Кітаптан үзінділер:
"Алтай өңіріне алпыс жылдан бері дәл осындай қалың қар жауғанын көрген жоқпыз", – деседі қариялар.
Ағаштан өрген аласа монша өр Алтай елінің ермегі секілді еді.
Ішкері жаққа Нұржанның осыменен екінші рет келуі. Жаздай жаңбыр жаумай, құрғақшылық болып „Алтай" совхозының бүкіл шабындығы ақтаңлағы шығып, күйіп кеткен соң сыпыра тау арасы, топырағы құнарлы әрі қыстың күні қар қалың түседі, сөйтіп, ылғалы мол сақталатын Хатынь өзені жағынан шөп шапқан. Қазақстанның бір пұшпағында түтін түтеткен бұл совхоздың жері Алтай тауларымен жарыса, жағаласа барып, сонау Таулы Алтай өлкесінің аймағымен шектелетін. Россия мен Қазақстанды атақты шың Мұзтаудан бастау алатын ағыны қатты Хатынь өзені бөліп жатар еді. Бұл жақ басқа ауданның жері, бір түкпірінде, тым шалғайда болғандықтан, „Ішкері жақ" деп атап кеткен.
Алтайдың қырық градус суығы қылқындырған қарлы өлке, тас болып қатқан қалпы, ешкімге керексіз қор күйді бастан кешіп, мәңгі тыныштықтың құшағында тырп етпей өліп жатыр еді. Жарықтық ай да қатып қалғандай, кеңістікті шарбылаған аяз ауаның ар жағында, тұтқында тұр. Аппақ түн қаншалық әдемі болса, соншалық қатыгез суық еді.
Алтайдың қырық градус суығында қасат қар, ақырған аязда үсікке шалдырмай, таң атқанша арпалыстырып, ән салдырған.
Келімді-кетімді кісі мен жолаушылардың жаққан отын сөндірмей, осына шалғайдағы Алтайдың сыңсыған жынысы талай рет өртке шалынды. Өткен жазда мұқым тегіс жанып, жүздеген солдат келіп әрең өшірген. Дегенмен соңғы бес жылда жарықтық ішкі Алатайдан да күй кете бастап еді.
Жергілікті халық бұл жерді Бекалқа деп атайды. Үлкен Нарын ауданының ең алыстағы қыстағында біз отырмыз. Бізден ары ел жоқ — иен. Ел жоқ деген де мүлдем адамсыз емес, таулы Алтай өлкесіне дейін ара-тұра аңшылар кездеседі немесе бұл жердің табиғатын қызықтап жүрген туристер жаз айында шұбырып жатады.
Шығармада Алтай тауы мекен еткен жер ретінде көрсетіледі.Оның қыс айындағы әсемділігі мен қатар суық қаталдығы суреттеледі. Алтай Оралхан Бөкейдің туған жері болғандықтан, оны қалың оқырманға жеткізгісі келді. Бейнесі кітаптағы үзінділерден көрініс табады.
Достарыңызбен бөлісу: |