1. Лекция. Физиология пәнінің әдістері, даму тарихы


 Лекция. Адамның жоғарғы нерв әрекеті



Pdf көрінісі
бет8/20
Дата06.09.2022
өлшемі383.29 Kb.
#460293
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Лекция

Лекция. Адамның жоғарғы нерв әрекеті
Адам мен жануарлардың үлкен ми сыңарлары қыртысының әрекетін жоғары дәрежелі 
жүйке кызметі (ЖДЖҚ) деп атайды. ЖДЖҚ организмнің күрделі мінез -қылқының 
нейрофизиологиялық негізі болып табылады. Үлкен ми сыңарларының жарты шарлары 
қыртысты, алдыңғы мидың қыртыс асты ядролары, аралық ми құрылымдары оның 
марфологиялық негізі болып табылады. ЖДЖҚ организмнің сыртқы ортаның өзгермелі 
жағдайларына бейімделуін, оның қоршаған ортамен күрделі қарым-қатынасын қамтамасыз
етеді. Функционалдық тұрғыдан ЖДЖҚ организмнің сыртқы орта жағдайларына мүлтіксіз 
бейімделуін қамтамасыз ететін туа қальштасқан және жүре пайда болған механизмдердің 
жиынтығы. 
Мінез - қылық деп организмнің өз мұқтаждығы мен қоршаған орта 
жағдайларына бейімделуін қамтамасыз ететін күрделі әрекетін айтады. Ол организмге 
сыртқы орта мен өзінің ішкі күйін сезінуді, әртүрлі әсерлерге тиімді жауап қайтаруды 
қамтамасыз ететін барлық процестердің жиынтығы. Мінез -кылық тек қимыл - 
әрекеттермен ғана бейнеленбейді. Бұл процестердің көпшілігі сыртқа білінбей, жүйке 
жүйесінің өзінде ғана жүреді, белсенді қимыл - әрекетке жалғаспайды, ал кейде ол мыкты 
белсенділік тудырады. Осымен байланысты мінез - құлықтық әрекеттер әлі анық
жіктелмеген. Бірақ зерттеушілер мінез - қылықты қоректік, жыныстық, қорғаныстық, 


ұрпақтық т.б. деп бөледі. Тіршілікте мінез-қылықтың аталған түрлері бір-бірімен 
ұштасып, біте кайнасып, бірінен-бірі туындап жатады. 
ЖДЖҚ шартты және шартсыз рефлекстердің ара қатынасына негізделген
сондықтан ол жануарлар дүниесінің даму жолында өзгеріп, күрделеніп отырады. Төменгі 
сатыдағы омыртқалыларда мінез-қылыктың табиғи, туа қалыптасқкан әрекеттері басым 
болады. Жануарлар эволюциясына байланысты жүре біткен әрекеттер үлесі артады да, 
ол жоғары дәрежелі жүйке қызмететінің басым түріне айналады, шартты рефлекстер 
күрделеніп, олар организмнің сыртқы орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз 
ететін реттеуші фактор болып табылады. 
Сонымен, ЖДЖҚ - орталық жүйке жүйесінің, атап айтқанда үлкен ми 
сыңарларының жарты шарларының, шартты рефлексторлық әрекеті. Ол организм мен 
тіршілік ортасының ара байланысының дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет