Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет142/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   195
кітап тарбие туралы

Сынып жетекшісі: Құрметті оқу-
шылар, бүгінгі тәрбие сағатымыз өз 
мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдап, 
қатысқандарыңызға көп рахмет!
Тақырыбы: Қазақтың киiз үйі
Мақсаты: Халқымыздың ежел-
ден дәрiптеп келген салт-дәстүрлерi 
мен тағылымдарын бойына сiңiрiп 
өскелең ұрпақты iзгiлiк пен парасат-
тылыққа баулу.
Көрнекiлiгi: Киiз үйдiң үлгісi, 
жиһаздары, отау, шаңырақ жөнiнде 
жазылған слайд материалдары.
Тәрбие сағатының барысы:
1-жүргізуші: Ертеде мал баққан 
көшпелi халықтардың қысы-жазы 
отыратын баспанасы киiз үй болған. 
Ол тез жығып, түйеге артып жүруге, 
шапшаң тiгуге ыңғайлы, көшiп-қо-
нуға лайықтап жасалған. Киiз үй за-
манымыздың VII ғасырында кеңiнен 
пайдаланылып, киiз басу белгiлi бiр 
еңбек кәсiбiне айналған. Оған Ал-
тай, Сiбiр, Қырым таулы-тастарын-
дағы сурет таңбалар айғақ бола
алады. Ұзақ жылғы тәжiрибе негiзiн-
де халық киiз үйдiң ұйтқып соққан 
желге жығылмайтынына, нөсерлеп 
құйған жаңбырды өткiзбейтiнiне көзi 
жетiп, оны баспана етудi әдетке ай-
налдырған.
Киiз үйдiң көшiп-қонуға ыңғай-
лылығымен бiрге жазда ауасы таза
салқын болады. Қос қабаттап киiз 
жапқан үйде ертеде ата-бабаларымыз 
қыста да қыстап шыққан. Балшықтан 
соққан там үйлер бертiн келе 
тұрақтанып, егiншiлiкпен айналыса 
бастаған кезде пайда болған.
Қазақтың киiз үйi сыртқы жабуы-
на қарай «Үзіктi», «Көтерме туыр-
лықты», сүйегінiң уақ-iрiлiгiне қарай: 
«Ақ орда», «Ақ отау», «Алтын орда», 
«Хан орда» және «Қараша үй», «Қара 
лашық», «Абылайша», «Ұраңқай», 
«Жолым үй» сияқты түрлерге бөлi-
недi.
Киiз үйдiң сүйегi дегенiмiз, ол – 
кереге, сықырлауық, уық, шаңырақ. 
Ендi осыларға жеке-жеке тоқта-
лайық. Кереге киiз үйдiң қабырғасын 
құрайды. Кереге жасау үшiн шыбық 
талды кептiрiп, оны қоламтаға 
төсеп балқытып, арнаулы үлгiмен 
ырғақта қатырады. Үлгiге келген тал-
ды жонып, бояйды, түйенiң мойын 
терiсiнен жасаған таспамен көктейдi. 
Бұл жөнiнде мынадай тақпақ бар.
Оқушы:
«Мықты болса iргемiз,
Бәрiмiз де бiргемiз.


247
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын 
ұйымдастырудың әдістемесі
Сонда құт пен береке», –
Деп жатады ел неге?
Үй тұрмайды орнығып,
Керiлмесе кереге.
Уық та керегеге ұқсас әдiспен 
даярланады. Уықтың керегеге жа қын 
бүгiлiсiн «иiнi», ал шаңыраққа ба-
йланысар бөлiгiн «қары» дейдi:
Оқушы: 
Уықтар – 
Бұл жөнiнде ел бiледi, 
Қайыспайтын уықтар,
Шаңырақ пен керегенi, 
Қалай олар жуықтар?
Ұстастырып тұрмаса, 
Байқап өзiн көрсеңдер,
Тұтастырып тұрмаса, 
Мықтысы осы дерсiңдер.
Шаңырақ – киiз үйдiң күмбездi 
төбесiн құрайтын ең жоғарғы бөл-
шегi. Қазақ ұл-қызына бата бергенде 
«Шаңырағың биiк болсын» деуi осы-
дан шыққан. Сонымен қатар шаңы-
рақ берекенi, бiрлiктi де бiлдiредi. 
Бата-тiлек бергенде, «Шаңырағың 
шайқалмасын» деп жатады. Бұл от-
басы тату-тәттi, ынтымақты болсын 
деген сөз. 
Оқушы: 
Елiм бақыт санайды,
Ақ отаудан жалын ап,
Таңы атса арайлы.
Өсiп жатса жамырап,
Өсiп-өнген халқымыз, 
Сол отауды құрайтын.
Ақ ордадан тарайды.
Биiк тұрған шаңырақ.
Ақ ордамыз – ақ отау, 
Ұнаған соң үлгiсi
Елiмiзге бақ отау. 
Мақұлдады ел, кiсi.
Ырза болса Қаратау, 
Елтаңбасы – Шаңырақ,
Басын иген Алатау.
Болды елiмнiң белгiсi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет