Өзін-өзі құрметтеу идеясы. Осы уақытқа дейін оқушының сабаққа, тәртіпке, жолдастарына, үлкен кісілерге қатынасы жайлы көбірек назар аударылды. Демек, оқушының мұндай көзқарасы, қатынасы мұғалім және мектеп жұмысындағы тәртіпке байланысты деп айтушылар да болды. Енді бұдан былай балаға көмектесу, дұрыс педагогикалық назар аудару, әсіресе бала өзіне-өзі көңіл аударуы қажет. Атап айтқанда, баланың өзін-өзі құрметтемеуі тұлғаның өз құнын кемітуі - бұл маскүнемдікке, нашақорлыққа салынуының, қылмысқа ілінуінің негізгі себептерінің бірі. Жас жігіт өзінше қоғам- нан және қалыптаспаған тағдырдан кек алғысы келеді. Оған ешқашан жазалау, қауіп немесе дәлел әсер етпейді, өйткені болашағым жоқ деп қарайды, өзін-өзі құрметтемейді.
Осы сияқты мұғалім де өзін-өзі құрметтемейді. Өйткені ол өзінің шығармашылық мүмкіншілігін ескермейді, жеңіл-желпі жетістіктермен қанағаттанады, тәртібі нашарлаған мектепте өзінің құқын қорғамайды, көнбістікке салынады.
Мұғалімнің де және баланың да беделі, іс-әрекеттеріндегі жетістіктерді экспериментшіл-мұғалімдердің жаңа идеяларына, соның ішінде өзін-өзі құрметтеу идеясына байланысты.
Баланың абыройы, мұғалімнің абыройы - бұл сөзсіз тұлғаны демократияландырудың құрамды бөлігі. Баланы құрметтеумен бірге өзін-өзі құрметтей білуге үйрету - сонда ғана ол басқаларды да құрметтей біледі. Үлкен адамдарға құрметтеу идеясы сөзбен немесе үндеу арқылы құрметтеу емес, тек баланың абыройын шын құрмет ету.
Өзін-өзі реттеу идеясы. Әдебиет беттерінде өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі тәрбиелеу бір мағынаны білдіреді деп түсінушілер де бар. Шынында, өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі реттеуге негізделеді. Ал өзін-өзі реттеу дәл мағынасында өзін-өзі тәрбиелеу емес. Өзін-өзі тәрбиелеу - бұл тұлғаның өзін-өзі реттеуде сыртқы ортаға, өз міндеттеріне саналы қатынасы және келешегіне көз жіберіп, талаптануының негізінде пайда болған қажеттілік. Қажеттіліктің, жауапкершіліктің, қызығушылықтың, абыройдың тұлғаның өзін-өзі реттеуі.
Тұтас педагогикалық үдерісте өзін-өзі реттеудің мәні өте зор. Оқытуда зорлау, тәрбиеде бой ұсыну, бағыну сияқты әрекеттер баланы өзін-өзі реттеуден бездіреді. Барлық жаңа әдістеме, соның ішінде өзін-өзі реттеу жұмысына бағытталуы керек. Күнде сабақтан кейін міндетті түрде берілетін үй жұмысын оқыту үдерісінен шығарып тастап, В.Шаталов оқушыларға өз күнін, өз жұмысын өзінің жағдайына қарап (жұмыс бастылық, шаршау, кездейсоқ оқиғалар, т.б.), реттеуге мүмкіндік береді, И.Волковтың оқушылары жұмыстарын өздері іріктеп таңдап алады. В.Краковский басқаратын 825-ші Мәскеу мектебінің оқушылары жұмыстарын өздері жоспарлайды. Бұл - ынтаны, қабілетті босату, яғни еркін қолдану. Бала тәртіп бұзушы емес, ол қабілетін өз бетінше іс-әрекетін орындауға дайын тұлға, оған толық мүмкіншілік беру керек.
Жаңашыл ғалым И. П. Ивановтың әдісі бойынша тәрбиенің басты элементі ұжымда өзін-өзі талдау болады. Әрбір жалпы іске - өнімді еңбек пікірталас, жарыс, жорық, демек, түрлі іс- әрекеттеріне қатысушылар ұжымдық талдау жасаулары қажет. Оқушыларды ұжымында өзін-өзі таңдауға үйрету зор педагогикалық шеберлікті талап етеді. Осыдан ересек адамдар мен балалар арасында ынтымақтастық туады. Оқушылар жалпы іс үшін тілектес болуға, оның барысын қадағалап бақылауға үйренеді, өздерін сол істің иесімін деп сезінеді.
148
149
Оқушылар еңбегін жалғыз мұғалім ғана емес, барлық ұжым бағаласа, онда олар өздерін ылайықты ұстап және жұмысты жақсы істеуге тырысады.
Бала күнінің жартысы оқушының бірегей мүмкіншілігінің дамуына көмектеседі. Күннің екінші жартысы оқушының бірегей мүмкіншілігінің дамуына көмектеседі. Күннің екінші жартысы оқушының өз ынтасымен орындайтын түрлі іс-әрекеттерге (спорт, музыка, пән үйірмелері, жас техниктер және жас натуралистер үйірмелері, өнімді еңбек т.б.) арналады.
Осыған орай, үйге берілетін оқу тапсырмасының көлемін мүлде азайту керек. Ол үшін шәкірттердің оқу материалдарын сабақ үстінде игеруін мұғалім қамтамасыз етуі тиіс.
Тірек идеясы. Әдетте балаларды қабілетіне қарай үшке бөліп (күшті, орта, нашар) оқыту мектептерде орын алған. Бұл бізге Америка мектептерінен келген оқытудың бір түрі. Мектеп мұғалімдерінің балаларды оқыта білмегендігінен, оларды қабілетіне қарай топқа бөліп (тракинг) оқыту пайда болған. Нашар балалармен қосымша сабақтар өткізуде мектеп өмірінде қолданылып келді. Баланы қабілетіне қарай бөліп оқыту және қосымша сабақ өткізу мәселелеріне жаңашыл мұғалімдер қарсы болып, қабыл алмады.
Тірек идеялары жайлы жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін тұтас педагогикалық үдерісте тиімді пайдаланудың әдістемелік тәсілдерін қарастыру қажет. Жаңа идеялар мектепті демократияландыру және ізгілендіру жағдайында жүзеге асырылады.
Демократияландыру - бұл тұлғаның жан-жақты дамуының мақсаты мен құралы, бұл мектептің ведомстволық мүддеден қоғамның және тұлғаның мүддесі мен мұқтаждығына қарай бетбұруы, бұл мектептің ашықтығы, оған қоғамдық күшті және қоғамдық факторларды (мемлекет, қоғам) қатыстыру. Мектеп - бұл мемлекеттің, сондай-ақ қоғамның және тұлғаның білім жайындағы түсінігін қанағаттандыратын қоғамдық-мемлекеттік танылған жүйе.
Ізгілендіру - бұл баланың жеке басын сыйлау. Педагогикалық үдерістің барлық дәрежесінде ең бастысы адамның өзі болуы тиіс. Сондықтан тұлғаны тәрбиелеу, оның бабын табу мектеп жұмысының негізгі мақсаты болуы тиіс. Ізгілендіру - бұл мектептің баланы өмірге дайындауда тек қана бағдар беруі емес, ол әрбір жас сатысында
- балалық шақта, жеткіншектік шақта және жасөспірімдік шақта баланың бүгінгі өмірінің толық құнды болуын қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |