1. Лекция. Физиология пәнінің әдістері, даму тарихы



Pdf көрінісі
бет6/20
Дата06.09.2022
өлшемі383.29 Kb.
#460293
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Лекция

 
 
 
 


 
 
Ми бөлімдері және олардың қызметі 
 
Ми бөлімдері 
Нейроглия 
Атқаратын қызметі 
Физиологиялық
құбылыстарды
реттеуге қатысы 
Сопақша ми, 
ми көпірі 
Бар
Рефлекторлық және
қозуды өткізгіштік 
Жүрек қызметі, тыныс 
алу , ас қорыту т.б.
Мишық
Жоқ
Қимыл мен әрекетті 
реттеу 
Дене қалпын, жүріс-
тұрысын 
үйлестіру,
ұстау 
Ортаңғы ми
Бар
Бұлшықеттердің
ширақтылығын
сақтау, реттеу 
Көру, есту, бағдарлау 
рефлекстерінің
доғысы өтеді. 
Аралық ми
Бар
Дене қызуы, жүрек-
тамыр зат алмасу, ас 
қорыту, 
шығару, 
сергектік, бейімделу,
көру, 
еске 
сақтау, 
сезім толқыны 
Қозуды өткізу, ішкі 
жүйелер 
қызметін
және 
күрделі 
рефлекстік қимылды 
реттеу, 
гуморальдық
реттеуге әсер ету 
Үлкен 
ми
сыңарлары 
және олардың
қыртысы
Бар
Психикалық әрекетін 
негізі. 
Тәлім-тәрбие , ойлау,
сөйлеу, 
мінез-құлық, 
еске 
сақтау,
бейімделу. 
 
Ми сыңарларының қызметі 
 
Сол жақ жарты шар 
Он жақ жарты шар
Сөйлеу, түсіну, ойлау, тану, уақытты, 
аңғару, ұқсастықты байқау, көріністі 
белгілеу, 
болжау, 
қабылдағанды
талдау, білу, бағдарлау, оқиғалардың
кезектілігін аңғару, тұжырымдау,
жоспарлау, абстрактылы ойлау 
Есту, сөзсіз іс-қимыл , кеңістікті 
қабылдау, 
затты 
тұтас 
түрінде 
қабылдау, заттардың айырмашылығын 
білу, 
олардың 
функционалдық
ұқсастығын байқау, заттың алыс-
жақындығын байқау, дәл осы сәттегі 
оқиғаны сезу т.б.
 
Жұлынның құрылысы 
Сұр зат
Жұлын
сұйықтығы
Ақ зат
Сезімтал 
нейрондар
Қимылдатқыш 
нейрондар
Нейронның 
ұзын 
өсінділері
 


 Орталық нерв жүйесінің интеграциялаушы қызметтері. ОЖЖ-сі өз қызметін 
рефлекс түрінде атқарады. Рефлекс деп организмнің әртүрлі ішкі немесе сыртқы 
әсерлерге орталық жүйке жүйесінің қатынасуымен қайтаратын жауабын айтады. Ал, 
рефлекстің атқарылуын қамтамасыз ететін анатомиялық жолды рефлекс жолы, немесе 
рефлекс доғасы дейді. 
Рефлекс дененің белгілі бір бөлігінде орналасқан рецепторлардың тітіркенуінен 
басталады. Дененің белгілі бір рефлекс тудыратын аймағын рефлексогендік аймақ, 
немесе рефлекс өрісі деп атайды. 
Рефлекс алуан түрлі болады, сондықтан оны бірнеше принципті негізге ала 
отырып жіктеуге болады. 
І.Биологиялық маңызына қарай рефлекстер қоректік, сақтану, жыныстық,
бағдарлау тағы басқа болып бөлінеді. 
2.Рецепторлар 
табиғатына 
қарай 
рефлекстер 
экстерорецеативтік, 
интерорецептивтік, проприорецептивтік болып бөлінеді. 
3.Нейрондардың орналасуына қарай рефлекстер жұлындық, бұл барлық
межэнцефальдық диэнцефальдық және қыртыстық болып жіктеледі. Рефлекстің бұл 
негізде жіктелуі көп жағдайда шартты топтастыру болып табылады, себебі ОЖЖ-нің 
әртүрлі құрылымдары арасында тығыз морфологиялық және функционалдық байланыс 
болады. 
4.Эфференттік бөлімнің сипатына қарай рефлекстер тұлғаның (денелік) және
вегетативтік болып бөлінеді. Тұлғалық рефлекстердің эффекторлары дене еттері болса, 
вегетативтік рефлекстер әр түрлі ішкі ағзалар мен қан тамырлары қызметінің өзгеруімен
байқалады. 
5.Жауап - реакцияның сипатына қарай рефлекстер қимыл-әрекет, сөл болу т.б. 
болып бөлінеді. 
б.Эффекторға әсеріне байланысты рефлекстер қоздырғыш және тежеуші болып 
жіктеледі. 
7.Табиғатына қарай рефлекстер шартсыз және шартты болып жіктеледі. Шартсыз
рефлекстер туа бітеді, ұрпақ қуалайды. Шартты рефлекстер тіршілік үстінде жүре
пайда болады, ұрпақ қуаламайды. 
Рефлекс доғасы қарапайым, екі нейронды, бірнеше синапсты болып келеді. Ең
қарапайым доға бес буыннан тұрады. 
Шартты рефлекстер үлкен ми жарты шарлары әрекетінің нәтижесі болып 
табылады. Олар шартсыз рефлекстер негізінде қалыптасады. Оның өзіндік дербес 
құрылымдары болмайды, ол шартсыз рефлекстерді қамтамасыз ететін құрылымдар арқылы 
атқарылады. Шартты рефлекс белгілі бір әрекет тудыратын үйреншікті 
тітіркендіргіштің 
белгілерінен 
шартты 
тітіркендіргіш 
әсерінен 
туындайтын 
рефлекторлық акт. Шартты рефлекс шартты тітіркендіргіш анализаторы орталығы мен
шартсыз рефлекс доғасының орталық бөлімінің арасында уақытша байланыстың 
пайда болуы нәтижесінде қалыптасады. Шартты рефлекстер арқылы жануар тәжірибе
жинақтайды, қорек табады, жауларынан сақтанады, әр түрлі жағымсыз әсерлерден 
қорғанады. 
Шартты рефлексті қалыптастыру үшін шартты-бейтарап, өздігінен
көзделген реакцияны тудырмайтын тітіркендіргіш әсері шартсыз, нақтылы реакцияны 
тудыратын тітіркендіргіш әсерінің алдын- алу керек. 
Шартсыз рефлекс белгілі бір рефлекс өрісінің тітіркенуімен басталады, оның 
өзіндік доғасы - жолы болады. Ал, шартты рефлекстің тұрақты рефлекстік өрісі, 
тұрақтық рефлекстік доғасы болмайды, ол шартты тітіркендіргіш сипатына қарай өзгеріп 
отырады. Мысалы, шартты сілекей бөлу рефлексін қоңырау даусына, шам жарығына, 
механикалық әсерге т.с.с. қалыптастыруға болады. 
Шартсыз рефлекс тұрақты, стереотипті келеді, аз өзгереді, ал шартты рефлекс 
құбылмалы келеді, пайда болып, жойылып отырады. Шартты рефлекске сигналдық 
сипат тән, ол туындауға тиісті шартсыз рефлекстің алдын алып отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет