ция зонасы, судың тік бағыттағы циркуляциялық жəне еркін гравитациялық ауысу қабаты болып саналады. Судың деңгейі
жаңбыр жауған сайын жəне қар еріген маусымға қарай өзгеріп оты-
рады.
Уақытша суға толық қаныққан қабат. Мұндағы процестердің
жүру қарқыны жерасты суы деңгейінің өзгеруіне, жер бетінен оқтын-
оқтын сіңген сулардың мөлшерімен байланысты. Бұл қабатта судың
циркуляциясы жазық бағытқа ауысады, бірақ карст аймағының шет
жағаларында жерасты суының деңгейі төмендеу болады. Оның ше-
карасы жерасты еспе суы бетінің ең жоғарғы жəне су өткізбейтін
қабаттың ең төменгі деңгейлеріне сəйкес келеді.
Карст пішіндері мен карст құбылыстары Орыс жазығында,
Қырым, Кавказ, Орал тауларында, Балқан түбегінде, АҚШ-та,
Қытайда, Түркияда жиі кездесіп тұрады. Қазақстанда көптеген
кішігірім карст пішіндері Қаратау жотасында, Маңғыстауда жəне
Үстірт жазықтарында дамыған.
Жер үсті карст пішіндері ашық жəне жабық болуына қарай
бөлінеді. Ашық карст пішіндер таулы аудандарға тəн, ең көп
кездесетін жері – Жерорта теңізі маңы. Олардың таралу жиілігі ор-
мандарды жаппай кесумен де байланысты.
Ашықкарст пішіндерінің кең таралған түріне каррмикро жер
бедері жатады. Kapp деп тереңдігі 1-2 метрге жететін карбонатты тау
жыныстары бетіндегі көптеген жарықтарды, жылғаларды жəне со-
ларды бөлетін кішігірім үшкір тіске ұқсас қырқалар жүйесін атайды.
Каррлардың пайда болу себебі жаңбыр сулары мен еріген қардың
сулары карбонаттық тау жыныстарының үстімен ағып өту бары-
сында жарықшақтар бойымен төмен сіңіп, олардың қабырғаларын
ерітіп, кеңейтеді. Жарықтар мен қырқалар бір-біріне параллель не-
месе қиылысқан күрделі карст микропішіндерін құрайды.
Егер жарықтар тау жыныстары қабаттарының құлауымен сəйкес
келсе, қырқалар мен жарықтар бір-біріне параллель болуы мүмкін.
Бірақ көп жағдайда каррлардың қырқалары ретсіз орнала-
сып, бірімен-бірі қиылысып жан-жаққа тармақталып жəне қайта
қосылып жатады. Мұндай жағдайда карсты микропішіндері кең
өлкені қамтып, көп тісті тараққа ұқсас каррлық алаңдарды немесе