Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


І.Есенберлиннің «Қаһар» романындағы Кенесары ханның образы



бет19/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   78
аширов ответ

І.Есенберлиннің «Қаһар» романындағы Кенесары ханның образы

"Қаһар" романы(1969) – Ілияс Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясының үшінші кітабы. Роман – қазақ тарихи романистикасының үздік табысы, шоқтығы биік туынды. Қазақ әдебиеті тарихында құбылыс болған ел тағдырын шыншылдықпен бейнелеген халықтық көркем шығарма.
Романда Кенесары ханның 1837-1847 жылдар арасындағы Ресей империясының қазақ жерінің отаршылығына қарсы күрес туралы айтылады. Онымен бірге, шығармада басқа да ұлы қайраткерлер мен үлкен рөл ойнаған тұлғалар туралы айтылады. Романның басты кейіпкері – қазақтың соңғы ханы, бар күшін ел мен жерге сарп еткен атақты Кенесары Қасымұлы.
Романда автор Кенесары бейнесін жан-жақты терең талдап, сол арқылы өзге де кейіпкерлердің мінез-құлқын, кескін-тұрпатын аша білген. Абылай атасының жолын қуып, жан-жаққа шашырап кеткен қазақ руларын бір тудың астына біріктіруді аңсаған, аңсап қана қоймай қара халқының қайғы-қасіретін бір өзі арқалаған сом тұлғалы Кенесарының тарихтан алар орны ерекше.
Кенесарының сыртқы бейнесі былай суреттеледі: «Осы ауылдардың Қазықұрт жағындағы бір биік төбе басында бір адам тұр. Қой-қозысы маңырап, балалары жылап азан-қазан болып жатқан ылдидағы жұрттан қашып шыққандай.
Сонау көз ұшында ноқаттай болып көрінген көк тұйғындай қиялы әлдеқайда
алыстап кеткен. Бұл — орта бойлы, кең жаурын, арықтау тарамыс денелі, жатаған келген ат жақты сары сұр кісі. Сәл қызғылт тартқан қыран көзді, жуан балуан мойынды. Ашық жүзіне жараса біткен сәл келтелеу қыр мұрнының астында шағын ғана мұрты бар. Қою шоқша сақалы сүп-сүйір. Сақал-мұрты күңгірт сары. Басында жарғақ тысты құндыз тымақ, қара мақпал жеңіл құндыз ішігінің сыртынан бозғылт түйе жүн шекпен жамылған, Аяғында атқа мінуге ыңғайланып тігілген орта қоныш көк салмен өрнектелген саптама етік. Отырған отырысында, тұрған тұрысында ілтипаттық пен тәкаппарлық қатар аңғарылады. Сәл шегір тартқан өткір қырағы көзі қарағанда адамның ту сыртынан өткендей. Сараң қимылы, жұмыла біткен жіңішке еріндері, аз сөйлеп, көп тыңдайтын адамды сездіреді. Егер тұлғасына, көңіл райына қарасаң ішінде тұнып жатқан үлкен ақыл, бұлқынып сыртқа шыққысы келген жігер барын ұғасың. Бұл Абылайханның немересі, Қасым төренің ортаншы ұлы Кенесары еді.»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет