Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет17/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76
Арпалыс 1,2

 
ПАНФИЛОВҚА БАРҒАНДА 
«Қайратыңа әдісінді жолдасет, 
Әдісіне ақылынды жолдас ет". 
Келесі күні елең-алаңда атқа қонып, сол жақтағы кӛршіге 
жүріп кеттім. «Сол жақтағы» дегеннің мәнісін білесіз бе? Мұны сұрағаныма 
айып етпеңіз. Әскери тілде қолданылатын сӛз болағсың мұны пысықтап 
алған мақұл. Руза бойындағы батальон шебін тағы да кӛзіңізге елестетіңіз. 
Осы шептен бетіңізді жау жаққа қаратып тұрсаңыз, алдыңғы тарап 
батальонның майдан шегі деп аталады да, сол қол жағыңыз - сол жағы, оң 
қол жағыңыз оң жағы делінеді. 
Октябрь айында ежелгіден ерте түскен қыстың екі аптадан соң 
зәрі сынып, күздің бұлыңғыры қайта басталды. Жердің тоңы жібіп, лайсаң 
болып жатыр. 
Таң атар мезгіл болса да, бұлт торлап түнерген аспан аясында 
айнала әлі сырттай қараңғы. Сондықтан ой-шұңқыры кӛп жолсыз-бен тура 
тартпай ӛзен бойындағы ирек жолмен айнала жүрдім. 
Тірсектен келетін батпақты кешіп, ат әрең жүріп келеді. Күрең 
тӛбел басын шұлғып, аяғын санап басады. Қою батпақтың біркелкі 
шылпылдаған дыбысы кісіні жирендіргендей. Әр түрлі ойға шомып, ат 
үстінде зілдей боп отырмын. 
Жол-жӛнекей, ілгері қарай ілбіп бара жатқан жаяулардың 
тұлғалары қараңдап кӛрінеді. Бұл неғылған жұрт? Жаңа күшпен? Қосымша 
кӛмек пе? Қайранмын. Оқта-текте қалта шамның жарығын түсіремін. Әр 
жер-әр жерде екеу-үшеуден кетіп барады. Сүметілген плащ-палаткаларынан 
сорғалаш су тамшылайды. Иыққа асқан винтовкаларының мойны сарғайып 
кӛрінеді. Жүргіншілердің біреуі: 
- Сипуновоға дейін қанша жер бар, жолдас командир? – деп 
сұрайды. 
- Неғылған адамсыңдар? Қайдан келесіңдер? - деймін мен. 
Бұлар Волоколамскіден шығып, түнделетіп осы арадан ӛткен 
қосалқы батальоннан қалып қойған солдаттар екен. 
Сипуновоға дейін қанша жер бар екенін тағы да сұрастырады. 
Ӛтіп бара жатып, жауап қайырам. Біразға дейін жол бойында тірі жан 
кездеспейді. Айнала тым-тырыс. Кешкілікте алыстан естілген зеңбірек 
сарыны да қазір тынған. 


93 
Кӛп кешікпей алдымнан тағы біреулер кездесті, Бұлар да екеу- 
үшеуден кетіп барады. Келе жатқан кӛмекке қуанасың, бірақ… жүрістері 
қалай сылбыр. Қиын жорыққа ысылмаған, қатаң тәртіпке кӛндікпеген, әскер 
тезіне түспетен адамдардың сынайын кӛріп, іштен тынасың. Панфиловтан 
тәлім алған біздің бӛлімшелерде мұндай әдет жойылған; қандай ауыр 
жорықта болса да бізде ешкім топтан қалмайды. 
Күрең тӛбел үркіп жалт берді. Қол шамымды жағып, алға 
сәулесін түсіріп ем, батпаққа батқан арбаны, жығылған жерінен тұра алмай 
үйелеп жатқан атты, арбасының қасында белуардан 
балшық кешіп, сүметіліп тұрған арбакешті кӛрдім.
Бір шеттен шылым оты жылтырап кӛрінеді, Бірнеше жауынгер 
жиекте шылымдарын тартып, сұлар-сұлап жатыр: шаршаған дене салқын 
сызды елер емес. 
Әдетте жауынгерлердің түнде далада шылым тартуларына 
тыйым салынады. Тартқан күнде де отын кӛрсетпей қалқалап тарту керек. 
Ӛйткені шылым оты бірнеше километрден айқын кӛрінеді, бұған қарап жау 
сенің жатқан жеріңді шамалайды, Алмына солдаттар әскери уставтың 
талабын ұмытып, қаннан-қаперсіз шылымды бұрқыратып жатыр. Мен бұған 
да ішімнен қынжылдым. 
- Сипуново алыс па? - деген баяғы сұрақ тұс-тұстан естіледі. 
Менің де баратын жерім сол. Бізбен іргелес батальонның 
басқару пункті сол Сипуново қыстағының түбінде, орман ішінде болатын. 

Тайғақ баспалдақпен тӛмен түсіп, басқару пунктіндегі жертӛлеге 
кірдім… 
Ала кӛлеңкеде отырғандарды шырамытып алғанымша болған 
жоқ, құлағыма үйреншікті қоңыр дауыс естіледі: 
- Ә-ә, жолдас Момышұлы, келіңіз, келіңіз… 
Иван Васильевич Панфилов темір пештің жанында етігі шешулі, 
он аяғын отқа қыздырып отыр екен. Қасында ӛзінің адъютанты -қызыл 
шырайлы жас лейтенант. Басқа бір түкпірден бейтаныс капитан кӛрінеді. 
Әскери салтпен тәжім етіп, келгенімді мәлімдедім. Панфилов 
сағатын алып қарады. 
- Шешініңіз, отқа жылыныңыз. 
Генерал орнынан сәл кӛтеріліп жағы су шұлғауын жайып, құрғақ 
жағына табанын қойды да, қалың матаны аяғына еппен орап, етігін киді. 
Жаңбыр ӛтіп, қоңыр тартқан шинелі отқа таяу ілулі тұр. Жаңа 
келген әскер бӛлімін қабылдауға алдыңғы шепке барып, жаңбыр астында кӛп 
уақыт болған сияқты. Түні бойы ұйқтамаған да 
болу керек. Әйткенмен әжім басқан қара торы жүзінен шаршап, 
қажығандықтың белгісі кӛрінбейді. Бұрынғы қалпынан ешбір ӛзгермеген 


94 
дерлік: танауының астындағы екі шоқ қара мұрт, жайдары кӛзқарас, жарқын 
шырай. 
- Бүгін біздің қалай еткенімізді есіттіңіз бе, жолдас Момышұлы? - 
деп сұрады ол күлімдеп. 
Тап сол минутта оның құлаққа жағымды сабырлы үні, қулана 
күлімдеген шырайы маған қандай әсер еткенін айтып жеткізу қиын. Осы 
сыңайын кӛріп, кенеттен ішім жылып, кӛңілім ӛскендей болды. Ішімнен 
«Тарыққанда дем берерлік мұндай ақылгӛйім барда мен жалғызсырамаймын, 
соғыстың сырын алып кәніккен әккі дұшпанға тәлкек болмаймын. Бірінші 
дүниежүзілік соғыстағы жай солдат, революциядан соң батальонның, 
полктің, дивизияның командирі болған біздің генерал соғыс сырын біледі» 
деп ойладым. 
- Әйтеуір, бетін қайтардық-ау… Ой-ой-ой… - деп жымындады 
Панфилов. Қорыққаным-ай! Тек ешкімге айта кӛрмеңіз, жолдас Момышұлы. 
Танкілері бұзып ӛтті ғой… Сонда мынау, Панфилов нұсқап кӛрсетті, менің 
қасымда еді, біраз нәрсені кӛрді. Қалай қарсы алдық, ә? 
Орнынан ұшып тұрып, адъютант қуанышты жүзбен: 
- Омыраумен қарсы алдық, жолдас генерал! - деді. Генерал қиғаш 
біткен қалың қасын бір кӛтеріп қойып, жігітке түксие қарады: 
- Омыраумен дейсің бе? Олай емес, бәтір-еке, омырауды оқ түгіл, 
жай ӛткір нәрсе де оңай тесіп ӛтеді. Омыраумен - дейді-ау бұл. Әскери киім 
киген осындай бір есірікке ротаны басқартсаң 
жұртты танкке қарсы омыраулатып апаратыны рас. Омыраумен емес, 
отпен. Зеңбіректермен қарсы алдық. Кӛрген жоқсың ба? 
Адъютант қипақтап, генералдың сӛзін қостады. Панфилов тағы да: 
- Омыраумен дейді-ау бұл, - деп мырс етті. - Бар, аттарға жем берді 
ме екен, кӛріп кел… Жарты сағаттан соң ерттесін. 
Адъютант ыңғайсызданған пішінмен ізет етіп, үйден шықты. 
- Жас қой әлі! - деді Панфилов жылы лебізбен. 
Біресе маған, біресе әлгі бӛтен капитанға қарап, Панфилов 
саусақтарымен столды тықылдатты. 
- - Жаяу әскердің омырауын тӛсеп соғысуға болмайды, - деді ол. - 
Біз осыны қазіргі күнде мықтап ескеруте тиіспіз. Бұларада біздің әскеріміз 
онша кӛп емес… Ендеше, солдатты сақтау керек. Оның сӛздерінен ӛз ойыма 
дық болған күдікті кетірерлік жауап табармын деп, мен генералдың айтқанын 
ықыласпен тыңдадым, бірақ әзірінше іздеген жауапты таба алмадым. 
Біраз ойланып отырып, Панфилов: 
- Сақтағанда сӛзбен емес, қимылмен, оқпен сақтау керек, деді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет