ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк


Балалар әдебиетінің басты ерекшеліктерін Ш.Ахметов былайша санамалап көрсеткен болатын. Біріншіден



бет3/24
Дата27.12.2023
өлшемі383.21 Kb.
#488165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
дәрістер БӘ

3.Балалар әдебиетінің басты ерекшеліктерін Ш.Ахметов былайша санамалап көрсеткен болатын.
Біріншіден, балалар психологиясын зерттеу жасағанда, олардың ойлау, түсіну қабілеті суреттеліп отырған оқиғаның, көркем образдың нақтылығын, дәлдігін өз өмірінің айналасынан алуды қажет етеді.
Екіншіден, әңгімеленіп отырған оқиғаның барысында лиризм болуы шарт. Баланың ішкі дүниесіне, ой-санасына бірден әсер ететін күшті де мағыналы бейнелер алынуы керек. Балаларды өмірдің жақсы болашағына қанаттандырып, шарықтатып отыру шарт.
Үшіншіден, балалар әдебиетінде оқиған және адам характерін суреттеу әдістерінің динамикасы ерекше болады. Психологияның дәлелдеуіне қарағанда, балалар алдымен оқиғаның туып отыруына, бұлардың тез өзгеруіне, шешіміне, кейіпкерлер мінезінің әр жақты дамуына қызығады. Одан соң шыққан себептерін іздестіре бастайды.
Төртіншіден, балалар жаратылыстың көркем көріністерін, пейзажды шебер суреттеуді ұнатады, оған сүйсініп қарайды, соны өз айналасынан іздейді. Көркем әдебиеттегі жаратылыс суреттері олардың байқағыштық, талғампаздық қабілетін арттыра түседі. Пейзаждық сурет – эстетикалық тәрбиенің бір көрінісі.
Ал көркемдікке тәрбиелеу – баланың ақыл-есінің тез жетіліп, тез дамуына көмектесіп отырады.
Эстетикалық тәрбие көркем өнердің барлық салаларында ұлы шеберлер жасаған аса құнды мұраларды балалардың терең түсінуін, сол шығармалардан рухани ләззат алуын көздейді.
Бесіншіден, балалар әдебиеті шығармаларының мазмұны, идеясы олардың белсенділігін арттырып, өз өмірінің жарқын болашағын тануға себепкер болуға тиісті. Оларды еңбекке, ғылымға, әр қилы мамандыққа еліктіріп, үлкен істерді орындауға дайындай білуі, оған әуестендіру қажет.
Алтыншыдан, өзінің «Әдебиет туралы» атты еңбегінде: «сөз әдебиеттің негізгі материалы болып табылады. Біздің барлық әсерімізді, сезімімізді, ойымызды көркем түрге келтіретін – сол» деген болатын М.Горький. Әсіресе, балалар әдебиетіне қойылатын талап та дәл осындай. Балалар әдебиетінің тілі ойнақы, жеңіл әрі көркем, қысқа да мейлінше түсінікті, айқын да дәл, әрі әсерлі болуға тиісті. Балалар әдебиетінің тілі олардың сөздік қорын байытуға жәрдемдесетін бірден-бір құрал.
Қорыта айтқанда, балалар әдебиеті – жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл-есін дамытатын, оларды адамгершілікке тәрбиелейтін өмір оқулығы. Оның мақсаты – мектеп жасына дейінгі үш жасар баладан бастап, он жеті жасқа дейінгі оқушыларға әдеби тілде жазылған жоғары идеялы, қызықты шығармалар беру. Осының барлығы жас буынды саналы өмір сүруге талпынтады. Оның келешегіне жол ашып, бағыт сілтейді.
Қазақ халқының әдебиеті ешбір халықтың әдебиетінен өзінің бай мазмұнымен, жанрлық әркелкілігімен, поэтикалық қуатымен салыстырғанда кем емес екені белгілі. Қазақ балалар әдебиеті өзі жеке пән ретінде дамуының баспалдағы да оңай болған жоқ. Бірқатар ғалымдарымыз бен әдебиет зерттеушілеріміз қазақта А. Гайдар сияқты балалар әдебиетінің ұлы тұлғалы дербес өкілдері болмаған соң балалар әдебиеті жоқ деп те келді. Қазақ балалар әдебиетін тек Ыбырай Алтынсариннен бастау қажет деген пікірлердің болғаны да анық. Ол жалпы әдебиеттік мұрадан дараланып бөлінбеген, сонымен бірге жасасып келе жатқан жалпы мұра деп айтушылар да табылған. Мұның бәрі де балалар әдебиетінің жалпы структурасына жете түсінбегендіктен жеңіл-желпі айтыла салған пікірлер еді. Керісінше қазақ балалар әдебиетінің де өсу, өркендеу, даму жолдарының болғандығы күмәнсіз.
Ұлы жазушымыз, академик Мұхтар Омарханұлы Әуезов өзінің «Ертегілер» деген ғылыми зерттеу еңбегінде халықтық шығармалар ішінде үлкендермен қатар балаларға тән, екеуіне бірдей қызмет ететін неше алуан қызықты материалдардың барлығын айтып, талдаулар берген. «Хайуанат жайындағы ертегілердің көбі балаларға арналған күлкі, жеңіл әңгіме болып та кетеді. Олар «Құйыршық», «Қотыр торғай», «Мақта қыз бен мысық», «Шудалы торғай», «Күшік пен мысық» сияқты көптеген ертегілер. Құйыршық ғажайып түрде ешкінің құйыршығынан біткен кішкентай бала болады. Ол ақыры, жолаушыларды, үй иесін - бәрін алдап соғады. Ажалдан қалып, әке-шешесіне келеді. Бұл алуандас ертегілер орыста да бар»- дейді. Халықтық шығармалар ішінде балалар әдебиеті мұрасына тән қызықты осындай әңгімелер тек ертегілерде ғана емес, сонымен қатар халық өлеңдерінде де, мақалдар мен мәтелдерден де, батырлар жырларынан да кеп кездеседі.
Балалар әдебиетінің негізі - ауыз әдебиетінде. Сондықтан балалар әдебиетіне зерттеу жасағанда халықтың ауыз әдебиетін аттап өтуге болмайды. Өйткені, халықтың ауыз әдебиеті - балалар әдебиетінің алтын қоры.
Оқу жасына дейінгі балалар, бастауыш мектеп оқушылары, әсіресе, ертегілерді тыңдағанды жақсы көреді. Ертегілердегі ғажайып оқиғалар, қызықты тартыстар мен адуын егестер, тапқырлық пен айлакерліктер, зұлымдық әрекеттерге қарсы күрескен қажырлы адамдардың қиян-кескі батырлық істері оларды таң-тамаша етеді.
Бүгінгі қазақ балалар әдебиетінің асыл мұралары: халық ауыз әдебиетінен басталады. XIX және XX ғасырдың бас кезінде өмір сүрген Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Сәбит Дөнентаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Спандияр Көбеевтердің балалар әдебиетіне қосқан мұраларымен байыды. Өз алдына дербес үлесі бар, толық мәнді әдебиет болды.
Балалар әдебиетін зерттегенде, оның төмендегідей басты-басты алты түрлі ерекшеліктеріне тоқтауға болады.
Біріншіден, балалардың психологиясына зерттеу жасағанда, олардың ойлау, түсіну қабілеттілігі әңгімеленіп отырған оқиғаның, көркем образдың нақтылығын, дәлдігін, әсіресе көрнектілігін, өз өмірінің айналасынан алынып отыруын қажет етеді.
Екіншіден, әңгімеленіп отырған оқиғаның барысында лиризм болуы шарт. Баланың ішкі дүниесіне, ой-санасына бірден әсер ететін күшті де, мағыналы сөздер айтылуы керек. Чернышевскийдің сөзімен айтқанда: «ах, не деген қорқынышты» немесе «қандай тамаша»» деп отыратындай болуы тиісті. Балаларды өмірдің жарқын болашағына қанаттандырып, шарықтатып отыру шарт.
Үшіншіден, балалар әдебиетінде оқиғаны және адам характерін суреттеу өзгешеліктері мен әдістерінің динамикасы ерекше болады. Психологияның дәлелдеуіне қарағанда, балалар алдымен оқиғаның туып отыруына, бұлардың тез өзгеруіне, шешіміне, кейіпкерлер мінездерінің әржақты болуына қызығады. Одан соң оның, неден шыққан себептерін іздестіре бастайды.
Төртіншіден, балалар жаратылыстың көркем көріністерін - пейзажды шебер бейнелеуді ұнатады, оған сүйсіне қарайды, соны өз айналасынан іздейді. Көркем әдебиеттегі жаратылыс суреттері олардың байқағыштық, талғампаздық қабілетін арттыра түседі. Пейзаждық сурет эстетикалық тәрбиенің бір көрінісі.
Бесіншіден, балалар әдебиеті шығармалардың мазмұны мен идеясы олардың белсенділігін арттырып, өз өмірінің жарқын болашағын танытуға себепкер болуға тиісті. Оларды белгілі мамандыққа, еңбек сүйгіштікке әуестендіре білуі керек.
Алтыншыдан, «Сөз - әдебиеттің негізгі материалы болып табылады. Біздің барлық әсерімізді, сезімімізді, ойымызды көркем түрге келтіретін сол. Әдебиет - сөз арқылы сұлу суреттелетін искусство»,-деген М. Горький.
Әсіресе, балалар әдебиетіне қойылатын талаптар да дәл осындай. Балалар әдебиетінің тілі ойнақы, жеңіл, әрі көркем, әрі қысқа, әрі мейлінше түсінікті, айқын да дәл, әсерлі болып отыруға тиісті. Балалар әдебиетінің тілі олардың, сөздік қорын байытуға жәрдемдесетін бірден бір құрал болып табылады.
Қазақ балалар әдебиеті – қазіргі қазақ әдебиетінің бір саласы. Оның да өсу, өркендеу жолдары бар. Қазақ балалар әдебиетінің әр түрлі жанрлары жайында С.Қирабаевтың, Ә.Тәжібаевтың, А.Нұрқатовтың, С.Сейітовтың, Ә.Дербісәлиннің, С.Ордалиевтің, Б.Сахариевтің, Н.Ғабдуллиннің мақалалары бар. Аталмыш салада ойлы пікір айтқан ғалымдар мен қаламгерлер - Б.Ысқақов, Қ.Мырзалиев, Ә.Табылдиев, З.Серікқалиев, Е.Елубаев, С.Қалиев, Қ.Ергөбек, Б.Сарбалаев, Б.Ыбырайым, Ә.Бөпежанова және т.б. 60-70 жылдар аралығында Ш.Ахметовтың қазақ кеңес балалар әдебиетін зерттеген еңбектері жарық көрді. Ғалым балалар әдебиетіне тән ерекшеліктерді атап көрсетті. Балалар әдебиеті шығармаларындағы оқиға, көркем образ нақты, дәл болады және өмірден алынады. Шығармаларда лиризм болуы шарт. Оқиға мен бала характерін суреттеу өзгешеліктері мен әдістерінің динамикасы ерекше болады. Жаратылыстың көркем көріністері арқылы шығарма балаларға эстетикалық тәрбие береді. Балалар әдебиеті шығармалары балалардың өмірдегі белсенділігін арттыруға тиісті. Балалар әдебиетінің тілі ойнақы, жеңіл, айқын, көркем және әсерлі болуға тиісті.
Балалар әдебиетінің негізі – ауыз әдебиеті. Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ балалар фольклорының үлгілері жинала бастады. Ы.Алтынсарин, А.Алекторов, М.Дулатов, І.Жансүгіров кітаптарында жарық көрді. А.Байтұрсынов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, Ө.Тұрманжанов, М.Ғабдуллин, Ш.Ахметов, М.Әлімбаев, С.Қасиманов, Б.Уақатов балалар фольклорына қатысты ой-пікірлер айтты. Балалар фольклоры – ауқымды ұғым. Ол ересектердің балаларға арнап шығарған және балалар репертуарындағы поэзиялық, прозалық шығармалар үлгілерін қамтиды. Фольклортанушы К.І.Матыжанов поэзиялық фольклорды мәпелеу жырлары, жеткіншектер жырлары және ойындық фольклор деп үш салаға бөліп қарастырады.
Балалар фольклорын іштей саралауда назар аударып, есте ұстайтын шарттар мыналар болмақ. Оның алғашқысы - шығармаларды кім шығарып, кімдердің орындайтындығын және қалай орындайтындығы. Мәселен, бесік жырын ата-аналар шығарып, негізінен солар орындайды. Көптеген шығармалар балаға байланысты әдет-ғұрып, салттар негізінде болып келеді. Ал мазақтамаларды балалар өздері шығарып, өздері орындайды. Осыған орай бұл шығармалар түрлі топтарға жіктелмек.
Екінші ескеретін мәселе шығармалардың атқаратын қызметі. Бұл шарт балалар фольклорын іштей саралауда маңызды міндет атқарады. Мәселен, бесік жырын да, алдарқату жырын да ересектер орындайды, бірақ екі шығарманың атқаратын міндеті екі басқа. Бірі -баланы тыныштандырып, ұйықтатуды мақсат етсе, бірі алдандырып, көңілін сергітуді мұрат тұтады. Немесе, тақпақ пен драмалық ойындардың қай-қайсысын болмасын балалар өздері орындайды, бірақ шығармалардың міндеті әр түрлі. Сондай-ақ шығармаларды саралауда балалардың жас ерекшелігін де ескерген жөн. Мәселен, ата-аналар сәбилерге олардың табиғатына лайық шығармалар айтса, келе-келе бала әрбір жанрлық түрді жас ерекшелігіне қарай біртіндеп игереді.
Үшінші ескеретін негізгі шарттың бірі - шығармалардың поэтикасы. Яғни шығарманың тақырыптық, мазмұндық, сюжеттік, композициялық құрылымы, сөз саптасы, тіл кестесі т.т. Фольклортанушы К.Ісләмжанұлы осы шарттар бойынша қазақ балалар фольклорын мынандай топтарға жіктеп, ішкі жанрлық түрлерге бөледі:1. Әлпештеу поэзиясы (бесік жыры, сәбилік ғұрып жырлары, мәпелеу жырлары, уату-алдарқату жырлары)
Балалар әдебиетін жасаған - халық. Адамға баласынан жақын, баласынан артық ешнәрсе болмаған. Халық ешнәрсені де өзінің баласынан жоғары бағалаған емес. Сондықтан халық ең алғаш өзінің жақсы ойын, жақсы қиялын өлең етіп, ән етіп тұнғыш рет баласына арнаған. Жас нәрестенің дүниеге келуін, қуаныш еткен. Баланы жұбату, ойнату, тәрбиелеу, оның алдына неше алуан тілек мақсаттар қою өлеңмен жырмен, көркем сөзбен айтылған. Өйткені, «Адам - дүниені ұйымдастырушы», екінші жаратылысты, мәдениетті жасаушы күш-қуаттың иесі, адам жаратылыстың органы, жаратылыс оны өзін тану, өзін көркейту үшін туғызған - міне балаларға осыны ұғындыру керек. Балалар алты-жеті жасынан ой-пікірдің кереметтей күшін түсіне бастауға, әлеуметтік көріністердің мағынасын ұғынып, өз қабілеттерін тануға тиіс. Сондықтан балаларды өмірмен таныстырғанда, бұрынғы өткен заман туралы, еңбек процестерінің және ой-пікірдің ұйымдастырғыш жұмысының бастапқы кезеңі туралы әңгімелерден бастау керек» -деген М. Горькийдің пікірін ескерген жөн болмақ.
Қай ұлтта болмасын халық ауыз әдебиетінде ең алғаш пайда болған, ең тұңғыш айтылған өлең, жыр, әңгімелер балаларға арналған. Өйткені, баланы өз өмірінің жалғасы деп ұққан. Сондықтан халық ауыз әдебиетінің алғашқы пайда болуы, шығуы халықтың өз баласына арналып айтылған өлең, жыр, ертегілерден, әндерден басталады деген қорытындыға келеміз.
Ерте кезде қазақ халқында бала тәрбиелеуге арналған қоғамдық орын- ясли, балалар бақшасы, мектеп болмаса да, тәрбиені балаларына бесікте жатқан кезінен бастап-ақ халықтық жырлар мен әңгіме, ертегілер арқылы бере бастаған. Олар өскен соң, өздерін қоршаған жаратылыстың, ішкі құпиясын ғылым жолымен сезініп білмесе де, жапан дүзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, адаспай кете беретін болған. Жастайынан-ақ есту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, табатын ізшіл де, құралайды көзге атып түсіретін мерген де болған.
Кәсібі, тіршілігі тек қана мал шаруашылығына байланысты болғандықтан 6-7 жасынан-ақ олар ат құлағында ойнайды. Оқу-сызу өнеріне машықтанбаса да бір есіткенін қалтқысыз есте сақтайтын қабілеттілігі де күшті болған. Олар, сондықтан, қызық-қызық ертегілерді, ұзақ-ұзақ жырларды жатқа айтатын болған.
Халық ауыз әдебиетін балалар сүйіп оқиды, қызыға тыңдайды, Халықтық шығармалармен мектеп жасына дейінгі балалар да ата-анасының, апа - ағаларының айтуы, оқып беруі бойынша ертеден-ақ таныс бола бастайды. Бесік жыры, хайуанаттар айтысы, ертегілер, жұмбақтар мен жаңылтпаш сөздер, мақал мен мәтелдер, өтірік өлеңдер - бәрі де баланы қызықтырып, оларды мәз-мәйрам етеді. Сөз өнерінің әдемі кестелері олардың сөздік қорын байытып, бірден бірге мағыналы да мәнді сөйлеуге жаттықтыра береді. Тек бұл емес, халықтық шығармалар ішіндегі әржақты айқын образ, оқиға барысының қызықты бола беруі, әдемі қисын, жақсы ұйқас бәрі де балаларды қуантып, әсер беріп, ойын шыңдап отырады.
Бастауыш мектептегі жасөспірімдер мен орталау және орта мектеп оқушылары батырлық жырларды аса сүйсініп, оның, ішіндегі жағымды кейіпкерлерге еліктей отырып, қызыға оқиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет