Ж±рнақтану
Сөз қ±раушы негiзге in ж±рнағы жалғанып, жеке заттардың атаулары жасалды. Олар көбiнесе өсiмдiк шикiзаттары мен биологиялық заттардан бөлiнiп алынған заттар атауларында қолданылады. Мысалы: strychhnos-strichninum - стрихнин; Papaver – papaverinum - папаверин; Penicillinum –penicillinum - пенициллин.
Көптеген атаулар ж±рнақ арқылы жасалады. Мысалы: amidaруrinum, valocordinum, sulfadimesinum.
Латын тiлiнде дәрiлiк заттардың атаулары II жiктеуде орта текте қолданылады. Ќазақ тiлiнде оқылған кезде жалғауы түсiп қалады. Мысалы: Amidopуrinum-амидопирин, Validolum-валидол.
Бiздiң елiмiзде көптеген дәрiлiк препараттар фирмалық атаулармен қолданылады. Яғни олардың атаулары латын әрiптерiмен берiледi.
Барлық дәрi-дәрмектер атаулары: қысқа; жеңiл оқылуы және фонетико-графиқалық айырмашылығы болуы керек. Себебi дәрi атауларын оқыған кезде қатесiз, д±рыс оқу өте қажет. Ќате оқылып, д±рыс жазылмаса, онда рецепте өте күрделi қате жiберу қаупi болуы мүмкiн.
Тривиальды (кәдiмгi ) атаулардағы
сөздiк бөлiктер
Сөздiк бөлiктер, дәрi-дәрмектер атауларын жасауда үлкен қызмет атқарады. Олар жасанды түрде болса да, сол дәрi-дәрмек атаулары туралы қысқаша мәлiмет бередi. Сондықтан дәрi-дәрмек атауларына терапевтiк, физиологиялық және анатомиялық қасиеттердi көрсететiн сөздiк бөлiктер қолданылады.
Терапевтiк, физиологиялық және анатомиялық қасиеттерi туралы мәлiмет беретiн сөздiк бөлiктер:
Достарыңызбен бөлісу: |