43
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі
және оның қоғамдық мәні
растары негізінде тұлғаның идеялық
мақсатына сендіруден тұрады. Олар-
дан адам мінез-құлқына бағыттайтын
дүниетаным пайда болады. Педа-
гогтар мен психологтардың зерттеу-
лері бойынша білім оқушылардың
іс-әрекетінің басты нәтижесі, олар-
дың бойында теориялық сана мен ой-
лаудың қалыптасуы болып табылады.
Профессор И.Я. Лернер таным-
дық тапсырмалардың ролін зерттей
келе: «Оқушылардың өздігінен же-
тістіктерге жету жолындағы бағдары
және білімді пайдалануы сезінуге
жол ашады, яғни білімдер сенімге
айналу үшін жеке тұлғаның қажет-
тіліктерінен, әлеуметтік үміт пен
құндылық ба ғыттарынан биік бо-
лып тұрған көзқарастарының жалпы
жүйесіне жә не
оның сезіміне айна-
луы қажет», – дейді.
Оқушылардың жағымды эмоцио-
налдық күйі олардың жеке тәжіри-
бесіне, әлеуметтік психологиялық
жағдайына сүйенеді. Бірақ танымдық
тапсырмалардың ролі ғылыми сенім-
діліктерді қалыптастыру жолында
да өз маңызын жоймайды. Таным-
дық тапсырмаларды бір мезетте
қалыптастыру диагностикасы мен се-
німнің тәсілі болып қызмет етеді.
Психологиялық-педагогикалық
әдебиеттерге талдау жасай келгенде,
тұл ғаның дүниетанымын, ғылыми
сенімін қалыптастыру мынадай ке-
зеңдерден тұрады:
• объективті мазмұны, маңызды
қасиеті бар сыртқы дүние туралы
дү ниетаным
білімі болуы және оны
меңгеру;
• олардың талаптарынан шығатын
міндеттерге, шынайылыққа сенімді-
лік;
• құбылыстар мен әлеуметтік де-
ректерді бағалау және ғылыми тал-
даудың тәсілдерін меңгеру, адамдар-
дың өмір құбылыстарын, әлеуметтік,
саяси, экономикалық және басқа да
құбылыс деректерін талдау және
бағалау;
• белсенді іс-әрекетке субъект ре-
тінде дайындық (шешім қабылдау,
іс-әрекет жоспарын құру және не-
гіздеу, бағалау, қабылданған шешім-
нің дұрыстығын дәлелдеу).
Білімді сенімге айналдыру және
дүниетанымды
қалыптастыру тұлға-
ның жан-жақты қалыптасуымен, яғни
қарым-қатынасының жүйесімен тіке-
лей байланысты. Психологиялық-пе-
дагогикалық зерттеулер көрсеткен-
дей, баланың жеке тұлғасы оның
қоғамда алатын орнымен, жоғарғы
адагершілік қарым-қатынасымен, со-
ның ішінде өмірде қойылатын талап-
тардың дәл сол кездегі психология-
лық ерекшеліктерімен байланысты
болады. Осы сәйкестіктен баланың
қажеттілігі мен тілегі, мақсаты, ұм-
тылысы туындайды және сол арқылы
жаңа психологиялық сапалары ның
қозғалыс күші дамиды. Өмірдің
шар ты оқушының жеке тұлғасының
44
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
қалыптасуын тікелей анықтамайды,
ал оның тәуелділігі сонда, өзара қа-
тынасымыз бен әрекеттерімізде осы
шарттармен оқушының өзі болады.
Оқушының дүниетанымын қа-
лыптастыру мінез-құлқының ең
ма ңызды қозғаушы күші болып
та былады, оның іс-әрекетінің се-
беп-салдарын анықтайды. Оқушы-
лар дың дүниетанымын қалып тас-
тыру іс-әрекеті жетістігінің маңызды
шарты тәжірибелік іс-әрекеттер мен
сенімдер, білім бірлігімен қамта-
масыз етілген педагогикалық үдеріс
болып табылады. Бұған тек қана пе-
дагогикалық үдерісте «логикалық
тізбені»
ойластырғанда және іске
асырғанда ғана жетуге болады. Ол
жүйелер: танымдық көзқарасы бар
білім жүйесі, зерттеліп жатқан де-
ректерге, құбылыстарға тұлғалық
қа рым-қатынас, тәжірибеде ойлас-
тырылған және алынған жеке іс-әре-
кеттік жоспардағы білім және т.б.
Адамдардың көзқарастары мен
сенімдері әрқашан тәжірибелік бі-
лімдермен сипатталады. Тәжірибе
негізіне сүйене отырып, олар жеке
тұлғаның діни әлемін, оның қажет-
тілігін, сезімін, мінез-құлық мотивін
анықтайды, сонымен қатар тек қана
оқушылардың
танымына, сезіміне,
еркіне әсер етеді, бірақ мінез-құлық
және іс-әрекет тәжірибесінде оған
белгіленген
әлеуметтік-мәнділігін
анықтауды және жинақтауды ұйым-
дастырады.
Профессор Г.Н. Филоновтың
ойын ша, тұлғалық іс-әрекеттік тұр-
ғыдан оқушылардың дүниетаны мын
қалыптастыруды төмендегідей топ-
тастырады:
– тұлғаның интеллектуалдық,
эмоционалды-еріктік және іс-әрекет
тәжірибе саласына әсерін іске асыру;
– жеке тұлғаның дүниетанымын
қалыптастыру жүйесінде тәрбие про-
цесін дараландыру, еңбек және оқыту-
да жеке
тұлға мен ұжымның өзара
әсерінің органикалық біртұтастығы.
Оқытудың өмірмен, еңбекпен, тә-
жірибемен тығыз байланысына не-
гізделген тәжірибе факторының бел-
сенді қызметі – оқушылардың дүние-
танымын қалыптастырудың міндетті
шарты.
Оқушылардың
дүниетанымын
қа лыптастыру процесінде, мысалы,
оқушының ішкі позициясындағы
бұрын қалыптасқан және қалыптасып
отыр ған әрекеттің арасында, оған
деген мұғалімнің қойып отырған
тала бымен және оны орындаудағы
дайындық деңгейі арасында қара-
ма-қайшылықтар туындауы мүмкін.
Өз уақытында пайда болған қара-
ма-қайшылықтың көзін және сипа-
тын ашу керек, тәрбие процесінде
оны жеңу жолдарын анықтау – мұға-
лімнің басты міндеті.
Достарыңызбен бөлісу: