КЕЗДЕСУ
«Ежелден ер тілегі - ел тілегі,
Адал ҧл ер боп туса - ел тірегі»
1
Мен газет тілшісі боп майданға барған бетімде ӛр мінезді, ӛктем
сӛзді бір командирге кездесе қалдым. Құлақ құрышын қандырарлық
әңгімелері кӛңіліме қатты ұнап, айтқанын бұлжытпай, ізінше жазып
отырдым. Әңгіме айтушы ол болды, жазып алушы мен болдым.
Әңгіменің басталуы былай еді.
2
Соғыс жайын, соғыста бастан кешіргендерін, кӛңілге түйген
ойларын айтып беруді сұрап тілек білдіргенімде, ол менің бетіме кекесінмен
ежірейе қарады.
- Соғыс жайын? - деп мырс етті ол. - Толарсақтан қан кешіп, қас
дұшпанмен жанталаса арпалысып, соғыстың сан қилы алапатын бастан
кешірмегендерге оны айтып жатудың қажеті не? Соғысты ӛз кӛзімен кӛрмей,
ӛз тәнімен сезбей, ұзын құлақтан есіткен ғана малданып, қара дүрсін
жорамалмен жазатындар кӛбейіп кетті ғой. Мұндай жазушылардың
шындыққа жанасымсыз шалағай шығармалары от басының ӛсек-аяңынан
артық болар ма? Мықтағанда сіз де солардың біреуіне боларсыз. Кӛңіліңізге
келмесін. Қолқаламай-ақ қойыңыз. Менің сізге айтарым жоқ, - деді ол
панданып.
- Неліктен? - деп тандана сұрадым мен.
Біраз үнсіз бӛгеліп отырған Бауыржан Момышұлы маған жауап қайырудың
орнына кенеттен:
- Махаббаттың не екенін білесіз бе ӛзіңіз? - деп сұрады.
- Білетін сияқтымын, - дедім мен тосын сұрақтан сасқалақтап.
Менің абыржып қалғанымды байқаған Бауыржан маған кӛзінің қиығымен бір
қарап, жымия күлді.
- Соғысқа дейін мен де мұны білем ғой деп ойлаушы едім. Мен де
ғашық болып кӛргенмін. Әйел жынысын ӛз құрбыларымнан артық сүймесем,
кем сүйген емеспін. Жар құшағында балдай тәтті ләззаттың дәмін татып
елжіредім де, құштарлықтың алаулаған жалынды сезіміне бӛлендім де. Бірақ
тұла бойыңды елжірететін ең күшті сүйіспеншілік сезім де, кісіні тас-
түйіндей бекіндіретін ең күшті ӛшпенділік сезімі де соғыста туады екен.
Жайшылықтағы махаббат дегеніңіз мұның қасында әркімнің жеке ӛмірінде
кездесе беретін жай нәрсе болып қалады. Қан майданда жүріп мен осыны
ұқтым, осыны іштей сезіндім. Сол екі жақты ұлы сезімнің арқауы ар-намыс.
12
Кеудесінде ар-намысы жоқ адам ер атанбайды, жауынгер боп жарытпайды.
Сіз мұны түсінесіз бе?
- Түсінетін шығармын, - деп күмілжідім мен.
- Күмілжуіңізге қарағанда сіз мұны да терең түсінбейтін кісіге
ұқсайсыз. Әрине, соғыстың тақсіретін тартпаған, оны бастан кешірмеген
сіздей кісіге мұны терең түсіну қиын. Адамның жан жүйесінде біріне-бірі ӛш,
бірімен бірі бітіспейтін екі түрлі сезім болады, оның бірі - қорқыныш,
екіншісі - ар-намыс. Қазақ халқында осы екі түрлі сезімнің мағынасын дәл
беретін мақалдар бар:
«Қорыққанға қос кӛрінеді», «Қоянды қамыс, ерді намыс ӛлтірер»,
«Жан -- арымның садағасы», «Ӛлімнен ұят күшті» дейді. Ӛліспей бітіспейтін,
бірін-бірі жанбай тынбайтын, бір кеудеге ұялаған қарама-қарсы бұл екі
сезімнің арпалысы бірін-бірі түтелеп, боршалап тастайтын азуы алты қарыс
жыртқыш айуандардың айқасуы сияқты. «Түсінетін шыдармын» десеңіз де,
меніңше, сіздің білетініңіз азаматтың еңбек саласындағы, ата-ананың от
басындағы ер-намысы, бірақ бейнелеп айтқанда мұз тӛсеніп, қар жастанып,
ат жалында, түйе қомында күнелтіп, шыбын жанын шүберекке түйіп, ӛлсе де
арын сатпауға ант еткен жауынгердің хал-жағдайы сізге беймәлім.
Айтыңызшы, жау солдатына оқ атып, жау ұясына граната лақтырып
кӛргеніңіз бар ма?
- Жоқ.
- Онда жауынгердің тұлғасы, оның ішкі дүниесі, ар-намысы туралы
қалай жазбақсыз? Жаныңыздан қиыстырасыз ба? Сізге мынадай бір мысал
айтайын. Жауынгер майданда ӛз тобымен, ӛз бӛлімшесімен бірге
қимылдайды. Әскер бӛлімі дегеніміз тӛменнен жоғарылата алғанда бӛлімше,
взвод, рота, батальон деп аталады. Бӛлімшеде он шақты, взводта қырық
шақты, ротада екі жүздей, батальонда мыңға тарта адам болады. Әр
бӛлімшенің комайтқанда, басшысы, әміршісі бар. Ұрыста әр бӛлімшенің
ӛзіне лайық жауынгерлік тапсырма беріледі. Жаудың пәлендей бекінісін
басып алу керек. Командирінің бұйрығы бойынша жауынгер ӛз
бӛлімшесімен бірге ұшып тұрып, жаудың ордасына лап қояды, Мұны әскер
тілінде шабуыл дейді. Жауынгер ӛз қатарынан қалмай, шын ниетімен,
ентелеп ілгері ұмтылады. Мұны айту оңай болғанмен, істеу қиын. Кімге де
жан керек. Мұндайда қарап жататын жау жоқ. Ӛзіне қарсы шапқандарға
қорғасын оқты қарша боратады. Қасыңдағы жолдасың оққа ұшады. Сонда
ӛзің де жалма-жан етбеттей жығыласың, жан сауға іздеп алдыңдағы бір
бұтаны паналайсың, не бір шұңқырға барып тығыласың. Бірақ жауынгер ол
жерде кӛп аялдамайды. Еңбектеп, жер бауырлап, алға жылжи береді. Арада
бір сағат ӛтеді. Бір сағатта - алпыс минут, бір минутыңыз алпыс секунд.
Секунд сайын үстіңнен жүздеген ажал оғы зуылдап ӛтіп жатады. Тәніңе
солардың бірі дарыса да, шаруаңның біткені: не ӛлесің, не мертігесің. Бұған
қарамай, жауынгер ілгері жылжи береді. Сонда оны алға итермелеген күш не
Командирдің әміріне сӛзсіз бас иіп, қорқынышпен жасаған ессіз қимылы ма?
Бірақ та қорқыныш билеген адам кӛпекӛрнеу ажалға қарсы баспайды. Әлде
13
жанынан түңілгендіктен осылай ете ме? Бірақ ондай адам еппен, есеппен
қимылдамайды, жауған оққа орынсыз кеудесін тӛсейді. Шынында, оны алға
итермелеген күш – қатерлі жағдайда оның ерекше қозатын жігер-қайраты.
Солдаттың ар-намысы дегеніміз міне осы! Ол жігерсіз, жасық, қорқақ деген
жаман атқа ілікпеу үшін ӛз бойындағы ар-намысын ақ малтадай азық етеді!
Ал қуаныш ше? Қуаныштың не екенін білесіз бе, сіз?
- Мұны да білмейтін шығармын, - дедім мен.
- Дұрыс айтасыз! Сіздің білетініңіз, бәлкім, махаббат қуанышы, ата-
ана қуанышы, сәтті ӛнер, жемісті еңбек қуанышы болар. Бірақ кімде-кім қан
майдандағы жеңіс қуанышын, ұрыста істелген ерлік қуанышын бастан
кешірмес болса, тұла бойында билеп, ұшпаққа шығаратын, тӛбеңді кӛкке
жеткізіп, кӛңіліңді ӛсіретін жауынгерлік қуаныштың мәнісін ондай адам
терең түсіне бермейді. Сіз мұны қалай жазасыз? Жаныңыздан қиыстырасыз
ба?
Стол үстінде бір журнал жатқан-ды, мұнда панфиловшылар туралы,
атап айтқанда Бауыржан Момышұлы басқарған полктің жауынгерлері туралы
очерк басылған екен.
Бауыржан қатулана журналды шамға жақындатты, - тегінде оның
бар қимылы, тіпті шылымын тұтатып, сіріңке шиін тастағандағы қимылы да
қату еді, журналды парақтап, керекті бетіне сәл үңілді де, лақтырып тастады.
- Оқысаң жүрегің айниды, - деді ол. - Соғыста жүріп мен сиямен
емес, қанмен жазылған кітапты оқып шықтым. Мұндай кітаптан кейін
шатпақ шығарманы қалай жек кӛрмессің! Ал сіз не жаза алмақсыз?
Мен сӛз таластырмақшы болып едім, бірақ Бауыржан Момышұлы
ырық бере қойған жоқ.
- Қолқаламаңыз! - деп кесіп айтты ол. - Жалғанды жаным сүймейді,
ал сіз шындықты жаза алмайсыз.
3
Мен Бауыржанмен былай танысқан едім. Москва түбінде болған
сұрапыл айқас туралы айтып бере алатын, сан ұрыстың ішкі сыры мен
мағынасын ашып кӛрсете алатын, сонымен бірге барша жұртты сыннан
ӛткізіп, бар істің тағдырын шешерлік ұрыстың ӛзімен таныстыра алатын
адамды кӛп іздедім.
Қалай іздегенімді баяндап жатпаймын, Тек айтайын дегенім мынау.
Ӛзім зерттеген деректерден мен жалпы жағдайды білетінмін. 1941 жылғы
октябрь мен ноябрь айларында немістер Москваға екі дүркін шабуыл жасап,
астанамызды екі жақтан орап, қоршап алуға әрекеттенген еді. Сонымен қатар
жау қарсы беттен де килігіп, Волоколамск тас жолының, соңыра Ленинград
тас жолының бойымен алға жарып ӛту үшін қыруар күш тӛккен болатын.
Октябрьдің қауіп-қатерлі күндерінде немістер Вязьма маңында
біздің шебімізді жарып ӛтіп танкілерін жӛңкітіп, мотоциклдеріне мініп,
автомашиналарына тиеліп астанаға бет алғанда, Волоколамск тас жолының
14
бойында қорған-тірек болған 316-атқыштар дивизиясы еді. Кейіннен бұл
дивизия генерал-майор Панфилов атындағы, әлемге әйгілі 8-гвардия
атқыштар дивизиясы деп аталды. Ноябрь айында Москваға екінші рет
шабуыл жасап, басым күштің кӛмегімен немістер бұл бағытта тағы да алға
жылжыды. Бұл жолы да жаумен бетпе-бет айқасқан сол панфиловшылар еді.
Москвадан отыз километр жердегі Крюков қаласының түбінде болған жеті
күнгі қырғын ұрыстың кезінде Кызыл Армияның басқа құрамаларымен бірге
панфиловшылар жаудың темірдей тегеурінін тойтарып, оны кейін қуып
тастауға қатысты.
Осы екі ай ішіндегі табан тірескен арпалыстың тарихын баяндап
беретін адам табармын деп, мен панфиловшыларға сапар шектім. Іздеген
адамымды таптым да.
Ол Москва түбіндегі ұрыстар кезінде аға лейтенант, қазір, екі
жылдан соң, гвардия полковнигі болған Бауыржан Момышұлы еді.
4
Танысқан кезімізде ол аты-жӛнін айтты. Есіте алмай, қайта
сұрадым.
- Бауыржан Момышұлы, - деді ол тәптіштеп.
Оның үнінде астарлы бір зардай, кейістіктің лебі жатқандай сезілді.
Осыған қарап: аузынан шыққан сӛзді қағып алып, тез ұққанды ұнатады екен
ғой бұл, деп ұйғардым мен.
Қәдімгі тілшінің әдеті бойынша, дәптерімді қолыма алып:
- Ғапу етіңіз, фамилияңыз қалай жазылады? - деп сұрадым.
- Менің фамилиям жоқ, - деді ол.
Мен бетіне таңдана қарап едім, ол:
- Атым Бауыржан. Әкем Момыш, мен соның ұлымын, баласымын,
түсіндіңіз бе? - деді.
Кейіннен, әбден танысып, сыр алысқан кезде ғана, оның не себепті
ӛзін фамилиясыз адам деп есептейтінін ұқтым.
Әдетте суретшілер мен қалам шеберлері Шығыс адамдарын ажары
сынық, мүләйім, қиялшыл кейіпте суреттейді. Сондай бейнелердің ішінде
түрлі-түрлі ұстаның қолынан шыққандай, сан алуан пішіндер кездеседі, бірі
кӛз тартарлық кӛрікті келсе, бірі сүреңсіз де сүйкімсіз. Бауыржанның бет
пішіні сол бейнелердің кӛбінен ӛзгеше, ӛнері жетік бір зергер ерінбей,
жалықпай мәнерлеп, асыл тастан ба, әлде емен ағаштан ба, әйтеуір, бір ӛткір
аспаппен мінсіз жонып жасағандай. Бауыржанның бет пішінін кӛргенімде
бала кезімнен жадымда қалған бір сурет есіме түсті. Майн Ридтің бе,
Фенимор Купердің бе шығармалар жинағының кӛк мұқабасында қырынан
отырған ашаң жүзді бір кедейдің мәнерлеп салған суреті барды. Қырынан
қарағанда Бауыржанның кескіні маған сол суретке ұқсас тәрізденді.
Ӛңі монғол түстес қара торы, шықшыты сәл шығынқылау, бет
ажарынан, әсіресе, танадай үлкен ӛткір қара сӛздерінің жалынды жанарынан
15
ӛжеттіктің, батылдықтың, кӛп ойды кӛңілге тоқыған зерделіліктің белгісін
кӛресің. Қап-қара жылтыр шашы тарақтың ырқына кӛнбей, тікірейіп тұрады,
ӛзінің әзіл сӛзімен айтқанда, құдды аттың жалындай.
Әңгімесін тыңдай жүріп, ӛзіне байыптап кӛз салумен болдым.Осы
қазақ жігіті орыстың бай тілін еркін меңгерген. Тіпті қызуланған кезде де
орыс сӛзі мен сӛйлемдерінің нақышын бұзбайды. Тек біраз жайлап
сӛйлегеніне қарап, кейде мұны жорта істеп отыр ма деп қаласың. Кейінірек
бір байқағаным: қазақша сӛйлегенінде сӛзі тезірек ағылатын сияқты кӛрінді.
Ішінен бір шылым алып, портсигарды сарт еткізіп жапты да, қату
пішінде сӛзінің байлауын айтты:
- Ерте ме, кеш пе, әйтеуір, маған байланысты бірдеңе жазғандай
болсаңыз, менің аты-жӛнімді бұрмаламаңыз; қазақша Бауыржан Момышұлы
деп жазыңыз. Менің қазақ екенімді, далада қой жайып ӛскен фамилиясы жоқ
жігіт екенімді білсін жұрт.
5
Екеуміз алғаш танысқан күннің кешінде Бауыржан Момышұлы
полкке жаңа келген, соғысқа тұңғыш рет қатысқалы отырған
командирлермен әңгімелесті. Сәті түсіп, әңгімесін мен де тыңдадым.
Ол солдаттың жан дүниесі туралы айтты. Сабырлы пішінмен ӛз
ойын ӛрістетіп, әңгіме арасында Волоколамск тас жолының тұсында болған
бір ұрысты баяндады.
Іздегенім табылғандай, жүрегім лүпіл қақты. Дәптерімді суырып
алып, есіткенімді асығыс жаза бастадым. Ӛз табысыма әлі де кәміл
иланбасам да, ынтызар боп күткен тамаша әңгіменің бір саласы осы шығар
деп жорыдым. Әңгіме біткен сон, ыңғайлы кезі келгенде, мен Бауыржаннан
Волоколамск тас жолының маңында болған ұрыстар тарихын бастан-аяқ
айтып беруін сұрадым.
- Қолқаламаңыз! - деп кесіп айтты Бауыржан. - Менің сізге айтарым
жоқ!
Әңгіменің ар жағы оқушыға мәлім.
6
Бауыржан Момышұлының бұл байламының әділетсіз екендіг маған
аян еді. Ӛйткені менің тілегенім де сол шындық қой. Ендеше, ӛзі танып
білмеген адамдар жӛнінде, әсіресе, солдаттың тағдырын бастан
кешірмегендер жӛнінде айтқан пікірі, берген бағасы кӛңілге қалай ауыр
тимесін. Мен мұны, бір есептен, Бауыржанның жастығынан ғой деп
ойлаймын. Екеуміз кездескен күндерде оның жасы отызға жаңа толған еді.
Үзілді-кесілді бас тартқан соң кӛнбеске лажың бар ма, бұдан арғы
жерде мен де Бауыржанға қолқа салуды қойдым, дегенмен талай күн оның
қасында болдым. Бауыржан кісімен әңгімелескенді ұнатады. Әңгімені нәшіне
16
келтіріп айтуды да біледі. Сәті түскенде дәптерімді алып, аузынан шыққанын
жаза бердім. Бірте-бірте маған оның бойы үйренді.
Бірер кісіден Бауыржанның бала кезі жӛнінде есіттім. Мектепте
құрбылары оны «Шаң тимес» дейді екен. «Шаң тимес» деп аталуының
ӛзгеше мәні бар. Сол Бауыржандар оқып жүрген жылдары Шымкент уезінде
ұлы думан жиындарда бәйгенің алдын бермейтін жүйрік болыпты. Зымырап
аққанда шабысына ат түгіл, шаңтозаң да ілеспейді екен деседі. Сондықтан
жұрт сол жүйрікке «Шаң тимес» деп ат қойған.
Бауыржан оқуда зерек, пайымшыл боп кӛзге кӛрінген. Ӛте-мӛте ол
математикаға жүйрік еді деседі. Мұғалім не бір қиын есептерді бергенде
Бауыржан оны жалма-жан дұрыс шығарып үлгіреді екен. Басқалардан үздік,
зерек баланы атақты жүйрікке теңеп, «Шаң тимес» деп атапты.
Бір күні, қисыны келгенде, мен осы әңгімені Бауыржанның есіне
салдым.
- Сіз туралы, әйтеуір, жазбай қоймаймын. Жазғанымның бір
жерінде мектепте «Шаң тимес» аталғаныңызды айтам.
Олжымиып күлді. Жүзінде жайдары жарқын шырай пайда болды.
- Ӛзіңіз добал ат секілді екенсіз, - деді ол ұнасымды әзілмен.
- Ауыр алмаңыз, бұл мақтағаным ғой. Добал ат зеңбіректі шабан
тартады, оны бір иліктіру қиын, бір иліктірген соң жалықпай тарта береді.
Сіз мені иліктірдіңіз… Қалауыңызды айтып берейін. Бірақ шартымыз
мынадай болсын…
Бауыржан кеудесін кӛтеріңкіреп, қынабынан қылышын суырды.
Аласа, күңгірт блиндаждың ішінде қарудың сұсты жүзі жалт-жұлт етті.
- Шартымыз мынадай болсын. Сіз шындықты жазуға міндеттісіз.
Кітап дайын болғасын маған әкелесіз. Бірінші тарауын оқимын да, ұнамаса:
«Жаман екен, ӛтірік жазыпсыз!» деймін. Сонда сол қолыңызды стол үстіне
қоясыз. Әп! - деймін де, сол қолыңызды шауып тастаймын! Екінші тарауын
оқимын. «Жаман екен, ӛтірік сықпыртыпсыз!» десем болғаны, он қолыңызды
тоса беріңіз. Әп!… деймін де, оң қолыңызды тағы шабамын. Кӛнемісіз?
Мінсіз еріндері екі ажырап, ол тағы да жымиып күлді. Бұл шарты,
әрине, әзіл еді.
- Кӛнем, - дедім мен.
Мені сынағандай Бауыржан атты қара кӛздерімен бетіме тесіле
қарады. Қылыш тағы да жалт-жұлт ете үстімізде ойнап барып, қайтадан
қынабына түсті.
- Дұрыс ендеше, - деді ол. - Жай қағазыңды, ал қаламыңды деген
екен біреу… «Жазыңыз; «Бірінші тарау. Қорқыныш».
Достарыңызбен бөлісу: |