218
Қазіргі уақытта балалар мінез-құлқының бұзылу себеп-салдарын əлеуметтік-
психологиялық жəне педагогикалық тұрғыда М.А. Алемаскин, Л.М. Зюбин, И.С. Кон, Г.П.
Медведев жəне т.б., клиникалық сипатта Г.А. Власова, В.Я. Гиндикин, В.В. Ковалев, Г.Е.
Сухарев, криминалогиялық аспектілерін М.М. Бабаев, К.Е. Легошев, В.Н. Кудрявцев сияқты
ғалымдар зерттеумен айналысқан.
Мінез-құлқында ауытқушылық байқалатын балаларды əлеуметтендіруге
байланысты
Отандық ғалымдардың еңбектері аса құнды болып табылады. Соның ішінде Қ.Б.
Жарықбаевтың, С.Қ. Қалиевтің, Ж.Ы. Намазбаеваның, Т.Қ. Бөлеевтің жəне т.б. ғалымдардың
еңбектерін атап өтуге болады. Осы еңбектерде берілген тұжырымдарға сүйенсек, аддиктивті
мінез-құлықты топтастырутөмендегідей болды.
Аддикцияның химиялық жəне химиялық емес формалары бар. Химиялық формаларына
ішімдік, наркомания, шылым шегу, таксикомания жатады. Ал химиялық емес аддикцияға –
компьтерлік аддикциялар, құмарлық ойындар (гэмблинг), сексуалды аддикция,
қарым-
қатынас аддикциясы, тамақтану аддикциясы, махаббат аддикциялары кіреді.
Алғаш рет интернетті шамадан тыс пайдалану мəселесі шетелде 80-жылдардың
аяғында талқыланды, ал 90-жылдардың ортасында американдық психолог Иван Голдберг
«Интернет-тəуелділік» түсінігін енгізді, оны ол патологиялық, қарсы тұруға болмайтын ауру
деп анықтады. тұрмыстық, жұмыс, əлеуметтік, отбасылық жəне қаржылық қызмет салаларына
кері əсерін тигізетін Интернетті пайдалануға құштарлық.
Достарыңызбен бөлісу: