Педагогтың кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруға бағытталған тұлғалық сапаларының кешені.
Педагогикалық іс-әрекеттің мәні:Әлеуметтік тәжірибені беру, бала тұлғасын дамыту және өмірге дайындау.
Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің айрықша ерекшеліктері:Негізгі ақпарат көзі, оқушылардың танымдық іс-әрекетіне басшылық.
Педагогтың әлеуметтік-кәсіби ұстанымы – бұл:Педагогтың әлемге және оның белсенділігінің көзі болып табылатын педагогикалық іс-әрекет пен ақиқатқа интеллектуальдық, ерік-жігерлік, эмоционалды-бағалаушылық қатынасының жүйесі.
Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлығы - бұл: Мұғалімнің негізделген кәсіби талаптардың жиынтығына сәйкестігі.
Жаңа формация мүғалімін дайындаудың негізгі ережелері көрсетілген құжат:ҚР үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы, ҚР жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасы.
Педагог – бұл:Білім беру мекемелерінде тәрбиелеу мен оқыту саласында тәжірибелік жұмысты жүргізетін адам.
Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері:Оқушыларға сүйіспеншілік, педагогикалық процесті жүйелі жүргізу, бақылағыштық, қарым-қатынас жасай алу, ұжымшылдық, шығармашылық.
Мұғалім іс-әрекетінің обьектісі:Тұтас педагогикалық процесс.
Педагогикалық іс-әрекеттегі педагогтың субьектілігі көрінеді:Педагогтың әлеуметтік-кәсіби ұстанымы арқылы.
Мұғалім тұлғасының ізгілік сапалары:Адамшылдық, оқушы тұлғасына кешірімділікпен қарау.
Педагогтың кәсіби мәдениетіне жатады: Коммуникативті қабілеттілігі
Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін зерттеумен айналысқан:А.С.Макаренко.
Педагогикалық техника – бұл:Педагогқа қажетті білім, шеберлік жиынтығы.
Педагогикалық шығармашылық:Педагогтың жеке тұлғалық, психикалық, интеллектуальдық күштері мен қабілеттіліктерін іс жүзінде көрсететін процесс.
Шығармашылық:Нәтижесі жаңа материалдық немесе рухани құндылықтарды құру болып табылатын іс-әрекет.
Педагогикалық шеберлікті зерттеумен шұғылданған:А.С.Макаренко.
Вербальсыз қарым-қатынастың құралдарына жатады:Ым, мимика, визуальды контакт, такесика.
Қарым-қатынас – бұл:Оқушыларға педагогикалық ықпал ету құралы.
Педагогикалық қарым-қатынас стилі:Демократиялық, либералдық, авторитарлық.
Педагогикалық қарым-қатынастың авторитарлық стилі:Педагог барлық сұрақтарды жеке өзі шешеді, оқушының ынтасы теріс бағаланады және жоққа шығарылады.
Педагогикалық қарым-қатынастың либералдық (бетімен жіберушілік) стилі:Өзінің қызметтік міндеттерін формалды орындау, оқушылардың проблемаларына қызықпау және немқұрайдылық, селқостық.
Педагогикалық қарым-қатынастың демократиялық стилі:Педагог оқушының субьектілі рөлін көтеруге бағдарланған, педагог пен оқушының өзара байланысының жеке, дербес стилі.
Педагогикалық қарым-қатынас жіктемесін зерттегендер:Я.Л.Коломинский, В.А.Кан-Калик.
Педагогикалық қарым-қатынастың кезеңдері:Болатын қарым-қатынасты моделдеу, қарым-қатынасты тікелей ұйымдастыру, қарым-қатынасты басқару, қарым-қатынас нәтижесін талдау.
Педагогикалық қарым-қатынастың түрлері:Вербальды, вербальды емес, интерактивті, перцептивті.
Педагогикалық қарым-қатынас көрсетеді:Білім беру процесі субьектілерінің өзара әрекеттестік формасын.
Педагогикалық такт:Балалармен қарым-қатынаста педагогикалық принциптер көлемін сақтау, оқушылармен дұрыс қарым-қатынасты таңдау іскерлігі.
Эмпатия:Өзін басқа адамның орнына қоя білу.
Вербальды қарым-қатынас:Ақпаратты сөз арқылы беру.
Өзін-өзі тәрбиелеу – бұл:Адамның өзінің тұлғасын жетілдіруге бағытталған белсенді, өзіндік іс-әрекеті.
Өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдері:Өзін-өзі бағалау, өзіне-өзі бұйыру, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі түзету.
Өзіне-өзі бұйыру – бұл:Адамның өзіне-өзі берген қысқаша бұйрығы, нұсқауы.
Тұлғаның өзін-өзі бағалауы қалыптасады:Өзін басқа адаммен салыстыру жолымен.
Мұғалімдер біліктілігін көтерудің негізгі формасы:Білімін жетілдіру институттары.
Педагогтың ұйымдастырушылық іс-әрекеті іске асырылады:Интернет арқылы.
Педагогикалық қабілеттілік:Педагогтың кәсіби педагогикалық іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған тұлғалық қасиеттерінің жиынтығы.
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу – бұл:Өзінің кәсіби-маңызды сапаларын дамыту бойынша саналы жұмысы.
Мұғалімнің негізгі қызметі:Тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процестерін басқару.
Педагогикалық болжау:Педагогтың өз іс-әрекетінің нәтижесін алдын-ала байқау біліктілігі.
Өзін-өзі түзету тікелей байланысты:Адамның өзіне сын тұрғысынан қарауына және өзін-өзі жетілдіруіне.
Оқушылардың дамуының жастық кезеңдері:Балабақшаға дейінгі, мектепке дейінгі, мектептік.
Кіші мектептік жас сипаттайды:Еріксіз ықылас, қимыл белсенділігі, естің көрнекі-бейнелі сипаты, жаңа әлеуметтік ортаға ену.
Оқушылардың жас ерекшеліктерімен түсіндіріледі:Балалардың сол немесе басқа жастағы психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері.
Акселерация :Кіші жастағы оқушылар мен жеткіншектердің балалық және жеткіншек шақтағы жедел дамуы.
Жеткіншек шақ мынадай қасиеттерді сипаттайды:Ойлаудың сыншылдығы, организмнің жыныстық жетілуі, еліктеу, ашушаңдық.
Темперамент типтері оқушылардың дара ерекшеліктері ретінде:Сангвиник, флегматик, меланхолик, холерик.
Жас ерекшелік – бұл:Адам өмірінің белгілі кезеңіндегі анатомиялық-физиологиялық және психикалық сапасы мен қасиетін анықтайтын сипаттамасы.
Жас кезеңдерге бөлу дегеніміз:Анатомиялық-физиологиялық және психикалық қасиеттермен өмір кезеңін анықтау.
Педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы:Жалпы педагогика.
Тұтас педагогикалық процестің элементарлы бөлшегі:Педагогикалық жағдаят.
Тұтас педагогикалық процестің тәрбиелік тетіктері (механизмдері) :Ата-аналар мен балалар, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас.
Мектептің тұтас педагогикалық процесінің негізгі компоненттері:Педогогтар, оқушылар, мақсат, міндеттер, мазмұн, құралдар, формалар, әдістер мен тәсілдер, тапсырмалар, нәтиже.
Педагогикалық процестегі негізгі педагогикалық ықпал ету құралдары:Іс-әрекет, ойын, еңбек, қарым-қатынас.
Педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары:Оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігімен негізделеді.
Тұтас педагогикалық процестің заңдылықтарының бірі Педагог пен оқушылардың әрекеттестігімен, екі жақтың міндетті түрдегі іс-әрекетімен байланысты екі жақты сипатқа ие процесс.
Педагогика ғылымында педагогикалық процестің заңдылығын зерттеген:Ю.К.Бабанский, Б.Т.Лихачев, В.А.Сластенин, Н.Д.Хмель.
Дүниетаным – бұл:Ақиқат дүниеге, қоршаған болмысқа және ондағы адамның алар орнына деген көзқарастар жүйесі.
Дүниетанымның құрылымын құрайды:Іс-әрекетті ұйымдастыру формалары, тапсырмалар.
Сенім – бұл:Жеке тұлғаның ішкі ұстанымына айналған білім.
Дүниетанымның компонентіне жатпайды:Жарыс.
Л.И.Божовичтің зерттеуі бойынша дүниетаным туындайды:Жеткіншек шақта.
Дүниетанымның компоненттері:Интеллектілік, эмоционалдық, практикалық-әрекеттік компоненттер.
Дүниетанымның негізгі қызметі:Ақпаратты-бейнелі, бағдарлы-реттеуші, бағалау.
Дүниетанымның ақпаратты-бейнелі қызметі байланысты:Қоршаған ортадағы оқиғалар мен құбылыстарды қабылдау тәсіліне және оның адам санасында бейнеленуіне.
Дүниетанымның бағдарлы-реттеуші қызметі байланысты:Адамның тәртібі мен іс-әрекеті арқылы оның санасын, көзқарсы мен сенімін анықтауға.
Дүниетанымның бағалау қызметі байланысты:Адамның қоршаған орта құбылыстарын өз көзқарасы мен сенімдері, өзінің дүниетанымы тұрғысынан бағалауына.
Дүниетанымды қалыптастыруды анықтайтын шарттар:Білімді тұрақты сенімге және практикалық іс-әрекетке айналдыру.
Жалпы білім беру – бұл:Оқушыларды табиғат және қоғам туралы маңызды ғылымдардың негіздерімен таныстыру, дүниетанымдық көзқарасын кеңейту, адамгершілік-эстетикалық мәдениетін дамыту.
Ғылыми көзқарастың шынайы құрамына кіреді:Ғылыми білім.
Педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушының өзара әрекеті негізделеді:
Достарыңызбен бөлісу: |