолданылады.
357. Құбыр жолдарында қатып қалған мұнай өнiмiн, мұзды, кристалл гидратты және басқа да тығындарды жылытуды ыстық сумен, бумен және басқа да қауiпсiз әдiстермен жүргiзiледi. Бұл мақсаттарда ашық отты қолдануға жол берiлмейдi.
358. Резервуарлардан (сыйымдылықтардан) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар үлгiлерiн алу және деңгейдi өлшеудi күндiзгi уақытта соққан кезде ұшқын шығуды болдырмайтын құралдармен жүргiзiледi. Аталған операцияларды найзағай жарқылдап тұрған кезде, сондай-ақ өнiмдi тартып ағызу және тартып шығару кезiнде орындауға болмайды.
Осындай сұйықтықтарды резервуарларға (сыйымдылықтарға) «құламалы ағыспен» жеткiзуге жол берiлмейдi. Резервуарды толтыру және босату жылдамдығы тыныс алу клапандарының (желдеткiш келтеқұбырларының) резервуарларында орнатылған жалпы өткiзу қабiлеттiлiгiнен аспауы тиiс.
359. Шаң жинайтын камералар мен циклондардың есiктерi мен люктерi оларды пайдалану кезiнде жабық күйде ұсталады. Камералар мен циклондардан жиналған жанғыш қалдықтарды уақытылы жойылады.
360. Өндiрiстiк ғимараттарды, кәсiпорынның аумақтарындағы қоймаларды тұру үшiн пайдалану, сондай-ақ өндiрiстiк шеберханалардың қоймаларында орналастыруға жол берiлмейдi.
361. Жаяу жүру тоннелдерi мен өту жолдарында қойма орнатуға, жабдықты, жанғыш және басқа да материалдарды сақтауға, жанғыш материалдардан жасалған стендтер мен плакаттарды iлуге, сондай-ақ күштiк кабельдердi, газ, қышқыл, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды тасымалдайтын құбыр жолдарын төсеуге жол берiлмейдi.
362. Цехтердегi өту жолдары мен өткелдердiң шектерi нақты белгiленедi.
363. Қоймалар мен өндiрiстiк үй-жайлар арқылы транзиттi электрлiк желiлер, сондай-ақ жанғыш газдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар мен жанғыш шаңдарды тасымалдауға арналған құбыр жолдары төселмейдi.
364. Жарылыс өрт қауiптi учаскелерде, цехтер мен үй-жайларда ұшқын шығармайтын материалдардан жасалған немесе тиiстi жарылыс қауiпсiз түрде орындалған құрал-саймандар қолданылады.
365. Жанғыш шаңдар, жоңқалар шығатын үй-жайлардың қабырғалары, төбесi, еденi, конструкциялары мен жабдығы жүйелi түрде тазартылып тұрады. Жинаудың жүйелiлiгi технологиялық регламенттермен немесе объектiлiк (цехтiк) нұсқаулармен (жазбаша) белгiленедi. Жинап тазарту шаңды құйындатуды және жарылыс қауiптi шаңды-ауалы қоспалардың пайда болуын болдыртпайтын тәсiлдермен жүргiзiледi.
366. Жұмыс орындарына тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газдарды жеткiзудi орталықтандырып жүзеге асыру керек. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды аз мөлшерде арнайы, қауiпсiз ыдыста жұмыс орнына жеткiзуге жол берiледi.
Ашық ыдысты қолдануға жол берiлмейдi. Цехтiк қойма үй-жайларына нормативтi түрде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, бояулар, лак, ерiткiштердi бiр мезгiлде сақтаудың барынша рұқсат берiлген мөлшерлерi белгiленедi. Жұмыс орындарында ауысым қажеттiлiгiнен аспайтын материалдар көлемiн ғана (пайдалануға дайын түрдегi) сақтауға болады.
367. Қабырғалар мен жабындардағы технологиялық ойықтар отқа бөгет жасайтын құрылғылармен қорғалады.
368. Жартылай өңделген өнiмдердi ыдыссыз тасымалдауға арналған шахталы көтергiштердiң жүктеу құрылғылары тек жүктеу кезiнде ғана ашылатын бекiтпелермен жабдықталады.
369. Өз бетiмен жабылатын өртке қарсы есiктерге арналған механизмдер жарамды күйде ұсталады. От бөгегiш құрылғылар жұмыс аяқталғаннан кейiн жабылады.
370. Жарылыстың алдын алу клапандарының қорғау мембраналары адсорберлер мен желiлерде жалпақтығы және материалы бойынша жобаға сәйкес қабылданады.
371. От тосқауылдағыштың, сондай-ақ мембрандық клапандардың жарамдылығы жүйелi түрде тексерiлiп, өрт өшiрушi саптамадан тазартылады. Тексеру мерзiмi бекiтiлген цех нұсқауында көрсетiледi.
372. Адсорберлер өздерiндегi активтi көмiрдiң өздiгiнен тұтанып кетуiне мүмкiншiлiк бермейтiн қалыпта болып, олар үнемi стандартты, көрсетiлген маркадағы активтi көмiрмен толтырылады.
373. Жанғыш сұйықтық қолданылатын гидро жүйелерде бактағы май дәрежесiне бақылау орнатылады және жүйедегi май қысымын төлқұжатта қарастырылғаннан арттыруға болмайды.
Гидро жүйеден май ағып жатқаны байқалса, дереу қалпына келтiрiлуi керек.
374. Ағаш аралайтын рамаларды, фрезер-аралағыш және басқа да станоктар мен агрегаттарды пайдалану кезiнде:
1) аралар қоршауларға тиiп тұрса;
2) тiстерi жетiспейтiн немесе түзу емес және iрi қабыршақты араларды пайдалануға;
3) салқындату мен майлау жүйесi зақымданған болса;
4) салқындату мен майлау жүйесi зақымданған немесе салқындату жүйесiндегi қысым кезiнде ағаш аралағыш рамаларды автоматты түрде тоқтатуды қамтамасыз ететiн қондырғысыз болса;
5) ара рамасы қисайса және сырғытпалар нашарланса және дұрыс жеткiзбесе;
6) мойынтiректiң қызуы 70 градустан асса, пайдалануға жол берiлмейдi.
375. Шикiзатты турау машинасына жiберетiн конвейерлер металл түсiп кеткен жағдайда дыбыстық белгi беретiн металл үгiткiштермен жабдықталады.
376. Турағыш машинаның май құйғышын тазалау кезiнде металл заттарды пайдалануға рұқсат берiлмейдi.
377. Өндеуге түсетiн технологиялық жоңқа, сондай-ақ преске кiрер жолға дейiнгi жоңқа жасайтын кiлем металл қаққыш арқылы өткiзiледi.
378. Ағаштан жоңқа жасайтын плиталарға арналған тегiстейтiн станоктар алдында берушi құралмен бекiтiлген және дабыл қаққышпен жабдықталған металл iздегiштер орнатылады.
379. Майдаланған ағаш бөлiктерiнiң шанақтары және қалыпталған машиналар аспирация жүйесiмен және олардың толғаны туралы хабарлайтын дабыл қағатын берiлгiштермен жабдықталады.
380. Ыстықтай нығыздау үшiн қыспақ үстiндегi бөлмеде плитаны қабыстыру кезiнде тозаң мен газдың шығуына жол бермейтiн сорғыш бұрғы жүк тиелген және жүктен босатылған үлдiрiктермен жабдықталуы қажет. Бұрғы құрылысы жұмысқа және қыспақты тазалауда қиындық туғызбайтындай етiп қарастырылады.
381. Барабанды кептiргiш пен құрғақ жаңқа шанақтары және аралар өрт сөндiру және жарылысқа қарсы құралдардың автоматты қондырғыларымен жабдықталады.
382. Шаң және жаңқа материалдарын тасымалдау жүйесi оттың жайылуын қақпайлайтын және өрттi жоюға арналған люктермен жабдықталады.
383. Аспирациялық және пневмокөлiктiк жүйелерден ағаш жаңқаларын және басқа да жарылу қаупi бар тозаңдарды жинауға арналған сыйымдылықтар жарамды күйдегi жарылысқа қарсы қондырғылармен қамтамасыз етiледi.
384. Плитаның термиялық өңдеу камералары тәулiгiне бiр рет бөлiнiп шыққан ұшпа шайырдан, ағаш жаңқалардан, шаңдардан, қалдықтардан тазартылып тұрады.
Ағаш жаңқалы плиталардың термиялық өңдеу камераларынан жарылыс қауiптi газдарды шығару үшiн созылмалы құбырдың шиберiн әр 15 минут сайын 2-3 минутқа (сұқпа шапқыш) ашуға арналған автоматты қондырғы қарастырылады.
Нығыздалмаған жұмсақ жиектi плиталарға термоөңдеу жүргiзуге рұқсат етiлмейдi.
385. Плиталар термо өңдеуден кейiн бунаққа төселер алдында өздiгiнен жанбас үшiн ашық буферлi алаңда қоршаған ауа температурасына дейiн суытылады.
386. Өңдеу камерасы мен май ванналарындағы (былау) температура автоматты түрде бақыланады.
387. Жағу газдарын пайдаланатын кептiру барабандары ұшқын ұстағышпен жабдықталады.
388. Ағаш қабатты пластиктердi нығыздағаннан кейiн технологиялық регламентте белгiленген уақыттан бұрын кесiп, бөлiктерге бөлуге рұқсат етiлмейдi.
389. Жұмыс соңында сiңдiру ванналары, сондай-ақ жанғыш сұйықтықтарды суытатын ванналар қақпақпен жабылады.
390. Сiңдiру ваннасы және жанғыш сұйықтықтары бар басқа да ванналар ғимараттан тыс жерде орналасқан жер асты сыйымдылықтарына құйылатын авариялық қондырғылармен жабдықталады.
Әр ваннаның жанғыш буларды тартып алатын жергiлiктi сорғыш қарастырылады.
391. Мерзiмдi қозғалысты кептiру камералары мен калориферлер әрбiр тиеу алдында өндiрiстiк қоқыстар мен шаңдардан тазартылады.
392. Ауа-бу және газ камераларының енгiзу және сору каналдары өрт болған кезде арнайы жабылатын қалқандармен (сұқпа жапқыштармен) жабдықталады.
393. Газ кептiру камералары желдеткiш тоқтап қалған жағдайда газдың жануын автоматты түрде тоқтататын жарамды қондырғылармен жабдықталады.
Газ кептiру камераларының алдында ұшқынның кептiру камераларына түсуiн қақпайлайтын ұшқын ұстағыш орнатылады.
Газ кептiру құрылғылары пештерiнiң көмейiнiң, ұшқын ұстағыш құрылғыларының техникалық жай-күйi үнемi тексерiледi. Пеш көмейiнiң үстiнде сызаты бар және жұмыс iстемейтiн ұшқын ұстағышы бар кептiру қондырғыларын пайдалануға жол берiлмейдi.
394. Сұйық және қатты отынмен жұмыс iстейтiн газ кептiру камераларының отын-газ құрылғысы күйеден айына екi реттен тазартылады.
395. Отынмен кептiру бөлiмi кептiру агентiнiң температурасын бақылауға арналған жарамды аспаптармен жинақталады.
396. Ағаш талшықты жұмсақ плиталарға арналған кептiргiш камералары ағаш қалдықтарынан күнiне бiр рет тазартылады.
Конвейер 10 минуттан артық тоқтаса, кептiру камерасын қыздыру тоқтатылады.
Кептiру камераларының камерада күю пайда болған кезде калориферлер желдеткiштерiн өшiретiн және тұрақты өрт сөндiру құралдарын қосатын жабдығы болады.
397. Шикiзаттарға, жартылай дайын өнiмдерге және сырланған дайын бұйымдарға арналған кептiру камералары (үй-жайлар, шкафтар) температура қалыпты мөлшерден көтерiлген кезде қыздыруды өшiретiн автоматпен жабдықталады.
398. Ағаштарды кептiру үшiн жоғары жиiлiктегi токпен қатарлап орналастырар алдында онда металдан жасалған заттың жоқ екендiгiне көз жеткiзiледi.
399. Кептiру камераларына адамдардың кiруiне және арнайы жұмыс киiмiн кептiруге рұқсат етiлмейдi.
2-тарау. Агломерациялық өндiрiс және металдандырылған шекемтастар өндiрiсi объектiлерiн ұстау тәртiбi
400. Сөндiрiлмеген әк отқа төзiмдiлiгi II дәрежеден төмен емес, еденi жердiң үстiңгi қабатынан кемiнде 0,5 метр көтерiлген арнайы үй-жайларда сақталады.
401. Металдандырылған шекемтастарды сақтау орындары ылғалдың түсуiнен сенiмдi қорғалады.
402. Сапа талаптарын қанағаттандыратын металдандырылған шекемтастар құрғақ инерттi газ беру жүйесiмен жабдықталған бункерден түсiрiледi. Бункердегi артық қысым кемiнде 200 Паскаль (су бағанының 20 миллиметр) болуы қажет.
403. Температурасы 1000С асатын шекемтастар арнайы қондырғымен алаңға лақтырылуы тиiс. Бұл ретте лентаға су беру ұсынылады.
404. Алаңға лақтырылған шекемтастар жүк тиеушiлердiң көмегiмен 0,5 метрден аспайтын қатпарда жиналады және су молынан құйылады.
405. Мыналарға:
1) сөндiрiлмеген әктi дымқыл үй-жайларда ылғалды және жанғыш материалдармен бiрге сақтауға;
2) суды пiскен әктi бөлу үшiн қолдануға;
3) температурасы 1000С асатын (бақылауды әкiмшiлiк жүзеге асырады) ыстық агломератты беруге;
4) тез жанатын (резинобитумдiк, синтетикалық) материалдардан жасалған көлiк ленталарын қолдануға;
5) дымқыл түйiртпектердi қоймаға тасымалдауға;
6) металдандырылған тозаңның көлiктiң галереясында, түйiртпектердi елеу, ұсақтау, тиеу және түсiру орындарда жиналып қалуына жол берiлмейдi.
3-тарау. Домна, болат балқытатын, электрмен болат балқытатын және ферроқорытпа өндiрiсi объектiлерiн ұстау тәртiбi
406. Домна, болат балқытатын пештердi, конвертерлердi, миксерлердi, шөмiштердi және балқытылған металдарға арналған басқа сыйымдылықтарды футерлеудiң жай-күйi мен ақаусыздығы тексерiледi.
407. Шойынды, шлакты шығару және болатты, ферроқорытпаларды құю кезiнде шөмiштердi, металл қалыптарды және суы немесе ылғал материалдары бар басқа сыйымдылықтарды пайдалануға жол берiлмейдi. Құю орындары технологиялық регламентте көзделмеген жанғыш материалдардан босатылады.
408. Құю машиналарын, бiр жерге жинаушы машиналарының кабиналарын басқару пульттерi, болатты үздiксiз құюды басқару бекеттерi және балқытылған металл мен шлакты шығаратын жерлерге тiкелей жақын орналасқан басқа да басқару пульттерi металл тормен қорғалған, жылу тартатын әйнекпен шыныланған және кемiнде екi шығу жолы бар жанбайтын материалдан жасалады.
409. Кабельдi туннельдерге, құю орнына тiкелей жақын орналасқан май жертөлелерiне, сондай-ақ балқытылған металдарды тасымалдау орындарына кiретiн жерлер балқытылған металдан биiктiгi кемiнде 300 миллиметр табалдырықтармен қорғалады.
410. Электр механизмдердiң, электр жабдықтардың және гидрожетектер қондырғыларының кабельдерi металды, шлакты құю орындарында және температурасы жоғары аймақтарда механикалық зақымданулардан, сәулелi жылудан, сондай-ақ оларға балқытылған металл мен шлактың шашырап кетуiнен қорғалады.
4-тарау. Домна өндiрiсi объектiлерiн ұстау тәртiбi
411. Колошников алаңы мен зерттеу жұмыстарына арналған алаң екi шығу жолымен қамтамасыз етiледi.
412. Конус аралық кеңiстiкке жарылыс қаупi бар қоспалардың пайда болуын болдырмайтын мөлшерде бу немесе инерттi газ берiледi.
413. Конус аралық кеңiстiкке бу немесе инерттi газды беру буды (инерттi газды) бермегенде тиеу механизмдерi жұмыс iстемейтiндей етiп тиеу қондырғысымен бұғатталады.
414. Домна пештерi қаптаманың температурасын пештiң барлық биiктiгi мен алаңына бақылау аспаптарымен жабдықталады. Тетiктердiң көрсеткiштерi аспаптармен пештi басқару пультында белгiленедi.
415. Өндiрiстiң материалдары мен қалдықтарын домна пештерiнiң iргетастарына жинауға жол берiлмейдi. Iргетастар жүйелi түрде қоқыстан тазаланады.
416. Күйiп кетпеуiн бақылау үшiн ауа фурмалары дабылды қондырғылармен жабдықталады. Күйiп кеткен фурмалық аспаптарда жұмыс iстеуге жол берiлмейдi.
417. Домна пештерiнiң сору станциялары электр жетектегiштерi бар резервтi сорғы, пештерге резервтi сору станцияларының жетектерiнiң электр энергиясын авариялық сөндiру кезiнде автоматты қосылатын электр жетектерi бар резервтi сорғылармен, пештерге резервтi құбырлармен, резервтi су қысымды мұнараларымен немесе автономды жетектерi бар резервтi сорғылармен жабдықталады.
Су қысымды мұнаралардың көлемi сорғыларды iске қосқанға дейiн немесе домна пештерiн тоқтатқанша домна пештерiн салқындатуды қамтамасыз етедi.
418. Күйiп кеткен тоңазытқыштары бар орындардағы пештердiң қаптамасын сыртынан сумен салқындатылады.
419. Домна пештерi мен қосалқы қондырғыларды салқындату жүйелерiнiң жай-күйi соңынан арнайы журналға тексерулердiң қорытындылары жазыла отырып, ай сайын тексерiледi.
420. Бункердiң жоғарғы бөлiгiнiң тас көмiр тозаңы отынының температурасы өздiгiнен жазатын және бункерде өздiгiнен жану кезiнде дыбыстық және жарық сигналдарын беретiн бақылау-өлшеу аспаптарымен бақыланады.
421. Тозаң өткiзгiштердiң құрылымында және тас көмiр тозаңы аэроқоспа қозғалысының жылдамдығында тозаңның жиналып қалу мүмкiндiгiн болмайды. Тозаң өткiзгiштер жүйесi қондырғылары герметикаланған күйде ұсталады.
422. Аппаратурада реттейтiн арматура кесiлiп және iлiнiп ақаулы болғанда және бақылау-өлшеу аспаптары ақаулы болған кезде тозаңы көрiнетiн отынды және мазутты домна пешiне үрлеуге жол берiлмейдi.
423. Пештiң жұмыс алаңында тас көмiр тозаңы аэроқоспасының және мазуттың коллекторларының орналасуына, сондай-ақ бекiтiлетiн және реттейтiн арматураны фурмаларға, омарта тесiгiне және омарта тесiктерiнiң артына орнатуға жол берiлмейдi.
424. Құятын алаңдардың шатыры мен қалқалары жүйелi түрде шаңнан тазартылады.
425. Локомотивтердi шаң ұстағыштардың астында және тозаңды жою кезiнде жақын тоқтатуға жол берiлмейдi.
5-тарау. Болат балқыту өндiрiсi объектiлерiн ұстау тәртiбi
426. Мартенов пешi ваннасының жай-күйiн үнемi қадағалау жүргiзiледi. Металдың тесiлiп қалуының белгiлерi байқалған жағдайда оның ағып кетуiнiң алдын алу бойынша шаралар қабылданады.
427. Балқытылған металл және шлактың түсуi мүмкiн орындарда жабдықтың кез келген түрiн сақтауға және материалдарды (оның iшiнде жанғыш) жинауға жол берiлмейдi.
428. Мазуты бар шығыс бактарды пештердiң астына қоюға жол берiлмейдi, бактар пештерден кемiнде 5 метр қашықтықта орналасады және арнайы жылылықты өткiзбейтiн экрандармен қорғалады.
429. Өрт болған жағдайда мазутты түсiру үшiн шығыс бактар авариялық сыйымдылықтары бар жабық түсiру және құю құбырларымен бiрiктiрiледi.
430. Мазут өткiзгiштi цехқа енгiзгенде қызмет көрсету үшiн қолайлы орынға сөндiретiн ысырма орнатылады.
431. Гидравликалық жетегi бар конвертердiң айналу механизмдерiн қолдануға жол берiлмейдi.
432. Салқындатқышта конвертерлiк газдар шығып тұрған кезде конвертердiң жұмыс iстеуiне жол берiлмейдi. Балқытылған металы бар конвертердiң қаптамасындағы қызған жерлердi сумен салқындатуға жол берiлмейдi.
433. Құрғатуға болат балқытқыш пештердi, конвертерлердi, миксерлердi қойған кезде газды тұтату үшiн тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдалануға жол берiлмейдi.
434. Кристаллизаторы ақаулы дайын өнiмдердi үздiксiз құю машинасында және құю технологиясы бұзылған кезде болатты құюға жол берiлмейдi.
435. Өрт, жарылыс қаупi бар материалдар мен қоспаларды сақтау, дайындау және жасау орындарында олардың негiзiнде ашық отты қолдануға жол берiлмейдi.
436. Жарылыс қаупi бар материалдарды құрғақ ұнтақтау қорғалған атмосферада ұнтақты құралдарды автоматты тоқтаған және оттегiнiң ең аз жарылыс қауiптiлiгiн ұстаудың 50% тең жұмыс концентрациясына жеткен кезде жүргiзiледi.
Жарылыс қаупi бар аэроөлшемдердiң пайда болуын болдырмас үшiн өрт жарылыс қаупi бар материалдардың негiзiнде қоспаны дайындау флегматизацияны немесе қорғалған ортаны пайдалана отырып, жүзеге асырылады.
437. Алюминий-магний, алюминий-барий және алюминий ұнтақтарын селитрмен, қышқылдармен, сiлтiлермен және басқа тотықтырғыштармен, сондай-ақ жанғыш материалдармен бiрге тасымалдауға және сақтауға жол берiлмейдi.
438. Өрт, жарылыс қаупi бар ұнтақтарды сұйық металға үрлеу жанғыш ұнтақтардың газ өткiзгiштерге түсуiн болдырмайтын жағдайларда ғана жүргiзiледi.
439. Бункердi тез тұтанатын шихта материалдармен шихта крандардың троллеяларының астына орналастыруға жол берiлмейдi.
440. Металл қалыптарды майлау олар қолданылатын майлау материалының тұтану температурасынан төмен температураға дейiн салқындағанынан кейiн ғана жүргiзiледi.
6-тарау. Электрмен болат балқытатын және ферроқорытпа өндiрiсi объектiлерiн ұстау тәртiбi
441. Тозаңды тазалаудың мерзiмдiлiгi кәсiпорынның нұсқаулығымен регламенттеледi. Қысқа желiнiң ток өткiзгiштерде тозаңның жиналып қалуына жол берiлмейдi.
442. Пеш трансформаторларын пайдалану кезiне трансформаторлар артық қызып кеткен және оны оқшаулағыш тез тоған жағдайда өрттердiң алдын алу үшiн:
1) температуралық және салмақтық режим, кернеу деңгейi сақталады;
2) салқындату, кернеудi, майды қорғауды реттеу қондырғылары ақаусыз күйде ұсталады.
443. Пеш трансформаторлары өрт сөндiру құралдарымен және трансформаторда майдың толық көлемдiлiгiне есептелiнген авариялық май қабылдағыштармен қамтамасыз етiледi.
444. Трансформаторларды кептiру негiзгi үй-жайдан (камерадан) арнайы бөлiнген, бөлек сыртқа шығатын есiгi бар үй-жайларда жүргiзiледi.
445. Индукциялы және доғалы вакуум пештер, сондай-ақ электронды-сәулелiк пештердiң қорытпа камералары жарылыстан сақтандыратын қақпақшалармен жабдықталады.
Сақтандырғыш қақпақшалардың құрылымы олардың қауiпсiз және сенiмдi жұмысы қамтамасыз етiледi.
446. Ауаны тез тұтанатын конденсаты бар вакуумды камераларға оларды тексеру, жөндеу, шаңынан тазалау мақсатымен берудiң тәртiбi зауыттық нұсқаулықтармен регламенттеледi.
447. Тез тұтанатын конденсатты қорытпа камералардың қабырғасынан алып тастау қауiпсiз тәсiлмен жүргiзiледi.
Тез тұтанатын конденсатты толық алып тастамайынша қызмет етушi тұлғалардың вакуумды камераның iшiне жөндеу жұмыстарын жүргiзу, камераны тексеру мақсатымен кiруiне жол берiлмейдi.
448. Газ бен тозаңның тұтануын, жарылысын болдырмайтын қондырғылармен жабдықталмаған электр болат қорытпа және кендi қалпына келтiру пештерiнен газ тозаңын бұру жүйелерiн пайдалануға жол берiлмейдi.
449. Сұйық алюминийдi тозаңдату бункерлерi, камералары озаңға айналдыру процесiнде ыстық ұнтақтың конвейерлiк лентаға түсуiн болдырмайтын қақпақтармен жабдықталады.
450. Жабдық жұмыс iстеп тұрған кезде алюминий ұн ағын өндiретiн үй-жайларда ұшқынның пайда болу мүмкiндiгiн болдырмайды. Аталған үй-жайлардағы едендер ұру, үйкелеу кезiнде ұшқын тудырмайтын материалдардан жасалады.
451. Алюминий ұнтағымен жұмыс iстеу кезiнде ұшқын тудырмайтын түстi металдардан немесе ағаштан жасалған құралдар мен ыдыстар қолданылады.
452. Алюминий ұнтағының қышқылдануын, өздiгiнен жануын және жарылуын болдырмас үшiн оны өндiру және сақтау орындарда ылғал мен дымқылдың болуына жол берiлмейдi.
453. Алюминийден, магнийден және олардың негiзiндегi қорытпалардан жасалған ұнтақтар мен опаларды өндiруге арналған үй-жайларда жертөлелердi, жертөле арналары мен ойықтарды орнатуға жол берiлмейдi.
454. Жанғыш ұнтақтар мен пудраларды өндiруге арналған үй-жайлардың технологиялық жабдықтары, сондай-ақ құбырлары статистикалық электрден қорғалады.
455. Алюминий-барий және алюминий ұнтақтарын силитрамен, қышқылдармен, сiлтiлермен және басқа тотықтырғыштар және жанғыш заттармен бiрге сақтауға және тасымалдауға жол берiлмейдi.
456. Тез тұтанатын материалдар немесе тез жануға бейiм материалдар (магний жоңқасы және магний қорытпалары, селитра, бертолет тұзы, термит қоспасы) металл термиялық цехтердiң балқыту корпустарында арнайы бөлiнген орындарда екi тәулiктiк қажеттiлiкте аспайтын мөлшерде жабық металл ыдыста (банкаларда, бочкаларда) сақталады. Кәсiпорында осы материалдарды ұзақ сақтау бөлек қоймаларда ұйымдастырылады.
457. Шығарындысы бар балқытылған металл және шлакты қорытуға беруге жол берiлмейдi. Шығарып тастаған жағдайда қорытпаның қызған өнiмдерiнiң түсу аймағын шектеу бойынша шаралар қабылдау қажет. Осы аймақта материалдарды сақтауға жол берiлмейдi.
458. Тозаңы пирофорлық қасиеттерге ие және асылып тұрған күйде жарылыс қауiптi және өрт қауiптi болып табылатын ферроқорытпаларды ұсақтау кезiнде ұсақтау агрегаттарынан тозаңды жою бойынша, сондай-ақ одан агрегаттар мен аспирациялық қондырғыларды уақытында және жүйелi тазалау бойынша шаралар қабылданады.
459. Инерттi газ ортасын немесе инерттi қоспаларды қолданбай жарылыс қаупi бар ферроқорытпаларды ұнтақтауға жол берiлмейдi. Жарылыс қаупi бар ұнтақтарды пайдаланатын технологиялық үдерiстерде (ұнтақтау, тасымалдау) жылу, ұшқындау немесе механикалық әсер ету нәтижесiнде жарылыстың пайда болуын болдырмайтын жабдық қолданылады.
460. Сумен өзара әрекеттесуi кезiнде жарылыс қаупi бар газдарды бөлiп шығаратын силикокальций, ферросилиций және басқа жанғыш қатты материалдарды газдардың шығуы үшiн жоғарғы қақпағында тесiгi бар құрғақ және таза темiр барабандарға салу қажет. Осы тесiктер дымқылдың түсуiнен қорғалады.
461. Құбыр жүргiзу көлiгiнiң қысылған ауа күшiмен жұмыс iстейтiн және басқа түрлерiмен ұнтақталған жарылыс қаупi бар компоненттердi тасымалдауды инерттi газдар ортасында жүргiзiледi.
462. Өздiгiнен жанатын материалдарды сақтауға арналған бункерлер жұмысы өрт сөндiру құралдарын iсе қосуымен одақтасқан, осы материалдардың температурасын бақылауға арналған қондырғылармен жабдықталады.
463. Сумен өзара әрекеттесуi кезiнде жарылыс қаупi бар газдарды бөлуге бейiм дымқыл ферроқорытпаларды ұнтақтауға, сондай-ақ осындай ферроқорытпалардың дымқыл ұнтақтарын тасымалдауға және сақтауға жол берiлмейдi.
464. Тозаң тұндыратын камералар және жең сүзгiлерi мерзiмдi түрде тозаңнан тазартылады. Олардың толып кетуiне жол берiлмейдi.
465. Бункерлер үй-жайларының, конвейерлiк галереялардың және басқа үй-жайлардың едендерi мен жабдықтарынан жанғыш тозаңды тазалау ай сайын, ал қабырғалардан, төбелер мен металл құрылымдарынан – аптасына бiр рет жүргiзiледi.
466. Технологиялық процестiң және жабдықты пайдаланудың регламенттелген режимдерiнiң бұзылуы нәтижесiнде өндiрiстiк үй-жайларға шаң бөлiнудiң мөлшерi артқан кезде шаңды тазалауды бас инженер бекiткен арнайы кесте бойынша жүргiзiледi.
467. Шаңның өндiрiстiк тазаланғаны туралы арнайы журналға жазылады.
468. Жанағыш ұнтақтар мен пудраларды өндiрудiң қалдықтарын үйiп шығаруға жол берiлмейдi. Оларды өндiрiсте пайдалануға немесе арнайы оқшауланған орындарда өртеп жiберуге болады.
469. Моношихтаны дайындау үшiн дымқыл, май, эмульсия және басқа органикалық заттарды ұстайтын материалдарды, сондай-ақ титан жоңқаларын пайдалануға жол берiлмейдi.
Достарыңызбен бөлісу: |