Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


О. Бөкеевтің «Қар қызы» повесі: негізгі тақырыбы мен өзекті идеясы



бет18/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   78
аширов ответ

О. Бөкеевтің «Қар қызы» повесі: негізгі тақырыбы мен өзекті идеясы

Оралхан өз шығармаларында тек қазақы менталитетті, замана зобалаңын, қазақ баласына төнер қауіпті, өтіп кетер өткінші өмірдің өзекті өкінішіне айналған адамдар мінезінің қарама-қайшылығын, ақ пен қараның бітпес күресін өз заман келбетін, бүгіні мен ертеңін, сол заманның кескін-келбетін әсем де әсерлі, қытымыр да қатыгез, мейірімді де мейірлі кейіпкерлері арқылы суреттеп жеткізе білген. Бұл оның жазушылық қуаттылығы.
Оралхан Бөкейдің адам – жұмбақ, ғалам – жұмбақтың тереңіне үңілген ізденісін танытатын шығармасының бірі – «Қар қызы» повесі.
«Қар қызы» повесінің алғашқы нұсқасы 1977 жылы жазылып, кейін қайта өңделіп, 1984 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» жинағына енді. Жазушы повесте табиғатты негізгі фон ретінде ала отырып, оның құпия-сырларымен бірге адам жан сырының қалтарыстарын ашуға ұмтылады. Шығарма сюжетінде, қыс ортасында мал азығы таусылып қалады да, Алтайдың қақаған аязында далада қалған үш жігіт (Нұржан, Бақытжан, Аманжан) ауылдан алыс, ақ қар, көк мұзды тау арасынан трактормен шөп әкелуге шығады. Бір-бірінен айнымайтын тау шоқыларының арасында жолдан адасып, 40 градус суықта қардың тұтқынында қалады. Шөптен бұрын өздерінің үсіп өлу қаупі туады. Сөйтіп, өмір мен өлімнің күресі басталады.
Әкелері соғысқа кетіп, сонда қаза тапқан жігіттер соғыстан кейін туылған. Мұнан соң алыс сапарға аттанған жігіттер бірер күннен кейін айдаладан жалғыз үйді көреді. Ол үйдің иесі Қоңқай шал еді. Түнеуге сұранған жігіттерді шал самарқау қарсы алып, ас-су беруге де жарымайды. Нұржанның жанындағы жолдасы Аманжанның мінезі де түрі де үйіне түнеуге рұқсат еткенін міндетсінген Қонқай шалдан айнымайтын еді. Ертесіне шалдан жол сұраған жігіттерге Қонқай шал бұрыс жол көрсетіп, адастырып жібереді. Жапан далада ақ қардың арасында қалған үшеуінің өлім мен өмір арасындағы күресі енді басталған еді. Жылынар пана таппаған үшеуі ұйықтап кетіп, жан тәсілім етудің аз-ақ алдында ғана қалғанда Қар қызы Нұржанды оятады. Кейіннен олар ауылдағы кемпір-шалдың үйіне түседі. Олардың Алмажан есімді бір қызы бар. Қыз бойында әлдеқандай жұмбақ жатқандай еді. Сөйтіп үш жігіт өлімнен аман қалады. Сыңсып ән салатын қар қызы Алмажан мен Нұржан бас қосып, шаңырақ көтереді. Аманжан Қоңқай шалдың үйінде қалады. Бақытжан үйіне кетеді. СОҢЫ:
Ал, Бәке,— деді жанында қалғыңқырап отырған Бақытжанды шынтағымен түртіп.— Мынау қарғыс атқан жерде қалып коюға мен де бел байлап тұрмын. Мүмкін, аз жылға, бәлкім, мәңгілікке, әзірше өзім де білмеймін... Тағдырдың жазуы осы шығар. Қоңқай шалдан не жеңілем, не жеңем, не соның жолын қуып кетермін, әйтеуір, Үлкен өмірге барғым келмейді. Үлкен өмірге кішкентай адамдар ғана сыя алады... Хош. Ендігі келгеніңде бұл жер — Аманжан асуы аталады.
Трактордан секіріп түсті де, әлі тышқан ізі түспеген тап-таза тың қарды омбылап, тау басына қарай тырмыса өрлеп бара жатты.
Алғашында меңірейіп тұрып қалған Бақытжанның көзі ашып, жанарына жас үйірілді. Жиырма жыл бір-бірінен екі елі ажырамаған достарын, мынау аппақ кеңістіктің әр жеріне бытырата таратып, ауылға соқа басы қалай ғана қайта алады. Бірақ өз-өзінен мүжіліп, ақ қар, көк мұзды аязды аймақта тұра беруге әсте де болмайды, тек қана алға жүру керек, толассыз мәңгілік қимыл керек...


  1. Нұржан:— Жоқ, жарқыным, соғыс кезінде немесе соғыстан соң туғандар бір-біріне ұқсап жатса оған балалар әсте де кінәлі емес. Ендеше, оған ешбір қорланудың да, ұялудың да қажеті жоқ. Конечно в этом мире нам трудно будет жить, но за то мы получили жизнь. Мы — дети войны. Мы — законное дитя эпох.

  2. Соғыс деген талай дүниенің астан-кестеңін шығарып қана қоймап еді. Соғыс — талай қулық пен сұмдықты тас-талқан етті. Елдің тәубасын есіне түсірді. Соғыс сандаған күнәны тудырды, сандаған күнәны ақтады да. Әйтпесе 1946 жылы туған Аманжанның әкесі қалай ғана соғыс жылдарында өліп қалады. Осындай соғыс тудырған әрі тудырмаған, бірақ соғысқа сілтеген қисынсыздар ел ішінде көп-ақ еді... Соның бір құрбаны, осы сырықтай ұзын бойлы, ала көзді Аманжан-тын.

  3. Анау Аманжанға дұрыстап қарашы өзің... иегіне сақал жапсыр да, көз алдыңа шалды елестет... Айнымаған атамыз...

Нұржан:— Қайдағы атамыз?
Бақытжан:— Қоңқай атамызды айтамын. Керемет ұқсастық емес пе...
Нұржан:— Расында да.— Таң қала күліп жіберді. Тізесіне көлденең тастаған мылтықтың стволын сипап отырған Аманжан анықтап қараған адамға, шынында да, Қоңқай шалға қатты ұқсайтын еді.

  1. Алмажан:— Анамыз бала көтермеген кісі... Мен... сол түні адасып кеткен Қар қызымын... Боранды түнде үсік ұрып, кірпігім ғана қимылдап, қарға көміліп жатқан жерімнен осы үйдегі Ата тауып алды. Жан адамға сездірмей бір жыл бағып-қақты. Кейін... ауруханадағы шешемнің қайтыс болғанын естідім... „Шешеден қыз қалмасын, түйеден тұз қалмасын" деген емес пе, алыстан қосылар ағайын болғанмен, ет жақыным жоқ, елге қайтудың ешбір қисынын таппадым. Содан бері тіпті тірі адамнын бетіне қарағым келмейді. Екі аяқты атаулының бәр-бәрінен көңілім қалды да, үстіме аппақ көйлек киіп қырға шығып ән саламын... Ал Қар қызы туралы аңызды өзім ойлап таптым. Атам екеуміз әдейі ел-жұртқа таратып жібердік. Міне, содан бері күндіз — сауыншы, түнде — Қар қызы бейнесінде жүрмін... Кейде жападан-жалғыз жата беруге шыдамай, мынау ағаш үйден атып шығып, тізеден қар кешіп алаулаған ыстығымды басамын... Бәлкім, сізді іздеген сезімнің сергелдеңі шығар...

Автор «Қар қызы» повесі арқылы соғыстан кейін туған үш жігіт арқылы соғыста болған қиянат пен соғыс зардаптарын бейнелейді. Шығармада суреттелген аязды боранды соғысқа, қыстың суығын соғыс суығына теңейді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет