ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк



бет8/24
Дата27.12.2023
өлшемі383.21 Kb.
#488165
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
дәрістер БӘ

Алақандай Нарында
Басушы едім құлаштай- деп тебіренсе, ал енді бірде өткен күндеріне көңілі марқаяды:

Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім 

деп дұшпандарына сес көрсетеді.Ақын ата жұртта өткен жақсы күндерді еске ала отырып, Нарынды, жаудың талауында қалған бұрынғы құтты қонысты, ондағы ағайын-туысты сағынады, олармен енді жүздесе алмайтынына қапаланады:



Қисық туған сорлы ағаң - деген жолдардағы бұрала біткен емендей теңеуін айтуға болады. Сондай-ақ "Кел,кетелік" өленіңдегі:

Жауырыны қақпақтай,
Қара айдары тоқпақтай

Оның да иесін үміт етелік - деген үзіндіде жауырыны қақпақтай, қара айдары тоқпақтай теңеулері де эпитеттік теңеулер. Өйткені бұл теңеулер қақпақ жауырын, тоқпақ айдар эпитеттерінің негізінде жасалған, әдеттегі қақапақтай жауыры, тоқпақтай қара айдар эпитеттік теңеулері өлең заңдылығына сәйкес инверсияға ұшырап, жауырыны қақпақтай, қара айдары тоқпақтай түрінде өзгеріске түскен.
Махамбет өлеңдерінде әсірелеу мәніндегі гиперболалы теңеулер де кездеседі. Бұл жөнінде ақынның «Нарында» өлеңіндегі теңеулерге тоқталғанда, атап көрсеткен болатынбыз. Сондықтан бұл мәселені қайталағымыз келмейді. Тек айтарымыз, әсірелеу, яғни гипербола теңеулердің көркемдік сапасын арттыру, образдылық қасиетін жақсарту, экспрессиялық әсерін ұштау үшін кең түрде қолданылатын ұтымды әдістердің қатарына жатады. Мұндай теңеулерде гиперболалық мағына мен теңеулік мағына ұжымдаса бірігіп, бір бүтін сурет жасауға қатысады.
Гиперболалық теңеулерге қарама-қарсы мағынада литоталық теңеулер көркем әдебиетте, соның ішінде поэзияда кездесетін құбылыс. Махамбет өлеңдерінде аздаған литоталық теңеулер бар. Мысалы:

Кешегі Исатайдың барында,
Алақандай Нарында.
Басушы едім құлаштай

Жаугершілік заманда көп жүргендіктен болар, Махамбет өлеңдеріндеге басты сарын – азаттықты аңсау. Оның уайым-қайғысының өзін элегиялық өлеңдерінен көреміз. Жеке басына ғана тән жалғыздық мұңы немесе жақынынан айрылудың қиындығын өз басының жалғыздық қайғысымен емес, күллі қазақтың басынан өткен қайғымен астарластыра суреттеген.


Өзінің "Соғыс" атты өлеңінде өрілген желіге зер салар болсақ, соғыстың басталуынан қалай өрбігені, адамдардың мұңы, сағынышы, қайғысы рет-ретімен тізбектеле баяндалады. Ол жерде суреттелетін дүниенің негізге арқауы – шындық. Тарихи деректердің барлығы дерлік ақиқат. Қай халықтың болмасын өзіне тән фольклоры, яғни, халық ауыз әдебиеті бар. Біздің фольклорда Махамбет өлеңдерінің айтарлықтай орны бар. Өйткені, ақын мотиві өзгеге ұқсамайды. Поэзияның тәсілдерін өз заманында-ақ ұтымды пайдалана білген ақын шеберлігі кім-кімді болса да таң қалдырары сөзсіз. Аллитерация, ассонанс, синекдоха, эпостық баяндау сарыны үлгілерін Махамбет өлеңдерінен оңай табамыз. Ақын өлеңдерінің жанрлық ерекшелігі осында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет