Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет172/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

С. В. Калесник мұхит зоналық жүйелерін 8 табиғат зонасы-
на бөлді: Солтүстік Мұзды мұхит теңіздері, солтүстік қоңыржай, 
солтүстік пассат ағыстары жүйесі (субтропиктік жəне тропиктік 
зоналардың қосындысы), маржандық теңіздер (экватор зонасы), 
оңтүстік пассат ағыстары жүйесі (оңтүстік қоңыржай зона), Оңтүстік 
мұхиттың орта зонасы (субантарктикалық зона) жəне Оңтүстік 
Мұзды мұхит теңіздері.
Г. М Игнатьев Тынық мұхит мысалында ландшафтылық-
географиялық негізде: тропиктік, полярлық (солтүстік жəне 
оңтүстік), екі субтропиктік, екі қоңыржай, екі субполярлық 
сияқты 8 зонаны ажыратты.
Қазіргі кезде мұхит зоналылығы О. К. Льеонтьев аудандасты-
руы бойынша: арктикалық, субарктикалық, солтүстік қоңыржай, 


244
экваторлық-тропиктік, оңтүстік қоңыржай, субантарктикалық, 
антарктикалық болып 7 зонаға ажыратылады.
Мұхит суындағы азоналылық тереңдікке қарай жіктелуі мен 
секторлық айырмашылықтан айқын көрінеді (121-сурет). 
121-сурет. Мұхит суының тереңдікке қарай жіктелуі
Тереңдігіне қарай мұхит мынадай географиялық кешендерге 
бөлінеді:
1. 0 м – жер мен аквальды геокешендерді бөліп тұрған деңгей, 
литораль деп аталады;
2. 200 м – фотосинтез жүретін су кеңістігі мен тереңдегі 
геожүйелер арасындағы шекара, субтидаль деп аталады (түпкі жер 
бедерінде материктік қайраңның ең шеткі бөлігіне сəйкес келеді);
3. 200-1000 м шамасы батиаль, онда су температурасы 20
0
С-ден 
4
0
С-ге дейін төмендейді, материктік қайраң мен материктік беткейдің 
шектесу аймағына сəйкес келеді;
4. 2000-4000 м шамасы, бұдан тереңде абиссальды геожүйелер 
қалыптасады (материктік беткейдің ең шеткі бөлігіне сəйкес келеді);
5. 4000-5000 м шамасы, бұл тереңдіктерге ішкі абиссальдық 
ең төмен температура тəн, жоғарыда карбонатты шөгінділер, ал 
одан тереңде белдеулерге байланысты генезисі бөлек жыныстар 
жинақталады (түпкі жер бедерінің көлденең қимасында майысуларға 
қарағанда көтеріңкі пішіндер басым болады);
6. 6000 м шамасы, одан тереңде ультраабиссальды геожүйелер 
(түпкі жер бедерінде терең мұхит шұңғымаларына сəйкес келетін) 
таралған.


245
Мұхит табанындағы ерекше құрылымдардың бірі – гойот деп 
аталады. Олар кесілген конус пішініне ұқсайды, кейде төбесі тегіс 
те болып келетін жеке дара суасты жоталары түрінде таралады. 
Олар тереңдігі 1000-1500 метр шамасындағы мұхит табандарында 
жиі кездеседі. Беткейлері тік болып келеді. Жанартаулық жолмен 
қалыптасқан. Олардың неғұрлым мұхит бетіне жақын орналасқан 
жоғарғы бөліктері маржандық құрылымдармен көмкерілген. 
Ғалымдардың пайымдауынша, бұл таулардың төбелерінің тегіс 
болуы ерте кезеңдердегі абразиялық əрекеттердің күшті жүруімен 
байланысты болуы мүмкін. Кейіннен мұхит гипсометриялық 
деңгейінің төмендеуіне байланысты бұл таулар мұхит табаны 
құрылымдарына айналған.
Дүниежүзілік түпкі жер бедері өте күрделі құрылымды, алып 
жатқан ауданына қарай: материктің суасты шеткі жағалық бөлігі – 
81,5 млн км
2
, өтпелі зона – 30,6 млн км
2
, суасты орталық жоталары 
– 55,3 млн км
2
, ал мұхит табанының ауданы – 194,8 млн км

болып 
жіктеледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет