1. Лекция. Физиология пәнінің әдістері, даму тарихы


 Лекция. Шартты рефлекстердің тежелуі



Pdf көрінісі
бет7/20
Дата06.09.2022
өлшемі383.29 Kb.
#460293
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Лекция

Лекция. Шартты рефлекстердің тежелуі 
Тежелу қозуға қарама-қарсы процесс. Тежелу процесін атақты физиолог И.М. 
Сеченов ашты. И.М. Сеченов 1862 жылы «Ми рефлекстері» деген
еңбегін жазды. Тежелу процесі нерв әрекетін әлсірету немесе тоқтату мүмкін. И.М. 
Сеченов бақа миының көру төмпешіктеріне ас тұзының түйіршігін салғанда, оған жауап
ретінде жұлын рефлексінің тежелгені байқалған. Сол тәжірибенің негізіне сүйеніп 


Сеченов бақаның көру төмпешіктерінде рефлекстерді тежейтін орталықтың бар 
екендігін анықтаған. Бұл тежелу «Сеченовтік тежелу» деп 
аталады. 
Э.Н.Ведденскийдің ілімі бойынша тежелу мен қозу тітіркендіргіштердің күшімен әсер ету 
жиілігіне байланысты пайда болатын бір ғана нерв процесінің екі жакты көрінісі. Тежелу 
туралы ілімді дамытьш И.П.Павлов оның қорғаныштық ролі бар екендігін анықтаған. 
Тежелу процесі өте күшті әсер ететін тітіркендіргіштердің әсерінен нерв
клеткаларын қалыптан тыс шаршаудан сақтайды. Тежелу процесі қозумен байланыса 
отырып, организмнің өте күрделі үйлесімді қимыл әрекет жасауына мүмкіндік береді. 
1908 жылы А.А.Ухтомский мен Ведденский бірлесе отырып қандай рецептор болмасын 
тітіркендірген кезде пайда болады. 
Шартты немесе ішкі тежелу ми қыртысына ғана тән құбылыс. Ол ми қыртысының 
шартты рефлекторлық қызметімен байланысты. Шартты тежелу біртіндеп қалыптасады 
да, ұзақ мерзімге сақталады. Бұл жағдайда орталық басқа, іргелес орталық ыкпалымен 
емес, өзінде жүретін процесстердің салдарынан тежеледі, сондықтан да оны ішкі 
тежелу деп атайды. Шартты тежелу өшу, жіктеу, бөгеу, шартты тежеу больш бөлінеді. 
Өшу-шартты тітіркендіргішті шартсыз тітіркендіргішпен демемей, бекітпей 
қоюдың салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда шартты рефлекс күші бірте-бірте 
әлсіреп, соңынан ол өшіп калады, осыдан шартты тітіркендіргіш әсерімен шартты 
рефлекс орталығында қозу емес, тежелу процесі туындайды. Рефлекс өшкеннен соң біраз 
мерзімдік үзілістен кейін шартты сигнал шартсыз сигналмен демемей -ақ рефлекс 
тудырады. Демек, өшу кезінде рефлексті қамтамасыз ететін механизм жойылмайды, тек 
ол уақытша әрекеттен шығарылады. 
Жіктеу- бір-біріне ұқсас екі шартты тітіркендіргіштің бірін бекітіп, бірін бекітпеу
нәтижесінде қалыптасады. 
Ұйқы - организмнің мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын тіршіліктік мәні зор 
функционалдық күйі. Ұйқы организмнің жалпы әрекетінің бәсеңдеп, сыртқы 
тітіркендіргішке жауап реакцияларының нашарлауымен, ми 
нейрондарының ерекше 
белсенділігінің қалыптасуымен сипатталады. Ұйқы организмнің ішкі табиғи 
мұқтаждығы болып табылады. Ұйқының екі түрі болады: жалғыз фазалы және көп 
фазалы. Жалғыз фазалы ұйқыға күндізгі немесе түнгі ұйқы мен ояу күйдің тәуілік
бойына бір рет қана алмасуы тән. Көп фазалы ұйқыда ояу күй мен ұйқы тәуілік ішінде 
бірнеше рет қайталанып, алмасып отырады. Ұйкының қай түрінде болмасын екі саты 
байкалады: баяу толқынды (сергек) немесе ортодоксалдык ұйқы және шапшаң (терең) 
немесе парадоксалдық ұйқы. Сергек ұйқы кезінде тамырдың соғуы сиреп, артериялық
қысым төмендейді. Терең ұйқы жағдайында «вегетативтік дауыл» соғып, тыныс 
жиілейді, тамырдың соғуы жиілеп, артериялық қысым жоғарылайды, гормондардың 
белсенділігі артады, дене қимылдап, жұтыну, қас кағу сияқты қимылдар байқалады. 
Терең ұйқы эволюциялық даму барысында кейінірек пайда болған құбылыс. Бауырмен 
жорғалаушыларда ол байқалмайды, құстарда нашар дамыған, сүт коректілер қатарында
оның үлесі көбейе бастайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет