Электрлік және магниттік өрістер
Электромагиттік өрістер әсері қазіргі кезде өндірістерде, медицинада және ғылымның әр саласында кеңінен қолданылып жүр.
Өте жоғары жиіліктегі электромагниттік өрістер радиобайланыста, радиолокацияда, теледидарда, физиоемдерде және әр түрлі ғылыми мақсатта қолданылады.
Ультра жоғары жиіліктегі сәулелену радиобайланыста, физиоемде жиі қолданылады. Жоғары жиіліктегі сәулелену темірді термиялық өңдеуден өткізген кезде, диэлектриктерді жоғары жиіліктегі электр өрісімен қыздыру кезінде ( ағаш кептіру, пластмасты қыздыру және оларды дәнекерлеу кезінде) қолданылады.
Электромагниттік өрістің жоғары жиілігімен және ультражоғары жиілігімен сәулелену жұмыс орнында экрандалмаған элементтердің генераторлық сәулелену кезінде (тербейтін құрылымдар, жоғары жиіліктегі трансформаторлар, тасымалдау желісі және т.б.). Генераторлардың экрандалмаған блоктары (магнетрондар, радиошамдар) және антенналар жоғары жиіліктегі сәулелену өрісінің негізгі көзі болып табылады.
Жоғары жиіліктегі электромагниттік өрістің ұзақ әсерінен адам ағзасында орталық жүйке жүйесінде және жүрек – қан тамыр жүйесінде функционалды өзгерістер байқалады: жүректің соғуы нашарлайды, қан қысымы төмендейді, зат алмасу процестері бұзылады. Клиникалық және эксперименталды бақылаулардың нәтижесінде сәулелену қарқындылығының шектеулі рұқсат етілген деңгейі белгіленген. Электромагниттік өрістің жоғары жиіліктегі мөлшері – 20 В/м, ал ультражоғары жиіліктегі сәулелену мөлшері – 5 В/м.
Электромагниттік өрістермен сәулеленудің адам ағзасына теріс әсерінің алдын алу мыналармен анықталады:
-
барлық өріс көздерін максималды түрде темір қаптамалармен немесе майда темір тормен толық бөлектеу;
-
физиоем бөлмелерінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлерін сәулеленуден қорғау үшін сәуле бөліп шығаратын аппараттарды экрандайтын кабиналарға орнату, жұмыс кезінде жылжымалы және стационарлы экрандар қолдану, аппараттарды алыстан басқару;
-
сәулеленуден қорғау үшін темірленген матадан тігілген қорғағыш костюмдер кию керек;
-
темір торлардан дайындалған шлемдер қолдану;
-
жартылай маска тәріздес майда жез тордан дайындалған арнайы қорғағыш көзілдіріктер қолдану;
-
жұмыс бөлмелерінде электромагниттік өріс деңгейін үнемі анықтау және жұмысшылардың қауіпті аймаққа жоламауын қамтамасыз ету;
-
жұмысты ұйымдастыру кезінде электромагниттік өрістің жоғары мөлшері бар жерлерде жұмыс уақытын шектеу;
-
ондай жерлерде жұмыс жасайтындарға үнемі алдын ала және мерзімдік медициналық тексерудің жүргізіліп тұруы.
12. Ионды сәулелену
Ионды сәулелену өндірістік ортаның аса қауіпті факторларының бірі болып саналады, өйткені олар көзге көрінбейді, сезім мүшелерімен анықтау мүмкін емес, адамға қауіпті мөлшерінің әсері кезінде де адам ауырғанды сезбейді, сәулелері бөлмелердің қабырғаларынан және басқа да экрандардан өтіп кетеді.
Ионды сәулелену көздері қазіргі кезде медицинада (рентгендиагностикалауда, радиотерапияда), ғылымда және халықшаруашылығында кеңінен қолданылады.
Иондаушы сәулелермен жұмыс жасау кезінде және қоршаған ортаны радионуклидтерден қорғау бойынша нормалаудың негізгі құжаты
«Радиациялық қауіпсіздік нормасы » болып саналады.
Иондаушы сәулелену көздерінің екі түрі болады: ашық және жабық.
Жабығына мыналар жатады: рентген аппараттар, гамма- сәулелері, бетатрон және т.б. Бұлардың әсерінен қоршаған орта радионуклидтермен ластанбайды. Ал сәулеленудің ашық түрінде қоршаған орта радионуклидтермен ластанады.
Иондаушы сәулелердің әр түрлі қасиеті көрсетілген.
Иондаушы сәулелердің дозасы дегеніміз сәулелену арқылы берілген қарапайым энергия мөлшері немесе денеге берілген сәуле массасы.
Сәулелену дозасының мынандай түрлері болады: экспозиционды, сіңірілген, эквивалентті.
Табиғи радиобелсенділік
Табиғи радиобелсенділік космостық сәулелерден және тау жыныстарында болатын радионуклидтердің сәулелерінен пайда болады, олар адам ағзасына топырақ, су, өсімдіктер және ауа арқылы өтіп, радиоактивті заттар жұмсақ ұлпаларда және сүйектерде (радий, полоний және т.б.) жиналып, адамдарда ішкі сәулеленуін туындатады. Мұндай сәулеленуді фонды сәулелену дейді. Ол адам ағзасында антирадикалды заттардың түзілуіне әсер етеді. Адамдарда мутациялық өзгерістер туындатады, сондықтан адам ағзасына теріс әсер ететін фактор болып саналады.
Жер шарының кейбір жерлерінде радионуклидтер мөлшерінің көп екені анықталған, әсіресе таулы жерлерде, ол жерлерде сәулелену жылына 1-2 бэр - ге дейін жетеді. Зерттеулер көрсеткендей бұл доза жергілікті жердің адамдарының денсаулығына теріс әсер етпейтінін көрсетеді.
Қазіргі кезде үлкен қалалардың тұрғындарына және өндірістік аймақтарда тұратын тұрғындарға тұрмыстық ионды сәулеленудің жаратылысы антропогенді сәулелену әсер етіп жүр. Оған рентгендиагностикалық процедуралар, гранитті ғимараттардан және құрылыс материалдарынан пайда болатын сәулелер, тұрмыстық құралдар, атомдық өндірістердің радиоактивті шығындылары, құрамында радионуклидтердің аз мөлшері бар атомдық электрстансалардың шығындылары, қазандықтардан және басқа да өндірістерден шығатын шығындылар жатады. Осыған байланысты көптеген үлкен қалаларда фонды сәулелену жылына 0,2 - 0,3 бэр - ге дейін жетеді.
Сәулеленудің рұқсат етілген деңгейі
Адамдарда жедел сәулелену ауруы сәулелену мөлшері 100 бэр- ден көп боған кезде пайда болады. Ұзақ уақыт ішкі және сыртқы сәулелену аз мөлшерде, бірақ рұқсат етілген мөлшерден көп сәулеленудің қайталанып әсер етуінен созылмалы сәулелену ауруы туындауы мүмкін. Ионды сәулелер шығаратын аппараттармен жұмыс жасайтын адамдардың сәулеленуі ауыспалы кезеңдегі деңгейінен әлдеқайда төмен болады. Иондаушы сәулелер сәулелену ауруынан басқа алыс салдарымен, яғни сәулеленуден кейін біраз уақыт өткеннен кейін пайда болатын аурулармен ерекшеленеді. Оған лейкоз, әр түрлі ісік аурулары, генетикалық мүкістік (кеміс балалардың туылыуы) және т.б. жатады. Радиациялық қорғау бойынша Дүниежүзілік комитет адамдардың көп шоғырланған жерлерінде антропогендік сәулеленудің аз болуына жағдай жасау керектігін ұсынады. Сәулелену деңгейін нормалау адамдарды екі санатқа бөліп жүргізіледі: А санаты, сәулелену аппараттарымен жұмыс жасайтын жұмысшылар, олар үшін сәулеленудің шектеулі рұқсат етілген дозасы (ШРЕД) қойылады, ал Б – адамдардың белгілі тобына: сәулелену болатын жерде тұратындар немесе жұмысы сәулелену көздеріне жақын орналасқандар. Бұлар үшін шектеулі доза ( ШД ) анықталады. Норматив қойған кезде сәулеленетін мүшенің радиосезімталдығы да ескеріледі.
Біздің елімізде жоғарыда айтылғандардан басқа адамдарды антропогендік ионды сәулелену көзінің фонды сәулелену дозасын төмендету мақсатында көптеген шаралар жүргізіледі:
-
Адамдарға рентгендиагностикалық жүктеме мөлшерін төмендету, оны жаңа аппаратуралар және жаңа әдістер қолдану арқылы іске асыруға болады.
-
Қоршаған ортаны атомдық өнеркәсіптердің радиоактивті шығындыларымен ластанудан қорғау. Ядролық қаруды жер астында және жер бетінде жарып тексеруді жою.
Ионды сәулелену көзімен жұмыс жасағанда адамға үш түрлі әсер етуі мүмкін: бүкіл дененің немесе оның бір бөлігінің сыртқы сәулеленуі
( рентген сәулесімен, γ – сәулесімен, нейтрондармен және т.б.), ішкі сәулелену радиоактивті заттардың ашық сәлелену көздерінен адам ағзасына түскен кезде болады және сәулеленудің аралас түрі. Радиоактивті заттар адам ағзасына жеген тамақ арқылы, газ, бу, аэрозоль және сұйық түрінде тыныс алу жолдары, асқорыту жолдары арқылы және тері арқылы түсуі мүмкін. Сәулелену тығыздығының көптігіне байланысты ағазаға γ – сәулесінің түсуі өте қауіпті.
Ионды сәулелену көздерінің жабық түрімен жұмыс кезінде қорғанудың негізгі принципіне мөлшермен, уақытпен, ара қашықтықпен және экрандаумен қорғану жатады. Мөлшермен қорғану дегеніміз қарқыны аз сәуле шығаратын аппараттармен жұмыс жасау. Уақытпен қорғану дегеніміз жұмыс уақытын қысқарту арқылы және бір ауысымда орындалатын жұмыс мөлшерін азайту арқылы сәулеленуді азайту. Жұмысты дұрыс ұйымдастыру және әр түрлі жұмыс түрін орындауда жаңа әдістер қолдану, жұмысшылардың біліктілігін жоғарылату және жаттықтыру арқылы сәулелену уақытын азайту. Арақашықтықпен қорғану дегеніміз сәулелену қарқындылығы сәулелену көзі мен жұмыс орнының арақашықытығына тура пропорционалды болып саналады. Сондықтан қазіргі кезде қолданылатын қондырығыларды, құрал- жабдықтарды жылжыту үшін ұстайтын жерлері ұзартылған жылжыту аппараттары, радиоактивті контейнерлерді жылжыту үшін ұстайтын жерлері ұзын арбалар, дистанционды басқару пульттері, қорғағыш экрандар кеңінен қолданылады. Экран құрамындағы заттар ионды сәулелердің мөлшерін азайтады, сондықтан сәулелену түріне байланысты экрандар әр түрлі материалдардан дайындалады. Экранның қалыңдығы сәулелену қуаттылығына байланысты болады. Рентген және γ – сәулесінен қорғануда үлкен атомдық массасы бар химиялық элементтерден дайындалған экрандар ең тиімді болып саналады. Қорғағыш қасиеті жақсы қорғасын болып саналады. Қорғасыннан дайындалған экранның қалыңдығы 1мм болса жеткілікті. Егер экран мырыштан дайындалған болса, оның қалыңдығы 12 см – ден кем болмау керек. Баритобетоннан дайындалған экран қалыңдығы – 14 см, бетоннан - 80 см, кірпіштен 80 - 110 см –ден кем болмауы керек.
β – сәулеленуден қорғану үшін органикалық шыны, алюминий, ал нейтронды сәулеленуден қорғану үшін құрамында сутек атомдарының көп мөлшері бар заттар: су, парафин, бетон қолданылады.
Ионды сәулеленудің ашық көздерімен жұмыс істеген кезде қорғану үшін жоғарыда айтылғандардан басқа қосымша қорғау шараларының кешені орындалу керек, оны жиі «радиационды асептика» деп те атайды. Оның маңызы қоршаған ортаны және адам ағзасын радиоактивті заттармен ластанудан қорғау. Осы мақсатта жұмыс процесін ең жоғары шамада герметизациялайды, жұмысты сорғыш шкафтың ішінде немесе толығымен жекешеленген қорғағыш бокста жүргізеді. Бөлмені жүйелі түрде жобалап, бөлмені әр түрлі дәрежедегі ластану аймақтарына бөледі де, қажет жағдайда оларды бір - бірінен бөліп тастайды, жергілікті және жалпы ауа алмасу жүйелері орнатылу керек. Бөлмелердің аралары және жұмыс орындары радионуклидтерді бойына жинамайтын және одан оңай тазаланатын материалдармен (таттанбайтын болат, шыны, пластиктер – полиэтилен, поливинилхлорид және т.б.) қаптайды.
Жұмыс істейтіндер жеке қорғаныс заттарын қолдану керек: халаттар, комбинезондар, қолғаптар, резеңке қолғаптар, арнайы аяқ киімдер, қорғағыш көзілдіріктер. Егер қоршаған орта ауасы радиоактивті аэрозольдармен ластану қаупі болса, әр түрлі респираторлар: сүзетін ФПП 15-1,5 матадан жасалған, аэрозольдардың барлық мөлшерін, майда дисперсті аэрозольдарды да ұстайтын «Лепесток» қолданылады.
Егер жұмыс орнының ауасына радионуклидтер газ түрінде түсетін болса, жұмысты скафандр тәріздес оқшаулайтын пневмокостюмде жүргізу керек. Ол костюмге құбыршектің көмегімен таза атмосфералық ауа беріліп тұрады. Жұмысшылар қауіпсіз жұмыс шараларын білу керек және оны орындау керек. Сонымен қоса жеке бас гигиенасын және жұмыс соңында киімді санитарлық өңдеуден өткізу әдісін білу керек.
Ашық сәулелену көзімен жұмыс істеген кезде радиоактивті қалдық суларды жинау және оны жою, қатты және сұйық белсенділігі жоғары қалдықтарды жою мәселелері жүйелі шешілу керек.
Жоғарыда айтылғандардан басқа медициналық - санитарлық шаралар кешені іске асырылу керек. Оған санитарлық - дозиметрлік қадағалау, ол партотивті дозиметр көмегімен жұмыс орнының, ауаның радиоактвті заттармен ластану дәрежесін және жұмыс орнында экспозиционды дозаның қуаттылығын анықтайды, ал жеке дозиметр көмегімен тәуліктік және апталық сәулелену дозасын анықтауға болады. Жұмыс жағдайына баға беру үшін алынған қорытыныларды гигиеналық нормативтермен салыстырады. Жұмыс орнының ластануы ά – активті нуклидтармен жұмыс істеген кезде 20 бөлік/ см.кв мин, ал қатты қауіпті емес β – активті нуклидтар – 2000, ал арнайы киімдердегі сәулелену 20 және 800, адам жұмыс істеп жатқан кезде терісінде 1 және 100, ал жұмыс соңында санитарлық өңдеуден кейін 10 есе аз болу керек.
Ионды сәулелену аппарттарымен 18 жасқа толмаған адамдарға жұмыс істеуге тыйым салынады. Аяғы ауыр әйелдерге, бала емізетін әйелдерге ашық сәулелену көздерімен жұмыс істеуге тыйым салынады. Адамдарды жұмысқа қабылдар алдын медициналық тексеруден міндетті түрде өткізу керек, тексеру кезінде міндетті түрде қанына клиникалық зерттеу жүргізу керек.
Иондаушы сәулелену көзі бар жұмыстарға қан ауыруымен ауыратындар, екіншілік қаназдық ауруымен ауыратындар, жүйке жүйесі органикалық зақымданған, менструальді - овариалды циклі бұзылған әйелдерді жұмысқа қабылдауға тыйым салынады. Жұмысқа үйрету өтіп, радиациондық қауіпсіздік техникасын және жеке бас гигиенасын меңгергені бойынша емтихан тапсырған адамдар қабылданады. Мерзімдік медициналық тексерулер жылына бір рет жүргізіліп тұрады. Әр жұмысшыға жеке медициналық карта ашылады, ол жерге дозиметрлік қадағалау және медициналық тексеру қорытындылары жазылып тұрады.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 минут (35%)
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 минут (10%)
13. Сабақты қорытындылау: 2 минут (2%)
- оқушылардың білім деңгейін бағалау
- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау
14. Үйге тапсырма беру: 2 минут (2%)
9- тақрып
1. Сабақтың тақырыбы: Денсаулық топтарын анықтау. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық топтары. Дене шынықтыру. Әр түрлі жастағы балалардың анатомо- физиологиялық ерекшеліктері.
2. Сағат саны: 2 сағат
3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ
4. Сабақтың мақсаты:
- оқыту: оқушыларға атмосфералық ауа гигенасы пәнінің мақсатын міндетін оқыту және үйрету
- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау
- дамыту: білім берудің жаңа әдістерін қолдану және оқытудың тәжрибелік дағдыларын дамыту
5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы
- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары
- оқыту орыны: оқу бөлмесі
7. Әдебиеттер:
негізгі
1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009
3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.
3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер
гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.
4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы
государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-
Вашингтон, 2000 ж.
5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.
қосымша
1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»
2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.
3. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық
негіздері», Алматы, 2002 ж.
4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.
5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,
Алматы, 1999 ж.
6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам
санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990
8. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру 5 минут
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру 5 минут
Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау 10 минут
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру
10. Жаңа сабақты түсіндіру:
Сұрау арқылы білімін тексеру. 15 минут
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 минут (35%)
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 минут (10%)
13. Сабақты қорытындылау: 2 минут (2%)
- оқушылардың білім деңгейін бағалау
- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау
14. Үйге тапсырма беру: 2 минут (2%)
Достарыңызбен бөлісу: |