1. Лекция. Физиология пәнінің әдістері, даму тарихы



Pdf көрінісі
бет4/20
Дата06.09.2022
өлшемі383.29 Kb.
#460293
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Лекция

Вегетативті жүйке жүйесі ішкі мүшелердің қызметін реттейтін жүйке жүйесінің
бөлімі, оның талшықтары ағзаның барлық мүшелері мен ұлпаларын нервтендіріп,
қоректендіріп тұрады. Вегетативті нерв жүйесі бір-біріне қарама – қайшы қызмет 
атқаратын симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелеріне бөлінеді.
 
Вегетативті жүйке жүйесінің ағза мүшелеріне әсері. 
 
Ағза мүшесі, қызметі, 
физиологиялық процесс 
Симпатикалық бөлімнің 
әсері.
Парасимпатикалық бөлімнің 
әсері.
Жүрек
Соғуын 
тездетіп,
жиырылуын күшейтеді.
Соғуын 
баяулатып, 
жиырылуын әлсіретеді. 
Жүрек тамырлары
Кеңейеді 
Тарылады 
Артериялар
Тарылып, қан қысымы 
көтеріледі 
Кеңіп 
қан 
қысымы
төмендейді 


Ас қорыту жүйесі 
Перисталика мен ас
қорыту 
мүшелерінің
секрециясы баяулайды.
Перисталика мен ас қорыту 
мүшелерінің 
секрециясы 
жылдамдайды 
Көк бауыр
Жиырылып, одан қанды 
шығарады 
Әсер етпейді 
Бауыр
Өт жолдарын босатып,
сфинктерді тарылтып, 
өттің 
жиылуына
жағдай жасайды 
Өт жолдарын жиырып, 
сфинктерді босатып, өттің 
шығуына жағдай жасайды 
Бүйрек
Тамырлары тарылып,
несептің шығуы азаяды 
Әсер етпейді 
Қуық
Қуықты 
босатып, 
сфинктерді жиырады 
Қуық жиырылып, сфинктер 
босайды 
Тер бездері
Секрециясы 
жылдамдайды 
Әсер етпейді
Көздің 
нұрлы
қабығының бұлшықет
талшықтары
Қарашық кеңейеді 
Қарашық тарылады
Шашты 
көтеретін
бұлшықеттер
Жиырылады 
(шаш 
көтеріледі ) 
Босайды (шаш жатады) 
Бронхылар
Бронхылар 
кеңіп, 
тыныс алу жеңілденеді. 
Бронхылар тарылып, бронхы 
бездерінің 
секрециясы 
күшейеді.
Ағзаның 
оттегіні
сіңіруі 
Көбейтеді
Азайтады
Қан құрамындағы қант 
мөлшері
Көбейтеді
Азайтады
 
4 Лекция Мидың әртүрлі бөлімдерімен функционалды маңызы 
Нерв орталығы деп организмнің белгілі- бір қызметін реттейтін ОЖЖ-дегі 
нейрондар жиынтығын айтады. Организмде қанша рефлекторлық қызмет болса, сонша 
нерв орталығы болады. Мысалы, тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, сілекей бөлу, жылу 
реттеу т.с.с. 
Нерв орталықтарына бірнеше физиологиялық
қасиеттер тән. 
Қозуды бір бағытта өткізу. ОЖЖ-де қозу тек бір бағытта - афференттік 
нейроннан аралық нейрондар арқылы эфференттік нейрондарға өткізіледі. Бұл қасиетті
Белл - Мажанди заңы деп атайды, ол орталық синапстың болуына байланысты. 
Қозудың өтуін бөгеу. Орталық синапстардың болуымен байланысты нерв 
орталықтарында қозудың өтуі бөгеледі. Оның себебі - қозу толқынның өткізуді 
қамтамасыз ететін процестерді атқару үшін белгілі уақыт қажет. Сүтқоректілер 
жұлынының қозғағыш нейрондарында тітіркеніс келіп жеткеннен соң қоздырушы 
постсинапстық потенциалдың пайда болуына дейін 0,3 - 0,5 мс уақыт қажет. 
Қозудың жайылуы. ОЖЖ - де қозу толқыны бір орталықтан екінші орталыққа 
беріліп, оның көптеген бөлігін қамти жайылады. Оның себебі бір нейрон аксоны 
тармақтана келіп, көптеген нейрондармен жалғасады. Осының нәтижесінде ОЖЖ - не 
келген импульс әр түрлі бағытта көптеген жүйке орталықтарына таралады. 


Тоғысу (конвергенция) және ажырау (дивергенция). ОЖЖ-де
афференттік жолдар эфференттік жолдардан 4-5 есе көп. Сол себепті әр түрлі 
афференттік талшықтармен қабылданған тітіркеністер белгілі-бір аралық немесе 
эфференттік нейрондарда тоғысуы мүмкін. Бұл құбылысты тоғысу деп атайды. 
Сонымен қатар ОЖЖ-де бір нейрон арқылы импульс бірнеше нейронға, тіпті мидың 
әртүрлі бөлімдеріне таралуы мүмкін. Бұл құбылысты ажырау дейді. 
Жеңілдету. Әрбір тітіркендіруден кейін нерв орталығының қозғыштығы 
жоғарылайды. Осыдан тіркес әсер еткен екі импульс жеке тудыратын әрекеттер 
қосындысынан әлдеқайда күшті болады. Инпульстердің алғашқы легі келесі
импульстер әсерін жеңілдетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет