Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


Әбіштің Әбілқайырдың тұлғасын суреттеуі



бет16/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78
аширов ответ

Әбіштің Әбілқайырдың тұлғасын суреттеуі көпқырлы, терең сырлы. Оны өзгелерден даралап көрсететін бірнеше ерекшелік бар: а) хан; ә) ақылға да, айлаға да жүйрік; б) тарихи дәуір мен тарихи оқиғалардың ең өзекті, мәнді сипаттарын, саясиәлеуметтік барлық қыры мен сырын өзгелерден терең пайымдайды; в) дәуірдің басты саяси оқиғасында батыл шешім қабылдайды; г) халыққа игілікті деп қабылдаған шешімдері мен істері үшін маңындағылардың дұшпандығы мен жаулығына шыдайды; д) қарақан басының қамы мен халық мүддесі заман ағымының беталысына қарай кенеттен келісім тауып, жарасады және т.б.
«Үркер» Әбілқайыр ханның орыс еліне жіберген елшісінен хабар күткен күпті ой, дүдәмал күйін суреттеуден басталады. Елшіден хабар келгенше ханның ойына өткен күндер оқиғаларының нешебір тізбегі келіп, нешебір тізбегі кетеді. Бұл екі ортада оның кенжеден шыққан кішік күйінен бастап, тәж бен таққа дейінгі шытырманды, көпсатылы жолы мен жай-күйі түгел көрініс берген.
«Елең-алаңда» қазақ халқының Ресейге қосылғаннан кейінгі өмірі суреттеледі. Қазақтар сабылып, ақ патшаға табынып Петербургке барады. Ресейге бодан болып қосылған қазақтарды билеп-төстеу үшін Орынбор экспедициясы құрылып, қазақ жеріне келіп табан тірейді. Патшалық билеу әкімшілігі Ор өзені бойында бекініс-қала салады. Орынбор экспедициясының алғашқы бастығы Кирилов, кейінгі бастығы Татищев, патша генералы Румянцев сияқты отарлау аппаратының басшыларының ойлары мен нақты іс-әрекеттері арқылы орыс-қазақ қарым-қатынасының саяси және әлеуметтік мазмұны ашылады.

  1. 1960-2000жж қазақ драматургиясының даму ерекшеліктері

Қазақ халқының ұлттық ой-санасының жүдеп бара жатқанын көрген зиялы азаматтар 60-70 жылдардан бастап, халық тарихының оқиғалары негізінде ұлттық сананы оятып тәрбиелеуге көркем әдебиетті пайдалану мақсатын қойған еді. Ол үшін М.Әуезов негізін салған тарихи роман дәстүрін жалғастыру қажет болды. Қазақ тарихының әр қилы беттері жаңаша бажайланып, көркем бейнелеуге ие болды. І.Есенберлиннің, Ә.Әлімжановтың, С.Сматаевтың, Ә.Кекілбаевтың, М.Мағауинның романдары жарық көрді. Мұндай ұлттық оянуды көптеген туысқан халықтар да басынан кешірді. М.С.Горбачевтың “Ұлтшылдық – реакциялық” деп шошынуы осының әсері болатын.
Ұзақ үнсіздікті алдымен, алпысыншы жылдардың аяғында І.Есенберлин бұзды. Оның ең бір даулы, қиын тарих беттеріне арналған “Қаһар” (1969) романы әуелде көп адамды шошытты, әрі таңқалдырды. Әуелгі әсер біртіндеп басылды, роман оқылды, орнықты. (Қаһар туралы оқып алыңдар)
Қазақ-Ресей қарым-қатынастарының басталуы мен оның күрделі жағдайда өрістеуін суреттеген М.Мағауиннің “Аласапыран” (1981-1983), оның кейінгі тарихын жазған Ә.Кекілбаевтың “Үркер” (1981), “Елең-алаң” (1984), қазақ пен қалмақ жаулаушылығының оқиғаларына арналған С.Сматаевтың “Елім-ай” (1979), Ә.Әлімжановтың “Жаушы” (1974) романдары ел тарихының әр алуан сырын көркем бейнелей алуымен, оқырман бойында отаншылдық, елшілдік сезімдерді оята білуімен бағалы.
Қазақтың бұл тұстағы тарихи романында тарихтың әр кезеңінде өмір сүрген ұлы тұлғалардың өмірі мен кейінгі ұрпаққа қалдырған өнегесін негізге ала суреттеу дәстүрі қалыптасты. Сәбит Мұқановтың Шоқан Уәлихановқа арналған “Аққан жұлдыз” (1967-1969), Ж.Молдағалиевтың Ыбырай Алтынсарин туралы “Алғашқы қоңырау” (1978), Д.Әбілевтің “Сұлтанмахмұт” (1965-1971), С.Жүнісовтің “Ақан сері” (1971, 1978), З.Ақышевтің “Жаяу Мұса” (1981) романдары әдебиет тарихында елеулі мән-мағынаға ие болған туындылар. Бұлардың бәрі де ғұмырнамалық мәліметтер негізінде жазылған. Қоғам өмірінде анық ізі қалған оқиғаларды іріктей отырып, авторлар нақты заман кейіпкерінің қыры мен сырын ашуға ұмтылды.
Бұл дәуірдің бірталай тәуір шығармалары қазақ халқы бастан кешкен тарихи кезеңдердің шындығын ондағы тарихи қайраткерлердің тұлғасын танытуға арналды. Халықтың азаттық жолындағы күресі, жаңа өмір үшін талас бұл шығармалардың негізгі өзегі болып табылады. Бұл салада Ғ.Мұстафиннің “Дауылдан кейін” (1957), “Көз көрген” (1963), С.Мұқановтың “Есею жылдары” (1963), Х.Есенжановтың “Ақ жайық” (1957-1965), Ә.Нұрпейісовтің “Қан мен тер” (1961-1970), Ғ.Слановтың “Асау арна” (1962) Ш.Мұртазаның “Қызыл жебе” (1978-1984), Қ.Сәрсекеевтің “Қызыл жалау” (1979-1983) сияқты романдарының атап айтарлық маңызы бар. Тарихи оқиғаларды терең талдап, олардың қоғамдық өмірдің өзгерістерін түсінудегі маңызын ашуға ұмтылыс бұл шығармаларды көп жағынан туыстырады.
Б.Соқпақбаевтың “Өлгендер қайтып келмейді” (1967) романының тақырыбы – соғыстың өзі емес, оның алыс қазақ аулындағы жаңғырығы. Соғыстың оған қатысушылар үшін ғана емес, тылдағы ел үшін де үлкен апат, дүрбелең болғанын, сол тұстағы жоқшылық, қысаңшылдық өмірді жазушы кең суреттейді. Сол арқылы соғыс кезінде майданмен тең сынға түскен ел бейнесі, ел намысын қорғаған жандардың адамдық кейпі жайлы мәселе қозғайды.
Қаралып отырған дәуір қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен қарым-қатынасқа түсіп, халықаралық байланысының ұлғайған кезеңі болды. Қазақ әдебиетінің тәуір туындылары дүниежүзіне таныла түсті. М.Әуезовтен кейін С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтің, Ғ.Мұстафиннің, Т.Ахтановтың, Ә.Нұрпейісовтің, Ә.Әлімжановтың, О.Сүйлейменовтің, І.Есенберлиннің, Т.Әлімқұловтың, Ә.Кекілбаевтың шығармалары бірнеше шет тілдерге аударылып тарады. Жеке жинақ күйінде шыққан қазақ фольклорының материалдары мен жазушылардың кітаптары көптеп саналады. Абай мен Жамбыл жырлары Европа мен Азия халықтарының бірқатар тілдеріне аударылды. Ә.Нұрпейісовтің “Қан мен тері” Прага театрында қойылды. Қазақ әдебиеті туралы зерттеулер, оқулықтар, жеке мақалалар көптеп басылды. Оларды жазуға Л.Арагон, А.Стиль, М.Бори, В.Баум, А.Курелла, А.Вюрмсер, П.Филибер, т.б. шетелдің көрнекті әдебиетшілері қатысты. Керісінше, қазақ жазушылары әлем әдебиетінің көптеген туындыларын қазақ тіліне аударуға жәрдемдесті. Халықаралық жазушылар қатынасына, Азия-Африка жазушылары қозғалысына Ғ.Мүсірепов, Ж.Молдағалиев, Ә.Шәріпов, Ә.Әлімжанов, О.Сүлейменов белсене араласты. Мұның бәрі қазақ әдебиетінің интернационалдық негізінің нығайып, оның кемелдене түсуінің белгісі еді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет