Атты халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет77/174
Дата02.07.2022
өлшемі6.73 Mb.
#459584
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   174
Сборник 2022 Жакыпов с обл

 


173 
3-СЕКЦИЯ 
______________ 
 
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЗАМАНАУИ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР 
 
СОВРЕМЕННЫЕ ПСИХОЛОГИЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ В ОБРАЗОВАНИИ 
 
Акажанова А.Т. 
 (Қазақстан Республикасы, Алматы қ
 Абай атындағы Казақ ұлттық педагогикалық университеті) 
Кулжанова Ш.Е. 
 (Алматы қаласы, ҚАЖ Департаментінің ЛА-155/6
мекемесінің тəрбие бөлімінің бастығы)
ПЕНИТЕНЦИАРЛЫҚ МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ПСИХОЛОГ 
МАМАНДАРЫМЕН БІРЛЕСІП АТҚАРАТЫН НЕГІЗГІ ЖҰМЫСТАРЫ 
 
Қантар айынан кейінгі болып жатқан жаһандық өзгерістер қоғамның қазіргі заманауи 
əлеуметтік даму жағдайына елеулі өзгерістер енгізеді жəне жастардың, əсіресе кəмелетке 
толмағандарға айтарлықтай əсер етеді деп санаймыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 156 қаулысы 
бойынша жасөспірімнің құқықтарын күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-
қимыл жəне жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мəселелерін шешу жөніндегі 2020–
2023 жылдарға арналған жол картасы бекітілді. Алайда, жалпы жəне қылмыстық-атқару 
мекемелеріндегі қылмыстың өсуі, мемлекеттік реттеу мен бақылау жүйесінің əлсіреуі, 
əлеуметтік саладағы мемлекеттік саясаттың дұрыс есептелмеуі, қоғамның рухани-
адамгершілік əлеуетінің төмендеуі ықпал ететін факторлар ретінде қарастырылады [1]. 
Қазіргі кезде əлеуметтік оқшаулану мекемелерін психологиялық қызметпен қамтамасыз 
етудің маңызы күннен-күнге артып келеді. Бұл картаның мазмұнын жəне міндеттерін 
түсінбей, кəмелеттік жасқа толмаған тұлғаны жан-жақты зерттемей, мекеме қызметкерлері 
психологпен бірлесе отырып түзету жұмыстарын жүргізбей мақсатқа қол жеткізу жəне жүзеге 
асыру мүмкін емес. Осыған байланысты түзеу мекемесінің қызметкерлері күн тəртібіндегі 
жұмыстардың атқарылуына жəне сотталғандарды түзеу үрдісіндегі жоспарланған басқа да 
жұмыстарға араласады.
Қызметкерлер ұжымының алдында келесі мəселелер тұруы қажет: жазаны өтеу режимін 
сақтау жəне ұйымдастыру; сотталғандардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету; өндірістік 
қызметін ұйымдастыру; білім беру жене кəсіби тəжірибе алуға жағдай жасау; медициналық, 
психологиялық- педагогикалық қызмет көрсету; бос уақытын пайдалы өткізуді ұйымдастыру; 
психологиялық тұрғыда арнайы кəсіби қызметтердің диагостикалық жəне психокоррекциялық 
жұмыстарды дұрыс бағытта жүргізу т.б.
Түзеу мекемесі қызметкерінің атқаратын функциясына төмендегілер жатады: 
1) Əлеуметтік міндеттерді шешу, қылмыстың алдын алумен байланысты сотталғандарды 
əлеуметтік бейімдеу.
2) Аталмыш функцияларды мына тəртіптерді күшейтпей орындау мүмкін емес:
– заң бұзушылықты ашу жəне алдын алу;
– уақытында жазалау;
– сотталғандармен мақсатты түрдегі тəрбие жұмыстарын жүргізу; 
– жалпы білім беру жəне кəсіби техникалық білім беруді жүзеге асыру;
– қызметкерлер мен сотталғандарды психологиялық дайындықтан өткізу;
– мекемедегі тəрбиеленушілерді еңбекке тартуды оңтайландыру. 
Сотталғандарды түзеу мен əлеуметтендірудің нəтижелі үрдісі психологтың анықтаған 
мəліметтеріне сүйенеді. Осы мəліметтер арқылы мекеме қызметкерлерінде сотталғандармен 


174 
тəрбиелік мақсатта жалпы əрі нақты іс-əрекеттер жүргізуге толық мүмкіндіктері туындайды. 
Сол себепті – диагностикалық зерттеу жұмыстары ең негізгі жəне алғашқы міндеттің бірі 
болып табылады. Диагностикалық зерттеудегі жұмыстарынан алынған ақпараттар мен 
мəліметтер сотталғандарды қайта тəрбиелеуде нақты бағдарламалар жасауға ықпалын 
тигізеді, ал ақпараттар жинау –
диагностикалық əдістерді оңтайлы қолдана білуіне үлкен 
мүмкіндік туғызады. Диагностикалық жұмыс барысында түзеу мекемесінің қызметкерлері 
зерттеу нысандарды (тұлға, ауытқы мінез-құлық, арнайы немесе формальды емес 
сотталғандар тобы т.б.) жəне басқа да мəселелерді толық анықтап алуға үйренулері шарт. 
Қызметкердің ұйымдастарушылық қабілеттері – сотталған тəрбиелушілерді басқарудағы 
қолданатын шаралар тəртібін, ережелерді дұрыс орындаулары жəне жұмыс уақытын тиімді 
пайдаланып, қызмет жоспарын жүйелі құра білуі, құжаттық жұмыстарды жүйелеу; еңбекті 
ұйымдастыру мақсатында компьютерлер мен өзге де заманауи техникаларды дұрыс меңгеріп 
орынды пайдалана білудің жолын арттыру қажет. 
Түзеу 
мекемесіндегі 
психологиялық-педагогикалық 
мамандардың 
жаңа 
тұжырымдаманың негізінде қылмыстық орындаушылық құқықты психологиялық мақсатта 
жетілдіру арқылы тұлғаның қызметін жақсартуға болатындығын көрсетеді. 
1. Жұмысқа тəн шарттар: 
– шамадан тыс салмақты жұмыс; 
– уақыт тапшылығы; 
– жұмыстың қауіптілігі; 
– жауапкершілік; 
– жұмыстың жиі өзгеруі; 
2. Мекемедегі рөлі: 
– өзгелер үшін жауапкершілік; 
– шешім қабылдаудағы алатын орны; 
3. Мансапты дамыту: 
– дағдының қалыптаспауы; 
– құзіреттіліктің нашарлығы; 
– тəжірибе алмасудағы кемшіліктер; 
– берілген жұмысқа деген білімнің жетіспеушілігі; 
4. Топтық ішкі қарым-қатынас: 
– басшылармен қарым-қатынастың нашарлығы; 
– ұжыммен тіл табыса алмау, түсініспеушілік; 
– сотталғандармен қарым-қатынасты дұрыс ұйымдастыра алмау; 
– өзге қызметкерлерден оқшаулану; 
5. Ұжымдық ахуал құрылымы: 
– нəтижелі кеңестердің жетіспеушілігі; 
– тосын жағдайдағы сенімсіздік; 
– кертартпалық; 
– «қысымдық ережелерді» қолдану. 
6. Мекеменің сыртқы əлеммен əрекеттестігі: 
– мекеменің отбасылық талап-сұраныстарына қарсылығы; 
– төмен деңгейдегі əлеуметтік қолдау; 
– бейнелер таптауырындары (өзін-өзі бағалау); 
– мекемедегі өзгерістердің сыртқы жағымсыз оқиғалармен байланысы.
Кəмелетке толмаған сотталушылармен түзеу мекеме қызметкерлерінің жұмыстарының 
негізгі функциялық ерекшеліктері: сотталғандардың тұлғалық қасиеттерін, қарым-қатынас 
жүйесін, мерзімінен бұрын босауға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру, қылмыстық-атқару 
ережелерін түсіндіру, ішкі тəртіптік ережелерді сақтауды, əртүрлі шараларды ұйымдастыру, 
сотталғандарды жазалау мен кешірім жасаудағы ұсыныстарды сараптау, олардың арасында 
кездесетін əртүрлі дау-дамайды шешу мəселелерімен айналысады [2, 251–252 бб.].


175 
Көптеген жылдар бойы отандық ғалымдарды жастардың арасындағы қылмыстың артуы 
алаңдатып келді. Қазақстандық ғалымдар-заңгерлерді де бұл мəселе толғандырды 
(Каиржанов Е.И., Нарикбаев М.С., Жекебаев У.С., Жадбаев С.Х., Бегалиев К., Мауленов Г.С. 
т.б.). Өз еңбектерінде ғалымдар жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылық 
ерекшеліктерді, жағымсыз мінез-құлық сипаттарын, балалардың қылмысқа бару себептерін, 
алдын алу шараларын қарастырған. Бірақ кəмелетке толмаған жасөспірдің психологиялық 
ғылыми тұрғыдағы делинквентті мінез-құлық көріністері бойыша зерттеулер жүргізілмеген. 
Қазіргі кезде осы өзекті мəселе қолға алынып, екі жақты (Алматы қаласы бойынша ҚАЖД 
жəне Абай атындағы ҚазҰПУ) Меморандумға қол қою арқылы Ғылыми ізденіс тобы 
педагогикалық-психологиялық жұмыстар атқарып жүр. 
Мекеме қызметкерлерінің психолог мамандарымен бірлесіп ескеретін жұмыстардың
бірі – сотталғандардың арасындағы туындайтын қақтығыстардың алдын алу. Осыған 
байланысты тəрбиелушілердің келесі ерекшеліктеріне көңіл аударған жөн: өмірге деген 
көзқарастары мен көңіл-күйлері, дəстүрлері мен əдет-ғұрпы, араларындағы өзара бөліну, , 
оқшауланған шағын топтардың орын алуы, ұстанған бағыттары мен ұстанымдары, ауытқы 
мінез-құлықтары, топ арасында ерекше көзге түсетіндерді есепке алу т.б.
Мекеме қызметкерлерінің сотталғандарды толық білуге жəрдемдесетін жағдайдар: 
жаргон сөздердін мəн-мағынасын түсіну, бірақ оны күнделікті қарым-қатынас барысында 
қолданбау, ал əлеуметтендіру жəне тəрбиелеу процесінде қарым-қатынасқа байланысты 
сенімділік, бейімділік, сергектік, тұрақтылық т.б. білдірген жөн. Бөлімше басшысының 
міндеті: сотталғандардың психологиялық ерекшеліктерін ажыратып, қабілеттерін ескеріп 
түрлі жұмыстарға бейімдей алу, жағымсыз сезілетін топтар мүшелерін қадағалап олармен 
əңгімелесу, пікір-талас ұйымдастыру, бостандыққа даярлау т.с.с.шараларды психолог 
мамандармен бірлесіп ұйымдастыру. Осындай шаралар арқылы тəрбиелік жұмысқа мəн беру, 
сотталғандарды көркем-өнер үйірмелеріне араластыру, кəсіби баулау, рухани жəне
адамгершілік құндылықтарды сақтау, тəрбиеленушілердің жағымды мінез-құлықтарын 
қалыптастыру; кəсіби қызығушылық, жауапкершілік, шеберлік қасиеттерін дамыту т.б.
Тəрбиеленушілер мен тəрбие жұмысының негізгі түрлері: адамгершілік, құқықтық, 
еңбек, дене тəрбиесі екендігін ескеру жөн. Сотталғандармен тəрбие жұмысы психологиялық-
педагогикалық əдістер негізінде индивидуалды жəне топтық түрінде ұйымдастырылады. 
Тəрбиелеу жұмыстың негізгі мақсаты – сотталғандардың бостандыққа дайындау, ерік-
күшімен жүйке саулығын орнына келтіру, жеке басын аздырмау, қылмысқа бару ниеттерден, 
ойлардан қайтару, олар өз мінез-құлқына жауапты екендігін түсіндіру, үйрету; жалпы 
адамгершілік өнегелік қасиеттер негіздерін сақтауға үйрету т.б.
Тəрбиеші офицер қызметкері тəрбиелеу жұмысының негізгі бағыттарын, қағидалары
мен жүйесін орындауы шарт: бас бостандығынан айырылғандармен ізгілікті қарым-қатынаста 
болуы; барлық тəрбиелеу процесі кезінде жалпы адами құндылықтарды сақтау; еңбек жəне 
тəрбиелеу шараларына қатысты жаңа ережелерді ескеру; жазаны атқарудағы қарым-
қатынасты, түрлі халықаралық нормаларға қатысты қабылданған құжаттарды орындау; дінге 
байланысты бостандықтарын қамтамасыз ету, небір жағымсыз діни ағымдардан сақтануды 
қадағалау [3, 588-590 б.].
Қазіргі таңда пенитенциарлы педагогика мен қатар пенитенциарлы психология 
ғылымыда қарқынды дамып келе жатыр. Екі ғылым саласының ортақ ұқсастығы – қылмыс 
жасаған тұлғаның психологиялық-педагогикалық, қайта тəрбиелену, биəлеуметтену
мəселелері. Өкінішке орай, біз жұмыс жүргізетін Республикалық мемлекеттік мекемеде 
əлеуметтік педагог штаты əлі күнге дейін орын алмаған, көп жағдайда оның функциясын 
колония психологы атқарып жүр. 
Қызметкердің психологиялық дайындығының болмауы олардың іс-əрекеттерін 
құрсаулап, шектеп жұмысқа деген қабілеттілігін төмендетеді, олар шұғыл жағдайларға тап 
болғанда (сотталғандардың топтық тəртіп бұзуы, адамдарды кепілге алуы, тамақтанудан 
жаппай бас тартуы, қауіп туғызу, шабуыл жасау т.б.) абыржып, қажетті шешім қабылдай 
алмайды. Мұндай жағдаяттардың алдын алуда жабық мекеме қызметкерлерімен психологтың 


176 
арнайы дайындық іс-шаралары мен жаттығулар жүргізуін қажет етеді. Пенитенциарлы 
қызметкерлерде кəсіби спецификасына қарай келесі психологиялық қиындықтар кездеседі: 
1. Сотталушылар мен қызметкерлер арасындағы психологиялық барьер. 
2. Эмоционалды қажудың жоғарлығы. 
3. Бейімделе алмауға байланысты торығу (стрестік) қалып. 
4. «Тұйықталудың» жоғарғы деңгейі. 
5. Қарым-қатынас депривациясы. 
6. Психикалық өзгерістер, эмоционалдық кəсіби күйіну, кəсіби деформация [4, 238-
239]. 
Осыған байланысты қазіргі таңда, түзеу мекемелері жұмысын психологиялық қызметпен 
қамтамасыз етуге бағытталған оң өзгерістер жүзеге асуда: штаттағы психолог мамандардың 
көбеюі, түзету мекемесі қызметкерлерінің ортақ мақсат төңірегінде психологтармен бірлесіп 
ынтымақтастықта қызмет істеуі, психолог мамандардың біліктілігін жетілдіру бағытында 
арнайы ғылыми-практикалық конференция, семинарлардың, курстардың өтілуі, бірлескен 
мақалалар шығару, орталықтанған əдістемелік көмектердің ұйымдастырылуы. Дегенмен де 
бүгінгі таңда шешімін қажет ететін мəселелер баршылық, ең өзектілері мен маңыздылары 
деп төмендегілерді атап өтуге болады: 
1. Психолог мамандардың өз міндеттерін сапалы атқаруы үшін олардың заманауи 
талаптарға сай ұйымдастырылған даярлықтан өтіп, білімдері мен біліктіліктерін жоғарылатуы
қажет. 
2. Бүгінгі күннің өзгерістеріне байланысты педагогикалық-психологиялық əдістемелік 
əдебиеттермен қамтамасыз етілуіне көңіл бөлу. 
3. Психолог мамандардың жұмысына материалдық жағдай туғызу: арнайы 
жабдықталған кабинеттер, жұмысқа ынталандыру факторы ретінде – жалақысын көбейтуді 
ойластыру жəне т.с.с. [2, 260]. 
4. Қорыта 
келгенде, 
мекемедегі 
психологиялық–педагогикалық 
бибейімделу, 
биəлеуметтендіру жəне психологиялық алдын алу жұмыстары психологтың бір ғана өзі 
атқарса жөн нəтиже бермейді. Бұл жұмыстар басқа мамандармен (колония қызметкерлері, 
офицерлер жəне т.б. ) бірлесе жоспар құрып, ұйымдастырылып жүргізуді қажет етеді. 
Əдебиет 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 156 қаулысы // «Əділет» Қазақстан 
Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі// http://adilet.zan.kz/kaz/docs. 
2. Акажанова А.Т. Заң психологиясы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. –366 б. 
3. Дмитриев, Ю.А., Казак Б.Б. Пенитенциарная психология. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2007 – С.576-608. 
4. Димитров А.В. Юридическая психология: Краткий курс. – М.: Камерон, 2006. – 288 с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет