ОҚу -әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар семей


Егісті астыңғы жағынан суару



бет13/19
Дата12.06.2016
өлшемі2.9 Mb.
#131105
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

4.14. Егісті астыңғы жағынан суару

Егісті астыңғы жағынан суару жүйесі. Суарудың бүл әдісін қолданғанда су топырақтың 35—60 см тереңдігінде бөлінеді. Бұл әдіс топырақтың сору күшіне негізделгендіктен, оны капиллярлық қасиеті жоғары және су өткізгіштігі мол топырақты жерлерде қолданады. Ал қүмды, құмдақ, қыйыршық тасты, сорланған және темен түсіп кететін топырақты жерлерде қолданылмайды.

Егісті астыңғы жағынан суару жүйесі насос қондырғысынан, ашық өткізгіш каналдардан, немесе жабық трубопроводтардан, жер астындағы негізгі трубопроводтардан, суару және дренаждык трубаларынан және жүйедегі құрылыстардан құрылады (33-су-рет).

Топыраққа су әртүрлі әдістермен жіберіледі: біріне-бірі қатар 17,5—2,0 метр аралықта 40—45 см тереңдікке кемілген уақ тесікті трубалардан; қатар аралығы 5—6 метрлік 40—45 см тереңдікке кемілген, әрбір 30 см сайын фильтрлі материалмен жабылған жапсарлы өткізгіш трубалардан; тереңдігі 40—50 см қатар ара-лығы 1,0—1,5 метрлік қолдан жасалған үңгірлерден; іші құмға толтырылған су өткізбейтін беті ашық бетон, кірпіштен және қы-штан жасалған науалардан; 50—60 см тереңдіктегі гидробұрғы-мен; 30—35 см тереңдікте егісті астынан суаратын өздігінен жүре-тін машиналармен жіберіледі.

Диаметрі 7,5 см және үзындығы 100—200 метрлік суару түтік-теріне су диаметрі 12 см негізгі трубопроводтардан жіберіледі. 1 га жерге барлығы 5000 метрдей труба керек болады.

Көптеген мемлекеттерде егісті астыңғы жағынан суарудың он-шақты әдісі сыналғанымен олардың еш қайсысы шаруашыльщ жағдайында кеңінен қолдану таба алмай келеді. Соңғы жылдары осы проблеманы шешу мәселесі қаралуда.

Егісті астыңғы жағынан суарудың артықшылығы мен кемші-ліктері. Бұл әдістің суарудың басқа әдістерінен негізгі артықшы-

148


33-сурет. Егісті астықғы жағынан суару схемасы: 1— ашық канал; 2— шер астындағы суарғыштар; 3— ылғалдандыру түтіктері; 4— дрендер; 5— кашыртңы; 6— тірек вдрылыстары.

лығы мыналар: топырақтын. активті қабатының дымқылдығын оның капиллярлық су сыйымдылық денгейінде сақтауға болатын-дығы; суарғанда топырақтың жыртылатын қабатынын, құрамы бү-зылмай, беті қабыршықтанбайды және топырақ бетінен судыц булану мөлшерінін, аз болуының арқасында онын, топырақтағы қоры көп уақыт бойы сақталады; суару жұмыстары толығынан автоматтандырылған және жүмсалатын еңбек мөлшері шамалылау ауыл шаруашылық жүмыстарын механикаландыруға кедергі бол-майды; арамшөптер аз болады; сарқынды сумен жылу қалдықта-рын ерте өсетін көк еністерді ендіру үшін пайдалану мүмкіншілігі

бар.


Ал енді. бұл әдістің кемшіліктеріне: суару жүйесін салудың қымбаттылығЫ: жеңіл, төмен түсіп кететін және сорлы топырақты жерлерде қолдануға болмайтындығы; топырақтың жоғарғы қаба-тыньщ нашар дымқылдануының салдарынан көкөніс көшеттерінің және басқа дақылдардың көгеруі мен көнігіп есуінің қыйындауы;

149


судың топырақтың активті қабатынан төмен қабатына кеп мөл-шерде сіңіп кетуі; суару трубасының түбін күм басып қалмауы үшін суды тазарту керектігі.

Егісті астыңғы жағынан суарудың тиімділігі. Бір гектар жерде қышы трубаларымен суару жүйесін жасау үшін 9000—10000 сом-дай қаржы кетеді. Осындай күрделі қаржының мол жүмсалуынз қарамастан, бүл әдіс, мақта егісі, көкөніс, қант қызылшасы, жүге-рі және т. б. мардымды дақылдарды суару үшін өте тиімді болып саналады. Осы дақылдарды суарғанда суару жүйесін жасау және пайдалану үшін жұмсалатын қаржының орны тез толады. е

ЕГІСТІК ЖЕРЛЕРМЕН СУАРУ УЧАСКЕСІНДЕП АРЫҚ-АТЫЗ ЖҮЙЕСІ

5.1. Топырақ арнасына уақытша тілінетін арық-атыз жүйесі

Суару учаскесі деп айналасы тұрақты суару, немесе қүрғату каналдарымен, немесе жолдармен қоршалған және бір тұрақты каналдан суарылатын жерді айтады.

Суару учаскесіне орналасатын уақытша тілінетін құлақ арық-тар, оқ-арықтар керегінде универсалды тракторға тіркелген канал қазғыштар арқылы тілініп, тегістеліп жіберіледі.

Суару учаскесінде жерді жырту, тырмалау тұқым себу, куль-тивациялау және тыңайтқыштармен қоректендіру жұмыстары трактор агрегаттарымен жүргізіледі.

Учаскенің ұзындығы 400 метрден кем болғанда жерді жырту және басқа да жұмыстарды жүргізгенде трактор өнімділігінің тө-мендеп кететінін еске ала отырып, суару учаскесінің көлемі 400-•400 м2-ден кем болмаған жөн.



Уақытша тілінетін арық-атыз жүйесіне қойылатын талаптар.

Уақытша тілінетін арық-атыз жүйесі құлақ арықтардан, ок-арықтардан және су таратқыш бороздалардан құралады. Осылар арқылы су учаскелік таратқыштардан суару тақталары мен бо-роздаларына және жаңбырлатқыш машиналарға жіберіледі.

Уақытша тілінетін каналдар мына талаптарға жауап беруі керек: есептелген су мөлшерін өткізу; сумен шайылмай, еңісі теріс болмай, оған жанасып жатқан суарылатын жерге су өздігінен аға-тындай, біріне-бірі параллельді тура сызық бағытта орналасуы ке-рек. Мүмкін болған жағдайда суару учаскесінің қабырғалары да параллельді орналастырылғаны жөн.

Уақытша тілінетін арық-атыз жүйесін орналастыру схемасы, Уақытша тілінетін каналдар жерге екі схемамен орналастырыла-ды: Суару учаскесінің қабырғасын бойлай және оған көлденең.

Учаске қабырғасын бойлай орналастыру схемасын пайдалан-ғанда (16-а, сурет) уақытша тілінетін қүлақ-арықтар бороздалар^

150

ды, немесе тақталарды бойлай, ал оқ-арықтар бороздалар мен такталарға көлденен. орналастырылады.



Бүнда су арнаулы құлақтар арқылы учаскелік таратқыштардан уақытша тілінетін құлак-арықтарға жіберіліп, одан оқ-арықтарға жіберіледі. Ал оқ-арықтардан су сифондар, түтіктер және басқа да жабдықтар арқылы суару бороздаларына, немесе тақталарына

жіберіледі.

Уақытша тілінетін каналдардың шайылып кетпеуі үшін бойлау схемасы еңісі 0,005-тен артық болмаған учаскелерде қолданыла-
ды. Уақытша тілінетін құлақ арықтардын, үзындығы отамалы да-қылдар үшін 400—800 м, ал қатарлап және жаппай себілетін да-қылдар үшін 400—1500 м шамасында болады. Бүлардың қатар аралыктары олардан су бір жаққа ғана өздігінен ағатын болғанда 70—200 м және одан да көбірек болады, ал оқ-арықтардың қатар аралық мөлшері суару бороздалары мен тақталарының үзынды-ғына тен, болады^

Отамалы дақылдарды суарғанда уақытша тілінетін құлақ арықтардың ара қашықтығы (і, олардың бір тәулік бойы жүмыс істеу жағдайына қарай мына формула аркылы анықталады.бүнда: рвр — уақытша тілінетін қүлақ арықпен жіберілетін судың

мөлшері, л/с;

т — суару нормасының ең көп шамасы, м3/га; 1 — қүлақ арықтьщ үзындығы, м; ц — қүлақ арықтың К.П.Д-сі.

^Ұзын бороздалармен суарғанда уақытша тілінетін қүлақ-арық-тар екі тәулік бойы жүмыс істей алады.

Көлденец схема (16-6, сурет) қолданғанда уақытша тілінетін

құлақ-арықтар еңісі 0,001—0,002-ға тен, суару бороздаларына, не-

месе тақталарына көлденең орналастырылады және суару бороз-

'далары мен тақталарға су тікелей уақытша тілінетін қүлақ-арық-

тардан жіберіледі.

Әдетте уақытша тілінетін қүлақ-арықтарды көлденен. орналас-тыру схемасы еңісі 0,004—0,005 шамасындағы учаскелерде қолда-

нылады.

Уақытша тілінетін қүлақ-арықтардың қатар аралығы суару бо-


роздаларының, немесе тақталарының үзындығына тең болады. Қү-
лақ-арықтардың ұзьшдығы еңістің мөлшеріне, оған жіберілетін
судың шамасына және топырақтың су сіңіргіштігіне қарай 400-
ден 1000 метрге дейін жетеді. Жер бетінің бедері күрделі және то-
пырақтын, су сіщргіш көрсеткіші жоғары болған жағдайда құлақ-
арықтардың үзындығы кемітіледі. . .


34-сурет. Суару бороздаларына суды суару учаскелерінде уа-қытша тілінетін құлақ-арық-тарсыз автоматты түрде тара-татын суару жуйесінің схема-сы:

1— бір бортты таратңыш бороа-да; 2— суару бороздалары (метр. есебімен).

Құлақ-арықтарды орналастырудың көлденең схемасрлн қолдан-ғанда оқ-арықтар жасалып, суару учаскесінің уақытша кесілетің құлақ-арықтарын пайдалану коэффициенті мен( жерді пайдалану коэффициенті көбейеді.

Жаңбырлатқыш ДДН-45 және ДДА-ЮОМ агрегаттарын пайда-ланғанда уақытша тілінетін құлақ арықтар горизонтальдарға бұ-рыштап тілініп, олардың еңісінің 0,0005 шамасында болғаны жөн. Бұндай жағдайларда оларға жаңбырлатқыш машиналардың жұ-мыс істеуіне қажет болатын су жиналады.

Оңтүстік гидротехника және мелиорация ғылыми-зерттеу ин-ституты жалпы суару учаскесінде уақытша тілінетін құлақ арық-тарды және оқ-арықтарды жасамауды ұсынған. Бұнда орналасты-рудьвд көлденең схемасын қолданғанда уақытша тілінетін құлақ-арықтардың орнына еңісі 0,0005-ке тең 200—300 л/с мөлшерінде су өткізе алатын тұрақты канал жасалады (34 сурет).

Су құлақтар арқылы тұрақты каналдан бір бүйірлі каналдар-дың бөліктеріне жіберіліп, одан өзінен-өзі суару бороздаларына таратылады. Каналдың 1200—1500 ұзындығы бойымен және бо-роздалардың 300—500 метрге тең ұзындық бойымен көлемі 36— 75 гектарға тең, ауыл шаруашылығы жұмыстарын механикалан-дыру талаптарына сәйкес суару учаскелері жасалады. Бір сушы 200—300 л/с жіберуді ыңғайластырып, сағатына 1 гектар жерді суарады.

Уақытша тілінетін құлақ-арықтардың өлшемі және конструк-циясы. Уақытша тілінетін каналдар көлденен, қимасы трапецияға ұқсас канал қазғыштар арқылы тілінеді.

Уақытша тілінетін қүлақ арықтардың трассасының ені егіс-тікті беткейлеп суарғанда 4 метрге, ал жаңбырлатып суарғанда 5,5—6 метрге дейін тегістеледі. Төмендеген жерлерге биіктігі 0,2— 0,4 метр, баурайы 1:4 шамасында көпшіктер үйіледі.

Уақытша тілінетін қүлақ-арықтың өткізетін суының мөлшері «С^» мына формула арқылы анықталады:


т

л/с

-ё-і

бұнда: і — құлақ-арықтың жұмыс іетеу уақыты, сағат есебімен; ал қалғандары алдыңғы формулада қолданылғандар.

Жаңбырлатьщ суару әдісін қолданғанда уақытша тілінетін қү-лақ-арықтан жіберілетін судың мөлшерін есептегенде одан жаң-бырлату кезінде шығын болатын судың шамасын ескеру керек.

Әдетте құлақ-арықтардан өтетін судың мөлшерін стандарттап, үлкен шамаға қарай жинақтайды: 10—15—20—25—30—40—50—

—60—80—100 л/с.

Құлақ-арықтардағы судың деңгейін еңіс үлкен болғанда суа-рылатын жердің бетінен 5 см жоғары, еңіс шамасы орташа және аздау болғанда —15 см жоғары болуы керек.

УКП жэне ҚПН канал қазғыштары 10-нан 30 л/с ғана су өт-кізе алатьш қимасы кеқірек каналдар тіледі. Ал, ҚПУ-2000А, ҚОР-500 және Д-716 канал қазғыштары 60-тан 150 л/с су өткізе алатындай өлшемі үлкен каналдар тіледі.

Қүлақ-арықтарды тегістеу үшін канал қазғыштардың универ-салдық рамасына біріне-бірі бұрыштап екі қайырма құрастыры-лып, олар топырақты жинап каналды жабады.

Суару учаскесінің бетін суаруға дайындау олардын, бетін бір рет тегістеуден (қүрылыстық тегістеу); бетін оқтын-оқтын тегіс-теуден (пайдалану кезіндегі тегістеу); суару тақталарын, бороз-даларын және атыздарды жасау; оқ-арықтар мен тарату борозда-ларын тілу; қүлақ-арықтарды және суару жүйесіне арматура қон-

дырудан тұрады,

Суару жүйесінің қүрылыстарын салғанда, немесе оларды қайта құрғанда күрделі тегістеу жүмыстары жүргізіледі.

Пайдалану кезіндегі тегістеу жүмыстары жазды күні парға қалдырылған аландарда, немесе егінді орып болғаннан кейін, не-месе жазғытұрым кеш егілетін дақылдарды себу алдында трак-торлы сүйретпелер, планерлар және үзын базалы тегістегіштермен оқтын-оқтын жүргізіледі.

Суару тақталары тұқымды себумен бірге жасалады, ал кен, тақталар себуге дейін жасалады. Суару бороздалары суарар ал-

дында тілінеді.

Оқ-арықтармен уақытша тілінетін қүлақ-арықтар:


  1. дәнді дақылдар мен мал азығы дақылдарды себісімен;

  2. суару бороздалары тілінгеннен кейін бірінші суару алдын-

да;

3)-егерде олар алдыңғы суарулар және культивациялау кезін-де бүлінген^болса әрбір кезекті суару алдында тілінеді.

153
Суару алдында сифондар, бөгеттер, суару түтіктері т. б. арма-тура қондырылады.

Оқ-арықтармен уақытша тілінетін құлақ-арықтарды тегістеу: 1) барлық жағдайларда ең соңғы маусымдық суару біткеннен кейін, көп жылдық шөптер егілген алқаптардан басқасы жүргізі-леді. 2) құлақ-арықтар тракторлардың жүруіне кедергі болатын жағдайда культивациялау алдында; 3) жерді сіңіре және сорлан-ған жерлерді шайып суарғаннан кейін.



5.2. Бороздалап суару үшін қолданылатын таратқыш және суару трубопроводтары

Уақытша гілінетін каналдардың кемшіліктері. Уакытша тілі-нетін қүлақ-арықтар мен оқ-арықтар астында танаптың 2—4%-ке тең бөлігі қалады және олардан фильтрацияға су шығыны өте көп болады, сондай-ақ олар ауыл шаруашылык, жүмыстарын механи-каландыруға кедергі жасаумен бірге суару тақталары мен бороз-даларына суды біркелкі тарата алмайды. Сонымен бірге топырақ-ты культивациялау алдында тегістеп, ал келесі суару алдында қайтадан тілу керек.

Уақытша тілінетін құлақ-арықтар мен оқ-арықтардың орнына қазіргі уақытта бір жерден екінші жерге жылдам кешірілетін қатты және солқылдақ трубопроводтар пайдаланылып жүр.



Қатты және солқылдак; трубопроводтар. Заводтарда диаметрі 180, 200, 250, 300 және 350 мм тез ажыратылып, бір жерден екін-ші жерге көшіріліп отырылатын (РТ) деп аталатын қүрыш трубо-проводтары жасалады.

Ажыратылатын трубопроводтар көшпелі насос станцияларынаң суды суару жүйесіндегі қатты және солқылдақ трубопроводтарға, жаңбырлатқыш машиналар мен қондырғыларға жеткізу үшін қолданылады. Диаметрі 180—200 мм қүбырлардағы су қысымы 8 атм. жетіп, ал диаметрі 250—350 мм қүбырларда 6 атм. дейін кетеріледі. Қүбырлар бір-бірімен барлық бағыттарда 10—15° бү-рыштықпен жалғастырыла береді.

Диаметрі 250 мм трубадан (3 мелшеріндегі суды оның һ үзын-дығына өткізгенде ондағы су қысымының шығыны Н = 2,02(32Ь-ге тең болады. Бүл трубопроводтарды суды суару бороздаларына тарату үшін де қолдануға болады.

Мелиоративтік маталардан жасалған солқылдақ трубопровод-тар суды суару бороздаларына, немесе тақталарына жеткізу және оларға жіберу үшін колданылады. Құбырдағы су жібергіш күлақ-тардың аралығы 0,6 метрден 0,9 метрге дейін болады. Бүл қүлак,-тардың қақпақтары жіберілетін судьщ шамаеын реттеу, немесе оны толығынан жауып қою үшін қолданылады. Бүл жағдайда суару трубопроводы су жеткізу трубопроводына айналады. Диа-

154

метрі 420 мм трубопроводта судың қысымын 3 метрге дейін кете-руге болады, ал диаметрі 350 мм трубопроводтарда су қысымы — 4 м, диаметрі 300 мм болғанда су қысымын 5 метрге дейін көте-ріп, 200 және 140 мм болғанда судың қысымы —8 метр су бағана-сына тең болады, Суды суару бороздаларына тарату үшін поли-этиленнен жасалған диаметрі 150, 200, 250 және 300 мм шланга-



лар да қолданылады.

Трубопроводтар арқылы жіберілетін судың мөлшері және оны алқапгардың өлшемімен және суару техникасымен үйлестіру. Су

таситын трубопроводтардын, үзындығы 2—3 км дейін жетеді, ал олардың ара қашықтығы 400—500 м болады. Осыған орай бір трубопроводтан 80—150 гектар жерді суаруға болады (орта есеп-пен 100—120 га), яғни бір трактор бригадасына бекітілген көлем. Бұл бригадаларға су барлық суару маусымында түрақты мөл-шерде жіберіліп тұрады.

Су таситын трубопроводтар арқылы жіберілетін судың мөлше-рі төменгі формула арқылы анықталады:

бүнда: сотр — бір су таситын трубопроводпен суарылатын жердің көлемі, бір мезгілде бапталатын учаскенің көлеміне еселі болып қабылданады, гектар есебімен;

пі — негізгі дақылдардың суару нормасының ен көп мөлшері,

1: — осы дақылдың суару кезеңі, тәулік бойынша;

а —1,1—1,2-қа тең пайдалану көрсеткіші.

Су таситын трубопроводтар арқылы жіберілетін судын, шамасы 200 л/с-ден аспай, барлығы бір шамада қабылданады. Ал енді су тарататын трубопроводтар арқылы жіберілетін судың мөлшері, одан су алатын барлық су тасығыш трубопроводтар арқылы жі-берілетін судың шамасына тең болады.

Бір мезгілде жұмыс істейтш су тасығыш трубопроводтардың саны мына формула арқылы анықталады:



в-ке тең ауыспалы егіс учаскесіне жіберілетін

бүнда: Рсев = <1-судың мөлшері.

■Су таситын трубопровод арқылы жіберілетін судың мөлшері одан бір мезгілде су алатын суару трубопроводтарыньщ санына сәйкес өзгеріп тұрады.

155


Суару трубопроводтары арқылы жіберілетің судың мөлшері суару бороздаларына ағызылатын судың мөлшеріне сәйкес төмен-гі формула арқылы анықталады:

СС

л/с

бұнда: ^ — суару бороздасына ағызылатын судың мөлшері, л/с; 1 —' суару трубопроводының ұзындығы, м; а — суару бороздаларының қатар аралығы, м. Бі'р мезгілде жұмыс істейтін суару трубопроводтарының саны



/гр

о у

5.3. Егістікті жаңбырлатып суару үшін қолданылатын ашық және жабық арық-атыз жүйесі

Ашық арық-атыз жүйесі. Уақытша тілінетің құлақ арықтар-дан суды ДДН-45, ДДН-70, ДДН-100, ДДА-ІООМ; ДДА-ЮОМА жаңбырлатқыш агрегаттары сорып алады. Суарудың бүл әдісін қолданғанда суару учаскесінің ішінде уақытша тілінетін құлақ-арықтарды орналастыру төмендегі талаптарды орындауы керек:

  • уақытша тілінетін қүлақ-арықтар тура сьізықты бағытта-
    лып және бір-біріне параллельді орналастырылуы керек;

  • уақытша тілінетін құлақ-арықтардың қатар аралықтары
    суару. қанатының енінен екі есе көп, немесе жаңбырлатқыш маши-
    наның су шашырату диаметріне тең болуы керек;

  • суару учаскесінің шекара аралығы және уақытша тілінетін
    немесе жанбырлатқыш машинанын су шашырату диаметріне тең
    құлақ-арықтар аралығын суару қанатының еселтелген мөлшеріне,
    деп қабылдайды.

  • суару учаскесі тік бұрышты түрде жобаланып, тек күрделі
    жағдайларда ғана трапеция түрінде жобаланады.

Бұл учаскелердің ені жаңбырлатқыш машиңаның суару еніне еселі болып, ал ұзындығы 400—600 метрден кем болмағаны жөн.

Танаптағы жабық арық-атыз жүйе суару, таратқыш трубопро-


водтардан және жүйедегі арматурадан құрылады. Жабық жүйе
арқылы суды орташа шашырататын жаңбырлатқыщ машиналарға
(«Фрегат», «Волжанка», «КТД-250), суды алысқа шашырататын
агрегаттарға (ДДН-45, ДДН-70, ДДН-100), суды жақынға шашы-
рататын (АДШ-115, ДМА-200, ДМА-100) жаңбыр атқыштарға
жібереді. Сондай-ақ су уақытша тілінетін құлақ-арықтарға жаң-
бырлатқыш ДДА-ЮОМ және ДДА-ЮОМА гидраңттары арқылы да
жіберіледі. .

156 ■ •


Жалпы суару трубопроводтары біріне-бірі параллельді, ал су таратқыш трубопроводтар оларға кесе-көлденең орналастырыла-ды Суару трубопроводтарыиың қатар аралығы суару қанатының екі' еселенген мелшеріне, немесе жаңбырлатқыш машинаның су шашырату диаметрінің екі еселенген мөлшеріне тен болуы керек. Танап елшемдері жаңбырлатқыш машиналардың техникалык сипаттамасымен үйлестіріледі. Мысалы, «Волжанка» жаңбырлат-қышы үшін танаптың бір жағын оның суару қанатының үзынды-ғына еселі болып, ал екінші жағы 18 метрге тең суару трубопрово: дындағы гидранттар қатар аралығына еселі болуы керек. Суару трубопроводы бойындағы учаскенің үзындығы жаңбырлатқыштың. маусым бойы суаратын көлемінесәйкес анықталады.

Сабағы биік дақылдарды суару үшін «Волжанка» машинасы-на арналған жүйелерде «Фрегат» және басқа да ротация жылда-рына сәйкес ауыспалы егістің басқа танаптарына кешірілш оты-рылатын жаңбырлатқыштарды қолдануға болады.

Ауыспалы егіс учаскесінде «Фрегат» және «Волжанка» жаң-бырлаткыштарын бірдей пайдаланғанда:

«Фрегат» машинасының үзындығы «Волжанканың» суару қа-натының үзындығымен үйлестіру керек;

бүл машиналарға жіберілетін судың мөлшері мен қысымы бір-

дей болуы керек;

«Волжанка» машиналарының гидранттары «Фрегат» машина-сының тірек дөңгелектерінің жылжуына кедергі болмауы керек.

Жабык, арық-атыз жүйесін есептеу және жобалау. Жабық арық-атыз жүйесін жерге орналастыру учаскенің жалпы кескін үйлесіміне ЛЭП-тердің, жолдардың, орман алқаптарының орна-ласуына жер бедеріне, топырақтық-мелиоративтік жағдаиларға, ауыспалы егіс және жаңбырлатқыш маиіиналар мен суару. техно-логиясына байланысты болады.

Арық-атыз жүйесін жаңбырлатқыш машинаның суару қанаты-ның үзындығын толығынан пайдаланатындай етіп, түйық қылып жобалайды.

Жабық жүйеде трубалардың теменгі түрлерін қолданады: «Фрегат» жаңбырлатқыш машинасы үшін барлық диаметрдеп трүбалар-құрыштан; диаметрі 300 мм дейін болғанда — шоиын-нан диаметрі 500 мм және одан да үлкен болғанда — темір-бетон-нан- «Волжанка» машинасы үшін диаметрі 400 мм деиш болған-да_!_ВТ-9 және ВТ-12 асбоцемент трубалары, кейде суару кана-тының үзындығына қарай — тез жиналатын қүрыштан және алю-минийден жасалған РТ-180 және РТ-220 түрлі трубалар жобала-

нады.


Трубопроводтардың барлық түрлерінің фасондық бөлшектері пісірілген қүрыштан жасалып, № 820—16 үлгілі жобаға сәйкес қа-былданады.

157


Жабық жүйеде су таратқыш арматураны орналастыру үшін ГОСТ-80-20-68, немесе ТПУ-18-789 жобаларына сәйкес жасалатын арнаулы құдықтар, 10 кг/см2-ге тең қысымға есептелген гидрант-тар, вантуздар және ысырмалар қолданылады. Асбест, шойын жә-не құрыш трубалары топыраққа тереңдігі 0,8 метрден кем болмай-тындай етіп көміледі.

Трубалар, ағатын балшықтардан басқа, тегістелген және ны-ғыздалған топырақтардың барлығына төселе береді және ешқан-дай қолдан жасаған табандардың қажеті жоқ. Трубаларды ста-тикалық есептеулер 9698—67 ГОСТ-ке сәйкес жургізіледі.

Трубаларды қыс алдында судан босату үшін судың трубадан өздігінен ағып кетуін қамтамасыз ететін арнаулы құрылыстар жо-баланады. Егерде коллекторлы-дренажды жүйе жобаланса, онда қашырту трубаларының еңісі 0,005-тен кем болмауы керек.

Жүйенің барлық трубопроводтары оларда гидравликалық соқ-қының болу мүмкіншілігіне тексеріледі.

Суару трубопроводының басынан жіберілетін судың мөлшері мына формула арқылы анықталады:

бүнда: (Эі —жақбырлатқыш машинанын, жіберетін суының мөл-шері, л/с;

п — суару трубопроводында бір мезгілде жұмыс істейтін жаң-бырлатқыш машиналардың саны;

Л ~ трубопроводты пайдалану коэффициенті (г] = 0,98).

Әр сатыдағы таратқыш трубопроводының басынан жіберілетін судың мөлшері мына формула арқылы анықталады:






л/с

бұнда: рсум— ауыспалы егіс участоктерін суару графигінің орди-наттарының қосындысына тең, ең көп шамасы, л/с;

т)ср—жүйенің таратқыш трубопроводтарын тиімді пайдалану коэффициенті (тіер=0,97).

Суару жинағы. Жаңбырлатып суару үшін өндіріс арнаулы жаб-дықтар жинағын шығарады, оларға жылжымалы СНП-25/60, СНП-50/80, СНП-50/40 насос станциялары және ПНС-Т-бНДв на-сосы; жаңбырлатқыш ДДА-ЮОМ (2-ші схема), ДДН-70 (2-ші схема) және ДН-1 жаңбырлатқыш аппараттары (3-ші схема) және басқалары жатады. Әрбір жинаққа РТ-180, РТ-125, РТ-250

тез жиналатын трубопроводтары қосылып беріледі. Бір жаңбыр-латқыш қондырғыға, немесе машинаға 680-ден 1125 метрге дейін труба бөлінеді, оған әрбір гектар жерге 6—42 метр.

Суару кәздерінен су суарылатын учаскелерге трубопроводтар арқылы тасылып, ал учаске бетіңе трубопроводтар, немесе ашық каналдар арқылы таратылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет