1. Лекция. Физиология пәнінің әдістері, даму тарихы



Pdf көрінісі
бет14/20
Дата06.09.2022
өлшемі383.29 Kb.
#460293
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Лекция

 
 


 
10 Лекция. Қан – организмнің ішкі ортасы 
Бір жасушалы қарапайым организмдер сыртқы ортадан өзіне қажетті заттарды 
бүкіл дене арқылы қабылдап, керексіз ыдырау өнімдерін сол арқылы бөліп отырады. Ал 
адам мен жоғары сатыдағы жануарларда мұндай мүмкіндік жоқ. Олардың сыртқы 
қабығының ролін орындайтын терісі қоршаған ортадан қажетті заттарды сіңіре алмайды, 
ал жасушалары сыртқы ортамен тікелей жанаспайды, арнаулы ішкі ортамен қоршалады. 
Ішкі ортаға қан, жасушааралық (ұлпалық) сұйық және лимфа (сөл) жатады. жасуша өзіне 
қажетті заттарды осы ортадан сіңіріп, қажетсіз заттарды сол ортаға бөледі. Бірақ қан 
тамырлардан шықпайды да, жасушалармен тікелей жанаспайды. Организм жасушалары
қан құрамынан пайда болатын жасушааралық сұйықпен ғана жанасады. Сол себепті
қанды шартты түрде ғана организмнің ішкі ортасы, лимфа мен ұлпа аралық сұйықты
шын мәнісінде ішкі орта деп санайды. 
Қан қызыл түсті, мезодермадан түзілетін сұйык, ұлпа ол ұлпалық сұйықпен,
лимфамен бірігіп, организмнің ішкі ортасын құрайды, денеде көп жакты қызмет
атқарады, солардың арасында бастылары: 
- Тасымалдаушы қызмет - қан жасушаларға қорек жеткізіп, олардан алмасу
өнімдерін алып кетеді де, оларды бөлу мөлшеріне (бүйрек, тері бездері, өкпе т.б.)
апарады. Қан мен денеге гормондар таралып, ұлпаларға оттегі жеткізіледі, 
жасушалардан көмірқышқыл газ алынып кетіледі.
- Қорғаныстық кызмет. Қанның ақ түйіршіктері фагоциттік белсенділік көрсетеді
(жасушалық иммунитет) және лимфоциттер бөлген анти денелер бөгде заттарды
жойып отырады (гуморальды иммунитет);
-Жылу реттеуші қызмет. Толассыз айналыста болудың арқасында қан денеде 
жылудың біркелкі таралуына мүмкіндік береді. Қанның жәрдемімен жылудың артық 
мөлшері тері арқылы сыртқы ортаға. бөлінеді. 
Қанның құрамы мен қасиеттері.Қан түйіршіктері деп қан құрамында кездесетін 
жасушаларды айтады. Қанның құрамында 3 түрлі жасуша бар. Олар эритроциттер
(қызыл түйіршектер), лейкоциттер (ақ түйіршектер) және тромбоциттер (кан 
табақшалары). 
Эритроциттер адам мен сүтқоректі жануарларда ядросыз, екі бүйірі қысыңқы, 
дөңгелек табақша пішіндес жасушалар. Түйе мен ламада олар сопақша, ал құс пен
бауырмен жорғалаушыларда, балықтарда сопақша пішінді ядролы торшалар. 
Олардың негізгі кызметі оттегі мен көмір қышқыл газды тасымалдау, демек тыныс алу 
процесін қамтамассыз ету. Эритроциттердің негізгі қызметі олардың құрамында
гемоглобиннің болуымен және пішін ерекшеліктерімен байланысты. 
Адам қанының 1 мм
3
мөлшерінде 4,5-5 млн. эритрощптер, ал мал қанының 
осындай мөлшерінде түлік түріне байланысты олардың саны 6-9,5 млн. шамасында 
болады. Жеке эритроцит беткейінің ауданы 88-90 мкм
2
болса, денедегі барлық 
эритроциттердің жалпы беткейінің ауданы адамда 3 мың м
2
, сиырда -13,5мың, жылкыда 
- 15,0 мың, шошқада 4,3 мың м
2

Эритроциттер сүйек кемігінде түзіліп, бауыр мен көк бауырда бұзылады. Олар 
орта есеппен 120 күн тіршілік етеді. Эритроциттер бұзылғанда гемоглобин бұзылып, ол
гем мен глобинге ажырайды. Гемнен бөлінген темір гемоглобин түзу үшін
пайдаланылады. Ал темірдің артық мөлшері қанның арнаулы белогымен қосылып,
ферритин мен гемосиндерге айналады да, темір қоры ретінде бауырда, көк бауырда, аз 
мөлшерде ащы ішектің кілегей қабығында жиналады. 
Лейкоциттер - ақ түсті, ядролы, ірі торшалар. Олардың қандағы жалпы саны 
эритроциттер санынан 600-800 есе кем болады да, организмнің физиологиялық 
күйіне байланысты көп шамада ауытқып отырады. Қабыну процесі, жұқпалы аурулар 
лейкоциттер санын көбейтеді. 
Лейкоциттер түйіршікті және түйіршіксіз болып екі топқа бөлінеді. 
Түйіршікті лейкоциттерге базофильдер, эозинофильдер және нейтрофильдер, ал 
түйіршіксіз лейкоциттерге - моноцит және лимфоцит жатады. 
Организмде лейкоциттер қорғағыш қызмет атқарады. Оларға фагоцитоз 
құбылысы тән және лейкоциттер әр түрлі қорғағыш денелер түзуге, организмде бөгде 
белоктарды залалсыздандыруға қатынасады. 


Лейкоциттердің қорғағыш қызметі олардың ерекше қасиеттеріне
байланысты. Лейкоциттердің жалған аяқтары болады, сондықтан олар амеба тәрізді 
қозғалып, қан капиллярлары қабырғасынан өтіп, жасуша аралық саңылауларда
минутына 40 мкм дейінгі жылдамдықпен еркін жылжи алады. Лейкоциттердің оң 
хемотаксис қабілеті болады. Олардың цитоплазмасында әр түрлі органикалық затгарды 
ыдырататын ферменттер кездеседі. Сондықтан олар организмге енген бөгде заттарды
тауып, қоршайды да, өз цитоплазмасына тартып алып, қорытып жібереді. 
Түйіршікті лейкоциттер сүйек кемігінде түзіледі. Моноциттер сүйек кемігінде, 
лимфа түйіндерінде және дәнекер ұлпаларда түзіледі. Лимфоциттердің бастау торшалары 
сүйек кемігінде түзіліп, олардың бір тобы өзінің даму процесін тимуста, ал екінші тобы 
- лимфа түйіндерінде, Пейер шытырмасында, тұйық өсіндіде аяқтайды.
Лимфоциттердің тіршілігі 20 және одан да көп 
жылдарға созылады, ал лейкоциттердің басқа түрлерінің тіршілігі бірнеше сағаттан 
бірнеше күнге дейін созылады. 
Тромбоциттер - ядросыз, майда, нәзік, өте тез бұзылатын торшалар. Қанның 1 
мм
3
мөлшеріндегі олардың саны - 200-400 мың, тіршілік мерзімінін ақтығы 2-5 күн. 
Олар сүйек кемігінде түзіліп, көк бауырда бұзылады. Бүл торшалар қанның ұю 
процесіне қатынасады. 
Адамның немесе бір түр дарақтарының иммунологиялық белгілеріне - эритроциттер 
құрамында агглютиногендердің, плазмада - агглютининдердің болу-болмауына қарай, - 
ерекшеленетін қан белгілерінің бірлестігін қан топтары дейді. Австрия ғалымы 
К.Ландштейнер (1901) мен чех ғалымы Я.Янский (1907) зерттеулері нәтижесінде 
эритроциттерде А және В деген екі түрлі агглютиногендер, ал плазмада екі түрлі 
агглютининдер – α және β болатыны анықталған. Қан құрамында олар жеке-жеке, қос-қос 
немесе тіпті болмауы мүмкін. Агглютиноген А(В) мен агглютинин α (β) аттастар деп 
аталады. α агглютинин А агтлютиногені бар эритроциттерді, ал β агглютинин - В 
агглютиногені бар эритродиттерді жабыстырады. Сондықтан бір адамның қанында әр 
аттас агглютиноген мен агглютинин ғана болады. Адамда олар 4 түрлі; бірлестікте 
немесе топта болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет