Латын тiлiнде етiстiктер түрге, жаққа, шаққа және райға бөлiнедi. Етiс-
тiктiң 3-жағы, 2-түрi (жекеше және көпше), 6-шағы (тек осы шақты өтемiз), 4-райы бар (Infinitivus-белгiсiздiк рай, indicativus-қалыпты рай, imperativus-б±йрық рай, conjunctivus-шартты рай). Латын тiлi етiстiгiнiң екi түрi бар: активтi және пассивтi. Активтi түрi бастауыштың iс-қимылды бiлдiредi, ал пассивтi түрi сол қимылдың әрекетiн көрсетедi. Етiстiктiң 4 жiктеуi бар. Олар негiзiнiң соңғы әрпiне, қарай 4-жiктеуге бөлiнедi.
I. II. III. IV.
- а - е дауыссыз -i.
немесе –и-
Етiстiктiң сөздiк формасы екi бөлiктен т±рады.
1. Ќалыпты рай активтi түрi осы шақ 1-жақтағы формасы.
2. Белгiсiздiк райдың -re-жалғауы (алдындағы дауысты дыбыспен берiледi). Сөздiк формасының соңында санмен жiктеуi көрсетiледi. Жiктеу түрiн -re-жалғауының алдында т±рған дауысты дыбыс арқылы анықтайды. Мысалы:
signo, are I-белгiлеу
habeo,ere II-бөлу
addo, ere III-қосу
diluo, ere III-араластыру
аudio,ere IV-тыңдау
NB. Көңiл бөлiңіз.
II-және III жiктеулерде е дауысты дыбысы ±зақтығымен ғана ажыратылмайды, 2-жiктеуде ол негiз қ±рамына кiредi, ал 3-жiктеуде ол негiз қ±рамына кiрмейдi, тек байланыстырушы қызметiн атқарады. Етiстiктiң негiзiн белгiсiздiк (инфинитив) формасынан I, II, IV жiктеулерде re жалғауын, ал III жiктеуде ere жалғауын алып тастау арқылы анықтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |