Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


Біріншіден, Кенесары – Абылай жолын жалғастырушы, хандық билікті аңсаған адам



бет20/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   78
аширов ответ

Біріншіден, КенесарыАбылай жолын жалғастырушы, хандық билікті аңсаған адам. Оның қара халықтың жағдайын түсіне білетін жүрегі, опасыздарды жазалай алатын қатыгездігі, қаттылығы, дер кезінде шешім қабылдай алатын ақылы бар. Кенесары нағыз хан болу үшін жаратылған адам. Романды оқу барысында оның ұстамдылығына, темірдей ерік-жігеріне, шыдамдылығына, қажыр-қайратына қарап таң қаласың. Кенесары тарыдай шашылған қазақ руларын біріктіріп, Әбілқайыр, Сәмеке, Нұралы, Бөкей, Серғазы, Уәли ұрпақтарын өзіне бағындыруды көздеп, бұрынғы хандық жүйені қайтарғысы келді. Ол ең алдымен «бас-басына би болған қиқымдардың» басын біріктіргісі келді. Қиын сәтте елді жаудың тұзағынан алып шығар жалғыз жол осы екенін түсінді. Бұл Кенесарының саясаттан хабары брын аңғартады. Артынан ерген қара халықты тек найзаның ұшымен ғана қорғаудың аздық ететінін түсінді. Сол себепті, Орынбоп генерал-губернаторымен жақсы қарым-қатынас орнатуға тырысты.
Екіншіден, Кенесары хан – нағыз көшбасшы. Ел басына күн туғанда қолды бастап, көтерілістің басы-қасында өзі жүрді. Мұны оның: «Хандықты басқарудың екі жолы бар. Бірі – соған хан билігін әперем деген халықтың артында тұрып басқара білу. Екіншісі – соңынан ерген қолдың алдында жүріп, ерлігімен өзіңе тартып алу» деген Кенесарының сөздері дәлелдей алады. Әрине, ел-жұрттың артында тұрып оларды қырғынға айдап салуға, ақыл-айламен, зұлымдықпн тақты өзіне алып алуына болар еді. Бірақ, елде ондай адамдар жетерлік. Сол себепті, ол соңынан ерген қолдың артына емес, алдына шығу керектігін жақсы түсінді. Көшбасшыға керек тағы бір дүние – сенімді серіктері. Ханның жанына Бұқарбай, Басықара, Төлебай, Жанайдар, Ағыбай, Наурызбай сынды тепсе темір үзер жаужүрек батырларды топтастыра білді. Асыл ердің арманы мен ел үміті тоғысқан тұста қарап қалған Кенесары жоқ. Соның дәлелі Ақмола бекінісін алардағы оның айла-тәсілдері, тапқырлығы, қазақ батырларының ерлігі шебер баяндалады. Көп ұзамай Кенесарының сарбаздары Ақтау, Ортау бекіністерін алды. Бұдан кейін Кенесарының ордасына ағыла түскен рулар көбейіп, айналасына топтала бастады. Ал соңынан ерген батырлары Кенесарының жан аямас қаталдығына қарамастан, оны ұлт қаһарманына айналдыруға тырысты. Міне, бұл ел билеу ісіндегі қажетті боп саналатын ең маңызды аспект болып табылады. Хандық пен қолбасшылықты қатар алып жүре алған батыр бабаларының ізін жалғап, Кенесары да енді елін жаудан аман сақтап қалуға білек сыбана кірісті.Кенесарының Ақмола бекінісін алғанда көрсеткен ерлігі де әсерлі. Кенесары бастаған қозғалыстың белгілі батырлары — Ағыбайдың, Иманның, Төлебайдың, Басықараның, Жанайдардың, Бұхарбайдың эпизодтары да олардың батырлық бейнесін айқындай отырып, Кенесары тұлғасын толықтыра түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет