Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет185/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   205
Акмеология

362
363
педагогикалық ойындардың функциясын түсінуіне байланысты 
болады. Ойынның функциясы – оның алуан түрлі пайдалылығы. 
Ойынның əрбір түрінің өзіндік пайдалылығы бар. 
Ойын жағдайы ұйымдастырушы, көмекші жəне ортақ əрекеттің 
қатысушысы арасындағы рөлдерді теңдестіретін оқытушының 
позициясын трансформациялайды. Ойынның қорытындысы екі 
тұрғыда болады – ойын нəтижесі жəне оқу-танымдық нəтиже ретінде 
болады. Ойынның дидактикалық функциясы ойын əрекетін талқылау, 
ойын жағдаятын модельдеуші жағдаят ретінде арақатынасын, оның 
шынайылықпен арақатынасын талдау арқылы жүзеге асырылады. 
Аталған модельде қорытынды ретроспективті талқылауға маңызды 
рөл беріледі, онда білімгерлер бірлесіп ойынның барысын 
жəне нəтижесін талдайды, ойын моделі (имитациялық) жəне 
шынайылықтың арақатынасын, оқу-ойын өзара əрекетінің барысын 
талдайды. 
Ойын технологиясы оқу үдерісінің белгілі бөлігін жəне ортақ 
сюжетпен, мазмұнмен, персонажбен біріктірілген бөлігін қамтитын 
біртұтас құрылым ретінде құрылады. 
Егер ойынды іс-əрекет ретінде қарастыратын болса, онда оның 
құрылымына үйлесімді түрде мақсатты тұжырымдау, жоспарлау
мақсатты жүзеге асыру, сонымен бірге тұлғаның өзін субъект ретінде 
толыққанды жүзеге асыратын нəтижелерді талдау енетін болады. 
Ойынды ұйымдастырудың жəне дамытудың бірнеше сатыларын 
ажыратып көрсетуге болады: 
Алдын ала сатысы. Бұл сатыда ойын əрекетінің мақсаты мен 
міндеттері анықталады. Білімгерлер оқытушымен бірлесіп, кейде 
оның қатысуынсыз рөлдерді таратуға жəне іс-əрекеттің жағдайларын 
анықтауға қатысады. 
Ұйымдастырушылық-əдістемелік. Ол қойылған міндеттерді 
педагогикалық тəсілдер арқылы шешудің жолдарын іздеумен 
сипатталады. Бұл сатыда білімгерлерді топтарға бөлу, қажетті 
анықтамалық жəне оқу əдебиетін іздеу, сонымен бірге жұмыс 
орнын ұйымдастыру жүзеге асырылады. Мұнда оқытушы 
ұйымдастырушылық-түзетуші іс-əрекетпен айналысады. 
Топтардағы жұмыс. Əрбір шағын топтың аясында білімгерлердің 
қалыптасқан құзырлылықтарына сүйеніп, міндеттері таратылады. 
Қойылған міндеттерді шешу бойынша құралдар арқылы топтардың 
өзіндік жұмысы жүзеге асырылады, мұнда студенттер оқу іс-
əрекеттегі өздерінің коммуникативті құзырлылықтарын көрсетеді. 
Бұл саты əрбір білімгердің субъектілі тəжірибесін белсенді 
қолданумен сипатталады. Əрбір топ ұсынылған тақырып бойынша 
хабарлама (баяндама) дайындайды, қарсыластар тобының тарапынан 
мүмкін болатын контраргументтерді талдайды. Аталған сатыда 
оқытушы білімгерлердің іс-əрекетін бақылаушы ретінде болады. 
Жұмыс нəтижелерін ұсыну. Топтардың əрқайсысы белгілі 
бір мəселені шешудің өзіндік нұсқасын ұсынады. Мұнда топ 
мүшелерінің бір-бірімен пікірталасқа түсетін жағдай болуы мүмкін, 
бұл өз кезегінде білімгерлердің танымдық белсенділігін дамытудың 
қосымша шарты болып саналады. 
Қорытынды жасау жəне талдау. Сарапшылардың баяндамасы
пікірлермен алмасу, білімгерлердің өз шешімдері мен тұжырымдарын 
қорғау осы сатыда жүзеге асады. Аталған жағдайда оқытушы белгілі 
бір ой қорытындысын түзете алады. Сабақта оқытушы білімгерлердің 
іс-əрекетін реттей жəне түзете отырып режиссер болады. Ойынның 
соңында оқытушы тақырыптық бағыттылық, əрбір студенттің 
қосқан үлесі бойынша қорытынды жасайды. 
Қорытындыда оқытушы қол жеткен нəтижелерді айқындайды, 
қателіктерді атап өтеді, сабақтың соңғы қорытындысын құрастырады. 
Қолданылған имитацияны шынайы адамның сəйкес саласымен 
салыстыруға, ойынның оқу пəнінің мазмұнымен байланысын құруға 
зейін аударылады. 
Сабақтың ойын формасындағы ойын тəсілдері жəне жағдайлары 
төмендегі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 
дидактикалық мақсат білімгерлердің алдына ойын тапсырмасы
түрінде қойылады; оқу іс-əрекеті ойынның ережелеріне бағынады; 
оқу материалы оның құралы ретінде қолданылады, оқу іс-əрекетіне 
жарысу элементі енгізіледі, ол дидактикалық міндетті ойын міндетіне 
алмастырады; дидактикалық міндетті жетістікпен орындау ойын 
нəтижесімен байланыстырылады. 
Мақсатты бағдарлар спектрі:
• Дидактикалық: дүниетанымды кеңейту, танымдық іс-əрекет; 
практикалық іс-əрекетте білім, білік жəне дағдыларды қолдану; 
практикалық іс-əрекетке қажетті белгілі біліктер мен дағдыларды 
қалыптастыру; жалпы оқу біліктерін жəне дағдыларын дамыту; 
еңбек дағдыларын дамыту. 
• Тəрбиелік: өзбетінділікті, ерікті тəрбиелеу; белгілі тұғырларды,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет