Бақылау сұрақтары:
Ынтымақтастық педагогикасының мақсаты қандай?
2 . Ынтымақтастық педагогикасының тұжырымының ерекше- ліктерін айқындаңыз.
Бастауыш мектепте ынтымақтастық педагогикасын пайдалану мүмкіндіктерін талдаңыз.
4 . Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісінде ынтымақтастық педагогикасын ендіру жолдарын анықтаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Коменский Я. А. Избранные педагогические сочинения. 2-том. - М., 1982.
Ушинский К. Д. Педагогические сочинения. 4-том. - М., 1988.
Макаренко А. С. Педагогические сочинения. 5-том. - М., 1983.
Сухомлинский В. А. Избранные педагогические сочинения. - М., 1980.
Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар. - Алматы, 1955.
Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т Оқытудың қазіргі технология- лары. - Алматы, 2005.
Әбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. - Алматы, 2004.
Селевко Г К. Современные образовательные технологии. - М.: Народное образование, 1998.
Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения. - М.: Педагогика, 1990 г.
Білім беруді ізгілендіру технологиясы
(Ш. А. Амонашвили бойынша)
Ресейдің білім беру академиясының академигі Шалва Александрович Амонашвили өзінің эксперименттік мектебінде
150
151
ынтымақтастық педагогикасын әзірлеп, жүзеге асырды. «Мектеп өмірі» технологиясы оның педагогикалық іс-әрекетінің өзіндік қорытындысы болып табылады.
Ш.А.Амонашвили технологиясының мақсаттық бағыттары:
Баланың тұлғалық қасиеттерін ашу арқылы бекзат адам тәрбиелеу және дамыту, қалыптасуына ықпал ету.
Бала жүрегі мен жан дүниесін ақ пейілдендіру.
Баланың танымдық күшін дамыту және қалыптастыру.
Терең және толық көлемді білім алып, дағдыларды қалып- тастыру үшін жағдай туғызу.
Тәрбие идеалы - өзін-өзі тәрбиелеу.
Ерекшеліктері:
ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады;
бала психикасы дамуға, есеюге және еркіндікке құштарлығын қалыптастыру;
әсемдікті, әдемілікті сезіну, қабылдау;
рухани жетілдіру;
ізгілікті, жеке қарым-қатынас жасау;
ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу;
оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі.
Бастауыш мектептегі ынтымақтастық педагогикасының жеке тұлғалық тұрғысынан қарау ережелері, баланың өмірде құбылыс ретінде қызмет ететін өз жолының болуы, бала табиғат пен ғаламның жоғары шығармашылығы болғандықтан, шексіздік пен мықтылықты көрсететіндігі, баланың дамуға, үлкеюге, бостандыққа деген ынтасы - осының барлығы негізгі концептуалдық ережесі болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық оқу, жазу мен ауызша сөйлеу іс-әрекеттері, жоғарғы математикалық ұғымдарды түсініп, оны өмірде қолдана білу, кез келген іс-әрекетті жоспарлау, батылдық және шыдамдылық, ана тілімен қатар шетел тілдерін меңгеру, рухани байлық, табиғатты аялай білу сияқты білім, білік, дағдыларын қалыптастыру үшін арнайы әдіс-тәсілдер керек. Ондай әдіс-тәсілдерге ізгілік, даралай оқыту бағыты, қарым-қатынас шеберлігі, оқу іс-әрекеті, жанұялық педагогика қоры жатады. Таратып айтатын болсақ, бала бақыты, таңдау бостандығы, танып- білу қуанышы, балаларға деген махаббат сезімі; жеке тұлғаны және өзін танып-білу, қабілеттерді дамыту, табыс педагогикасы; өзара қарым-қатынас жасау тәртібі, жариялылық; квазиоқу және
квазижазу, оқу және жазу үдерісінің материалдануы, балалардың әдеби шығармашылығы; жанұядағы салт-дәстүр, геронтология, ата- аналар сенбіліктері.
Ш.А.Амонашвилидің технологиясында негізгі орынды баланың іс-әрекетін бағалау алады. Бағаны қолдану шектеулі, сандық бағалау орнына сапалық бағалау қолданылады, демек мінездеме, қорытынды пакет, өздік талдау жасауға, өзін-өзі бағалауға машықтандыру.
Ізгілендіру технологиясындағы жұмыс түрлерін қарастырайық.
Жұмыс түрлері
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |