1. Лекция. Физиология пәнінің әдістері, даму тарихы


 Лекция. Нерв жүйесінің жалпы физиологиясы



Pdf көрінісі
бет3/20
Дата06.09.2022
өлшемі383.29 Kb.
#460293
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Лекция

 


Лекция. Нерв жүйесінің жалпы физиологиясы 
Орталық жүйке жүйесі дегеніміз - адам мен омыртқалы жануарлар жүйке 
жүйесінің жұлын мен мидан құралған бөлімі. Ол жеке жасушалардың, ұлпалардың, 
мүшелердің қызметін реттеп, оларды өзара үйлестіріп, организмнің біртртастығын 
камтамасыз етеді. ОЖЖ-сі ішкі және сыртқы әсерлерді қабылдап, оған жауап беру 
арқылы организмді қоршаған ортаның құбылмалы жағдайларына бейімдейді, жеке 
мүшелер мен бүкіл организмнің күрделі әрекетін басқарып, түрлі физиологаялық
процестердің үйлесімді жүруін қамтамасыз етеді. 
Нейрон деп жүйке жасушасы мен оның өсінділерінің жиынтығын айтады. Ол 
жүйке жүйесінің құрылымдық және функционалдық негізі болып табылады. Нейрон 
құрамында төрт құрылым болады: жасуша түлғасы - денесі (сома), қысқа өсінділер-
дендриттер, ұзьш өсінді-нейрит немесе аксон және аксон ұшы немесе терминалдар. 
Нейронның аталған бөліктерінің әрқайсысы өзіне ғана тән қызмет атқарады. 
Нейрон тұлғасы (сома) синтез процесін жүргізеді. Оның құрамында ядро, 
рибосомалар, эндоплазмалық тор және басқа қосындылар болады. Мұнда 
медиаторлар, жасуша белоктары және басқа компаненттер түзіледі. Сома нейронның 
әрекетін, біртұтастығын қамтамасыз етеді. Ол зақымданса бүкіл нейрон қызметі 
бұзылады. 
Аксон - тітіркеністі басқа жасушаларға - жүйке, ет немесе секреторлық
жасушаларға жеткізеді. Аксон - жүйке жасушасының ұзын өсіндісі. 
Орталық жүйке жүйесіне жалпы шолу. Орталық жүйке жүйесі - ми және 
жұлын (ми сауытында және омыртқа жотасында орналасқан), ал шеткі жүйке жүйесі - 
олардан таралған нервтер мен нерв түйіндері (дененің басқа бөлімдерінде орналасқан).
Жұлын ұзындығы 45 см, диаметрі 1 см омыртқа жотасының каналында 
орналасқан түтікше. Көлденең кесіндісінде жұлын сыртынан ақ заттан, ішкі жағында сұр 
заттан құралған. Сұр зат нерв жасушаларының (нейронның) денелерінен құралған
және көлденең кесіндісінде алдыңғы және артқы қанаттарынан шыққан өсінділері бар 
“көбелек” пішінді болады. Алдыңғы өсінділерінен қозғалу нервтері таралып, артқы
өсінділеріне сезу нейрондары келіп байланысады. Ақ зат нерв жасушасының
өсінділерінен құралған. Жұлын негізгі екі қызмет атқарады-рефлекторлы және
өткізгіш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет