Арық-атыз жүйелерінің ерекшеліктері. Суды жоғарыға көтеру-дің биіктігі кебейген сайын 1 м 3 судың күны жоғарылай түседі. Соцдықтан су шығынын болдырмаудың ете үлкен экономикалық мацызы бар. Бүл жағдайларда техникалық-экономикалық есептер жүргізудің негізінде трубалы арық-атыз жүйесін немесе лотоктар, төсемелері бар каналдар салған жөн болады.
Суды механикалық әдіспен көтергенде^ол трубалар аркылы ең биік жерге көтеріледі және бас каналдьгң пайдасыз бөлігі бол-майды. Бас канал ете үзын болғанда, оны бьефтерге бөліп (көтеру аймактарына), басында су көтеру үшін гидротехникалық қүрылыс-тар торабы жасалады.
10.4. Реттегіш резервуар және суды механикалық әдіспен көтеріп суарғандағы арық-атыз жүйесінің ерекшелігі
Реттегіш резервуарлар. Суару үшін суды меіханикалық әдіспен
жоғары көтергенде реттегіш резервуарлар немесе құймалы су коймаларын жасаған қолайлы болады. Олар арқылы: насос стан-цияларының куаттылығын кемітуге, немесе су.арылатын жер кө-лемін көбейтуге болады; су көздері немесе насос станциялары қа-жет болған судың мелшерін қамтамасыз ете аілмаған жағдайда, оны резервуарлар арқылы жасауға болады; насоэс станцияларьшың жүмыстарын қажет болатын суару режимімен үйлестіру; насос станцияларының сынып қалғанында немесе ола]рды жөндеген мез-гілде суаруды қамтамасыз ету; жер асты сулаірымен суарғанда оны жылыту және эрациялау Реттегіш резервуарлар болған жағ-
258
МЕЛИОРАТИВТІК ЖҮЙЕЛЕРДІ ЖОБАЛАУ Ж!ӘНЕ ОЛ ҮШІН ЖҮРПЗІЛЕТІН ІЗДЕУЛЕР
П.,1. Мелиоративтік жүйелерді жобалау
Қүрылыстын жобасы деп оны салудың техникалық шешімін, ' бір) немесе бірнеше құрылыстардың коміплексін, үйлерді жөндеу, қаадпына келтіру туралы ұсыныстарды айтады^
Бекітілген жобасыз ешқандай мелиорэативтік құрылыс жүргі-зілшейді.
Жобалау және іздеу жүмыстарын арвдаулы жобалау-іздеу ме-кеимелері жүргізеді. (союзводпроект, гипрзоводхоз, казгипроводхоз жә^не басқалары).
№12 Дәріс. Топырақ эрозиясының түрлері Және олардың пайда болатын себебі
Топырақ эрозиясы (латынша erosіo – желіну) – топырақтың беткі ұнтақталған құнарлы қабатының жел күшімен немесе су ағынының шаюы салдарынан құнарының азаюы. Жел эрозиясы кез келген топырақ типінде кездесіп, жел күшімен топырақтың беткі қабатын, кейде өсіп тұрған өсімдігімен бірге басқа жаққа ұшырып әкетеді. Әдетте жел эрозиясы жер бедері жазық, құрғақ, ормансыз шөл аймақтарында жиі болады. Тіпті шөл аймақтарындағы құмды алқаптардың шөп өспейтін бөліктері жел әсерінен бір орыннан екінші орынға жиі жылжып отырады. Оларды жылжымалы құмдар деп атайды. Топырақ бетінде өсімдік жақсы өскен алқаптар жел эрозиясына ұшырай бермейді. Өсімдік тамырлары топырақтың беткі қабатын бекітіп ұстап тұрады, өскіндері жауын суының біразын өздеріне сіңіріп, қалғанын жер астына өткізеді, ал екпе ағаштар қар тоқтатуға және олардың топырақ бетінде біркелкі таралуына септігін тигізеді, желдің күшін азайтады, т.б. Ал бұл жерлерді кәдімгі қайырмалы соқамен жыртып, топырақтың майда ұнтақталған бос қабаты жер бетіне шыққан кезде олар желдің еркіне беріліп ұшады. Осындай жағдай тың игеру кезінде Қазақстанның солт. аймақтарында кең өріс алған. Табиғаттың бұл апатымен күресуде акад. А.И. Бараев басшылық еткен Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Топырақты жел эрозиясынан қорғау үшін жасалған жүйенің негізінде топырақты бұрынғыдай қайырмалы соқамен жыртудың орнына қайырмасыз етіп жыртып, терең қопсыту ұсынылған. Сонда топырақта өскен дақыл сабақтары топырақ бетінде қалып, қыста қар тоқтатуға, желдің күшін төмендетуге септігін тигізеді. Ең бастысы бос топырақ жер бетіне шықпай, біршама тереңдікте жатады. Жел эрозиясына жиірек ұшырайтын алқаптар жайылымдық жерлерде, топырағы жұқа шөл белдемдерінде кездеседі. Себебі шөл белдемдерінде өсімдіктер сирек өседі әрі жақсы дамымаған, сондықтан бұзылуға өте бейім топырақ түзіледі. Мал жиі жайылатын елді мекендер немесе мал суаратын пункттердің төңірегіндегі топырақ та жиі бұзылып, шаңы шығып, желге ұшады. Ондай жағдайларды болдырмау үшін ауыспалы жайылымдық жүйеге көшу қажет. Су эрозиясы қатты нөсерлеп жауған жаңбырдан немесе қыста мол жиналған қардың тез еруі нәтижесінде пайда болады. Мұндай жағдайлар еңіс жері мол таулы беткейлерде жиі кездеседі. Бұл су ағындары тік беткейдегі топырақ бетін ғана шайып қоймай, көп жағдайларда сай, жыралардың пайда болуына әкеп соғады. Тау етегіндегі беткей алаптарын су эрозиясынан қорғау үшін бұл жерлерге а. ш. дақылдарын, жеміс ағаштарын отырғызып, қолдан ыңғайлы жер бедерлерін сатылап жасау (террасалау) әдісі де қолданылады. Топырақтың су эрозиясының бір түрі ирригац. эрозия, ол адам қолдан суаратын жерлерде болады. Суармалы жерлерде судың өз ағысымен ағуы үшін оның бір бағытта еңісі бар жер бедері таңдалынып алынады. Сол бағытқа қарай майда суару арықшалары жүргізіледі, бірақ еңіс жерлерге қарай суды мөлшерлеп қана жіберу қажет. Олай болмаған жағдайларда, әсіресе, еңісі тіктеу суарылмалы беткейлерде топырақтың ирригац. эрозиясы өріс алады. Эрозияның бұл түрі тек суармалы алқаптарда ғана емес, сол суармалы алқаптарға су әкелетін арықтар мен канал бойларында, өзен жағалауларында (жағалаулар су әрекетінен бұзылып, шайылады) да кездеседі. Көктемгі нөсер жаңбырлар жауғанда немесе қар еріп, оның суы өзендерге қосылғанда, су деңгейі көп көтеріліп, жағалау беткейлерін жуып-шайып, тіпті кей жағдайларда арналарын бұзып, жаңа арнамен ағатын болады. Су эрозиясының бұл түрімен күресу үшін арнайы инж. құрылыстар салу, өзен бойларына ағаштар отырғызу, т.б. шаралар жүргізу қажет. Арықтар мен каналдар тез бұзылып кетпеуі үшін олардың жағаларына ағаш, бұталар отырғызу керек. Сонымен қатар артық суларды уақытша су қоймаларында жинап, қажет кездерінде пайдаланған орынды. Т. э-ның қарқындылығы жер бедеріне, беткейлердің тік болуына, жауын-шашынның түсу мөлшеріне, топырақтың түйіршікті құрамына, су сіңіргіштік қабілетіне, өскен өсімдіктеріне, т.б. байланысты. Эрозияға ұшырау мөлшері беткейлер мен шатқалдардың тіп-тігіне және су жиналатын алқаптың аум-на қарай әр түрлі болады. Т. э. көбіне ұсақ түйіршікті топырақтарда, жауын-шашын көп түсетін және күшті жел тұратын аймақтарда кездеседі. Т. э. күштірек болғанда топырақ құнарлылығын азайтып, себілген тұқым зиян шегеді, а. ш-ның жайылымдық жерлерін нашарлатады. Осының барлығы а. ш-на орасан зиян келтіреді. Т. э-ның алдын алу үшін қорғаныш орман алқаптары, егістіктерді қорғайтын орман шаршылары отырғызылады, жайылымдық жерлер мен құмды жерлерге ағаштар отырғызу, топырақты қорғау үшін ауыспалы егіс жүйесін енгізу, топырақты аудармай өңдеу, тұқымды қатарлап себу әдісі, шатқалдарды сатыларға бөлу, су тоқтатын каналдар салу, т.б. шаралар жүргізіледі.
Бақылау сұрақтары:
-
Жел эрозиясы дегеніміз не?
-
Су эрозиясы дегеніміз не?
-
Топырақ эрозиясымен күресу шаралары жайлы не білесің?
-
Жерді рекультивациялау дегеніміз не?
-
Топырақтың механикалық құрамы дегеніміз не?
-
Топырақ құрылымы жайлы не білесің?
-
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ӨЗДІК ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Топырақ арнасында уақытша тілінген арық-атыз жүйесі
2. Картоптың суару режимы
3. Бороздалап суару үшін қолданылатын таратқыш және суару трубопроводтары
4. Егістікті жаңбырлатып суару үшін қолданылатын ашық және жабық арық-атыз жүйесі
5. Арық-атыз жүйесінің арматурасы
6.Суару каналдарын орналастырудың негіздері
7. Қаналдарды жерге орналастырудың талаптары.
8.Каналдар және суармалы жерлердің номенклатурасы
9. Судың есептелген мөлшері жэне суару жүйесі каналдарының пайдалы әсер коэффициенті (ҚПД)
10. Суару каналдарының конструкциясы және оларды есептеу
11. Жаңбырлатып суару үшін тасу жүйесін орналастырудың ерекшеліктері
12. Тартпа-каналдар қолданылу жағдайлары
13. Тартпа-каналдардың конструкциясы.
14. Арық-атыз жүйесінің ашық түрлерінің құрылыстары
15. Суды тарату мен есепке алуды автоматтандыру
16. Жабық және құрастырылған суару жүйесі
17.Суармалы жерлердегі жолдар және орман алқаптары
18. Жер суару және суландыру ушін пайдаданылатын су көзде-рінің турлері
19. Суару жүйесінің Бас саға қүрылыстары
20. Суару каналдарын тосаптанудан қорғау
21. Жер асты суларымен суару
22. Насос станциялары туралы жалпы мәліметтер
23. Насос станцияларын орналастыру схемалары
24. Насос станциясының жұмыс режимі және агрегаттардың санын анықтау.
25. Қысым трубопроводының диамітрін, насостын, және двигатель-дің қуаттылығын есептеу.
26. Ауыл шаруашылық дақылдарын суарудың негізгі әдістері
27. Жүгері суару режимы
28. Сіңіре суару әдісі
29. Суарудың түрлері
30. Жерді суару және суландыру туралы түсініктеме
31. Суарудың топыраққа тигізетін ықпалы.
32. Жаңбырлатып суару әдісі
5 Оқу-әдістемелік құралдардың тізімі
-
5.1. Негізгі әдебиет:
5.1.1 Бекбергенов К.Ж. Ауылшаруашылық мелиорациясы. (оқулық). Алматы, Кайнар, 1994г.
5.1.2 Атақұлов Т.А., Кенебаев Т.С. Ауылшаруашылық мелиорациясы. Алматы, 2000ж.
5.1.3 Зубаиров О.З., Атақұлов Т.А., Рау А.Г., Досмухамбетова А.Р. «Мелиорация пәні бойынша практикум». Алматы, 2005 ж.
5.1.4 Зубаиров О.З., Тілеукұлов А.Т., Нұрмамбетов Д.Д. «Мелиоративтік жобалау жүйелері» - Алматы – 2011г.
5.2. Қосымша әдебиет:
5.2.1. Мустафаев Ж.С., Умирзаков С.И. и др. Основы сельскохозяйственной мелиоарции (на каз.яз. и русс. яз.) Тараз, Изд «Аква», 2003г.
Достарыңызбен бөлісу: |