Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады


Оқушы: Сырмақ деп ою бас- тырып немесе жиекпен өрнектелiп  сырған төсенiш үй жиһазын айтады. Оқушы



Pdf көрінісі
бет144/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   195
кітап тарбие туралы

Оқушы: Сырмақ деп ою бас-
тырып немесе жиекпен өрнектелiп 
сырған төсенiш үй жиһазын айтады.
Оқушы: Кебеже – көшiп-қонып 
жүргенде сүр ет, құрт-май сақтайтын 
ағаш тақтайшасынан жасалынып
бетiн ою-өрнекпен жиектелген, сан-
дықша ыдыс. Ертеде қазақтар көшiп-
қонып, кебеженi түйеге теңдеп, жас 
балаларды соған отырғызатын бол-
ған. Үйде кебеженiң үстiне абдыра 
қойылып, оның үстiне көрпе-төсек-
тер жиналып қойылады. Әбдіре – 
киiм-кишек салатын, бетi ою-өрнек-
термен жиектелген, үлкен қақпақты 
қорап ыдыс. 
Оқушы: Ағаш жастық – екi басы 
қайқы, ағаш төсегiнiң ең алғаш пай-
да болған бөлшегi: биіктігі 25-30 см, 
көлденеңi бiр немесе екi кiсiлiк бо-
лады. Ағаш төсекте ағаш жастығы 
бетi ою-өрнектермен әшекейленген. 
Оқушы: Күбi – ағаштан жасалып, 
май шайқауға, қымыз, шұбат пiсуге
кейде көже ашытуға арналған ыдыс. 
Ожау – сусын iшуге, құюға арналған 
ыдыс. Ағаштан жасалатын ожаудың 
түрiн II ғасырдан қолдана бастаған, 
ал металдан жасалған ожау XVI-XIX 
ғасырда пайда болған.
Қорытынды: Мұғалiм сабақты 
қорытындылау мақсатында киiз үйге 
байланысты жұмбақтар оқиды:
Ерте тұрдым, алып ұрдым.
(Есiк)
Отыз омыртқа, қырық қабыртқа,
Бәрiн көтерiп тұрған ауыз омыртқа. 
(Кереге, уық, шаңырақ)
Жетпiс кемпiр, жер тiстеп жатыр. 
(Керегенiң аяқтары)
Төрде төртеуi отыр төремiн 
деп, 
Есiкте екеуi отыр өлемiн деп,
Ортада бiреуi,
Құдайдың не салғанын көремiн 
деп. 
(Жүкаяқ, екi босаға, адалбақан)
Қорытынды.
3.7. Құқықтық тәрбиеге арналған 
тәрбие сағаттарының үлгісі
Тақырыбы: «Жасөспірім 
құқығы»
Мақсаты: Жасөспірімді өз елінің 
патриоты болып қалыптасуына, үл-
кен жауапкершілік иесі, ынталы, жі-
герлі, басқаның құқығын құрметтей-
тін азамат болуға тәрбиелеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет