211
Бейбитова С.Т., Қазақбаева Г.С.
(Қазақстан Республикасы,Тараз қ.
№ 28 бөбекжай – бақшасы)
БАЛАНЫ МЕКТЕПТЕ ОҚУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛАУДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Білім беру жүйесін дамытудың негізгі факторларына білім беру парадигмасын өзгерту;
оқыту, тəрбиелеу жəне білім беру сапасын арттыру; білім беру ұйымдарының материалдық
базасын нығайту жұмыстарымен қатар, оқушылардың əлеументтенуі жəне олардың
денсаулығын сақтау міндеттері де кіреді. Бұл баланың мектепке даярлығын психологиялық
жағынан даярлау мəселесіменұштасады. Ол келесі құрастушылардан тұрады:
- Мотивациялық дайындық – баланың мектепке оңтайлы көзқарасы мен оқуға ынтасы;
- Ақыл ойының немесе танымдық дайындығы- ойлау қабілетінің, жадының, зейін
тұрақтылығының, танымдық белсенділігінің дамуы;
- Ерік-жігерінің дайындығы – ерік-жігер саплары мен мінез-құлық ерекшеліктерінің
көрінісі;
- Коммуникативтік дайындығы – қоршаған ортада əлеуметтенуі, құрбыларымен қарым-
қатынас.
Бала «Мектеп» деп аталатын жаңа əлеуметтік ортада үлкендер тарапынан айтылатын
көптеген талап – тілектерді орындау жəне мектептің ішкі ережесіне бағынуы, сынып – сабақ
жүйесіне бейімделуі қажет. М.Н.Костикова «балаларды мектепке оқуға психологиялық
даярлығы» ұғымының мазмұнын ашып, мектепке психологиялық дайындықтың типтерін
ұсынған. Ол тұңғыш рет баланың мектепке психологиялық даярлығын анықтау мақсатында
оқу əрекетінің жетістігі туралы, оны қамтамасыз ететін ғылыми – тəжірибелік шаралардың
жасалуы мен психологиялық даярлықтың сапалық ерекшеліктерін талдайтын жіктемелерді
бөліп көрсетті. Сонымен қатар өз елімізде баланың мектепке даярлығы мəселесімен
айналысқан ғалымдар да аз емес. Мысалы Б.Баймұратованың «Балаларды мектепке даярлау
жөнінде», К.Қойбағаровтың «Баланы мектепке даярлау», Қ.Сейсенбаевтың «Отбасы
тəрбиесіндегі баланы мектепке даярлауда қазақ халық педагогикасының прогресшіл идеялары
мен тəжірибелерін пайдалану проблемасы» еңбектері бала бақшадағы оқу – тəрбие үрдісі
арқылы баланы мектепке жан – жақты дайындау мəселесін қарастырған.
Ол Л.И.Божович пікірінше, мектепке дейінгі балалық шақтан мектептік кезеңге өту оның
өмір сүру салтының түбірімен өзгеруімен сипатталады. Оқушы жағдайы жеке басының
ерекше бағыттылығын тудыратынын атап өту керек. Ол үшін, оқу – білімді меңгеретін жай
əрекет немесе өзін болашаққа дайындау тəсілі ғана емес, ол баланың саналы түрде сезінетін
өзіндік еңбек міндеті жəне айналасындағылардың күнделікті өміріне қатысуы болып
табылады. Сондықтан баланы мектептік оқуға дайындау мəселесі тұлға дамуында қашанда
өзектілігін жоғалтпайды.
Көп уақыт бойы баланың оқу əрекетіне дайындығының өлшемі оның ақыл – ой
дамуының деңгейі деп есептеліп келеді. Л.С.Выготский мектептік оқуға дайындық ұғымдар
мен түсініктердің сандық қорына байланысты емес, танымдық процестерінің даму деңгейіне
байланысты екендігі туралы болжам жасаған. Ол мектепке психологиялық дайындықтың 7
жас дағдарысымен байланыстыра қарастырған.
Мектептегі оқуға психологиялық дайындық мəселесіне арналған зерттеулерде,
мектептегі оқу мазмұны мен шарттарына баланың психикалық дамуының сəйкестігі
қарастырылады. А.Н.Леонтьев баланың мектепке оқуға даярлығының психологиялық
мазмұны мəселесіне арналған зерттеулер жасаған. Ол мектептегі оқудың баланың есіне,
қабылдауына жəне тілінің дамуына, жалпы психикасының даму деңгейіне талап қоятындығын
атап өткен.
Балаларды мектепке психологиялық тұрғыда дайындауда бала бақшаның ересектер мен
даярлық топтарында жүргізілетін жүйелі оқыту мен тəрбие жұмысының маңызы зор. Сонымен
212
қатар бала бақшалар санының балалар мөлшерін толық қамти алмағандықтан қазіргі кезде
жалпыға бірдей 1 – сыныпқа барар алдында 0-дік сыныптардың ашылуы арқылы шешілуде.
Ол бір жағынан балаға білім алуға бағыттаса, екінші жағынан оқушы болуға психологиялық
тұрғыда қолдау. Балаларды мектепке оқуға психологиялық даярлауда балабақшаның ересек
жəне даярлық тобында жүргізілетін арнайы тəрбие жұмысының рөлі аз емес. Бірақ ол жеңіл
жəрдем жасауға тырысу түрінде болмай, психикалық дамудың бұған дейінгі бүкіл
жетістіктеріне сүйенуі тиіс. Балалардың есін өте көп шашыранды мағлұматтармен
толықтырып немесе оқу, есеп шығару дағдыларын бағытсыз қолдана беруден зиянды нəрсе
жоқ. Балалар жалпылама жəне жүйелі білім алып , олар болмыстың жаңа салаларында бағдар
алуға үйретіліп, осындай кең негізде дағдыларды игерту ұйымдастырылса, жағдай мүлдем
басқаша болады. Осындай оқыту процесінде балаларға болашақта кез келген білімді саналы
игеруге мүмкіндік беретін болмысқа теориялық көзқарастың бастамасы жасалады.
Мектепке оқуға қабылданар баланы мектептік болмысқа ендіру, толққанды оқу əрекетін
қалыптастыру - өтпелі кезеңге тəн психикалық дамудың барлық жиынтықтарымен тығыз
байланысты. Олар оқу–тəрбие процесін осы жастың психологиялық ерекшеліктерімен қатаң
сəйкестікте жүргізуді қажет етеді. Сондай – ақ мектепке дейінгі шақтан оқушылық өмірге өту
кезеңін зерттеу мəселесі мектептегі оқу–тəрбие міндеттерін нақтылауға мүмкіндік береді. Бұл
істің түпкі мақсаты баланың мектептегі оқуына берік тұрғыда қамтамасыз ету. Ол мұғалім
талаптары мен мектеп ережесін орындауға баланың ерік күшін бағындыра алу іскерлігінен
көрінеді. Педагогтар қауымы мен ата–аналар балаға əріп тануды, қолға қалам ұстау үшін
қолдың саусақтарының қимыл икемділігі, жазып үйренуі, санай алу дағдылары, бойы мен
салмағының мөлшерін қадағалау – баланы мектепке биологиялық жасымен тығыз байланысты
дайындау ісі болып табылады. Бірақ көп жағдайда баланың мектепке барғаннан кейін оқуға
деген қызығушылығы бірден төмендейді.
Балалардың танымдық іс-əрекетін дамытуға арналған тапсырмалар:
Ауызша ойлау. Бұл ойлауда қабілеті дамыған балалар ақпаратты тез қабылдайды;
Эмоционалдық ойлау. Сезгіштік яғни өмірде біршама табыстарға қол жеткізеді;
Шығармашылық ойлау. Бұл ойлау түрлерінде қиялды пайдаланады;
Математикалық ойлау. Жақсы дамыған сандық ойлаулар;
Ойлаудың кеңдігі. Түрлі жағдайларды ойша елестету.
Оқу материалдар балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере
ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан, педагог
балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру,
ұйымдастырылған оқу-қызметі балалардың логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді
мол пайдалану арқылы жетуге болады.
Балалалардың мектепке оқуға дайындығын бақылау, оларға арнайы зерттеу жұмыстары
жүргізілді.
Мақсаты: жас ерекшелігіне сай танымдық іс-əрекет дағдыларын меңгерген, қарым-
қатынас мəдениеті мен логикалық ойлау ұшқырлығы дамыған, əлемнің тұтас бейнесін
түсінуге, ақпаратты күнделікті өмірлік мəселелерді шешуде қолдануға қабілетті тұлғаны
қалыптастыру.
Интеллект-карта «Алма»
1 тапсырма: алма қандай? (бала сын есімдерді атайды: дөңгелек, қызыл, тегіс, тəтті жəне
т.б.);
2 тапсырма: алма сияқты дөңгелек пішінді не болады? (бала зат есімдерді атайды: доп,
дөңгелек, тиын);
3 тапсырма: алма сияқты не қызыл? (қызанақ, құлпынай, шар, құлпынай, жалау
қызыл…);
4 тапсырма: алмадан не жасалынады? (шырын, салат, тосап, компот, алма бəліші;);
5 тапсырма: алма қайда өседі? (бақта, ағашта);
6 тапсырма: алма не істейді? (бала етістіктерді атайды: піседі, қызарады, түседі,
бұзылады жəне т.б).
213
Тұлғааралық қатынасты түзету жаттығулары: «Мен үшін не маңызды», «Жабысқақ», «Өз
үйім», «Қолғаптар» ойындары,қарым-қатынаста қиындығы бар балаларға арналған ойындар
мен жаттығулар: «Жел тұрады», «Досыңды тап», «Айна» ойындары жүргізілді. Бала мен ата-
ана қарым – қатынасының үйлесімді болуына бағытталған «Сенімді түсу», «Менің жəне
анамның қолы», «Қолмен» əңгімелесу», «Өз жүрегіңді тыңдай біл», «Ойыншықтар дүкені»
жаттығулар жалпы жеке тұлғалық түрде жүргізілді.
Мектепке дайындық деңгейін анықтауда басшылыққа алынатыны – баланың оқу мен
жазуға икемділігі. Ал жаңа ортаға түсуіне байланысты көңіл – күйінің сипаты; сынып –
сабақтық жүйеге төзімін білдіретін еріктік қасиеттері; жазба білімдерді қабылдап, игеруге
қажет таным процестерінің даму деңгейлері тексеріле бермейді. Бұдан шығатын қорытынды:
баланың мектептегі оқуға дайындық көлемінің əлі күнге дейін психологиялық –
педагогикалық тұрғыдан қарастырылатындығында. Мектепке жаңа келген бала даралық
сапаларымен таныла отырып, бір ортаға бейімделіп, төселу кезеңін бастан кешіреді. Бұл
жолдағы қиындықтар барлық бейімделу сатыларындағы қиындықтармен қатарлас. Ол
баланың құрдастарымен, мұғаліммен, мектебімен, сыныбымен қатынасы, сабаққа көзқарасы,
өзіндік сана сезімі, тіл табысуы, сөйлеу ерекшелігі, түсіну, ұғыну деңгейлері – осының
барлығы бала психикасына едəуір əсер етеді.
Балаларды мектепте оқуға психологиялық дайындығын қалыптастыру төмендегі
міндеттерді шешті:
1. Балалардың мектепке психологиялық дайындығын тексеруді бағыттар бойынша
жүзеге асыру: танымдық даярлық; ықыластық даярлық; еріктік даярлық жəне көңіл-күй
даярлығы.
2. Мектепке психологиялық дайындықты анықтау бағыттары бойынша жүргізілген
зерттеу көрсеткіштері негізінде дамтыу шараларын ұйымдастыру. Ол зерттеуге қатысқан
балалардың, олардың ата-аналар мен тəрбиеші, ұстаздарының, мектеп, бала-бақша
психологтарының жəне болашақ психолог-мамандардың қатысуымен жүзеге асады.
3. Қазақ балаларының мектепке психологиялық дайындығын анықтауға мүмкіндік
беретіндей диагностикалық құралдар топтамасын жасап, оларды этикалық ерекшеліктерге сай
бейімдеу, жетілдіру жұмыстарын жүргізу.
Мектепке баланың психологиялық дапйындығын анықтау бағыттары бойынша
жүргізілген əдістер тəрбиеші мен мұғалімнің жұмысын дербестендіруге, əр баланың даралық
мүмкіндіктеріне сай тапсырма беріп, талап етуіне негіз болады. Сондай-ақ оқу бағдарламасын
құруда, оның тиімділігін арттыруда, əрі оқушы жан – күйінің қайсыбір ауытқушылықтарын
күні бұрын байқап, оны түзету шараларын жүргізуде, психикалық дамудағы тежелу,
кешігулерді дамытуға, болуы мүмкін ауытқулардың алдын-алуға мүмкіндік береді.
Баланы мектепке дайындаудың психологиялық мəселелері туралы ғылыми зерттеулерге
терең тероиялық талдау жаса отырып, дайындықты анықтаудағы психологиялық бағыттар
құрастырылып, жетілдіру жолдары қарастырылды. Баланың мектепке психологиялық
дайындықты анықтау танымдық, ықыластық, көңіл-күйлік, еріктік болып нақтыланды.
Мектепке дайындау мəселесі отбасында, əлеуметтік ортада жүзеге асырылады. Сондықтан
орта саулығы – бала денсаулығына, оның толыққанды азамат болып жетілуіне игі əсер етеді.
Қоғамымыздағы салауатты өмір салтын уағыздаудың жалпы сипатқа ие болуына орай,
мектепке психологиялық дайындық - əлеуметтік орта саулығымен байланыстыра
қарастырылады. Болашақ оқушының көңіл – күй - əлеуметтік орта саулығымен, салаутты
қоғам табиғатымен сəйкестендіріледі. Бұл бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып
табылады.
Қорытындылай келе, баланың мектепке психологиялық дайындығы оның мектеп
қабырғасын аттағанда кездесетін қиыншылықтарды (жаңа ортаға ену, бейімделу, оқу үлгерімі,
қарым-қатынас, мектеп тəртібі жəне т.б.) жеңуде алатын орны, əр түрлі əрекеттерді орындауда
маңыздылығы, соның ішінде оқу əрекеті нəтижесінің артуына тиімділігінің ерекше маңызды
екендігі тұжырымдалды.
214
Əдебиет
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы // Егемен Қазақстан, 14–желтоқсан, 2010.
2. Мұқанов М. Жас жəне педагогикалық психология.- А., 1981.
3. Овчарова В. Практическая психология образования. – М.: Сфера, 2003
4. Петровский А.В. Педагогикалық жəне жас ерекшелігі психологиясы. – А., 1987.
5. Выготский Л.С. Педагогическая психология. - М., 1990
6. Меңжанова Ə. Мектепке дейінгі педагогика – А.,1992
7. Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. – А., 1987.
Достарыңызбен бөлісу: |