Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары



бет15/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   78
аширов ответ

Ә. Кекілбаевсуреткер жазушы

Әбіш Кекілбаев 1939 жылы желтоқсан айында Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды ауылында дүниеге келген. 
«Үркер» мен «Елең-алаң» тақырыбы — Қазақстанның Ресейге қосылуы, идеясы — Қазақстан мен Ресей халықтарының достығы. «Үркер» мен «Елең-алаң» — тарих шындығын, адам сырын, халық тағдырын кеңінен, тереңнен толғайтын кең құлашты күрделі романдар.
Жазушының адам мінезін даралаудағы суреткерлік шеберлігі «Үркер» және «Елең-алаң» романдарының мазмұны мен пішінінің бірлігінен көрінеді. Автордың бұл орайдағы табыстары Әбілқайырдың бейнесін жасау тәсілдерінен аңғарылады. Мына үзіндіге көңіл бөлейік: «Мөлт қара сақал-мұрт қыбырсыз. Бозарыңқы дүрдік еріндер бір-біріне жабысып қалғандай… Тіп-тіке қарайтын дөңгелек жүз, сыз қабаң ақ сұр кісінің бет алды тұнған сабыр. Шығыңқы шықшыт сүйек пен шытыныңқы қабақтар ғана іште жатқан шытырман ойлардан нышан байқатқандай.
Ақ сүр кісі … қабағын шытынды… Ақ сүр кісі … сояу кірпіктерін кілгірте жүмып, ойға шомды».
Бұл — портрет жасаудың үлгісі. Жансыз келбеттің суреті емес, психологиялық портрет. Жазушы кейіпкерінің бет жүзіндегі ерекше белгі-нышандарды көркемдік бейнелеу құралдары арқылы дүркін-дүркін баса көрсетеді, мінезге тән кейбір дара қасиеттерді аңғартады, одан соң біртіндеп кейіпкердің психологиялық қалпын көрсетеді.
«Үркерде» Әбілқайырдың мынадай ойлары беріледі: «…бүгін биенің құйрығы, ертең түйенің құйрығы болып қырық құбылып отырар жайым жоқ…», «қоянның құйрығындай күнде қыпылықтап отырғаннан обал-сауабыңды біреуге артып, тыныш отырғанды жөн көрмеп пе еді?»
Бұл — мінездеудің үлгісі. Кейіпкерінің ойы мен сезіміндегі күй оның ішкі сөзінен танылады. Сонымен бірге кейіпкердің осы сөзінде оның мінезін даралайтын ерекше айшық бар.
«Биенің қүйрығы болу», «түйенің құйрығы болу» секілді метафора, «қоянның құйрығындай күнде қыпылықтап отыру» секілді теңеу арқылы берілген ойлардың мынадай сипаттары бар: терең әрі бейнелі; тыңдаған жұрттың ойы мен сезіміне бірдей әсер етеді. Портрет те, мінездеу де, олардың шегіндегі бейнелеу қүралдары да Әбілқайырдың ойлау ерекшелігін, сөйлеу мәнерін танытуға, мінезін даралауға, бейнесін сомдауға қызмет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет