364
365
ұстанымдарды, адамгершілік, эстетикалық жəне дүниетанымдық
бағдарларды қалыптастыру; ынтымақтастықты, ұжымшылдықты,
қарым-қатынасқа түсу шеберлігін, коммуникативтілікті тəрбиелеу.
• Дамытушылық: зейінді, есті, сөйлеуді, ойлауды, салыстыру
білігін, аналогтарды табу, қиялды, фантазияны, шығармашылық
қабілеттерді, эмпатияны, рефлексияны, оңтайлы шешімдерді табу
шеберлігін дамыту; оқу іс-əрекетінің мотивациясын дамыту.
• Əлеуметтендіруші: қоғамның нормалары мен құндылықтары-
на баулу; ортаның жағдайларына бейімделу; күйзелісті бақылау,
өзіндік реттеу; қарым-қатынасқа оқыту; психотерапия.
Осылайша, білімгерлерді оқытуда жəне дамытуда қолданылатын
ойын технологиялары келесі əрекеттерге мүмкіндік береді:
• сабақты дəстүрлі емес формада жүргізу;
• білімгерлердің креативті қабілеттерін ашу;
• студенттердің оқу құзырлылықтарын бағалауға дифференциал-
ды тұрғыда қарау;
• білімгерлердің коммуникативті дағдыларын дамыту;
• еркін пікір алмасуды қамтамасыз ету;
• білімгерлердің жас жəне психологиялық ерекшеліктерін есепке
алу;
• жарыс формасында оқыту үдерісін ұйымдастыру;
• оқу міндеттерін шешуді жеңілдету;
• барлық білімгерлерді оқу үдерісіне ендіру;
• əрбір білімгер үшін нəтиженің мəнділігін сезіну;
• алынған білімді практикалық тұрғыда бекіту;
• білімгерлердің мотивациялық сферасын қалыптастыру;
• студенттердің дүниетанымын кеңейту; бірлескен іс-əрекет дағ-
дыларын қалыптастыру.
Іскерлік ойын жаңа материалды меңгеру мен бекітудің кешенді
міндеттерін шешу, шығармашылық қабілеттерді дамыту, жалпы оқу
біліктерін қалыптастыру үшін қолданылады, білімгерлерге оқу ма-
териалын əртүрлі тұрғыда түсінуге жəне зерттеуге мүмкіндік береді.
Осылайша, ойын – индивидтің ырықты іс-əрекетінің түрін
көрсететін, мəдениеттің тарихи негізделген, табиғи элементі. Ойын-
да алдыңғы ұрпақтың əлеуметтік тəжірибесін қайта жаңғырту жəне
байыту, адамзат іс-əрекетінің нормалары мен ережелерін ойын рөлін
ерікті қабылдау арқылы меңгеру, ойын кеңістігін виртуалды модель-
деу, əлемдегі өзіндік болмысының щарттарын модельдеу жүзеге
асады. Яғни, ойын адамның əлемді жəне ондағы қатынастарды
меңгерудің тəсілдерінің бірі, шартты түрде болмысты ырықты
құрастырудан тұратын адамның өзін-өзі бекітуінің тəсілі болып та-
былады. Оқытудың құралдары, əдістері мен технологиясы ретінде
алуан түрлі ойындар педагогикалық үдерісте қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |