Атты халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет101/174
Дата02.07.2022
өлшемі6.73 Mb.
#459584
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   174
Сборник 2022 Жакыпов с обл

 
 
Джумагулова Г.Ш., Есмуратова У.А., Жанибекова Г.О. 
(Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., 
Орталық Азия инновациялық университеті) 
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
ДАМУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Қазіргі таңда мың баланың бірінде есту қабілетінің бұзылысын байқауға болады. Жасы 
үлкейген сайын есту қабілеті бұзылған балалардың саны артып келеді, оған себеп – əртүрлі 
аурулар немесе есту қабілетіне зиян келтіретін препараттармен емделу. Өмірінің алғашқы 
айларында есту қабілеті бұзылған баланың сау балалардан айырмашылығы болмауы мүмкін. 
Ол еститин балаларға қарағанда біршама сабырлы болуы мүмкін, себебі сыртқы ортаның 
дыбыстары мен адамның дауысы есту қабілеті бұзылған балаға аз дəрежеде əсер етеді. 
Саңырау балалар əдетте сау балалармен бірдей уақытта гуілдеп бастайды, бірақ бірте-бірте 
дыбыс шығаруы азайып, кейіннен мүлдем сөйлеу қабілеті қалыптаспайды [4, 5 б.]. 
Бала өскен сайын оның тұлғалық негізі қаланады. Содықтан да кішкентай адамның 
айналасындағы əлемді толық қабылдауы өте маңызды. Бала көру, ұстау, иіс сезу арқылы 
заттың пішіндері мен қасиеттерін меңгереді, бірақ сөйлеу арқылы ғана бала 
айналасындағылардың қарым-қатынасқа түсу жолдарын, адамдардың ниеті туралы біле 
алады. Адамдармен қарым-қатынасқа түсу арқылы ғана, басқа тəсілмен түсіндірле алмайтын 
эмоцияларды қабылдайды [4, 18 б.]. 
Сондықтан да есту қабілетінің функциясы «өшірулі» бала сыртқы əлемді есту қабілеті 
қалыпты балалар сияқты қабылдай алмайды. 
Дені сау нəресте алғашқы дыбыстарды айта отырып, өзін естиді жəне басқалар 
шығаратын дыбыстарға еліктей отырып сөйлеуді үйренеді. Сөйлеуді қалыптастыру үшін 
табиғаттың өзінің шектік уакыты бар, мысалы: төрт айға дейін бала гуілдейді, бес-алты айдан 
бастап балада былдыр пайда болады, бір жас шамасында алғашқы сөзді айтып, бес жасқа дейн 


227 
балады тұрақты сөйлеу тілі қалыптасады. Алғашқы былдырдын бастап тұрақты сөйлеу тілі 
қалыптасу үшін, өсіп келе жатқан балаға жан-жақтан ақпараттар түсіп отыру қажет. 
Сонда ғана бала «сəлеметсіз бе» деген сөзді күлімсіреумен, «ыстық» деген сөзді – 
күйюмен, «бер» деген сөзді – қолын созумен сəйкестендіре алады. 
Егер үш жас шамасындағы есту қабілеті бұзылған балада қосымша органикалық 
зақымдану болмаса, жəне де баланың танымдқ жəне іс-əрекеттік дағдысының қалыптасуына 
қажетті барлық арнайы жағдайлар жасалған жағдайда танымдық процессі жағынан бала өзінің 
сау құрдастарынан ешқандай ерекшелігі болмауы мүмкін. Тек қана сөйлеу қабілетінің 
дамуында ерекшеліктер болады. Сау бала үш жасында біраз сөздік қоры қалыптасып қалады, 
ал есту қабілеті бұзылған бала еститін балалардың ортасында тəрбиеленсе əртүрлі 
жесттермен, қосымша буындарды былдырлап айтады. Егер де есту қабілеті бұзылған баламен 
ерте педагогикалық түзету жұмыстары жүргізіліп, арнайы мамамандар, сурдопедагог жұмыс 
жасаса ғана үш жасында жеке сөздерді меңгере алады [2, 67 б.]. 
Есту қабілеті бұзылған балады көру арқылы қабылдау – сыртқы орта туралы негізгі 
мəлімет беретін, баланың қоғаммен араласуына, басқалардың сөзін қабылдауының негізгі 
ақпараттық дереккөзі болып табылады,
Мектепке дейінгі жаста сөйлеу жəне ойлау процестерінің дамуы баяу қарқынмен жүреді. 
Мектептегі оқу барысында ауызша жəне жазбаша тілі айтарлықтай дамиды. Дегенмен, 
вербалды-логикалық жалпылау жүйесін меңгеруде, салыстырмалы, ауыспалы жəне дерексіз 
мағыналы сөздерді, грамматикалық-логикалық қатынастардың əртүрлі түрлерін меңгеруде 
қиындықтар əлі де бар [3, 34 б.]. 
Есту қабілеті бұзылған балалар үшін жағдайдан шығудың жолы қандай болды? Олар ым-
ишарамен сөйлеу арқылы байланысады. 
Бұл тұлғаның ақпаратты беруаде барлық қажеттіліктерді толық қанағаттандыра алатын 
толыққанды тіл 
Бірақ қалыпты балалар «Сенің есімің кім» деп сұраса, есту қабілеті бұзылған балаларда 
ыммен сөйлеуді «Есім»-«Кім» деп сұралады. 
Сондықтан да сету қабілеті бұзылған балаар үшін сөйлеу тілін толық меңгеру, қажеті 
жоқ шет тілін меңгерумен бірдей болып жатады. 
Ым- ишара тілінен басқа дактилология бар, бұл –тиянақты əріптерді немесе сандарды 
білдіретін саусақтардың қимыл əрекеті Демек, осылайша «сөйлеуге» үйретілген балаға 
қарапайым балалармен «ортақ тілді» табу оңайырақ болады [6, 57 б.]. 
Сарапшылар бала толыққанды тұлға болып қалыптасуы үшін өзіне қолжетімді кез-
келген қарым-қатынас құралын пайдаланғаны дұрыс, бірақ десе де, ұстаздардың басты міндеті 
- оның ауызша сөйлеуін қалыптастыру болып табылады. 
Бүгінгі өркениетті əлемде есту қабілеті бұзылған баланың мылқау болып қалуына жол 
бермейді, керісінше арнайы педагогтардың, дефектологтардың ұзақ жəне ауыр еңбегінің 
арқасында бұл балалрда сөйлеу тілі қалыптастыру бойынша түзету жұмыстары жүргізіліп, оң 
нəтиже беріп отыр. 
Заманауы педагогикалық технологиялар бүгінде кез келген дəрежедегі есту қабілеті 
бұзылған бар балаларға қалыпты сөйлеуді меңгертуге мүмкіндік беретін деңгейге жетті. 
Балаға кез келген нəрсені үйрету үшін, өзіндік мотивациясы пайда болуына, дұрыс 
бағытта дамуына итермелеп, оған жағдай жасау керек. Сол кезде ғана бала білімге 
қызығушылық танытады, өзінде қалыптасқан түсініктерді салыстыра отырып . мəліметтерді 
түсініп, есте сақтайды. «Мұндай балаларға сөйлеуді қалай үйрете аламыз?» деген сұрақ 
туындайды. 
Егер бала сөйлеуді естімесе, оған ауызша қарым-қатынас та қажет емес. Бұл жерде 
ересек адамдардың бірінші міндеттері айқындалады: ол өзін естіп, дыбыстарға қызығуы үшін 
оған жағдай жасау. Ал енді жағдайды қалай жасаймыз? 
Есту қабілетін қалпына келтіру есту аппараттары арқылы жүзеге асырылады. 


228 
Есту аппараты жеке тұлғаның есту қабілетінің ерекшеліктерін ескеруі керек, яғни 
қажетті жиіліктерді күшейту арқылы. Дұрыс таңдалып алынған жəне дұрыс орнатылған есту 
аппараты өзінің жəне басқа адамдардың сөйлеуін анық естуге жəне мүмкіндік береді.
Баланың сөздердің контурын ғана емес, сонымен қатар олардың құрылымын да 
мүмкіндігінше талдап ести алуы өте маңызды, себебі дұрыс емес есту сөйлеу тілінің 
бұрмалануына алып келеді [2, 89 .б]. 
Ең заманауи есту аппараттарының қызметі компьютер арқылы орнатылады, сондықтан 
да жай ғана есту аппаратын сатып алумен жұмыс шектелмейді. Оның дұрыс орнатылып
баланың есту қабілетінің ерекшеліктерін ескеіп қажетті жиілікте орнатылыуы ең маңызды 
мəселе. Есту аппараты қаншалықты қымбат, заманауи болса да, оған дұрыс орнату жасалмаса, 
жұмыс нəтижесіз болады. Көп жағдайда, тыныштыққа үйреніп қалған балағы бейтаныс 
дыбыстар қолайсыздық алып келед, бала мазасызданып, есту аппаратын шешіп тастайды. Сол 
үшін қазір есту аппараттарны ұсынатын фирмалардың қызметіне орнату қызметі де кіреді. 
Сонымен қатар есту қабілеті бұзылған балада еріннен оқу дағдысын қалыптастыру 
керек. Балаға тіке қарап, сөйлеу артикуляциясын дұрыс қолдану арқылы таныс сөздерді қатты 
айтып жаттықтыруға болады. Баланы жалықтырмау үшін ойын іс-əркетін қолдануға болады. 
Бала бардық сөзді бірдей қашықтықтан естімеуі мүмкін, себебі əр дыбыстың өзіндік жиілігі 
бар, бір сөздер жоғарғы жиілікте айтылса, екінші дыбыстар төменгі жиілікте айтылады. Бір 
сөзді қайта – қайта қайталау арқылы дағдыны қалыптастыруға болады [1, 26 б.]. 
Келесі қадам - есту қабілеті нашар баланы оқыту. Оқытудың нəтижесі, есту қабілеті 
нашар балада қосымша кемістіктің болу-болмауына жəне де баланың жеке танымдық 
ерекшеліктеріне байланысты болады. 
Оқу процесінің нəтижелігі көп жағдайда баланың өзіне емес, ата-анасына тікелей 
байланысты болады. Себебі, балада кемістіктің уақтылы анықталуы, есту аппаратының дұрыс 
жəне ертерек қолданылыуы жəне түзету жұмыстарының ерте басталуы, арнайы бағдарлама 
бойынша оқыту барысындағы жұмыстың жүйелі орындалуы тікелей ата-анасының қарым-
қатынасына байланысты болады [5, 105 б.]. Ата-анасы уақтылы көмек беріп, қажетті қолдау 
жасаған балалар өз қатарымен бірге дамып, жақсы оқуға мүмкіндіктері бар. Ата-ана баланы 
бар болмысымен қабылдап, оны түсінуі керек. Балаға махаббатпен жəне жылулықпен қараса 
ғана, балада тұлғалық қалыптасуы дұрыс жəне өзін-өзі бағалауы жоғары болады. Бала өзін 
басқалардан ерекше санамай, қатарымен бірге дамуы қажет. 
Кей жағдайда ата-анада баламен айналысу оны қорғау деп түсінеді. Яғни баланы 
қоғамнан алшақтатып, сау балалармен қарым-қатынасқа түсірмей тəрбиелейді. Əрине есту 
қабілеті бұзылған балалардың бір-бірімен аралақаны дұрыс, олар өзіндік топ болып дамып 
жатады. Десес де есту қабілетінің бұзылысы бар екен деп оны қоғамнан мүлдем шеттетіп 
жіберуге болмайды. Ол естуі қалыпты сау балалармен де араласып, қарам-қатынас жасауы 
керек, себебі еститін ортада ғана сөйлеу тілін қалыптастыруға болады. Ал есту қабілеті 
бұзылған баланың сөйлеу тілін қалыптастыру ең басты мақсат болып табылады. Сондықтан 
да балаға есту аппаратын пайдалан отырып сөйлеу тілін меңгеруге көмек беру, сау балалармен 
қарым-қатынасқа түскенде психологиялық қолдау жасау өте маңызды. Балада « Мен 
мүгедекпін» деген ойды шететіп, қоғамның бір мүшесі ретінде қалыптасуына жағдайлар 
жасауымыз қажет. 
Əдебиет 
1. Аутаева А.Н., Мехметова А.А. Сурдопедагогика негіздері: оқу құралы.-Алматы, Абай атындағы 
КазҰПУ, 2008. -94 б. 
2. Рау Ф.Ф. Обучение глухонемых произношению. М., 1960. 
3. Специальная педагогика. Под ред. Н.М.Назаровой. –М., 2007. 
4. Боскис Р.М. Глухие и слабослышащие дети. –М., 1963. 
5. Леонард Э.И. и др. Я не хочу молчать! — М., 1990. 
6. Белова Н.И.Специальная дошкольная сурдопедагогика.-М., 1985. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет