176
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Сөздің ең ұлысы – тарих.
Елде жоқ рух – ақын сөзіне қайдан
келсін?!
Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң
сөз – зейін тілі.
Шежіре, заманхат,
өмірбаян,
мінез деме – бәрі де тарихтың жемісі
есебіндегі нәрселер.
Мақал – тәжірибеден шыққан
ақиқат түрінде айтылатын сөз.
Күнелту үшін – ас керек, ас істеуге –
күш керек,
Күшті жұмсауға – ес керек.
Әркім өзі жақсы білетін нәрсесін
сынауы керек.
Алушы да, беруші де – өзіне
жағымды жағын іздейді.
Кейбір істерді істеу керек бола
тұра істеуге болмайды.
Өткенді қуғанды қойып – осы
күйіңді жөндеуге жөн іздеу керек.
Жұрт керегін білетіндер – көп, іс-
тейтіндер – аз.
Талап – жоқ, үміт –
мол бір ха-
лықпыз.
Біреу – жұмыс қылайын десем
тұрған жерім жаман дейді, біреу –
маңайымдағы елім жаман дейді:
бұлардың бәрі де – бос сөз!
Біздің заманымыз – өткен заман-
ның баласы, келер заманның атасы!
Мектептің жаны – мұғалім. Мұға-
лім қандай болса, мектеп сондай бол-
мақшы. Яғни, мұғалім білімді болса,
ол мектептен
балалар көбірек білім
алып шықпақшы. Солай болған соң,
ең әуелі мектепке керегі – білімді,
педагогика, методикадан хабардар,
жақсы оқыта білетін мұғалім.
Достарыңызбен бөлісу: