ТҤНГІ ШАБУЫЛ
«Белдескеннің белін сындыр,
Тірескеннің тізесін бҥктір!»
81
Ол ойым мынау еді.
Алдымызда, жиырма километрдей жерде Середа деген үлкен село бар.
Он үшінші октябрь күні штаб бастығы Рахимов салт атты взводпен барлау
жүргізіп, онда немістер бар екенін анықтаған. Сол селодан Волоколамскіге,
Калининге, Можайскіге баратын бірнеше қара жолдар бар.
Барлаудан қайтқан жауынгерлер мен командирлердің әкелген
ақпарларын, айтқан әңгімелерін салыстырып, немістен босқан жай халықтан
сұрастырып, Середада жаудың тасымал пункті, әскери қоймасы бар екенін
білдік. Бұл селода немістердің азық-түлік, қару-жарақ, жанармай қоймалары
орналасыпты, Батыстан ағылған неміс әскер бӛлімдері жол-жӛнекей осында
түнеп, сосын солтүстікке Калининге қарай, оңтүстікке Можайскіге қарай,
біздің қорғаныс шебімізді екі жақтан орай, ілгері бет алатын кӛрінеді.
Немістердің алдын алып, сол жерге біз бұрын соққы берсек. Середаға
түн ішінде тиіссек қайтеді? деген ой туды.
Бірақ Панфилов: «Ебін тауып, соға біліңіз! Соққанда ойлап, есептеп
соғыңыз!» демеді ме?
Бір топ адамга бастық етіп, Рахимовты барлауға жібердім. Отыз екі
жасар Рахимов әрі спортсмен, әрі саяхат жасауға ебі бар жігіт еді. Баста
айтқан шығармын деймін, тау кезгіш - альпинист есебінде Қазақстанда оның
біраз аты шыққан болатын. Сондықтан да ол -жүрдек жігіт. Мінезі мейлінше
салмақты, қандай бұйрықты болса да әбден тиянақтап орындайды. Бұдан
басқа оның бойында соғыста аса қажет болатын тағы бір қасиет бар. Рахимов
жер болжағыш. Тастай қараңғы түнде де ол мысықша кӛреген,
Рахимовтың қайтуын тықыршып күттім. Он тӛртінші октябрь күні
кешкісін кеткеннен түні бойы да, таң атқасын да одан хабар болмады.
Содан түс кезінде ғана ол оралды. Айтқандай-ақ, бәрі расқа шықты:
Середада жаудың тасымал пункті бар екен. Оның күзеті онша күшті емес.
Немістер: бізге ешкім батып тиісе алмайды деп сенетін сияқты.
Мен: жауға осы түні тиісу керек деп ұйғардым.
Кешкісін әр бӛлімшеден бір-екіден жауынгер алып, жүз адамнан
жасақ құрдық. Іріктеп алғандарымыз нағыз батыл, ең тӛзімді, ең адал деген
таңдаулы жігіттер. қатысу жауынгерге берілген жүлде қатарында есептелді.
Қойылған міндет мынадай еді: сырттай қараңғы түнде Середаға үш
жақтан тиісіп, немістерді шетінен атып, түйреп қыру керек, қоймаларын
ӛртеп, тұтқындар алып келу керек, уақыт жетсе, Середаға баратын және
Середадан шығатын жолдарды миналап кету керек. Селоны ұстап тұрудың
қажеті жоқ, таңертең батальонға келген мақұл делінді.
Полк командирі бұған келісті, менің жасақпен бірге баруыма рұқсат
етпеді. Рахимовты жасақтың командирі, Бозжановты саяси жетекшісі етіп
тағайындадым.
Кешке, ымырт жабылғанда, жүз жауынгер штаб блиндажының
қасындағы орман шетінде сапқа тұрды. Ирек сызықтар тізілген бас
киімділердің арасында Қалимолдинның тӛбесі асып кӛрінеді, оның
82
жанындағы кеспелтек Блоханы да анық ажыраттым. Мен уәдемді
орындадым: пулеметтерін тачанкаға орнатқан пулеметшілер де түнгі
жорыққа қатысатын болды.
Бұл жолы да қараңғыда жұрттың бет ажарын кӛрмесем де, кӛңіл күйін
аңғарамын. Сезімің ұшқырланып, денең әнтек діріл қағады. Жауынгерлерге
жанаспай, алшақ тұрсам да, қазір бӛрі де осындай сезім билегенін анық
білемін. Бірақ бұл қорқыныш дірілі емес, ұрыс алдындағы қызулықтың
белгісі, жігердің тасуы. Қазақтың бір ескілікті мақалы есіме түсіп, мен
сӛзімді сол мақалдан бастадым:
- «Басын кесіп, қанын ұрттамайынша жау құбыжық кӛрінер» деген…
Жолдарың болсын, жігіттер, немістің неден жаралғанын байқап кӛріңдер,
Оқтарын ӛтер ме екен? Найзаларын шаншар ма екен, жаудың қаны ағар ма
екен? Қос ӛкпеден түйрегенде, жау бай-балам салар ма екен? Ұрғаныңда
омақасып, жау жар қабар ма екен? Сынаңдар! Іздегені жер екен, құлқынына
топырақ құйыңдар! Генерал Панфилов сендерді сұңқарларым деді. Барыңдар,
сұңқарлар. Жолдарың болсын!
Рахимов жауынгерлерді бастап жолға шықты. Қою түнмен араласып,
кӛзден таса болғанша, арттарынан қарап тұрдым. Қасыма Заев келді.
- Мені неге жібермедіңіз, жолдас аға лейтенант, - деп күнкілдеді ол.
- Мені де жібермей қойды ғой.
Бұл кеште екеуіміз де жорыққа аттанғандарды күндегендей болдық.
Сӛйтіп, осы он бесінші оқтябрьден он алтыншы октябірге қараған түн,
түңғыш ұрысқа кірген түніміз де туды.
2
Бұл түні мен кӛз ілмедім. Блиндажда сарғайып отыруға да сабырым
жетпеді. Сыртқа шығып, орманға қарай барам, біресе жолсызбен, біресе
соқпақпен аяңдап әрлі-берлі жүрем, қайта-қайта батысқа, жауынгерлер
кеткен жаққа кӛз жіберем, нақ сол тараптан жиырма километр жерден
мылтық даусы, ия айғай естілетіндей-ақ құлағымды тігем.
Күндіз оңтүстіктен артиллерия гүрсілі еміс-еміс естілген еді. Бұл күні
немістердің танк колонналары, дивизияның оң жақ қанатын орай, Москваға
қарай шаршығанын, сонау Булычево совхозының маңыңда (мұны
дәптеріңіздің бір жеріне жазып қойыңыз: бір кездері бұл оқиға біздің дивизия
ерлік
істерінің
тарихына
алтын
әріппен
жазылатын
болады)
панфиловшылардың ұрысқа кіріскенін біз білмейтінбіз.
Түнде ол жақ та тым-тырыс болды.
Аппақ қардың арасынан қарауытып кӛрінген, штаб блиндажына
апаратын қара жолдың үстінде сақшы тұр. Мен қараған жаққа о да кӛз тігеді.
Жүз сұңқардың ұрысқа кеткенін батальонда білмейтін жан жоқ. Неміспен
алғашқы айқас немен тынар екен? деп, бәрі де елеңдеп күтуде.
Ауық-ауық сағатымды алып қараймын, Оның сәулелі жүзіндегі тілі
сағат үш, үш жарым, тӛрт болғанын мезгейді.
83
Айналаға қарасам, сырттай қараңғыда дәнеңе кӛрінбейді, түрулі
меңіреу түннің ішінде де сыбыс шалынбайды.
Кенеттен әуеде бірдеңе қылаң ете қалды. Қай, жай елес болар…
Кӛмескі қылаң үйек тағы да пайда болды. Бұл не? Таң шапағы ма? Бірақ
күншығыс қарама-қарсы жақта емес пе? Жай кӛрініс шығар… Аспанды түнек
қайта қаптады. Шұғыла қайта жарқ етіп, тағы сӛнді. Тағы пайда болды…
Шұғыла дегенім енді біресе ұласып, біресе қушиып, сӛнбестен жыпылық
қағады. Бір мезгілде оның түсі қызғылт тартты… Таңғажайып кӛрініске
кезіккендей, кӛз айырмай қарап қалыппын. Әлдекім ӛзінің алып демімен
үрлеп ӛршіткендей, лаулаған күрең сәуле қараңғы аспанды қақ жарды.
Сақшы екілене сӛйлеп:
- Біздің жігіттер ӛртеп жатыр! Немісті қырып жатыр! - деді.
Мен оған жауап қатайын деп едім, мұршам келмеді. Қуаныштан
алқынып, ӛкпем аузыма тығылғандай болды. Сонау лаулаған қуаныш,
қаныммен бірге тамыр-тамырыма тарап, тұла бойымды балқытты. Жауды
соққандағы қуаныштың күші қандай болатынын тап осы сәтте мен алғаш рет
шын сездім.
3
Жасақ таңертеңгісін қайтты.
Алда үш ат жеккен, үсті кілеммен безелген кең шана жосып келеді.
Бәрі де бӛтен аттар. Бұларды Середадағы немістерден олжалап алса керек.
Шананың артына жуан арқанмен коляскалы қос мотоциклді тіркепті,
алдарына пулеметтер орнатқан. Бұлар да олжа заттар. Мотоциклдердің,
коляскалардың үстінде менің жауынгерлерім отыр.
Алдыңғы шананың соңынан шұбырып басқалары келеді. Жаяу кеткен
жауынгерлер енді түгел кӛлікке мінген.
Әр тараптағы окоптардан жауынгерлер жүгіріп келеді. Ӛз
жолдастарымен қуана кӛріскен соң, енді олар мүсәпірсінген тұтқын немістің
мүсініне таңырқай, әуестену қарайды. Бұл немісті біздің жасақ ұрыс кезінде
басқа олжалармен бірге қолға түсіріпті. Кӛкшіл мундир, кӛкшіл пилотка
киген шоң желкелі неміс жұртқа кӛзінің астымен сүзе қарайды.
Бозжанов ишара етіп, тұтқынды орнынан тұрғызды.
- Мұнымен сӛйлесуге болады, орысшаға ептеп түсінеді, - деді
Бозжанов. - Фамилияң кім?
Тұтқын бірдеме деп күмілжіді.
- Қаттырақ айт! - деп зекіді Бозжанов.
Неміс жалма-жан екі қолын екі санына қыса ұстап, кекшие қалды да
айқындап аты-жӛнін атады. Жұрттың бәрі тірі неміске кӛз тікті.
- Әйелің бар ма?
- Ни… Кавалер…
Бозжанов қарқылдап күлді. Оның толықша, жарқын жүзі бұрынғыдан
да ұлғайып, кішкене кӛздері кӛрінбей кетті. Басқалар политрукке қосыла
84
күлді: «Кавалер! Бұл шіркіннің бозбаламын дегендегісі ғой?» Күлгендерге
неміс мӛлие қарайды… Біреу:
- Тоқтаңдаршы… Политрук сӛйлесің, тыңдайық, - деп дауыстады.
Бозжанов қолын кӛтергенде, жұрт тына қалды.
- Сӛйле десеңдер сӛйлейін: құмардан шыға күліңдер деймін! - деді ол.
Сонан соң:
- Майданда күлкіден қымбат нәрсе жоқ, деген бір сӛзді қапелімде
айтып салды. «Кейін бұл сӛз батальон ішінде нақыл боп кетті.
Әр сӛзін баптап, түсінікті етіп айтуға тырысып, Бозжанов неміс
командованиесінің жоспарлары кӛгінде сұрастыру бастады. Тұтқын бірден
ұға қоймады. Ақыр соңында, сұрақтың мәнісіне түсінді білем, орыс сӛздерін
бұрмалап, ол:
«Завтракать - Вольоколямск, ужинать - Москау», - деді.
Бұл: «Таңертеңгі асты Волоколамскіден, кешкі асты Москвадан
ішпекпіз», - дегендегісі еді.
Әскери салтпен тікесінен тұрған күйі, ол мұны шынымен айтты. Ӛзі
тұтқынға іліксе де, осы айтқаны болатынына шек келтірмейтін сияқты.
Алғашқы табыстарына әулігіп, кеудесіне нан піскен немістердің сол кездегі
сиқы осындай еді.
«Завтракать - Вольоколямск, ужинать - Москау».Бұл сандыраққа жұрт
тағы да күлді.
Жұрт осынау бейпіл күлкіге бӛлінген сәтте мен жауынгерлердің жан
дүниесі қорқыныштан арыла бастағанын сездім.
Тұтқын неміс мойнын бұрандатып, айналасына сүзе қарайды. «Бұл
орыстарға не кӛрінген?» деп таңданатын секілді, Сол сәтте бәрімізді
жадыратқан шырын күлкінің мәнісіне ӛзіміз де жете түсінген жоқпыз ғой
деймін.
Сӛздің қысқасы, тұңғыш ұрыста осылай жеңіске жеттік. Біздің
шебімізде Қорқыныш атты генералға осылай соққы берілді.
4
Рахимов пен Бозжанов түнгі шабуылдың жайын маған бастан-аяқ
баяндады.
Әрине, күнілгері ойға түйген амалың ұрыс кезінде қолмен қойғандай
іске аса бермейді, оған қүмӛніңіз болмасын.
Жауынгерлердің бір тобы, тосыннан жау күзетіне кезігіп, село түгел
қоршауға алынғаннан бұрын ұрыс бастапты. Біздің жігіттер үйлерге басып
кіріп, қаннен қаперсіз жатқан немістерді баудай түсіре беріпті. Әйткенмен
қатерсіз жол тауып, немістердің кӛбі қашып құтылыпты. Біраздан соң олар ес
жинап, біздің жауынгерлерге қарсылық кӛрсете бастапты.
Жасақ екі жүздей фашисті қырып, жолдарды миналап, кӛптеген
автомашиналар мен бірнеше қоймаларды, оның ішінде бензин қоймасын
85
ӛртеп кетіпті. Селоның тек бір шетіндегі мүліктерін ғана жемістер аман алып
қалыпты.
Бірақ негізгі мақсатымыз орындалды: біздің жауынгерлер үрейлене
қашқан немістерді кӛрді, жан тапсырар алдында олардың шыңғыра байбалам
салғанын есітті, ісінген жаудың кеудесінен атса оқ, түйресе найза ӛтетінін іс
жүзінде сынады.
Рахимов пен Бозжановты қасыма ертіп, қорғаныс шебін араладым.
Шабуылға қатысқан жауынгерлер ӛз бӛлімшелеріне, взводтарына тарап
кеткен. Менің бұйрығым бойынша әскерлік оқу мен жұмыс екі сағатқа
тоқталған болатын. Қай жерге барсаң да, кешегі ұрыста немістерді жайпаған
ерлерді қоршап алған жауынгерлер.
Әр жерден сақ-сақ күлкі естіледі. Бұл күн, бір мың да тоғыз жүз
қырық бірінші жылғы октябрьдің он алтысы, біздің батальон да күлкіге
бӛленген күн болды. Кейіннен мен Бозжановтың: «Майданда күлкіден
қымбат нәрсе жоқ» деген сӛзін сан рет еске алдым. Әдетте ұрыс майданына,
алдыңғы шепке шаттық күлкісі келіп жетсе, жабыққан кӛңіл жадырамай
қоймайды, мұндайда қорқыныш та зым-зия жоғалып кетеді.
Мені: «Встать! Смирно!» деген командамен қарсы алады. Саңқылдап
шыққан дауыстан солдаттың кӛңіл күйін танисың. Бұл дауыс бүгінгі
шаттықтың жеңіс қуанышының екпінді лебі!
Бір топтың ортасында Гаркуша тұр. Мен жақындай бергенде
жауынгерлердің бірі артына бірдемені жасыра қойды. Жасырғаны маған аян
болғанын байқаған Гаркуша жауынгерлерге ӛктем түрде:
- Әкпел бері! - деді.
Жігіт неміс құтысын ұсынды.
- Бұл - ром, жолдас комбат, - деді Гаркуша. Немістікі болса да,
қыздырарлық шамасы бар… әңгіме ӛткізумен қатар сусындатып та
жатырмын: ӛз кӛздерімен кӛрсін де. Татып кӛріңіз, комбат жолдас.
Ол құтысын маған ұсынды. Мен де бір жұттым.
- Гаркушка ерлік кӛрсетті, - деді Рахимов, салмақты пішінмен.
- Егер де, жолдас комбат, - деп мақтана бастады Гаркуша, бір ӛзін
ӛлтірген немістен сыпырып ала бергенде, мұндайдың жиырмасын әкелген
болар едім. Бірақ әкелу қайда, ұрыста ӛз басыңмен болып жүргенде, оны
ескермейсің де. Мен бір үйге жүгіріп кірсем, шіркінің кӛсі-лі-і-п жатыр.
Найзамен кеп беріп кеттім. "Ыңқ" деуге де шамасы келмеді! Тағы
ұмтылдым… Біреуі кӛшеде жалаң бұт қашып барады. Кӛздеп тұрыш, басып
салдым!
Гаркуша табаны қызған ат секілді, тоқтар емес, әңгімесін айтып
жатыр.
Біз окоптарды жағалап, ілгері жӛнелдік. Алдымыздан Мурин кездесті.
Пулемет расчетымен бірге о да шабуылға қатысқан. Бір жаққа асығыс кетіп
барады екен, бізді кӛре салып, ол сонадайдан бойын түзеді де, аяғын
салтанатпен аршындай басып бізге сәлем берді. Бұл алдыңғы шеп еді. Неміс
86
пен біздің арамызда «бейтарап» дейтін жерден басқа дәнеңе жоқ. Ал, Мурин
болса, ӛз командиріне жайшылықтағы салтпен сәлем беріп тұр.
Мен қолымды шекеме апарып, оның сәлемін алдым. Маған қарап
Мурин жымиып күлді. Мен де еріксіз езу тарттым. Бар болғаны сол. Біз,
кідірген де, бір ауыз үн қатысқан да жоқпыз. Бірақ кешегі түнгідей, кеудемді
тағы да қуаныш кернеді. Мурин маған ұнайтын еді. Байқауымша, о да мені
ұнататын секілді. Қарауындағы жұртпен жүрегің бір соқса ой-ниетің
солармен бір болса, командирден бақытты кім бар! Сол бақыт тап осы
минутта менің қолыма тигендей болды. Батальонда бүгін батырлық пайда
болғандығы ақылыма аян, жүрегіме кәміл еді.
Айналадағы кӛрініс дәл бұрынғыдай. Суы әлі қатпаған қарауытқан
ӛзен. Ӛзеннің ар жағында ағарып қиыр дала кӛрінеді. Қырбақ қардың әр
жерінен сүдігердің қара кесектері қылтияды. Орманның сүйір ұштары
қарауытады. Осы кӛрініспен бірге кӛңіл кептен елегізітетін жорамал
ойымнан кетпейді. Бүгін болмаса, күні ертең айнала-тӛңірек жат үнге толар,
қар бетіне қара қоңыр із салып, танкілер ӛрмелер; кӛкшіл киімді, автоматтар
асынған жау орманнан шығар; біресе жерге жата қалып, біресе тағы тұра сап,
бізді ӛлтіру үшін ілгері ұмтылар… Бірақ кеудемде сергек сенім сайрайды:
«Атыспақ керек пе, алыспақ керек пе, келсең кел!» деп білекті сыбанамын.
Жұрттың кӛзқарасынан, кӛңілді шырайынан, сӛзінен, бізге қонған күлкіден,
қысқасы осының бәрінен де: «Атысам десең, атасына, алысам десең, алысыңа
бармыз!» деген тәуекелдің қуатты лебі еседі, белдескеннің белін сындыруға,
тірескеннің тізесін бүктіруге құлшынған талап сезіледі.
Батальонның сол күнгі бейнесі осындай еді. Кӛтеріңкі кӛңілдің
желігімен: енді біздің батальон қайрауы жеткен, шыңдауы піскен, тас кесер
болат семсерге айналып келеді, дүниеде мұндай болат қарудың ӛрнегін ӛшіре
алатын, жүзін жетілте алатын еш нәрсе жоқ деп, ішімнен қуандым. Қазір
сондағы кӛңіл-күйімді ажарламай-ақ сыпайылап айтқанда, сол күні біздің
солдат орта дәрежелі білім алды. Бұл мектептің ақырғы сатысы ұрыс-қағыс,
найзамен түйреу еді. Біз түйреп кӛрдік. Түйрегенде жансыз тұлыпты емес,
тірі жаудың-тәнін түйреп сынадық, найзаны қанмен суардық. Бойды
шырмаған қорқыныштан арылта тұңғыш талабымыз түнгі тұтқиыл жорықта
оңай табыспен тынды.
Ауыр арпалыстар, сұрапыл сынақтар әлі алда еді. Москва түбіндегі екі
айға созылған ұлы айқас жаңа-жаңа басталған кез еді. Осы екі ай ішінде біз,
Талғар полкінің бірінші батальоны, отыз бес ұрысты бастан кешірдік, бір
кездері генерал Панфиловтың резервінде болдық, резервте жүріп, қысылтаяң
кездерде талай айқасқа түстік Біз Волоколамск, Истра, Крюков маңында
жаумен алысып, ақырында немістердің сағын сындырдық, табанын
тайдырдық.
Ӛткендегі отыз бес ұрысымыздың жайын кейінірек айтып беремін, ал
енді… - деді Бауыржан Момышұлы, - енді бадырайтып тұрып нүкте қойыңыз
да: бірінші әңгіме бітті деп жазыңыз.
|