Тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтары, ұжымның дамуының қарама-қайшылықтары, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың қарама-қайшылықтары. Балалар ұжымы қалыптасуының екінші кезеңіне тән ерекшеліктер:
Ұжымның өзі-өзі басқаруға көшуі, сынып белсенділерінің әр түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыруы, шығармашылық ынтымақтастықтың пайда болуы, қоғамдық пікірдің қалыптасуы, ұжым дәстүрінің пайда болуы, ұжым мақсатының әрқайсысы үшін маңызды болуы. Қазақстанда сынып жетекшісі қызметі алғаш рет енгізілді:1934 жылы.
Тұтас педагогикалық процестің тәрбиелік механизіміне жатады:Оқытушы мен оқушының өзара ынтымақтастық қарым-қатынасы.
Сыныптағы микротоптың тиімді құрамы:Бес адамнан тұратын микротоп.
Тәрбиенің заңдылықтары:Оқыту процесінің тәрбие процесіне тәуелділігі.
Сынып жетекшісі жауапты негізгі құжаттар: Сынып журналы, тәрбие жұмысының жопары, оқушылардың жеке іс-қағаздары, оқушы тұлғасының даму картасы, оқушының күнделігі, ата-аналар жиналысы және оның хаттамасы, тәрбиелік іс-шаралар үлгілері, әлеуметтік-психологиялық зерттеулер қорытындысы.
Отбасының негізгі қызметтері:Репродуктивті, коммуникативті, тәрбиелік, шаруашылық-экономикалық, рекреативті.
Отбасы тәрбиесінің құқықтық негіздері көрсетілген:«Неке мен отбасы туралы» заңда.
Отбасының педагогикалық процесі диагностикасының негізгі өлшемдері:Отбасының мінездемесі, адамгершілік-психологиялық атмосферасы, ата-анасының педагогикалық мәдениеті, оқушының мінездемесі.
Мектеп пен отбасының өзара байланысының негізгі формасы болып табылады:Ата-аналар жиналысы.
Қазіргі заманда отбасының тәрбиелік әсері:Төмендеген.
Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізіледі:Оқу жылында 2 рет.
Ұжымдық-танымдық іс-әрекет - бұл:Әрбір оқушы субьектілік ұстанымын қалыптастыруға мүмкіндік алатын мұғалім ұйымдастырған оқушылардың бірлескен іс-әрекеті.