177
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
2.14. Халел Досмұхамедовтың
тәрбиелік мұралары
Халел Досмұхамедов – 1883
жылы 24 сәуірде қазіргі Атырау
облысы Қызылқоға ауданының
Тайсойған жерінде туған. Он ба-
лалы отбасының жетіншісі, ұл-
дан – екіншісі. Асқар таудай әкесі,
арқа сүйер ағасы да ертерек қай-
тыс болады. Бала кезінде ауыл
молдасынан хат танып, одан кейін
орыс-қазақ мектебінде оқиды. 1903
жылы Орал қаласындағы реалдық
училищені «үздік» бітіріп шығады.
1903-1909 жылдары Петербургтегi
әскери медицина академиясында
оқиды. Ол көрнекті физиолог-пси-
холог, Нобель сыйлығының лау-
реаты, академик Иван Петрович
Павлов, көрнекті шығыстанушы,
академик Василий Васильевич
Радлов, қазақ лингвистикалық
мектебінің негізін салушы, Ресей
ғылым академиясының мүше-кор-
респонденті, профессор Бодуэн де
Куртэне, т.б. ғалымдардан дәріс
алды. Оны «Алтын медальмен»
бітірген соң Пермь губерниясын-
да, одан кейiн 22 Орал қазақ-орыс
атқыштар батальонында әскери
дәрiгерлiк қызмет атқарады. Осы
кезден бастап қоғамдық iстер-
Достарыңызбен бөлісу: