2. Лекция. Қозу мен қозғыштық
Тітіркендіру әсерінен қозғыш құрылымда қозу процесі туады. Ол өте күрделі
құбылыс. Ол көптеген физиологиялық, биохимиялық және морфологиялық құрылымдық
өзгерістермен сипатталады. Әрекет потенциалы қозудың ең бірінші белгісі. Қозатын
тіндердің қозғыштығы бірдей емес. Жүйке басқа тіндерге қарағанда қозғыш келеді.
Қозғыштық қасиетін салыстырсақ қаңқа етінің жүрек етіне қарағанда қозғыштығы
жоғары. Қозғыштық дәрежесі тітіркендіру арқылы анықталады. Тітіркендіргіштер
адекватты, адекватты емес болып бөлінеді. Адекватты тітіркендіргіштерді қабылдайтын
организмде арнайы қабылдағыштар болады. Адекватты емес тітіркендіргіштерді
қабылдайтын организмде арнайы қабылдағыштар болмайды. Көз үшін жарық
адекватты тітіркендіргіш.
Қозғыштықтың өлшемдері. Қозғыштық дәрежесін анықтау үшін бірнеше
параметр қолданылады. Қозу табалдырығы, әсердің пайдалы уақыты, хролаксия,
лабилділік, аккомодация жылдамдығы. Көбінесе қолданылатын өлшем-қозу
табалдырығы. Қозу табалдырығы деп қозу процесін тудыратын тітіркендіргіш күшінің
ең аз өлшемін айтады. Әсердің пайдалы уақыты тітіркендіргіштің әсері оның күшіне
ғана байланысты емес, әсердің ұзақтығына да байланысты болады. Хролаксия деп
тінді қоздыратын екі реобазаға тек күш әсерінің ең қысқа уақытын (ОҒ) айтады.
Аккомодация жылдамдығы (аккомодация бейімделу). Аккомодация жылдамдығы
тінді қоздыратын тітіркендіргіштің үдеу қарқынының ең аз (минимум) уақытымен
өлшенеді.
Лабильділік (тұрақсыздық ) белгілі тіннің қозғыштық дәрежесін көрсетеді. Қозу
барысында мембрананың потенциалы әрекет потенциалына айналады. Тірі организмде
көптеген потенциалдар кездеседі (электр тоғы).
Мембраналық потенциал дегеніміз – протоплазма потенциалымен жасушаның
сыртқы бетіндегі потенциалдар арасындағы айырмашылық. Тірі жасушаның
қайсысында болсын мембраналық потенциал болады. Жасушаның тіршілігі жойылған
сәтте мембраналық потенциал жойылады.
Қозу процесі пайда болған сәтте туатын потенциал - әрекет потенциалы (ӘП).
Қозуды өлшем мембрананың қызметі жүйкеге ұзақ уақыт күшті химиялық
тітіркендіргіштер әсер етсе оның қозғыштық қасиеті, лабилділігі төмендейді. Оны
парабиоз деп атайды. Парабиоз грек сөзі (рага - жуық, жақын, bіоs - өмір, тіршілік) Өмір
мен өлім арасындағы жағдай деген мағынаны білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |