Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет16/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76
Арпалыс 1,2

ЕКІНШІ ӘҢГІМЕ 
 
ҦРЫС АЛДЫНДА 
 
«Ой ойласаң кең ойла
Алды, артын тең ойла», 
(Халық мәтелі) 
Адамның солдат болуы, командирдің әскерлерді тәртіпке салуы 
оңай емес. Соғысу одан да қиын. 
- Біздің екінші әңгімеміз бұрынғыдан анағұрлым жауапты. 
Алғашында біз солдатты ұрысқа әзірлеу туралы сӛз еткен едік, еңдігі әңгіме 
ұрыстың ӛзі туралы болмақ, - деп Бауыржан Момышұлы тағы да баяндай 
бастады. 
 

- Мың да тоғыз жүз қырық бірінші октябрьдің он алтысы еді. 
Москвадан жүз отыз километр жердегі орман ішінде, ӛз блиндажымда аласа 
тӛсекте дӛңбекшіп жатырмын. 
Қиырдағы зеңбіректер гүрсілі бірде зор сарынға ұласып, бірде 
әнтек саябырсып, келеді. Сол жағымызда, шамасы бізден жиырма- жиырма 
бес километр жерде, қатты ұрыс жүріп жатқан секілді Кейіннен білдік: бұл 
күні немістер дивизияның сол жақ қанатынан тиісіп, танктердің тегеурінімен 
алға жарып ӛтпекші болған екен. Бірақ біздің батальон атырабында тып-
тыныш, Жау біздің батальонның шебіне де, Волоколамск маңындағы 
бекіністің орталық шеніне де аяқ басқан жоқ еді. 
Тӛсегімде дӛңбекшіп, қалың ойда жатырмын. Атқосшым 
Синченко қайта-қайта қасыма келіп мазалайды. Батальонда маған емін-еркін 
сӛз айтатын да, күңкілдеп базналық ететін де жалғыз осы еді. Біресе монша 
жағылғанын хабарлап, шомылуға жүр-жүрлейд, біресе тамақ әзір деп, ас 
ішуге шақырады. Ол келген сайын: 
- Кетші арман, мазамды алма, - деп қуып жіберемін, 
- Япырау, мазамды алма, мазамды алма дей бересіз. Ӛзіңіз 
ұзақты күнге тек жатырсыз ғой, - дейді ол күңкілдеп. 
- Мен тек жатқам жоқ, ойланып жатырмын, Ұқтың ба? деймін. 
- Осыншама кӛп ойлану беруге бола ма? 
- Болады. Егер де менің шалағайлығымнан сен ӛлімге душар 
болсаң, әйеліңе не деймін? Онан соң менің қарауымдағы жалғыз сен емессің. 


88 
Әрине, үлкен сынақ қарсаңында, болашақ ұрыс алдыңда 
батальон командирінің істейтін жұмысы ұшантеңіз. Оның күнделікті 
әркіммен телефон арқылы сӛйлесіп, ақпар-мәлімет сұрау, кішілерге жӛн 
сілтеу, ақыл айту, немесе оларды шақырып алып кӛзбе-кӛз нұсқау беру, я 
қорғаныс шебін аралап, істің бет алысын тексеру секілді кезек күттірмейтін 
жұмыстары бар: олай болса, командирдің тек жатуы лайықсыз ғой деп 
ойлайтын шығарсыз. Бірақ біздің генерал Иван Васильевич Панфилов: 
командирдің басты міндеті, негізгі жұмысты ойлау, ойлануда, сонан соң 
барып, піскен ойды іске асыру деуші еді. 
Сол айтқандай, жайшылықта болсын, ұрыс кезінде болсын 
ойланбай істелген істің зардабын тартқандар, оқыс җұмысына опық жегендер 
аз ба. Ой ойласаң, кең ойла, алды, артын тең ойла – деген нақыл тегін 
айтылып жүрген жоқ, тәжірибеден, ӛмірден алынған. 

Ӛзіңізге мәлім, он алтыншы октябрьге қараған түні менің 
жауынгерлерім жиырма километр жердегі жау ордасына тұтқиылдан шабуыл 
жасап, қайтып оралған еді. 
Осы тұңғыш жеңіс солдаттың кӛңілін ӛсірді, батальонды 
қайратқа мінгізді. 
Бұдан кейінгі нәтижесі не? 
Әрине, біздің бір дүркін ӛжет қимылымыз жауды біраз 
шығындатқанымен, жалпы ұрыстың бағдарын ӛзгерте алған жоқ. Біз, Талғар 
полкіне қарасты бірінші батальон, Москва тұсындағы алапта бұрынғыша 
ұзыны сегіз километр жерде шеп құрып жатырмыз. Осы мезгілде неміс 
дивизиялары алдыңғы жақта қару-жарағын сайлап, күшін жинап, бізге ат 
қоюға әзірленуде еді. 
Соңғы екі-үш күн бойы кӛңілімді аздырып, жанымды 
жаралаған беймаза ойлар мені қайта басты. 
Қорғаныс шебіне орналасарда, осы сегіз километрлік ӛңірде 
жауға қарсы тұратын жалғыз батальон болмас, сырт жағымызда екінші, керек 
десең, үшінші шеп құрылып, Қызыл Армияның басқа бӛлімдері сол жерге 
іргесін жаяр деп ойлап едім. Жалындап келген жаумен сарт-сұрт салысып
оны біраз бӛгеген соң, кейінгі басты күштерге барып қосылармыз деп 
үміттеніп едім. 
Бірақ Вязьма маңында майданды бұзып ӛткен гитлершілдер 
армиясы енді біздің таянғандығын, сыртымызда бізден ӛзге әскер шебі жоқ 
екенің, сан километр жалпақ ӛңірде Волоколамск қаласы мен тас жолына 
қорған болған тек біздің дивизия және оған кӛмекке берілген бірнеше 
артиллерия полкі екендігін бұдан екі-үш күн бұрын ғана білгенбіз. 
Соғыстың сол кездегі бағдары, бет алысы осындай еді. Қызыл 
Армия аса ауыр міндетті мойнына алып, қосымша күш келіп жеткенше 
жауды Москваға жуытпай, аз күшпен бӛгеп, аялдатуға тиісті болды, 


89 

Социалистік Отанның, бізді тәрбиелеп, аялап ӛсірген елін 
қадірін мен де білемін. Ӛскен елін, туған жерін жан-тәнімен қорғау ер-
азаматтың қасиетті міндеті екені маған аян. Ендеше, халыққа қауіп тӛнгенде, 
елді сүйетіндігін жалаң әдемі сӛздің емес, ең алдымен, жігерлі істен кӛрінуге 
тиіс. Сондықтан: ел әмірі, отан талабы айтпасам да түсінікті. 
Бұл күндері менің бар ойым, ниетім, тілегім батальонға 
жүктелген қиын міндетті қалайда орындап, ӛзіміздің шепті қорғап қалу еді.
Тӛсегімде дӛңбекшіп, жағдайды толғаймын. Жау мен біздің 
аралығымыз он екі-он бес километр жер. Бұл ӛңірде, Руза ӛзеніне дейін, 
біздің бекінісімізге дейін немістердің жолына тосқауыл бола- тын ешқандай 
күш жоқ. Ендеше, бірнеше сағат ішінде жаудың осы аралықтан ӛтіп, ӛзен 
жағасына, біздің шебімізге жетуі қиын емес. Жағадағы қорғаныс шебіне 
килігіп, қарсы күшке кезіккен жау қараңғы түнді паналап, алдағы бір орман 
ішінде ӛз күшін іріктеп, артиллериясының кӛмегімен ұрымтал жерден кеп 
тиісер, сӛйтіп, айналасы жарты я бір километр қысаң жерден түйлігіп, қарсы 
жақтың шебіне сыналап ӛту амалын бұл жолы да қолданар. Ал біздің шептегі 
күш болса, ӛзіңізге мәлім: әрбір километр жерде бір взвод атқыш тар мен бір 
бӛлімше пулеметшілер ғана бар. 
Оның бір жағында менде резерв деген жоқ. Қорғанушы күштің 
шашаулығын, бірімен-бірінің арасы алшақтығын еске алғанда, ойда жоқ 
жерден кетіп бос салған дұшпан басқа учаскеден кӛмек келіп жеткенше 
шебімізді бұзып, ілгері ӛтуі мүмкін. Бар есепті, жалпы жағдайды жіпке тізіп, 
жаудың сырын, қай жерден тиісетінін, қай шамадан шабуыл бастайтынын 
алдын ала болжап 
білуге болар ма екен? - деймін. Бірақ жау да ақымақ емес. Мен оның 
айла-тәсілін білуге ынтықсам, ол менің аңысымды аңдиды. 
Аңдысқан дұшпан әрі сұм, әрі айлакер. Менен оның күші де 
әлдеқайда басым. Ендеше, басым күштің иесі ұрыс майданында да үстем 
болмай ма? Ол бір жерден кеп соқтықса, мен оған қарсы басқа учаскелерден 
роталарымды, миномет, зеңбіректерімді жіберуге мәжбүр боламын, сонда 
жаудың екінші тобы ашық қалған алаптан тиісіп, ілгері жарып ӛтпесіне кім 
кепіл? 
Мүмкін, тап осы сағатта, бізден жиырма километр жерде, менің 
ойымды күні бұрын білген дұшпан миығынан күліп отырған да болар.
Бізге қарсы түйліккен неміс қолының командирінің жорамал 
бейнесі кӛзіме елестеді. Қиялымда полковник немесе генерал шеніндегі, 
буына нан пісірген, тақыр бас паң немісті кӛрдім, 
Біздің сегіз километр шепке, менің батальоныма ол тұтас бір 
дивизиясын жұмсайды. Бұл күш оның қолында қазір жоқ болғанмен, күні 
ертең-ақ кейіннен келтіріледі. Немістің қиялымдағы осы әскер бастығын 
түстеп танысам, оның сырын шынтуайттап білсем, қарама- қарсы екі жақтың 


90 
тілсіз арбасуында, екі айдың арпалысында ӛзім үстем болып шықсам деп 
тілеймін. Сол ойдың ұшығында жатып, кейде ӛзіме-ӛзім: бекер босқа 
дәмеленбе, арбасам деп әуреленбе алдындағы ақымақ жау емес, - деймін. 
Бірақ кӛзге елестеген кексе дұшпанның ызғарлы, қатал 
қӛзқарасында қазір әскери құштарлықтың нышаны білінбейді, ол 
бұрынғыдай қызығып картаға үңілмейді, оның жанарында ӛткір ақылдың, 
жүйрік ойдың оты кӛрінбейді. Осы неміс, мейлі полковник, мейлі генерал 
болсын, әрине, мені кӛзге ілмейді, алдыңда тұрған батальонды - Москва 
бағытындағы сегіз километр шепке қорған болған бірнеше жүз жауынгерді 
күш екен деп елемейді, менсінбейді. Оның ойынша шығыстағы соғыста 
немістер ұтып шықты. Москваға жол ашылды. Олай болса, арзымайтын істі 
ойлап бас қатырып не керек. 
Мүмкін, менің қазіргі ойым қате шығар. Қызыл Армияның 
шекарадағы бӛлімдерінің ерлікпен қарсыласуы, Смоленскіні, Одессаны, 
Ленинградты қорғаудағы табан тірескен ұрыстар, бәлкім, ойландырған да 
шығар. Мүмкін, біздің түнгі шабуылымыз, иық кӛрсетуіміз Москва түбінде 
әлі де қатты ұрыстар болатынын оған сездірген шығар. 
Бірақ Гитлер армиясымен бірге тӛртай ішінде шекарадан 
Москва облысына дейін жеткен, Вязьма түбінде біздің орталық майданы 
мұзды бұзып ӛнердегі ұрыстар кезінде дивизияны басқарған, енді ӛз ойыңды: 
бірнеше күннен кейін автомобильмен Москва кӛшелерін алаңдарын 
аралаймын деп» басқыншыға әлдеқайда түнде тиіскен жүз шақты қызыл 
әскердің әрекеті шыбын шаққан құрлы кӛрінді дейсіз бе? Ол мұны жай 
партизандық қимылға балайды, оны басуға 
полиция мен жандармерияның да күші жетеді деп жорыды. 
Дәлт аптым, оның сасық ойы нақ осы, - деймін ішімнен. 
Кеудемді ыза кернейді. Менсінбейсің ғой, кӛзге ілмейсің ғой? Асықпа 
ойланарсың, опық жерсің, бәлем! 
Әзірінше, ой ойлап басын ауыртқысы келмейтін «жеңімпаз 
неменің» баяғы бір ізбен қимылдауы шүбәсіз. Онысы маған аян. Он екі-он 
бес километр ашық ӛңірді бірнеше сағат ішінде оп-оңай басып ӛтіп, біздің 
жауынгерлік күзетті серпіп тастағаннан кейін… Бұл жерде еріксіз 
миығымнан күлдім. Дұшпанның сасық ойын таптым десем де, тиянақты 
белгілі бір пікірге жіп тақпадым: бастапқы бір жорамалға қайта айналып кеп 
соқтым. 

Мен: баяғы бір ізбен қимылдауы шүбәсіз, онысы маған аян 
дедім. Рас па? 
Мен соғыстың жайымен әдебиет, оқу құралы, уставтар арқыл 
ғана таныспын, ұрыста болғандардың бірді-екілі әңгімесін есіткенім бар, ӛзім 
әскери оқуларға қатыстым, солдаттарды соғыс ӛнеріне үйреттім, енді 
солармен бірге майданға келдім. Дегенмен соғыстың айла-тәсілі маған әлі де 


91 
құпия сыр болып отыр. Ұрысты ӛз басынан кешірмегендер бұл сырды қайдан 
біле алады. 
Польшада, Францияда гитлершілдер ӛздерінің соғыс тәсілін 
бір емес, әлденеше рет кӛрсетті. Ол тәсілі былай еді. Бірнеше жерде әскер 
шебін бұзып ӛткеннен кейін, танкілі, автомашиналы, мотоциклді немістер 
алға шапшып, әр тарапқа қанаттарын жаяды да, қарсы жақтың қоршаудағы 
тоз-тоз әскер бӛлімдерін біртіндеп жайпай бастайды. Олар бізде де осы 
амалын қолдануға тырысып отыр ғой. 
Осы жағын ойлана келіп, мен де: серпіп тастап, жарып ӛтіп, 
баса-кӛктеп… деп баяғы бір кәнігі сӛздерді жаттаймын. Бірақ мұның мәнісі 
не? Баса-кӛктегені қалай? Оны қалай іске асырады? 
Жатқа білетін картаға қарамасам да, кӛз алдымда жайлап 
аққан Руза ӛзені, оның бергі ернеуінде біздің бекініс – пулемет ұялары мен 
атыс орындары. Сырт жағымызда, орман ішінде батальонға телініп берілген 
сегіз зеңбірек жасырулы тұр; алдымызда, ӛзен жарасында танк ӛтпес тік жар. 
Бұдан ӛтіп, ӛзеннің ар жағына, жарапқа ойша кӛз жіберем. 
Аралықтағы ӛңірдің ой-қыры, бүге-шігесі маған мәлім. Жаудың күш іріктеп 
жатқан жерлерінен біздің бекініске келетін жолдарды да білемін, тосқауыл 
жасауға ыңғайлы алдағы орман, сай-сала да маған белгілі, Амал не, 
қорғанысқа қолайлы осы ӛңірді пайдалануға дәрмен жоқ, оның қалтарыс 
жерлеріне бір емес, әлденеше ротаны отырғызып қойса болмас па еді. Әрине, 
әккі дұшпан сол арман, сайды паналап, бізге тӛніп келер де. Осыны 
ойлағанда ішім ашиды, жүрегім қобалжиды. 
Әр тарапқа ой жүгіртем: біресе җаудың ту сыртынан тиіссем 
деймін, біресе жасырын тосқауылдан тұтқиыл соқсам деймін, біресе жұбын 
жазбай келе жатқан колонналарының артынан килігіп әлек етсем деймін. 
Бетпе-бет ұрыстың жоспары да ойыма келді. Осы әңгіменің 
кей- бір жерлерінде бетпе-бет ұрыс дегенді айттым. Сіз оның не екенін 
білесіз бе? Білмесеңіз, бұл ұрыстың мәні былай: айталық, жаулас екі әскер әр 
түстен ілгері жорық жасап келе жатады. Ойда жоқ жерде олар бетпе-бет 
кездесіп қалып, еріксіз ұрысуға мәжбүр болады. Немесе жау шабуылдап келе 
жатқанда, қорғаныстағы жақ оған қарсышауып ұрыс салады. Міне бетпе-бет 
ұрыс дегеніміз осы. 
Менің ойым жақындап келе бергенінде жауға ӛзім бұрын 
жұдырық жұмсасам қайтеді деймін. Бірақ бұған күш қайда? Әлде батальонды 
бекінісінен алын шықпақпын ба? 
Таяуда генерал Панфилов: орайы келсе, бетпе-бет ұрыс 
жүргізу керек деп, маған ақыл айтып еді. 
Бірақ сегіз километр шептегі жеті жүз адам қай жағына 
жетеді? Батальонды алға шығарып, бекіністі қорғаусыз қалдырсам, оным 
ақылға сыя ма? Іш-қазандай қайнаса да, күресерге дәрмен жоқ, күш шағын… 
Менің қатты қиналған жерім осы еді. 


92 
Жау 
жағдайын ойласам, оның ӛз міндетін, менің 
батальонымның шебін бұзып ӛту міндетін орындайтын амалы кӛп амалына 
қарсы қоярлық қимыл, әрекеттің қисыны жоқ. 
Мазасыз ой кӛңіліме кір түсіреді, ішімнен құса боламын. 
Сансыз таяқ жегендей, сай-сүйегім сырқырайды… 
Сол күні кешке бұйрық алдым, - таңертеңгі бестен қалмай сол 
жақтағы кӛрші баталыонның басқару пунктіне жетсін депті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет